Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынау
үшін ұшырудың және "Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана отырып ғарыш
аппараттарын ұшырудың 2001 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды
(бұдан әрі - Қорытынды) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорытындыны
Ресей Тарапына дипломатиялық арналар бойынша жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 29 наурыздағы
N 404 қаулысымен бекітілген
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынау үшін
ұшырудың және "Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана
отырып ғарыш аппараттарын ұшырудың 2001 жылға арналған
жоспарлары бойынша
Қорытынды
Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы нотасында ұсынылған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды ұшыру жоспарлары бойынша қосымша ақпаратты қарай келіп Қазақстан Республикасының Үкіметі:
сынау үшін ұшырудың 2001 жылдың І жартыжылдығына арналған жоспарымен;
"Протон-М" зымыран тасығышын және "Бриз-М" үдеткіш блогын олардың ұшу
сынақтары кезеңінде мемлекеттік экологиялық сараптаудан өткізуді
ұйымдастыру туралы келісімге" қол қойған және қазақстандық мамандардың
аспаптық бақылау және экологиялық сараптау жүргізуге қатысуы жағдайында
"Протон-М" зымыран тасығышын пайдалана отырып ғарыш аппараттарын ұшыру
жоспарымен келіседі.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.