"Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегі бюросы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 сәуір N 555

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропадағы қауiпсiздiк пен

ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам

құқықтары жөнiндегі бюросы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды

бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                          Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропадағы қауiпсiздiк

     пен ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының Демократиялық институттар

    және адам құқықтары жөнiндегі бюросы арасындағы Өзара түсiнiстiк

                  туралы меморандумды бекiту туралы


     1998 жылғы 2 желтоқсанда Осло қаласында жасалған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Еуропадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық

жөнiндегі ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөнiндегі

бюросы арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум бекiтілсін.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Еуропадағы қауiпсiздiк

     пен ынтымақтастық жөнiндегі ұйымының Демократиялық институттар

    және адам құқықтары жөнiндегі бюросы арасындағы Өзара түсiнiстiк

                            туралы меморандум



 
       ЕҚЫҰ-ның адам өлшемi саласындағы мiндеттемелерге ерекше назарын атап өтiп және Қажеттiктердi бағалау жөнiндегi миссияның Қазақстан Республикасына сапарының нәтижелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ төмендегiлер туралы келiстi:
      Қазақстан Республикасының Yкiметi мен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ адам өлшемi мәселелерi жөнiнде тұрақты консультациялар өткiзетiн болады. Қазақстан Республикасының Yкiметi мен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ демократияландыру, адам құқығы және сайлаулар саласындағы жобаларды дамыту мен оларды орындауда бiрлесiп жұмыс iстейтiн болады.
      ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ жобалар бойынша ұсыныстар әзiрлейдi және жобаларды iске асыруға көмек көрсету үшiн сарапшыларды жiбередi. Келiсілген жобалардың алдын ала жасалған тiзiмi осы Өзара түсінiстiк туралы меморандумның Қосымшасына енгiзiлген. ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ аталған жобаларды iске асыру жөніндегi басшылықты өзiне алады. Жобалардың орындалуы ресурстардың болуына байланысты.
      Қайталауды болдырмас үшiн ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ қаншалықты мүмкiн болатынына қарай, техникалық көмек көрсету жобаларын iске асыруда басқа да халықаралық ұйымдармен бiрлесiп жұмыс жасайтын болады.
      Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды нығайту үшiн ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ жобаларын орындауға адам құқықтары саласында қызмет істейтiн жергiлiктi үкiметтiк емес ұйымдар да тартылуы мүмкін.
      Келiсiлген жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi тиiстi өкiлеттiктерi бар жауапты адамдарды немесе ведомстволарды тағайындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметi мен ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ әрбiр 6 ай сайын ынтымақтастықты жандандыру және бұл орайда жасалған мiндеттемелердi орындау үшiн Өзара түсiнiстiк туралы осы меморандум мен Қосымшаны жүзеге асыру жөнiндегi iстердiң жай-күйiне шолу жасап отырады.
      Қазақстан Республикасының Yкіметi мүмкiндiгiне қарай жобаға қатысты алғашқы ақпаратты беру жолымен жобаларды орындауға, визаларды берудi қоса алғанда, қажетiне қарай материалдық-техникалық жәрдем беруге және жол жүруге байланысты нысандықтарды ресiмдеуге көмек көрсетедi. Yкiмет ЕҚЫҰ-ның ДИАҚБ қызметiн қосымша құнға салынатын салықты төлеуден босатады.
      Қазақстан Республикасының Үкiметі мен ДИАҚБ демократияландырудың ұзақ процесс екенiн мойындай отырып, Өзара түсiнiстiк туралы меморандумды көп жылдық бағдарлама ретiнде қарастырады. Кейбiр жобалар, егер ескертiлген болса, 1998 жылы орындала бастайды. Қосымшада көрсетiлген қалған жобалар 1999 жылы орындалатын болады. Болашаққа арналған қосымша жобалар, егер талап етiлсе, кешiрек әзiрленедi.
      Осы Меморандум оған қол қойылған сәттен бастап уақытша қолданыста

 

болады және Меморандумның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк

процедураларды орындағаны туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi

хабарлаған күннен бастап күшiне енедi.

     Осло қаласында 1998 жылғы 2 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, ағылшын және

орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң

күшi бiрдей. Осы Меморандумның ережелерiн түсiндiруде пікiр алшақтығы

туындаған жағдайда ағылшын тiлiндегі мәтiнге басымдық берiледi.


        Қазақстан                       Еуропадағы қауiпсiздiк және

     Республикасының                     ынтымақтастық ұйымы үшiн

       Үкіметi үшiн



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады