Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қоры арасындағы Қарағанды-Астана автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы бойынша 80 806 000 (сексен миллион сегіз жүз алты мың) БАӘ дирхам сомасына заем жөніндегі келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі әрі Қазақстан Республикасының Бахрейн Мемлекетіндегі, Оман Сұлтандығындағы, Кувейт Мемлекетіндегі, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі міндетін қоса атқарушы Бағдат Құлтайұлы Әміреевке Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Абу-Даби Даму Қоры арасындағы Қарағанды-Астана автомобиль жолын қайта жаңарту жобасы бойынша 80 806 000 (сексен миллион сегіз жүз алты мың) БАӘ дирхам сомасына заем жөнінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан келісім
жасасуға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.