Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптауды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 6 сәуір N 453

      Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын айқындау және импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптау жүйесiн Қазақстан Республикасының аумағына енгiзу жөнiндегi процестi жетiлдiру мақсатына Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кiрiс министрлiгi заңнамада белгіленген тәртiппен:
      1) импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптауды жүргiзетiн тәуелсiз сарапшы талдау жөніне тендер өткiзсiн;
      2) тендердiң жеңiмпазымен Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптау туралы шарт жасассын;
      3) Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптау ережесiнiң жобасын әзiрлесiн және үкiметке енгiзсiн;
      4) 2002-2003 жылдарға арналған бюджеттік өтiнiмдi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қазақстан Республикасында тауарлардың кедендiк құнын тәуелсiз сараптау жүйесiн енгiзуге байланысты тиiстi бюджеттiк бағдарламаны 2002 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасына енгiзу үшiн қажеттi есептемелер мен

 

негiздемелер берсiн.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары О.Ә.Жандосовқа жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады