Дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы келісімді жасасу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 наурыз N 396. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.10.24. N 1360 қаулысымен. ~P011360

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Дипломатиялық өкілдіктер ғимараттарының құрылысын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі түрік тарапымен

 

келіссөздер жүргізсін және уағдаластыққа қол жеткізгеннен кейін қағидатты

сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізу рұқсатымен, көрсетілген

Келісімді Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасассын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


        Дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын құрылысын салу

    үшін жер учаскелерін өзара беру туралы Қазақстан Республикасының

         Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметінің арасындағы

                               Келісім


     Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Түрік Республикасының Үкіметі,


 
       Түрік Республикасында Қазақстан Республикасының және Қазақстан Республикасында Түрік Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің болуы мен жұмыс істеуіне тиісті жағдайлар жасауды қамтамасыз ету мақсатында,
      Дипломатиялық қатынастар туралы 1961 жылғы 18 сәуірдегі Вена Конвенциясын назарға ала отырып,
      төмендегілер туралы келісті:
 
                             1-бап
 
      Қазақстандық Тарап түркиялық Тарапқа 99 жыл бойы өтеусіз пайдалану үшін Астана қаласында орналасқан, атап айтқанда, Қара Өткелдегі жалпы көлемі 12600 шаршы метр және "Жастар" ықшам ауданындағы жалпы көлемі 17600 шаршы метр жер учаскелерін береді.
      Қазақстандық Тарап Астана қаласындағы Түрік Республикасының Елшілігі құрылысының аяқталуына дейін, түркиялық Тарапқа Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Төле би, 29 мекен-жайы бойынша орналасқан Түрік Республикасының Елшілігі кеңсесінің жалпы көлемі 465 шаршы метр ғимаратын және көлемі 1700 шаршы метр учаскесін, сондай-ақ сол төңіректегі көлемі 2200 шаршы метр іргелес жер учаскелерін тегін беруге міндеттенеді:
      Астана қаласындағы аталған жер учаскелері түркиялық Тарапқа жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүліктің құқықтық ықпалынсыз берілетін болады.
      Түркиялық Тарап Астана қаласындағы аталған жер учаскелерінде Түрік Республикасы Елшілігінің жұмыс істеуіне қажетті құрылыстар сала алады.
 
                             2-бап
 
      Түркиялық Тарап қазақстандық Тарапқа 99 жыл бойы өтеусіз пайдалану үшін Түрік Республикасының Анкара қаласындағы Оран дипломатиялық қалашығында орналасқан жер учаскелерін, атап айтқанда, көлемі 4294 шаршы метр нөмірі 25016/3 учаскені, көлемі 4066 шаршы метр нөмірі 25016/4 учаскені және көлемі 2810 шаршы метр нөмірі 25012/6 учаскені береді.
      Анкара қаласындағы жоғарыда аталған жер учаскелері қазақстандық Тарапқа жерден ажыратылмайтын жылжымайтын мүліктің құқықтық ықпалынсыз берілетін болады.
      Қазақстандық Тарап Анкара қаласындағы аталған жер учаскелерінде Қазақстан Республикасы Елшілігінің жұмыс істеуіне қажетті құрылыстар сала алады.
      Түркиялық Тарап Анкара қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі құрылысының аяқталуына дейін, қазақстандық Тарапқа Түрік Республикасы, Анкара қаласы, Ебузия Тевфик Сокак 6, Чанкая-Анкара мекен-жайы бойынша орналасқан, жалпы көлемі 652 шаршы метр Қазақстан Республикасының Елшілігі ғимаратының жалға алу ақысын төлеуге міндеттенеді.
      Түрік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі қазіргі уақытта орналасқан ғимаратты ауыстыруға ниет білдірген жағдайда, Түркиялық Тарап міндетіне алған жалға алу ақысы сомасының көлемі жылына 60000 АҚШ долларынан аспауы тиіс. Бұл орайда жаңа ғимаратты таңдауды қазақстандық Тарап түркиялық Тараппен ынтымақтаса отырып жүргізетін болады.

 

     Түркиялық Тарап Қазақстан Республикасының консулдық өкілдігі үшін

Стамбул қаласында ғимаратты беруде жәрдем көрсетеді.


                          3-бап


     Осы Келісімнің 1 және 2-ші баптарында көрсетілген ғимараттар,

құрылыстар және жер учаскелері қарыздарын азат, ауыртпалықтарсыз және

үшінші тұлғалардың құқықтарының ықпалынсыз беріледі.


                          4-бап


     Тараптар болатын елінің сыртқы істер министрлігінің рұқсатынсыз осы

Келісімде көрсетілген жер учаскелерін басқа жеке және заңды тұлғаларға

бермеуге міндеттенеді.


                          5-бап


     Тараптар болатын мемлекеттерінде қала құрылысы мен сәулет саласындағы

қолданылып жүрген ұлттық заңдарды сақтауды міндетіне алады.


                         6-бап


     Осы Келісімнің 1 және 2-ші баптарында көрсетілген жер учаскелері мен

ғимараттар, болатын ел өзінің ұлттық заңына сәйкес салатын ұлттық және

жергілікті салықтардың, алымдар мен баждардың барлық түрлерінен.


                         7-бап


     Жөндеу, электр, газ, су және жылумен жабдықтаудың шығындарын

дипломатиялық өкілдіктер төлейді. Байланысқа қызмет көрсетудің барлық

шығындарын Тараптардың дипломатиялық өкілдіктері өздері болатын елде

дипломатиялық өкілдіктерге қолданатын нормативтер мен тарифтерге сәйкес

төлейтін болады.


                          8-бап


     Осы Келісімнің 1 және 2-баптарында көрсетілгендерден тыс қызметтік

және тұрғын үйлерді жалға алуды, Тараптар жекелеген шарттар бойынша жүзеге

асырады.


                            9-бап


     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға байланысты

туындауы мүмкін барлық дауларды, Тараптар өзара консультациялар және

келіссөздер арқылы шешетін болады.


                            10-бап


     Тараптардың өзара келісімі бойынша, осы Келісімге өзгерістер мен

толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар хаттамалар осы Келісімнің ажырамас

бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен рәсімделеді.


                            11-бап


     Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен

бастап күшіне енеді.


     ______________ қаласында 2001 жылғы "____" ___________ әрқайсысы

түрік, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі дана болып жасалды және де

барлық мәтіндердің күші бірдей.

     Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған

жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының            Түркия Республикасының

           Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін




Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А. 










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады