Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2001 жылғы 7 сәуір N 467. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.02.25. N 202 қаулысымен.

     "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы N 101 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. Қоса беріліп отырған Экономикалық саясат жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің    
2001 жылғы 7 сәуірдегі        
N 467 қаулысымен           
бекітілген               

          Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес туралы
                           ЕРЕЖЕ

                     1. Жалпы ережелер

      1. Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес (бұдан әрi - ЭСК) Қазақстан Республикасының Yкiметi жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады, мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясат мәселелерi жөнінде ұсыныстар дайындайды.
      2. ЭСК өз қызметiнде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын және осы Ереженi басшылыққа алады.

                   2. ЭСК мiндеттерi

      3. ЭСК негiзгi мiндеттерi:
      1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының негiзгi бағыттарын әзiрлеуге және iске асыруға келiсiлген амалдар дайындау;
      2) орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға экономика және әлеуметтiк сала дамуының қағидатты маңызды мәселелерi бойынша ұсынымдар дайындау;
      3) экономикада дағдарысты құбылыстардың туындауының алдын алу немесе олардың мүмкiн зардабын жұмсарту жөнiнде ұсынымдар дайындау.

                     3. ЭСК функциялары

      4. ЭСК қойылған мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды жүзеге асырады:
      1) орта және ұзақ мерзiмдi перспективаға әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын талқылайды;
      2) экономиканың нақты, қаржы және әлеуметтiк секторлары саласында мемлекеттiң келiсiмдi саясатын жүргiзу жөнiндегi ұсыныстарды қарайды.
      3) iшкi және сыртқы жәйттердiң әсерінен туған ел экономикасындағы дағдарысты құбылыстардың туындау себептерiн және оларды болдырмаудың немесе өткерудiң мейлiнше лайықты шараларын талқылайды;
      4) әлеуметтiк сала, қаржы секторы және экономика салалары дамуының тұжырымдамалары, мемлекеттiк және салалық бағдарламалары жобаларын талқылайды;
      5) ЭСК кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне енгiзiлетiн өзге де мәселелердi қарайды.

                          4. ЭСК құқықтары

      5. ЭСК-нiң заңдарда белгiленген тәртiппен және өз құзыретi шеңберiнде:
      1) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан және өзге мемлекеттiк органдардан қажеттi ақпарат сұратып алуға;
      2) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң мәжiлiстерiнде ЭСК мақұлдаған мәселелердi қарау жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне ұсыныстар енгiзуге;
      3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне әлеуметтiк-экономикалық дамудың көкейкестi проблемаларын шешу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар енгiзуге;
      4) өз мәжiлiстерiне ел ұйымдарының басшыларын, ғалымдарды, мамандарды, отандық және шетелдiк консультанттарды шақыруға;
      5) қаралатын мәселелер бойынша ұсыныстық сипатқа ие тиісті шешімдер қабылдауға құқығы бар.

                 5. ЭСК жұмысын ұйымдастыру

      6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен ЭСК және оның жеке құрамы құрылады және таратылады.
      7. ЭСК ұйымдық құрылымы:
      1) ЭСК басшысы;
      2) ЭСК басшысының орынбасары;
      3) ЭСК мүшелерi;
      4) жұмыс органы.
      8. ЭСК басшысы оның қызметiне басшылық жасайды, ЭСК мәжiлiстерiнде төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, ЭСК жүзеге асыратын қызмет үшiн жауапты болады. ЭСК басшысы болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.
      9. ЭСК мәжiлiстерi оның мүшелерiнiң ең кемi жартысы болған ретте қажеттiлiгiне қарай бiрақ, тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi.
      10. ЭСК кезектi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тапсырмаларына сәйкес, сондай-ақ ЭСК мүшелерiнiң ұсыныстары бойынша оның басшысы жасайды.
      11. ЭСК шешiмдерi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оларға ЭСК мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда ЭСК басшысы дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
      12. ЭСК мәжiлiстерiнiң күн тәртiбiне енгiзiлген мәселелер бойынша дауыс беру нәтижелерiн ЭСК әрбiр мүшесi (ЭСК мәжiлiсiне қатысушы) дауыс беру парағына енгiзуге тиiс. Мәжiлiс аяқталысымен ЭСК мүшелерi дауыс беру парақтарын хаттама дайындау кезiнде есепке алу үшiн төрағалық етушiге өткiзуге тиiс.
     Төрағалық етушi қалыптасқан жағдайды негiзге ала отырып, ЭСК шешiмiн хаттамалық ресiмдеудiң орындылығын айқындайды.
     13. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi ЭСК-нiң жұмыс органы болып табылады.
     14. Күн тәртiбiне сәйкес ЭСК мәжiлiстерiне материалдар дайындау, және оларды ЭСК мүшелерiне тарату, ЭСК мәжiлiстерiнiң қорытындылары  бойынша хаттамалар дайындау жұмыс органының функциялары болып табылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады