Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 57 "Республикалық деңгейде табиғат қорғау объектілерін салуға және қайта құруға қатысу" бағдарламасы бойынша 2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын табиғат қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 сәуір N 532

      "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 P001950_ қаулысы 11-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар

 

және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 57 "Республикалық деңгейде

табиғат қорғау объектілерін салуға және қайта құруға қатысу" бағдарламасы

бойынша 2001 жылы республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын табиғат

қорғау объектілерінің тізбесі бекітілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


                                              Қазақстан Республикасы

                                                   Үкіметінің

                                             2000 жылғы 20 сәуірдегі

                                             N 532 қаулысымен бекітілген


        Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және

            қоршаған ортаны қорғау министрлігінің

  57 "Республикалық деңгейде табиғат қорғау объектілерін салуға

    және қайта құруға қатысу" бағдарламасы бойынша 2001 жылы

     республикалық бюджеттен қаржыландыруға жататын табиғат

               қорғау объектілерінің тізбесі

                                                               млн. теңге

_________________________________________________________________________

N  !  Табиғат қорғау объектісінің атауы               ! Жоспар

_________________________________________________________________________

1.  Воробьев-Қотыркөл кәріздік қашыртқысын салуға        60,0

     қатысу (Ақмола облысы)

_________________________________________________________________________

2.  Семей қаласының құрамында керосин бар жерасты        20,0

     суларын тазарту жөніндегі құрылғыны салуға

     қатысу (Шығыс Қазақстан облысы)

_________________________________________________________________________

3.  Қопа көлін табан шөгінді балшығын атмосфералық       10,0

     ауамен байыту технологиясымен тазарту

     (Ақмола облысы)

_________________________________________________________________________

4.  Өскемен қаласында кәріздік тазарту құрылысын         50,0

     салуға қатысу (Шығыс Қазақстан облысы)

_________________________________________________________________________

5.  Семей қаласында кәріздік тазарту құрылысын           50,0

     салуға қатысу (Шығыс Қазақстан облысы)

_________________________________________________________________________

6.  "Қошқарата" қалдық қоймасының радиоактивті           10,0

     залалданған алаңдарын көмуге қатысу

     (Маңғыстау облысы)

_________________________________________________________________________

7.  Қопа көлінің жағалау аймағы бойында қоршау           20,0

     тазартқыш құрылғысын салу (Ақмола облысы)

_________________________________________________________________________

8.  Қызылорда қаласында биологиялық тазарту              20,0

     станциясын салуға қатысу (Қызылорда облысы)

_________________________________________________________________________

9.  "Сарытас" АҚ-ын консервациялау жөніндегі             10,0

     іс-шараларды аяқтауға қатысу (Жамбыл облысы)

_________________________________________________________________________

10. Көкшетау өнеркәсіптік су құбырын қайта жаңарту       50,0

     және Щучинск қаласына дейінгі учаскесін

     салу (Ақмола облысы)

_________________________________________________________________________

                Жиыны                                     300,0

_________________________________________________________________________



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Жұманазарова А.Б.




"






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады