Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметінің арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 мамыр N 632

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi ұсынған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасы Yкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi

 

Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қатысуымен армян

тарапымен жоғарыда көрсетiлген келiсiмдi жасасу туралы келiссөз жүргiзсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Үкіметi мен Армения Республикасы

Үкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу

саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм жасалсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


          Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасы

       Үкiметiнiң арасында Стандарттау, метрология, сертификаттау және

                    тiркеу саласындағы ынтымақтастық туралы

                                    КЕЛIСIМ


     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен

Армения Республикасының Үкiметi,

     екі ел арасында экономикалық және сауда қатынастарындағы техникалық

тосқауылдарды жою мақсатында,


 
       стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу, ISО 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарттар негiзiнде өнiмнiң сапасын және қоршаған ортаны басқару, тұтынушылар құқықтарын қорғау және өзара жеткiзiлетiн өнiмнiң қауiпсiздiгiн растауды қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ұмтылыс бiлдiре отырып,
      екi мемлекетте қолданылып жүрген заңдылық шеңберiнде халықаралық құқық қағидаттарын және нормаларын басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiсті:
 

                                1-бап



 
 
       Тараптар қолданыстағы мемлекеттiк (ұлттық) стандарттау, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету, сертификаттау және тiркеу жүйелерiн өзара таниды.
      Тараптар:
      салыстырып тексеру және сынақ зертханалары мен орталықтарын тiркеумен айналысатын ұйымдарды, сондай-ақ осы ұйымдармен тiркелген өлшем құралдарын салыстырып тексерудi, сынауды және калибрлеудi жүзеге асыратын зертханалар мен орталықтарды, мемлекеттiк сынақтар, үлгiнi бекiту, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, метрологиялық аттестациялау нәтижелерiн Тараптар келiсiлген тәртiппен өзара таниды;
      екiншi Тараптың сертификаттау жөнiндегi органдарын, салыстырып тексеру және сынақ лабораторияларын (орталықтарын), өзара жеткiзiлген өнiмнiң сертификаттары мен сәйкестiк белгiлерiн осы Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген органдар белгiлеген тәртiппен таниды;
      Тараптар танитын халықаралық және ұлттық сертификаттау жүйелерiнен алынған сарапшы-аудитор сертификаттарын таниды;
      екінші тараптың стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі нормативтік құжаттары, егер олардың талаптары мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi органы енгiзген белгiленген тәртiпке қайшы келмесе, бұл құжаттарды қолданыстағы заңдарға сәйкес қолданады.
 

                                2-бап



 
 
       Тараптар төмендегi мәселелердi көздейтiн келiсiмдер мен бiрлескен бағдарламалар негiзiнде ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:
      стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу жөнiндегi нормативтiк және әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу барысында өзара әрекеттесу;
      кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн көтеру;
      бастапқы үлгілi өлшем құралдарын және физикалық шамалар бiрлiктерiнiң ұлттық эталондарын құру, жетiлдiру және салыстыру;
      заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандартты үлгiлерiн, заттар мен материалдардың қасиеттерi мен физикалық тұрақтылары туралы стандартты анықтамалар негiзiн құру және қолдану;
      мемлекеттiк (ұлттық) стандарттау, сертификаттау және тiркеу, өлшемдер бiрлiгiн қамтамасыз ету жүйелерiн одан әрi дамыту, жетiлдiру және үйлестiру;
      стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу салаларында ақпараттық қызметтi дамыту.
 

                                3-бап



 
 
       Тараптардың бiрi олардың мүшесi болып табылатын стандарттау, метрология, сертификаттау және тiркеу саласындағы халықаралық және аймақтық ұйымдарға кiру кезiнде және олардың жұмысы барысында Тараптар өзара қолдау көрсететiн болады.
 

                                4-бап



 
 
       Тараптар осы Келiсімнiң шеңберiнде жүргiзiлетiн жұмыстар туралы, егер жiберушi Тарап олардың құпиялығын ескертсе, алынатын құжаттамалардың және ақпараттардың құпиялығын қамтамасыз ететiн болады.
      Көрсетiлген ақпаратты ұсынған Тараптың тек қана жазбаша келiсiмiмен ғана ол үшiншi мемлекетке берiлуi мүмкiн.
 

                                5-бап



 
 
       Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға жауапты органдар:
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Экономика және

 

сауда министрлiгінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi

комитетi;

     Армения Республикасында - Армения Республикасы Yкiметiнiң жанындағы

Стандарттау, метрология және сертификаттау басқармасы.

     Өкiлеттi органдардың ресми атаулары өзгерген жағдайда, Тараптар бұл

туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша дереу хабарлайтын болады.


                                6-бап


     Осы Келiсiм ережелерiнде көзделген бағыттардағы ынтымақтастық осы

Келiсiмнiң 5-бабында көрсетiлген органдар арасында бiрлескен

бағдарламаларды әзiрлеу жолымен жүзеге асырылады.


                                7-бап


     Осы Келiсiм ережелерi Тараптардың басқа халықаралық шарттарға сәйкес

қабылдаған құқықтары мен мiндеттерiне ықпал етпейдi.


                                8-бап


     Осы Келiсiмдi iске асыру барысында даулар мен келiспеушiлiктер

туындаған жағдайда Тараптар оларды өзара келiссөздер мен консультациялар

жолымен шешетiн болады.


                                9-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге жеке Хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      Хаттамалар осы Келiсiм күшiне енуi үшiн белгіленген тәртiппен қолданысқа кiредi және оның ажырамас бөлiгі болып табылады.
 

                                10-бап



 
 
       Осы Келiсiм бес жылға жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi Тараптардың мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жасаған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Егер осы Келiсiм күшi тиiстi мерзiм аяқталғанға дейiнгi алты айда

 

Тараптардың ешқайсысы екiншi Тарапқа оның күшiн тоқтату туралы өзiнiң

ниетiн жазбаша нысанда хабарламаса, осы Келiсiмнiң күшi келесi бесжылдық

кезеңге автоматты түрде ұзартылатын болады.

     _________________ қаласында ________ жылғы "___"______________ ,

әрқайсысы екi түпнұсқа данада, қазақ, армян және орыс тiлдерiнде жасалды,

барлық тiлдегi мәтіндердiң күшi бiрдей.

     Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған

жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiндi басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасы                  Армения Республикасы

       Үкiметінің атынан                       Үкiметiнiң атынан




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады