Семей ядролық полигонының жабылуына арналған монумент орнату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 сәуір N 556

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымдарын ескере отырып, Семей қаласында Семей ядролық полигонының жабылуына арналған монумент орнату туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне аталған монументті орнатуды

 

қаржыландыру мәселесін Шығыс Қазақстан облысы бюджетінің және өзге де

көздердің қаражаты есебінен қарастыру ұсынылсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады