Жамбыл облысы "Сары-Тас" акционерлік қоғамы объектілерінің бірегей жабдықтарының сақталуын және қайта бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Жамбыл облысының әкіміне Қаратау қаласындағы "Сары-тас" акционерлік қоғамы объектілерінің бірегей жабдықтарының сақталуын және республикада бұрын шығарылмаған өнімдерді шығаруға қайта бейімделуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген резервінен 22 000 000 (жиырма екі миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3. Жамбыл облысының әкімі 2001 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан
Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен Қаржы
министрлігіне орындалған жұмыстың көлемі мен құны туралы есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Жұманазарова А.Б.