Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 17 мамырдағы
N 649 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия
өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың
2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана-2001
1. Паспорты
Атауы Қазақстан Республикасының химия және
мұнай-химия өнеркәсiбін қалпына келтiру
мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған
бағдарламасы
Әзiрлеу туралы шешiм "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002
жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын
iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспары
туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің
2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 P000367_
қаулысы
Негiзгi әзiрлеушiлер Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Оларды одан әрi дамыта отырып, өнеркәсiптiң
химия және мұнай-химия салаларының
өндiрiстiк қызметiн қалпына келтiру,
импортты алмастыратын және экспортқа
бағытталған өнiм шығаруға бағдарланған жаңа
өндiрiстердi игеру, отандық және шетелдiк
зерттеушiлердiң әзiрленiмдерi базасында
инновациялық өндiрiстер құру
Бағдарламаның Бағдарламаның міндеттерi кәсіпорындарды iске
міндеттерi қосу үшін инвестициялауды, өнеркәсiптiң
химия және мұнай-химия салалары
кәсiпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшiн
мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу мен
жүзеге асыруды, өндiрiс көлемдерiн
жобадағыға дейiн арттыру, жаңа
өндiрiстердi, оның iшiнде отандық
зерттеушiлердiң инновациялық әзiрленiмдерi
базасына енгiзу үшiн жағдай жасау және
басқа да мiндеттердi көздейдi
Бағдарламаны iске Саланың тоқтап тұрған кәсiпорындарын іске
асыру жөнiндегi қосуға және бейiнiн өзгертуге көмектесу
негiзгi iс-шаралар Отандық өндiрушіге қолданылып жүрген
заңнамаға сәйкес мемлекеттiк қолдау көрсету
Отандық шикiзатты тереңдете қайта өңдеу мен
химия және мұнай-химия өнеркәсіп
кәсiпорындарының салалық кооперациясы мен
интеграциясы жөніндегi өндiрiстердi дамытуға
көмектесу
Инновациялық қызметтi дамытуға көмектесу
Қаржыландыру көздері Өнеркәсіптің химия және мұнай-химия
салаларындағы барлық өндірістерді дамыту
акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың
және компаниялардың өз қаражаттары немесе
олар тартқан несиелер есебінен жүзеге
асырылатын болады
Бағдарламаның іске Бағдарламаны 2001 жылдан бастап 2002 жылдың
асырылу мерзімі аяғына дейін іске асыру көзделген
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия өнеркәсібін қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2000-2002 жылдарға арналған iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысының 3.7.4.1-тармағына сәйкес әзiрлендi.
Бағдарлама саланың қызметін қалпына келтіруді және оның тұрақты жұмыс істеуі үшін жағдай жасауды, экспорттық әлеуетін арттыруды, химиялық өнімнің номенклатурасын, инвестиция көздерін сақтау, импортты алмастыратын өнім шығару жөніндегі қуаттар құруды көздейді.
Химия өнімi негізгі түрлері өндірісінің құлдырауы, саладағы iрi ұйымдардың көпшiлігінiң дағдарысты жай-күйi саладағы жағдайды қалпына келтiру және тұрақтандыру жөнінде пәрмендi шаралар қабылдау қажеттігін талап етіп отыр.
1999-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған шаралар нәтижесiнде кәсіпорындардың көпшiлігінде оларды iске қосуға дайындап, яғни жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзіп, шикiзат, материалдар, жабдықтар жеткiзуге келiсiм-шарттар жасап жатқан меншiк иелерi анықтады. Бiрқатар өндiрiстер іске қосылған, басқаларында іске қосуды жүзеге асыру ағымдағы жылдың аяғына дейін және келесi жылдың бiрiншi жартысына жоспарланып отыр.
Сонымен бiрге, толыққанды өндiрiстiк қызметті қалпына келтiру үшiн мемлекеттік қолдау шараларын қоса алғанда, отандық тауар өндiрушiлердi қорғау жөнiнде шаралар қабылдануы тиiс.
Мемлекеттiң химия және мұнай-химия өнеркәсiбін дамыту жөнiндегі саясатын қалыптастыру үшiн саланы дамыту проблемалары мен келешегi көрiнiс тапқан қорытындылаушы құжаттың қажеттiлiгi туындады. Осыған байланысты, осы Бағдарлама әзiрлендi.
Бағдарлама әлемдiк және iшкi рыноктардың қажеттiлiктерін ескере отырып, химия және мұнай-химия өнеркәсiбi өнімін шығару және өндiру көлемiн арттыруға, сондай-ақ елдiң экономикалық тәуелсiздiгi мен ұлттық қауіпсiздігін нығайтуға бағытталған. Бұл ретте, саланың өндiрiстiк әлеуетін арттыру өндiрiстiк қуаттарды неғұрлым толық пайдалану есебінен қамтамасыз етiлетін болады.
3. Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия
өнеркәсібінің қазіргі жай-күйі
3.1. Республиканың химия және мұнай-химия өнеркәсiбiнің
1990-1999 жылдардағы жай-күйі
Қазақстанның химия және мұнай-химия өнеркәсібі 50-жылдардың аяғында, 60-жылдардың басында құрылды және 70-80 жылдары дамыды. Нақ осы жылдары едәуір өндірістік әлеует жасалды. Қазіргі уақытта, 1.07.00 жағдай бойынша химия және мұнай-химия өнеркәсібінде 892-ге жуық ұйым бар, олардың 875 орта және шағын кәсіпкерлік шеңберінде құрылды (1-сурет).
Тәуелсіздік алуға байланысты Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің құрылымы өзгерді: электр энергетикасы мен экспортқа бағдарланған салалардың (мұнай өндіру, кен-металлургиялық кешен, отындық) үлесі өсті және керісінше, тамақ, жеңіл, машина жасау, химия, яғни Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (бұдан әрі - ТМД) ішкі рыногына бағдарланған салаларда өндіріс деңгейі құлдырады, оны 1-кестедегі деректер айғақтауда.
1-кесте
Қазақстан өнеркәсібінің құрылымы
___________________________________________________________________________
! 1991! 1992! 1993! 1994! 1995! 1996! 1997! 1998! 1999
_____________________!_____!_____!_____!_____!_____!_____!_____!_____!_____
Өнеркәсіп, барлығы 100 100 100 100 100 100 100 100 100
Электр энергетикасы 4,8 9,3 14,4 18,9 15,7 15,2 13,8 11 7,4
Отын өнеркәсібі,
оның ішінде 7,6 19,5 15,7 21,9 23,4 26,5 27 25,5 36,7
Мұнай өндіруші 2,2 6,1 4,1 6,2 10 14,2 17,5 16,6 28,1
Мұнайды қайта
өңдеуші 2 6,2 5,3 6,4 5,4 5,4 5 4,7 4,6
Газ 0,4 0,3 0,5 0,4 0,8 1 1 0,9 2,1
Көмір 3 6,9 5,8 8,9 7,2 5,8 3,5 3,3 1,9
Қара металлургия 5,8 10,7 10,5 11,9 13,6 10,7 11,9 6,3 6,7
Түсті металлургия 9,1 17 13,4 12 11,5 11,8 13,8 11,5 13,1
Машина жасау мен
металл өңдеу 11,6 8,5 9,9 7,3 7,4 7,1 5,3 4,6 3,0
Химия және мұнай-
химия 6,3 7,6 4 3,7 3,7 3,6 2,2 2,1 1,2
Орман және ағаш өңдеу 2,1 1,2 2,4 1 1 0,9 0,8 0,8 0,8
Құрылыс материалдарының
өнеркәсібі 4,9 4 5,2 4,1 3,7 2,9 2,2 Н/д Н/д
Әйнек және фарфор-
фаянс 0,1 0,1 0,1 0,1 0 0 0 Н/д Н/д
Жеңіл өнеркәсіп 18,5 6,4 5,8 3,8 2,5 2,4 2,1 1,9 1,7
Тамақ өнеркәсібі 22,3 9,7 11,4 9,9 13 14,6 17 18,1 15,2
___________________________________________________________________________
*) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері
Фармацевтиканы қоса алғанда, республиканың химия және мұнай-химия өнеркәсібі Қазақстан Республикасының экономикасындағы базалық салалар бола отырып, өнеркәсіптік өндіріс құрылымында 6-шы шепте тұрды. Егер химия өнеркәсібінің 90-жылдардағы үлесі 6,3-7,6 % құраса, 1999 жылы - 1,2 % құрады. Химия өнімінің аса маңызды түрлерін өндіру көлемдерінің күрт төмендегенін 2-кестедегі және 2-18 суреттердегі деректер көрнекі түрде айғақтауда.
2-кесте
Химия және мұнай-химиялық өнім өндірісі
___________________________________________________________________________
Өнімнің атауы ! Өндіріс көлемі !
! !
____________________!_____________________________________________________!
! 1990 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999 !
____________________!__________!________!________!________!_______!_______!
Фосфорит рудасын 10339 1953 1792 784 749 790
өндіру, мың тонна
Сары фосфор, мың тонна 449 50,1 36,4 20 12,9 6,48
Фосфор қышқылы 647 53,0 27,9 14,7 8,0 10,9
Натрий триполифосфаты - 45 20 14 3,8 18,6
Фосфор тыңайтқыштары, 1211 140,2 120,1 91,0 15,7 25,5
мың тонна
Азот тыңайтқыштары, 431 56,7 70,8 60,4 8,5 9,9
мың тонна
Күкірт қышқылы, мың 3151 695 653 635 605 685
тонна
Хром қосылыстары, мың - 48,7 62,3 85,7 94,8 103,2
тонна, оның ішінде
хром ангидриді, 8,87 9,53 12,8 13,8 15,8
хром дубителі, 14,8 13,2 12,7 12,2 17,6
натрий бихроматы, 15,8 30,8 45,2 54,6 58,8
хром тотығы 9,2 8,84 15,0 14,2 11,0
Сұйық хлор ұсақ - 0,83 4,42 2,89 1,51 0,97
ыдыста, мың тонна
Майға қонатындар, - 2,05 1,54 0,87 0,37 0,18
мың тонна
Минералдық тұздар - 0,89 0,83 0,68 0,13 0,19
тұнбаларының
ингибиторлары,
мың тонна
Кальций карбиді, 306,7 88,5 67,3 28,7 29,3 16,3
мың тонна
Аммиак, мың тонна 470,5 59,2 91,0 69,5 6,6 -
Полистирол, мың тонна 175,7 45,6 30,1 2,5 - -
Трубалар, түтікшелер, 14374 566 304 69 57 38,9
жеңдер, резинадан
жасалған шлангалар,
мың м
Жасанды смолалар және 215,8 56,7 34,1 25,7 - -
пластмассалар, мың тонна
Дәрі-дәрмектер, млн. тг 120,9 343,8 317,8 715,2 731,8 520,7
Резиналы шиналар, 2632,6 81,8 106,9 - 166,6 301,8
мың дана
___________________________________________________________________________
таблицаның жалғасы:
___________________________________________________________________________
Өнімнің атауы ! 1998 жылы есе азаюы
!______________________________________________________
! 1990 ! 1995 ! 1997 ! 1998
____________________!_____________!_____________!____________!_____________
Фосфорит рудасын 13,1 2,47 0,99 0,95
өндіру, мың тонна
Сары фосфор, мың тонна 69,3 7,7 3,08 1,99
Фосфор қышқылы 59,3 4,86 1,35 0,73
Натрий триполифосфаты - 2,42 0,75 0,2
Фосфор тыңайтқыштары, 47,5 5,5 3,56 0,62
мың тонна
Азот тыңайтқыштары, 43,5 5,7 6,1 0,86
мың тонна
Күкірт қышқылы, мың 4,6 1,01 0,93 0,88
тонна
Хром қосылыстары, мың - 0,47 0,83 0,92
тонна, оның ішінде
хром ангидриді,
хром дубителі,
натрий бихроматы,
хром тотығы
Сұйық хлор ұсақ - 0,86 4,56 1,56
ыдыста, мың тонна
Майға қонатындар, - 11,4 8,56 4,83
мың тонна
Минералдық тұздар - 4,68 4,37 0,69
тұнбаларының
ингибиторлары,
мың тонна
Кальций карбиді, 18,8 5,4 1,76 1,79
мың тонна
Аммиак, мың тонна - - - -
Полистирол, мың тонна - - - -
Трубалар, түтікшелер, 370 14,6 1,77 1,47
жеңдер, резинадан
жасалған шлангалар,
мың м
Жасанды смолалар және - - - -
пластмассалар, мың тонна
Дәрі-дәрмектер, млн. тг 0,23 0,66 1,37 1,38
Резиналы шиналар,
мың дана 8,72 0,27 - 0,55
___________________________________________________________________________
*) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері
Қазақстан Республикасы химия өнеркәсібінің құрылымы
1-18 суреттерді қағаз мәтіннен қараңыз.
Мәселен, фосфарит рудасын өндiру көлемi 1990 жылмен салыстырғанда 1999 жылы 13,1 есе, сары фосфор өндiру 69,3 есе, фосфорлы тыңайтқыштарды 47,5 есе, азотты тыңайтқыштарды 43,5 есе, кальций карбидi 18,8 есе, автошина 8,72 есе төмендеп кеткен. Шынтуайтында 90-жылдардың ортасынан аммиак, полистирол және синтетикалық смола өндiру толықтай тоқтады. Жұмыс істейтiндердiң саны 1990 жылғы 77,8 мың адамнан 1999 жылы 37,4 мың адамға дейін түстi.
Кәсiпорындардың қаржылық жағдайы 3-кестенiң деректерi көрсетiп отырғандай, күрделi қалпында қалып отыр: оң сальдодан өнiмдi сатудан түскен пайда (шығын) 1990 жылғы 276 млн. сомнан 1999 жылы 2052,7 млн. теңгеге дейінгі, өнiмдiлiк (шығындылық) деңгейi 1999 жылы 18,1 %-дан 17,7 %-ға дейiн терiс сальдоға түсiп кеткен.
3-кесте
Химия және мұнай-химия өнеркәсібі экономикалық
көрсеткіштерінің серпіні
___________________________________________________________________________
Көрсеткіштер ! 1990 ! 1995 ! 1996 ! 1997 ! 1998 ! 1999
!млн.сом! ! ! ! !
___________________________!_______!_______!_______!_______!_______!_______
Өнеркәсіптегі өндіріс 2258,9 24407,3 25530,6 17681,9 11363,5 12897
көлемі
Өнеркәсіп өнімі нақты 99,7 103,6 73,0 70,1 61,0 104,1
көлемінің индексі, өткен
жылға %-бен
Өнеркәсіптік-өндірістік 77,8 63,5 56,9 45,1 28,1 25
қызметшілер саны,
мың адам
Өнеркәсіп қызметкерлерінің 5,7 6,2 6,2 5,6 3,7 3,2
жалпы санындағы өнеркәсіп.
тік-өндірістік қызметкер.
лердің саладағы жұмыспен
қамтылғандарының үлесі,
%-бен
Саланың өнеркәсіптік- 105,4 91,8 83,7 71,6 79,3 72,1
өндірістік қызметкерінің
орташа айлық еңбекақысының
өнеркәсіп қызметкерінің
орташа еңбекақысына %-бен
алғандағы қатысы
Теңгерімдік пайда (шығын) - -2152,0 3725,6 -8444,5 -4579,4 Н/д
млн. теңге
Өнімді (жұмыстар, қызмет 276 -964 -3196 -3181 -1596,6 -2052,7
көрсетулер) сатудан түскен
пайда (шығын)
Рентабельдік (шығын) 18,1 -4,0 -11,3 -16,9 -12,6 -17,7
деңгейі, %-бен
___________________________________________________________________________
*) Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері
3.2. Химия өнеркәсібі өндіріс көлемі құлдырауының себептері
Соңғы онжылдықта жүргізілген реформалар және экономиканы құрылымдық қайта құру Қазақстанның химия және мұнай-химия өнеркәсібіне келеңсіз әсер етті.
Химия және мұнай-химия өнім өндіру көлемінің жаппай төмендеуін туғызған терең ауқымы және ұзақ уақытқа созылған дағдарыс, тұтастай алғанда, республиканың бүкіл өнеркәсібіне тән мынадай факторлардан туындаған болатын:
ТМД республикалары кәсіпорындарының арасында қалыптасқан шаруашылық байланыстардың бұзылуы;
экономиканың ырықтандырылуы;
химия өніміне бағаның өсу қарқынымен салыстырғанда, электр энергиясына және темір жолмен жүк тасымалына тарифтердің күрт артуы;
материалдық-техникалық ресурстар мен өндірістік қызмет көрсетулер және олар үшін алдын ала төлеу қажеттілігінен бағаның күрт өсуі себепті кәсіпорындарды технологиялық жабдықпен, материалдармен қамтамасыз етудің қысқаруы;
кәсіпорындар негізгі қорларының едәуір тозуы;
жоғары инфляция процестері.
Бұл факторлар, әсiресе өнімнің негiзгi түрлерін өндiру үшiн шикiзатты (пропилен, бензол, стирол, этилен, негiзгi майлар және тағы басқалары) Ресейден, Украинадан және Кеңестер Одағының басқа да республикаларынан әкелінетін, ал полипропилен, полистирол түріндегi дайын өнiмдерін қосылған құны жоғары бұйымдар дайындау үшін республикадан тыс жiберiп отырған, Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының (бұдан әрi - КСРО) бiрыңғай технологиялық тiзбегінде аралық буын болған химия және мұнай-химия өнеркәсiбi кәсiпорындарына ("Полипропилен", "АКПО", "Химпром", Павлодар қаласы, - акционерлiк қоғамдары, "Қарағанды синтетикалық каучук зауыты" өндiрiстiк бiрлестiгi) әсер етті. Энергия ресурстары мен көлiк қызметтеріне тарифтердiң күрт артуы, шикiзатты шетелден сатып алуға көп шығын жұмсалуы жоғары сапалы отандық өнімдердiң - шиналардың, транспортер ленталарының, минералдық тыңайтқыштардың, сары фосфордың және соның негiзіндегi қосылыстардың - едәуiр бөлiгінің өзіндiк құны жоғары болғандықтан, өтпейтiн және сыртқы рынокта ғана емес, iшкi рыноктарда да бәсекелесуге қабiлетсiз етті. Мысалы, "ИнтерКомШина" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ИнтерКомШина" ААҚ) шикiзат көздерінен алыста қалуы нәтижесінде шикiзаттың құны осындай ресейлiк зауыттарда пайдаланылатын шикiзатқа қарағанда, көлiктiк шығындарға орай 20-22 %-ға қымбат болып отыр. Республикада тұтынылатын энергия ресурстарына баға Ресеймен салыстырғанда 1,5 есе жоғары екендiгiн де атап өту қажет.
Жоғарыда көрсетiлген факторлардан басқа химиялық өнеркәсiп дағдарысының себептерi:
өнеркәсiп секторларындағы - химия өнімін тұтынушылардағы өндiрiстiң күрт төмендеуi және олардың төлем қабiлеттi сұранысының төмендеуi;
тұтынушылық сапасының төмен болуы, химиялық өнім номенклатурасының шектелуi;
Қазақстанға импорт бойынша түсетiн өнiм тарапынан өсіп отырған бәсекелестiк;
дәстүрлi, оның ішінде шет елде де өткiзу рыногынан айырылуы;
ескiрген технологиялардың шығыны мол сипаты;
химия өнімінің отандық тауар өндiрушiлерiн қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат тиiмдiлiгінің жеткiлiксiз болуы;
фосфор өнеркәсiбіндегi инвесторлардың жиi ауысуы;
жөнелтiлетін және жеткiзiлетiн өнiм үшін төлем төлемеушiлiктiң артуы болып табылады.
Бүгінгі күнгі экспорттық тауарлардың 8 түрін (полипропилен, полистирол, химиялық талшық, хлор, каустикалық сода, минералдық тыңайтқыштар, жасанды каучук) шығару тоқтатылды, Қостанай зауытындағы қазіргі технология бойынша химиялық талшық және Алға химия зауытында минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі кәсіпорындар қалпына келтірілмейтіндей болып құралады, 8 өндіріс толық қуатында жұмыс істемейді.
Егер химия саласы ұйымдарының бiрқатары (Ақтөбе хром қосылыстары зауыты, фосфор кiшi саласы) кен өндiруден бастап түпкi өнімге дейiн аяқталған технологиялық циклы бар болса, ал мұнай-химия саласының мүлдем дамығандығын атап айту қажет: полипропилен, полистирол, шина және резинатехникалық бұйымдар өндiрiсi импорттық шикiзат негiзiнде жұмыс iстейдi.
Сондай-ақ, өндiрiске терiс әсер еткен маңызы кем емес факторлардың бiрi-менеджерлердiң еркiн нарық жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделе алмауы болып табылады.
3.3. Химия және мұнай-химия өнеркәсiбi ірi кәсiпорындарының
жай-күйі
Саладағы жағдайды жақсарту мақсатында жекелеген ұйымдарда Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Z970067_ Заңына сәйкес 1999-2000 жылдары жаңа меншiк иелерiн анықтауға мүмкiндiк берген банкроттық рәсiмдерi жүргiзiлдi.
"Ақтөбе хром қосылыстары зауыты" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "АХҚХ" ААҚ) - ТМД бойынша хром қосылыстарын үш өндiрушiнiң бiрi, 1957 жылдан бастап жұмыс істейдi. ААҚ хром тұздарын: натрий бихроматын, хром тотығын, хромдық ангидридтi, хром сульфатын (хромды илеушi) шығаруға бағдарланған. Негiзгi шикізат ретінде "Дөң" (Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы) хромиттер кен орнының хром кенi пайдаланылады, хром қосылыстарының 90 %-ы таяу және алыс шетелге экспортталады. 1996 жылғы мамыр айынан бастап "Spesial Chemical Incorporation" (Лихтенштейн) (акцияларының 52 %) сыртқы басқаруында болып отыр. Жүйелi түрде инвестициялау қажеттi айналымдағы қаражатының көлемiн қалпына келтіруге, өндiрiстiң қуатын жобалыққа дейiн жеткiзуге мүмкiндiк берді. "Полипропилен" жауапкершiлігi шектеулi серiктестік (бұдан әрi - "Пропилен" зауыты" ЖШС), бұрынғы Гурьев химия зауыты полиэтилен өндiрiсінің базасында 1968 жылы құрылды. Зауыттың полипропилен өндiрiсi жөніндегi қазіргi қуаттары әкелінетін шикізатты қайта өңдеуге бағдарланған.
1999 жылғы 10 қарашада Атырау қаласында өткен ашық аукционның қорытындысы бойынша "Полипропилен" ашық акционерлiк қоғамының мүлкін "Пропилен зауыты" ЖШС ретінде тіркелген Томск қаласының "Композициялық материалдар мен пластмассалар зауыты" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "КМПЗ" ЖАҚ) сатып алды. ЖШС-де жөндеу-қалпына келтiру жұмыстары жүргізiлдi және шикізатты Ресей Федерациясы мен Әзірбайжан Республикасынан пропилен жеткiзу және дайын өнімді сату жөнiндегi келiсiм-шарттар жасалды.
"Қарағандырезинатехника" ашық акционерлік қоғамының құрамына технология жағынан тәуелсіз бірқатар: резина қоспаларының, жылуға төзімділігі жоғары конвейерлік ленталардың, ерекше төзімді және арнайы ленталардың, резинатросты ленталардың, қолғаптың және шприцтелген бұйымдардың, қалыпталған бұйымдардың, гуммирленген иіндер өндірістері кіреді. Шикізат ретінде каучуктер, техникалық көміртегі, химикаттар, дәстүрлі түрде Ресейден импортталатын техникалық маталар пайдаланылды. Шығарылатын өнімнің негізгі тұтынушылары Қазақстанның, Ресейдің, Өзбекстанның, Белоруссияның, Украинаның көмір, тау-кен, кокс химиясы, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындары болып табылды. Шикізатпен (90 % Ресейден жеткізіліп тұрды), қаржылық қаражатпен қамтамасыз етілу проблемалары кәсіпорындар жұмысының азаюына, одан кейін кәсіпорынның мүлде тоқтауына әкеп соқты. 2000 жылы "Қарағанды резинатехника" ААҚ базасында жауапкершілігі шектеулі екі серіктестік құрылды.
"Сараньрезинатехника" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - "Сараньрезинатехника" ЖШС) "Софтлайн" ресейлiк инвесторына тиесiлi, транспортер лентасының барлық түрiн, полиизобутилендiк пластина, техникалық пластина, тауар резинасын шығару жөніндегi қуаты бар. 1999 жылғы желтоқсанда импортты алмастырушы өнiм - транспортер лентасының өндiрiсi iске қосылды.
"Қарағанды резинатехника" жауапкершiлігі шектеулi серiктестiк (бұдан әрi - "Қарағандырезинатехника" ЖШС) резинаматалық, резинатростық конвейер ленталары, резинаматалық қолғаптар шығару жөніндегi қуаты бар. Құрылтайшысы ресейлiк инвестор - "Сибхимимпекс" фирмасы болып табылады. ЖШС-iң иесi жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарының бiр бөлігін аяқтады, қосалқы бөлшектер мен шикiзат сатып алды. 2000 жылғы шілдеде резинатростық лента цехы iске қосылды, өнімнiң байқау сипатындағы топтамасы легі шығарылды.
"ИнтерКомШина" ААҚ, бұрынғы "Шымкентшина" ААҚ - шина өнімін шығару жөніндегi iрi акционерлiк қоғам, 1980 жылы iске қосылды. 1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін зауыт, іс жүзінде жұмыс істеген жоқ. Акционерлiк қоғам жүк, жеңіл және ауыл шаруашылығы машиналарына және автокамераларға арналған шиналық өнім шығаруға бағдарланған. 2000 жылғы наурыз айында аукционда "Шымкентшина" ААҚ-ның негiзгi өндiрiсін "Петроказ Лтд" сатып алды. 2000 жылғы сәуiрде өндiрiстi іске қосу жүзеге асырылып жүк және жеңіл автомобильдеріне, ауыл шаруашылығы машиналарына арналған шиналар шығару басталды, бiрақ энергия қымбаттылығына байланысты 2000 жылғы мамырдан бастап өндiрiс тоқтатылды.
"Темiртау химиялық металлургиялық зауыты" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестігі (бұдан әрi - "ТХМЗ" ЖШС), иесi "Алаш" акционерлiк қоғамы болып табылады. Зауыттың құрылысы 50-жылдары жүзеге асырылды және ондаған жылдар бойына негiзгi тауарлық өнiм бутадиен-стирольдi каучук, кальций карбидi, сiрке қышқылы, этилацетат болып келдi. Экологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты сынаппен ластану нәтижесінде сiрке қышқылы үшін шикiзат болып табылатын ацетальдегид шығару тоқтатылды. Кальций карбидін өндіруді шағын көлемде қалдыра отырып, меншік иелері бір пешті ферромарганец өндіруге қайта бейімдеді.
Целинный кен-химиялық комбинатының химиялық тау-кен-гидрометаллургиялық зауыты (бұдан әрі - ЦГХК ХГМЗ) - меншiк иесi "КазСабтон" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - "КазСабтон" ЖАҚ). Комбинаттың өндірістік қуаттары минералдық тыңайтқыштар (аммофос) шығаруға есептелген, шикізаттың қызметін химиялық-гидрометаллургиялық зауытта Қаратау фосфориттерінен және Кола түбегінің апатиттік концентраттарынан алынатын таза фосфор қышқыл атқарады. Акционерлік қоғам күкірт және аккумуляторлық қышқылдарды өндiру жөніндегі қуаттары бар.
"Ақтал Лтд" химия кешенінің (Ақтау қаласы) Каспий жанындағы кен-металлургиялық комбинатының бұрынғы химиялық-металлургиялық цехы) диаммонийфосфат, нитроаммофос, аммоний сульфат және күкiрт қышқылын өндiру бойынша қуаттары бар. Шикiзат қызметiн жергiлiктi табиғи газ, Кола апатиттiк концентрат, мұнай кен орындарының күкiртi атқарады. "Каскор" акционерлiк қоғамының Химиялық гидрометаллургиялық, Азот тыңайтқышы Күкiрт қышқылы зауыттары 1998 жылы тендерде "Ақтал Лтд" жауапкершiлігі шектеулi серіктестігіне (бұдан әрi - "Ақтал Лтд" ЖШС) сатылған болатын. 1999 жылы таза фосфор қышқылынан натрийдiң триполифосфатын өндiру игерiлдi. Қазiргi уақытта, өндiрiстi Қаратау фосфориттеріне қайта бейiмдеу жүзеге асырылуда.
"Ақтау полимерi" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "АКПО" ААҚ), бұрынғы Шевченко пластмассалар зауыты 1976-1980 жылдары "Литвин" француз фирмасынан сатып алынған жинақтаушы импорттық жабдық базасында салынды, 1981 жылы iске қосылды. "АКПО" ААҚ - ТМД аумағындағы полистирольдық пластикалар шығару жөніндегi ірi химиялық кешен, өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында кеңінен пайдаланылатын түрлi маркалы полистирол шығарып отырды және ТМД елдерi мен әлемдік рынокқа жеткiзіп тұрды. Өндiрiс толықтай технологиялық сызба бойынша - мономер (стирол) синтезінен бисер мен гранул нысанындағы полистиролдың дайын түрлерін шығаруға дейін құрылған болатын. Толық технологиялық сызба бойынша өндiрiс этилен, этилбензол, стирол, соққыға төзiмдi, жалпы мақсаттағы және көпіртуге арналған полистиролдар шығара отырып, 1993 жылға дейін жұмыс істедi. 1993 жылғы желтоқсанда болған апат этилбензол алуға арналған Алкар қондырғысын iстеп шығарды, нәтижесінде 1993 жылдан бастап "АКПО" ААҚ негiзгi шикiзат ретiнде әкелiнетін этилбензолды пайдалана отырып, қысқартылған сызба бойынша жұмыс істедi. Қазiргi уақытта, жабдықтың қуаттары әкелінетін стирол негiзiнде соққыға төзiмдi, жалпы мақсаттағы және көпіртуге арналған полистирол шығаруды көздейдi. "АКПО" (Ақтау қаласы) акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 1248 P981248_ қаулысына сәйкес банкроттау рәсiміне бастамашылық жасалған болатын.
Банкроттауды аяқтау және мүлiктiк кешендi сату шарттары туралы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 желтоқсандағы N 1248 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 тамыздағы қаулысы қабылданды.
"Павлодар химия зауыты" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ПХЗ" ААҚ) - Қазақстанның аса ірі химиялық өндірістердің бірі. 1975 жылы КСРО мен шығыс елдері арасындағы келісім-шарт бойынша сынап электролизінің технологиясын (КСРО-ның осыған ұқсас кәсіпорындарының соңғыларының бірі) пайдалана отырып, хлор және акустикалық сода өндірісінің құрылысы аяқталған болатын. 1992 жылы жабдықтың, құрылыс ғимараттарының толық тот басуынан маңындағы аумақтың сынаппен ластануынан және сынаптың Ертіске түсу қауіпінен өндіріс тоқтатылып, қуаттары жойылған болатын.
Акционерлiк қоғам каустикалық сода, хлор, үшхлорлы алюминий, үшхлорлы фосфор, аяқ киім және сым (поливинилхлоридті) пластикаттар, поливинилхлоридті, фенолформальдегидті (ФФС) және карбамидоформальдегидті (КФС) смола, майлайтын майға жабысатындар, флотореагенттер, тұз жиналу ингибиторы, антифриздер және мұздақтарға қарсы, орташа - және жоғары форсталған карбюратор және дизель двигательдерi үшін арналған мотор майын, халық тұтынатын тауарларды (ағартқыш, сабын, шампунь, және табиғи өсетін компоненттердiң негiзiнде басқа да косметикалық заттарды) шығарды.
Қазiргi уақытта, жобалау қуатының 3,5 %-ның ғана жүктемесi бар, мұның өзi аталған өнiмнiң ресей өндiрушiлерінің осындай өнімдеріне қарағанда, құнының жоғарылығынан ішкі рынокта бәсекелесу қабілетінің жоқтығымен байланысты болып отыр.
Кен өндiруден ақырғы өнiм - сары фосфор, фосфор қышқылы, триполифосфат натрий, СМС, минералдық тыңайтқыштар, реактивтік фосфор тұздарын (19-сурет) шығаруға дейінгi аяқталған технологиялық циклы бар фосфор саласы, дәстүрлi өткiзу рыноктарынан айырылуы, өнеркәсіп секторларындағы - фосфор өнiмін тұтынушылардағы өндiрiстiң құлдырауы және тұтынушылар тарапынан төлем төлемеуi салдарынан соңғы жылдары ауыр қаржы-экономикалық жағдайда отыр.
Шағын фосфорлық сала кәсiпорындарының қаржы-экономикалық жағдайы 1986 жылдан 1990 жылдар аралығында тауар өнімдерiн шығарумен, ал 1991 жылдан 1999 жылға дейін өндiрiстiң құлдырауымен, кәсiпорындардың өзара және бюджеттiк салаға төлем төлемеу дағдарысымен, өзіндiк құнның өсуімен және жоғары кредиторлық-дебиторлық қарыздың болуымен сипатталады. Бiр кезде тұрақты жұмыс істеген сала қазiр туралау күйiнде. Осылайша, тауар өнімінің көлемi 1989 жылғы 1142 млн. АҚШ долларынан 1999 жылы 30 млн. АҚШ долларына дейiн төмендеген. Осы кезең iшінде сары фосфор өндiру 479 мың тоннадан 6,5 мың тоннаға дейiн, минералдық тыңайтқыштар 773 мың тоннадан 28,3 мың тоннаға дейін, фосфоритті руда 13 млн. тоннадан 0,6 млн. тоннаға дейін (2-6 суреттер) түсiп кеткен. Жұмысшы орындар саны 42 мың адамнан 9 мың адамға дейiн қысқарған. Өнiм шығару көлемінің төмендеуi, жеткiзiлу жүйелiлiгiнiң бұзылуы нәтижесiнде фосфор мен оның туынды өнiмдерi рыноктарында жағдай нашарлап кетті. Мәселен, сары фосфор рыногында қазақстандық өнім жеткізушілерді қытайлықтар ығыстырып шығаруда. Жалпы көлемде экстрациондық фосфор қышқылынан алынатын натрий триполифосфаттың үлесі артуда, арзан болғанымен, сапасы жағынан термиялық фосфор қышқылына тең келмейді. Осындай келеңсіз жағдай минералдық тыңайтқыштар рыногында да қалыптасқан.
Қаратау фосфорит кені қозғалысының сызбасы
19-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
1992 жылы шағын фосфор саласының кәсiпорындарын акциялау жүргiзiлген болатын және құрамына "Қаратау" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қаратау" АҚ, акцияларының мемлекеттiк пакетi - 66,5 %), "Нодфос" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Нодфос" АҚ, акцияларының мемлекеттiк пакетi - 51 %), "Химпром" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Химпром" ААҚ, акцияларының мемлекеттік пакетi - 31 %), "Жамбыл суперфосфат зауыты" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "ЖСЗ" АҚ, акцияларының мемлекеттiк пакетi - 59 %), "Промтранс" акционерлiк қоғамы ("Промтранс" АҚ, акцияларының мемлекеттiк пакетi - 45 %), "Сары-Тас" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Сары-Тас" АҚ), "Казремэнерго" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Казремэнерго" АҚ, акцияларының мемлекеттiк пакетi - 65 %), "КазНИИХимПроект" акционерлiк қоғамы ("КазНИИХимПроект" АҚ, акцияларының мемлекеттiк пакетi - 51 %) кіретін "Қаратау" акционерлік холдинг компаниясы құрылды.
1995 жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi кіші фосфор саласының кәсіпорындарын шетелдік инвесторлардың сыртқы басқаруына беру туралы шешім қабылдады. Өкінішке орай, 1995-1998 жылдар кезеңінде сырттан басқаруға (ЮТЭК-Лукойл-Одил, Donnex Enterprises Liмitеd, Мемлекеттiк медетші банкi, IВЕ Trade Corporation) бiрнеше рет беру оң нәтиже берген жоқ.
Кіші фосфор саласының кәсіпорындарын дағдарыстан шығару үшін "Нодфос", "Промтранс", "Фосфор", "Суперфосфат" зауыты, "Қаратау" акционерлiк қоғамдары акционерлерiнiң жалпы жиналысының шешiмдерi негiзiнде өндiрiстiк қуаттарды активтер мен пассивтерге сегментациялау жүргiзiлдi және Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1149 P971149_ қаулысымен кредиторлық берешектерден, бюджетке салықтар мен еңбек ұжымдарының еңбекақысы жөнiндегi қарыздардан басқаларынан босатылған "Казфосфор" ашық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Казфосфор" ААҚ) құрылды. Осы шешiмнің негiзiнде әрбiр құрылтайшы өз мүлiгiнiң бiр бөлiгiмен жаңа "Казфосфор" ААҚ-ның құрамына кiрдi.
1997 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Үкiметінiң N 1555 P971555_ қаулысымен "Казфосфор" ААҚ Казкоммерцбанк, Қазақстанның Халық банкi және ТұранӘлем банкі банктерiнiң консорциумына басқаруға берiлдi. Саланы дамытудың қаржы-экономикалық бағдарламасын әзiрлемей-ақ, кәсіпорынның өндiрiстiк қуаттарын іске қоспай тұрып, банктердiң консорциумы ағымдағы еңбекақысы және тиiстi салықтарды төлеудi жүзеге асырды. Бұл ретте кәсiпорындар залал тартты. Осылайша, банктердiң қызметінде күтілген нәтижелерге қол жеткізілген жоқ.
Республиканың фосфор саласын қаржы-экономикалық сауықтыру мақсатында және "Кiшi фосфор саласы фосфор кәсiпорындарының мүлкін сату жөніндегi инвестициялық тендердiң нәтижелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 8 мамырдағы N 414 P980414_ қаулысымен мақұлданған, 1998 жылғы 24 наурыздағы өзгерiстерiмен және толықтыруларымен 1998 жылғы 9 ақпандағы Мемлекеттiк мүлiктi сатып алу-сату шарттарына сәйкес фосфор саласы кәсiпорындарының "Қазфосфор" ААҚ-на тиесілі активтерінің бiр бөлiгi "Тексуна Кемиклз Инк" фирмасына (бұдан әрi - Компания) жеке меншiкке берiлдi.
Алайда, мемлекет тарапынан шарт бойынша барлық міндеттемелердiң орындалғандығына қарамастан, компания өндiрiс көлемін сақтауды және арттыруды қамтамасыз ете алмады, бұл ретте фосфор саласы кәсiпорындарын сегменттеу жөніндегi өз әрекеттерімен өндіріс көлемінің төмендеуін және жұмыс орындарының қысқаруын туғызды. Компания инвестициялық бағдарламаны орындаған жоқ және еңбекақы жөніндегі қарызды толық көлемде өтеген жоқ.
Қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етпей тұрып, Компания аймақтағы әлеуметтік шиеленіс үшін алғышарттар туғыза отырып, кіші фосфор саласының онсыз да дағдарысты жағдайын шиеленістіріп жіберді.
1999 жылғы 31 тамызда "КАSЕХ S.А." компаниясы мен компания акцияларын иеленуші "Тексуна интернешнл Лимитед" Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты, соған сәйкес "КАSЕХ S.А." компаниясы оның акцияларын алды. Бұл ретте, "Қазсабтон" жабық акционерлік қоғамының ақпаратына сәйкес (бұдан әрі - "Қазсабтон" ЖАҚ, 11.02.00 ж. N 027-1/а хаты) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын "КАSЕХ S.А." компаниясы мен "Қазсабтон" ЖАҚ үлестес болып табылады.
Қазақстан Республикасы үшін фосфор өнеркәсібінің маңызды стратегиялық мәнін ескере отырып және саланы қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі "Қазсабтон" ЖАҚ-ның ұсынысын қабылдады және 1999 жылғы 21 қазандағы N 1580 P991580_ қаулысымен өзінің қызметін жүзеге асыруды бастаған "Жаңатас" КБК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ("Жаңатас" КБК" ЖШС, Жаңатас қаласы), "Қаратау" КХК" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ("Қаратау" КХК" ЖШС, Қаратау қаласы), Тыңайтқыштар өндіру кешенінде (бұдан әрі - ТӨК, Тараз қаласы) және Теміржол көлік кешенінде (бұдан әрі - ТКК, Тараз қаласы) жаңа заңды тұлға "Қазфосфат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі - "Қазфосфат" ЖШС) құрылуын мақұлдады.
Бүгінгі таңда "Қазфосфат" ЖШС-нен басқа Қазақстан өнеркәсібінің фосфорлық қосалқы саласы "Шымкент фосфор" ЖАҚ-мен (Шымкент қаласы) және "Химпром" ААҚ-мен (Тараз қаласы), сондай-ақ минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі кәсіпорындар: "Ақтал ЛТД" химия кешенімен (Ақтау қаласы), ОКХК Химия металлургия зауытымен (Степногорск қаласы) берілген.
Бұрын "Қаратау" АҚ-ы болып аталып келген, 50 шақты фосфорит кен орындары табылған және азды-көпті зерттелген Қаратау бассейні кен орынында "Қаратау" КХК" ЖШС-і және "Жаңатас" КБК" ЖШС-і құрылды және жұмыс істейді. Құрамындағы P2O5 24,7 % деңгейіндегі қорлар бұрынғы КСРО-ның бүкіл барланған ресурстарының 36 % жуығын және барланған дүниежүзілік қордың орташа 24,70 % деңгейінің 5 %-ға жуығын құрайды. Қазақстан Республикасы фосфор шикізаты бойынша дүниежүзілік қордың 90 %-на ие болатын бірінші он елдің қатарына кіреді. Қаратау алабы Қазақстанның, Өзбекстанның, Түркіменстан және Ресейдің фосфор және химия кәсіпорындарында бұдан әрі өңдеу үшін ТМД-ның азиялық аймағындағы жалғыз кен базасы болып табылады (20, 21-суреттер).
"Қаратау" КХК" ЖШС-і (Қаратау өндірістік аймағы) және "Жаңатас" КХК" ЖШС-і (Жаңатас өндірістік аймағы) кіші фосфор саласы кәсіпорындарында бұдан әрі қайта өңдеу үшін фосфат шикізатын өндіру және бастапқы өңдеуге арналған біржақты мамандандырылған тұйықталған аумақтық-өндірістік кешен болып табылады, оған 6 кен орны мен сығындылау үшін электр термиясы мен фосфорит ұнын жасау үшін ұнтақталған шикізат шығару жөніндегі кен байыту фабрикалары енеді.
Фосфат шикізатының 1998 жылға дейінгі қозғалысының құрылымы
20-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Фосфат шикізатының 1998 жылғы қыркүйектен бастап
қозғалысының құрылымы
21-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
"Жаңатас" КБК" ЖШС-нің негізгі өнімі Тараз, Ақтау, Степногорск, Алмалық, Самарқант, Қоқан, Чарджоу химия зауыттарында минералдық тыңайтқыштарға арналған сығымнан қайта өңдеу үшін жұқа ұнтақталған фосфатты шикізат болып табылады (21-сурет). "Қаратау" КБК" ЖШС-нің ұнталған фосфатты шикізат түріндегі өнімі қарапайым фосфорға электр термикалық қайта өңдеу және оның Тараз, Шымкент, Тольятти (Ресей) фосфор зауыттарындағы туындыларына арналған (21-сурет).
"Қазфосфат" ЖШС-нің құрамына сол сияқты банкроттық рәсімдерін жүргізу нәтижесінде Жаңа Жамбыл фосфор зауытының мүліктік кешені мен технологиялық кезеңді қалпына келтіру және құрамында фосфат бар шикізатты неғұрлым терең қайта өңдеу үшін "Шымкент фосфор" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Шымкент фосфор" ЖАҚ) жасанды жуу құралдарының цехы енді (22-сурет).
Жаңа Жамбыл фосфор заводындағы (бұдан әрі - "Қазфосфат-ЖЖФЗ" ЖШС) өндірістік қуаттар 1978 жылы іске қосылды. Оның құрамына: аглоөндіріс, сары фосфор, термикалық фосфор қышқылы және натрий үшфосфат қосындысының өндірісі енеді. Бұдан басқа, зауытта фосфор ұнтағын (қалдық) әсірефосфор қышқылына қайта өңдейтін екі қондырғы бар. Зауыт "Қаратау" АҚ-ның фосфоритті ұсақ-түйегін, сондай-ақ "Химөнеркәсіп" ААҚ-ның, Тараз қаласы мен "Фосфор" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Фосфор" АҚ), Шымкент қаласы өндірістік қызметінің қалдықтарын пайдалану мақсатында салынған. 2000 жылдың мамырында өткен аукционда ЖЖФЗ-ның қуаттарын "Қазфосфат" ЖШС сатып алды.
ӨКБ-ның (Тараз қаласы) сығымдалған фосфор қышқылын алу жөніндегі және құрамында фосфор бар минералдық тыңайтқыштар (46 % аммофос), азықтық үшкальцийфосфат (27% Р2О5), сульфокөмір шығару жөніндегі өндірістік қуаттары бар.
"Фосфор" АҚ - Қаратау фосфоритімен жұмыс істейтін фосфор өнімінің ірі өндірушісі. Өндірістік қуаттар 1966 жылы енгізілген. 1998 жылдың қарашасынан бастап активтері қайта құрылымдаудан өткен банкроттау рәсімі жүргізілуде. Акционерлік қоғам болып "Шымкентфосфор" ЖАҚ құрылған болатын, бұл ретте "Шымкентфосфор" ЖАҚ-ң акциялар пакетінің 90%-ын ұстаушысы "Фосфор" АҚ және 10%-ын ұстаушы "Бутя-Капитал" ФЖҚ болып табылды. ЖЖЗ цехын "Қазфосфат" сатып алды.
"Химөнеркәсіп" ААҚ-ның (Тараз) құрамында сары фосфор, фосфор қышқылы, минералдық тыңайтқыштар мен өзінен өзі пісетін электродтар үшін электродты массалар өндірісі бар. Сары фосфор өндірісінде ыстықпен дайындау цехы мен пеш цехын (сары фосфорды электрмен айдау) қосады. "Химөнеркәсіп" ААҚ отандық тұтынушылар үшін электродты масса жеткізілімдері бойынша импорт алмастыру бағдарламасына енгізілген.
"ҚазСабтон" ЖАҚ-ты құрғаннан кейінгі фосфор қосалқы
саласы кәсіпорындарының құрылымы
22-суретті қағаз мәтіннен қараңыз.
Фосфорлық қосалқы сала кәсіпорындарының жұмысын тұрақтандыру үшін Энергетика, индустрия және сауда министрлігі 2000 жылы мынадай мәселелерді шешкен болатын:
оңтүстіктегі тапшылықты Екібастұз ГРЭС-2-ден жеткізілімдермен орнын толтыру жолымен энергиямен қамтамасыз ету;
құрамында фосфор бар шикізат пен күкірт қышқылын темір жолмен тасымалдауға арналған тарифтерге тиісінше 0,22 және 0,5 мөлшерінде төмендетілген коэффициенттер белгілеу;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1580 P991580_ және 2000 жылғы 28 шілдедегі N 1159 Р001159_ қаулыларының шарттарына сәйкес "Фосфор" АҚ-ның жасанды жуу құралдары цехын және "Қазфосфат" ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор зауытын сатып алу;
құрамында фосфор бар минералдық тыңайтқыштарды Қытай рыногына жылжыту үшін көлемі 450 мың тонна тыңайтқыштарды жеткізіп беру және "Қазфосфат" ЖШС мен "Чен-Гуан" компаниясы арасында NРК-тыңайтқыштарын өндіру бойынша бірлескен ұйым құру жөнінде Қытайдағы Қазақстан Республикасының елшілігін тарта отырып, қытай компанияларымен ниет-хаттамаларға қол қою жөнінде жұмыс жүргізілді;
фосфор өнімін дүниежүзілік рынокқа жылжыту мақсатында "Қазфосфат" ЖШС-і сары фосфор сатып алушы тұтынушы шетелдік компанияларды шақыра отырып тұсау кесері өткізілді.
Қазіргі уақытта фосфорлық қосалқы саланың мүліктік кешендерінің меншік иелерін айқындау процесі аяқталып келеді, "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Промтранс" акционерлік қоғамдарының бұрынғы қызметкерлерінің кәсіби аурулары, еңбекте жарақат алу, асыраушысын жоғалтуына байланысты жәрдемақылар төлеу және бюджет пен жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетін төлемдер бойынша "Тексуна Кемикалар Инк" халықаралық коммерциялық компаниясының кредиторлық берешегін өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мирасқорлық мәселелері шешілу үстінде.
Фосфорлық қосалқы салаларды қайта құрылымдау және қайта қалыптастыру процестері жалғасуда, оны дамытуға инвестициялар тарту және фосфор өнімін өткізу рыноктарын анықтау мәселелері шешілуде.
3.4. 2000 жылы химия өнімдерін өндіру
Химия өнеркәсібінде өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2000 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 1999 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6,6%-ға өсті. Мұндай өсу негізінен, өндірісте көптеген жылдар бойына жалғыз тұрақты жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын "АЗХС" ААҚ-да хром тотығын, хром ангидридін және натрий биохроматын шығаруды арттырудың есебінен қамтамасыз етілді бұл оның өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылығы туралы куәландырады.
Өткен жылмен салыстырғанда сары фосфорды шығарудың 113,4% өсуі "Қазфосфат-ЖЖФЗ" ЖШС филиалы жұмысының тұрақтандырылуымен байланысты және оның өткізу рыногының кеңеюі есебінен екендігі 5-кестеден көрініп тұр.
5-кесте
2000 жылы химия өнімдерін өндіру
___________________________________________________________________________
Өнімнің түрлері !Қаңтар-қыркүйекте!Өнімнің табиғи көлемінің индексі,
мың тоннамен ! өндірілді ! %-бен
!_________________!___________________________________
! 2000 ж.! 1999 ж.!1999 !1999 !2000 !2000 жылғы
! ! !жылғы !жылғы !жылғы !қаңтар-
! ! !қаңтар-!қаңтар-!қыркүй. !қыркүйекке
! ! !наурыз.!маусым.!екке қа.!қарағанда
! ! !ға қа. !ға қа. !рағанда !1999 жылғы
! ! !рағанда!рағанда!1999 !қаңтары-
! ! !2000 !2000 !жылғы !қыркүйек
! ! !жылдың !жылғы !қыркүйек!
! ! !қаңтар-!қаңтар-! !
! ! !наурызы!маусым ! !
_____________________!________!________!_______!_______!________!__________
Хром тотығы 12,6 8,4 223,6 177,5 142,8 148,7
Хромды ангидрит 13,6 11,3 179,8 137,0 76,2 120,1
Хромды дубитель 12,9 12,4 97,5 97,6 115,5 103,9
Сұйық хлор 0,643 0,642 534,1 188,8 74,7 100,2
Күкірт қышқылы 470,9 516,8 102,1 100,1 82,5 91,1
Сары фосфор 10,4 4,9 96,4 158,0 - 213,4
Фосфор қышқылы 10,6 10,8 33,0 73,7 - 98,4
Кальций карбиді 4,7 10,7 140,9 110,7 3,4 44,3
Азот тыңайтқыштары 4,9 7,9 94,4 71,1 100,0 62,0
Фосфор тыңайтқыштары - 26,8 - - - -
Полимерлер негізіндегі 1,198 0,552 88,6 168,8 181,7 217,0
бояулар мен лактар
Майлар тұнба 0,058 0,095 - - - 61,1
Медикаменттер, млн. 1080,9 407,3 269,0 254,1 4,7 есе 2,7 есе
теңге
Қолданылып жүрген 12,2 9,8 105,3 116,5 97,3 106,6
бағадағы өнім көлемі,
млрд. теңге
Автобустар, жүк 15,3 14,4 510,0 - 106,3
автомобильдері және
авиация үшін жаңа
пневматикалық резеңке
шиналар
Жеңіл автомобильдер 100,3 202,1 - 199,8 - 49,6
үшін жаңа пневматикалық
резеңке шиналар
Ауыл шаруашылығы 0,7 19,7 - 13,2 - 3,6
машиналары үшін
шиналар, басқа да
жаңа шиналар
___________________________________________________________________________
Ағымдағы жылы минералдық тыңайтқыштар шығару жөніндегі қуаттардың тоқтап тұруы, "ТХМЗ" ААҚ-дағы кальций карбидін және "ПХЗ" ААҚ-дағы майларға тұнба өндірудің қысқартылуы өнімге деген сұраныстың төмендеуінен туындап отыр. Шина өндірісінің тоқтатылуы "ИнтерКомШина" ААҚ-да жүргізіп отырған негізгі қорларды жаңғырту және қайта құру жөніндегі жұмыстар және өзіндік жылу орталығын салуға байланысты.
3.5. Республиканың мұнай және газ өңдеу өндірістерінің
жай-күйі
"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "АМӨЗ" ААҚ) жергілікті мұнаймен отындық нұсқа бойынша жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз зауыт, мұнай өңдеудің тереңдігі - 59,9%, сұйытылған газ автобензин, дизель отынын, мазут, авиакеросин, майлар, пеш отынын, мұнай коксын шығарады. 2000 жылдың тамызында "Қазақойл" Ұлттық мұнай-газ компаниясы мен "Марубени Корпорейшен" корпорациясы арасында мазутты гидрокрекингтеу және мұнай өңдеудің тереңдігін 82%-ға дейін ұлғайтуды көздейтін "Атырау мұнай өңдеу зауытын жаңғырту туралы" шектелмелі келісімге қол қойылған болатын.
"Павлодар мұнай-химия зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ПМХЗ" ААҚ) жылына 7,5 млн. тонна өңдеу бойынша қуаты бар, өңдеу тереңдігі - 76%. Шикізат ретінде Батыс Сібір кен орнынан құбыр бойынша келетін шикі мұнайды пайдаланады. Бүгінде акцияларының бақылау пакетінің иесі Батыс Қазақстандағы ең ірі мұнай өндіруші "Маңғыстаумұнайгаз" ашық акционерлік қоғамы болып табылады. Өнімді жасау автобензин, керосин, дизель отынын, мазут, пеш отынын, күкірт, кокс алуға бағдарланған. Жанама өнім түрінде: пропан-пропилен фракциясы (соның ішінде пропилені), бутан-бутилен фракциясы (соның ішінде изобутилен, н-бутилендер, изобутан шығару) жасалып шығарылады. Бұл мұнай-химия өндірістері үшін бағалы өнім тұрмыстық отын ретінде пайдаланылады.
"Шымкентмұнайоргсинтез" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ШМОС" ААҚ) қазіргі уақытта Құмкөл кен орнының мұнайын отын сызбасы бойынша (автобензин, керосин, дизель отыны, мазут) өңдеуде, өңдеу тереңдігі - 58%. Бұл ретте барлық өнімнің 40%-ына дейінін мазут алады. Кәсіпорында оның іске қосылуы ашық мұнай өнімдерін шығаруды арттыруға мүмкіндік беретін каталитикалық крекингтік кешеннің құрылысы тоқтатылған.
"Теңіз өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "ТГӨЗ" ААҚ) жолай мұнай газын құрғақ, сұйытылған және кері бензинделген газдар, этан, пропан, жеңіл көмір су тектерінің кең фракциясы (бұдан әрі - ЖКСКФ) өңдеу бойынша қуаттары бар.
Сұйық газдар, ЖКСКФ, октан және кері бензинделген түрінде шығарылған өнім бұдан әрі өңделуге жатпайды, жағу жүйесіне бағытталады (мысалы, этан секілді немесе басқа республикаларға сатылады). Сол уақытта полипропилен мен полистирол өндіру жөніндегі тиісінше Атырау және Ақтау зауыттары үшін пропилен (ЖКСКФ-дан) мен этилен (этаннан) өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін еді.
"Жаңажол газ өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ЖГӨЗ" ААҚ) 1984 жылы қатарға енгізілді, мұнай және газ дайындау жөніндегі екі кешенді технологиялық желілері бар. Акцияларының бақылау пакеттері қытай компаниясына жатады, олар "СNРС-Ақтөбемұнайгаз" ашық акционерлік қоғамын құрды.
"Қазақ газ өңдеу зауыты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "ҚГӨЗ" ААҚ). Өндірістік қуаттарының жүктелуі мұнай газы көлемінің қысқартылуынан - 43%. Бірінші кезегі 1973 жылы, екіншісі - 1979 жылы қатарға қосылды. Шикізат Маңғышлақ түбегінің Өзен және Жетібай кен орындарының жолайғы мұнай газы пайдаланылады. "ҚГӨЗ" ААҚ-н іске қосу сәтіне маңғышлақ мұнайының құрамында этан бар мұнай газының ресурсы едәуір қысқарды және кәсіпорын өңдеуге құрамындағы қажетті көмірсутегі жобалық талаптан төмен табиғи газды тартуға мәжбүр болды. Осылайша, табиғи газдың құрамындағы этан 10,4 масс. % құрайды (жобалануда - 13,88%), ал көмірсутегінің құрамы жоба бойынша қажетті - 461 г/текше м-ге қарағанда 160-тан 180 г/текше м-ге дейін ауытқиды. Осыған орай, өңдеуге тартылған газдың жалпы көлемін ұлғайту жолымен этанның жоғалтуларын шикізатпен өтеу мүмкін болмағандықтан, 350 млн. текше м. этан мен сұйытылған газдың қажетті көлемін газдың өңделуі жөніндегі зауыт жобаланған қуаттары кезінде өндірілуін қамтамасыз ету зауытты қайта құрусыз мүмкін емес. Бүгінде "Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамының құрылымына енетін "ҚГӨЗ" ААҚ Жетібай кен орнының жолайғы және табиғи газдарының конденсатымен жұмыс істеуде. Өз кезінде сызба бойынша жіктелуі жөніндегі кең мүмкіндіктерімен бірегей зауыт жоғары төзімді полистирол шығару үшін "ҚГӨЗ" ААҚ-ның өнімін пайдаланған "АҚПО" АҚ-на шикізат (этан, изопентан) жеткізіп тұрды.
3.6. Қазақстанда химия өнімдерін ішкі қолдану және импорт
Бүгінгі күні, онысыз Қазақстан экономикасының жұмыс істеуі мүмкін емес, химия және мұнай-химия өнімдеріне (80% жоғары) қазақстан сұранымының едәуір бөлігі импорт есебінен қанағаттандырылады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша химия өнімінің импорты жыл сайын 500 млн. аса АҚШ долларын құрайды, оның ішінде жартысынан көбін мұнай және мұнай өнімдері құрайды. 6-кестеден көрініп тұрғандай Қазақстан бұрын отандық кәсіпорындарда өндірілетін өнімді импорттайды.
6-кесте
1999 жылғы және 2000 жылдың бірінші жарты жылдығындағы
Қазақстанға химия, мұнай-химия өнімдерінің және
мұнай өнімдерінің импорты
___________________________________________________________________________
N ! Өнімдердің атауы ! 1999 жыл ! 2000 жылдың
п/п! ! ! бірінші жарты
! ! ! жылдығы
! !_____________________!__________________
! ! тонна ! мың $ ! тонна ! мың $
___!______________________________!__________!__________!_________!________
1 Полиэтилен 3023,5 2494,3 826,2 2636,3
2 Полипропилен 1523,5 802,4 615,8
3 Полистирол 433,5 484,5 408,6 433,4
4 Поливинилхлорид 1313,6 803,3 1125,5 864,4
5 Резинотехникалық бұйымдар 2188,2 7870,5 2111,1 6178,8
6 Каучуктер 476,5 469,8 996,7
7 Хлор 3168,6 527 881,5 313,4
8 Каустикалық сода 36585,6 3613,9 19529,4 2025,6
9 Азот қышқылы 2535,5 234,8 4539,9 272,6
10 Сірке қышқылы 394,6 227,1 359 254,3
11 Тұз қышқылы 12996,3 1351 8312,12 625,2
12 Минералдық тыңайтқыштар 76389,81 19396,5 4568,5 1160
13 Бензин және басқа да мотор 249310,2 47181,6 224603,8 42330,5
отыны
14 Мотор майлайтын майлар, 52589,6 22360,7 52131,9 19887,3
компрессор майлайтын майлар,
турбина майлайтын майлар,
өзге мақсаттар үшін
15 Пневматикалық резеңке шиналар 31438,5 32560,4 160874 24275,5
(покрышкалар), қалпына
келтірілген шиналар, мың дана
16 Антифриздер мен мұзға қарсы 4214,6 1838,3 1445,1 831,3
сұйықтар
17 Сусыз немесе су ерітіндісіндегі 7991,8 902,8 2825,0 278,3
аммиак
18 Бояулар мен лактар 14796,0 15034,2 8169,2 8300,7
19 Сабындар: құрамында болатын/ 18846,1 10192,8 17916,5 8088,8
болмайтын сабын ретінде
пайдаланылатын жеңіл активті
органикалық заттар. Сабын,
қағаз, мақта тығындысы, киіз,
фетр және сабын сіңірілген
немесе жағылған тоқылмаған
материалдар
20 Бөлшек сауда үшін бөлектелген 14086,1 11165,2 9467,2 611,4
жуу және тазарту құралдары
21 Жағар майлы қондырғыштар 46 106,8 62,9 84,5
22 Инсектицидтер, родентицидтер, 2314,8 10319,6 5066,3 22585
фунгицидтер, гербицидтер,
шығуға қарсы құралдар мен
өсімдіктердің өсуін
реттегіштер
___________________________________________________________________________
Каучук, полипропилен, полистирол, хлор, каустикалық сода, жасанды жуу құралдары импортының үлесі өсетіні көрініп тұр.
Кәсіпорындардың тоқтап тұруынан қазақстан өнімдерін ішкі тұтыну едәуір кеміген. Осылайша, 1992 жылы 2,88 млн. дана шина өнімдерін өндіру кезінде республиканың ішінде 1,3 млн. дана пайдаланылған болатын. Қазақстан өндірген 1,5 млн. тонна минералдық тыңайтқыштардың отандық ауыл шаруашылығын өндірушілер 600 мың тонна тыңайтқышын пайдаланды. Қазақстан нарықтық экономикаға көшу кезеңінде республика ішінде және сол сияқты одан дәстүрлі өткізу рыногын жоғалтты, бұл өзімен бірге тиісінше өндірістің тоқтауын, жұмыс орнының қысқаруын, жұмыссыздықты, номенклатураның және импортталатын өнім көлемінің кеңеюін тудырды.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Қазақстанның 2030 жылға дейін дамуының ұзақ мерзімді стратегиясы және 2001-2005 жылдарға арналған республиканың әлеуметтік экономикалық дамуының индикативтік жоспарын ескере отырып Бағдарламаның басты мақсаты химия және мұнай-химия өнеркәсібінің импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған химиялық өнім номенклатурасын кеңейте отырып дамыту болып табылады. Бұл үшін:
оны бұдан әрі дамыта отырып химия және мұнай-химия өнеркәсібінің өндірістік қызметін қалпына келтіру;
импорт алмастырушы және экспортқа өнімді шығаруға бағдарланған жаңа өндірістерді игеру;
отандық және шетелдік зерттеушілер әзірлемелерінің базасында инновациялық өндірістер құру қажет.
Бағдарлама қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына инвестициялар тарту саланың шығынсыз өндірістік-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі қорларды жаңарту мен айналым қаражатын толықтыру;
тоқтап тұрған кәсіпорындар үшін жаңа меншік иелері мен әлеуетті инвесторларды айқындау;
сала жұмысын тұрақтандыру, химия өнімдерін шығаратын және оны сыртқы және ішкі рыноктарға сататын (қазақстан рыногын отандық өндірушілер шығаратын ұқсас өнім импортынан қорғау, химия өнімдерін қазақстандық ірі тұтынушыларымен шарттар жасасу, салықтық және тарифтік жеңілдіктер) отандық тауар өндірушілерді сақтап қалу және нығайту үшін мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі;
химия және мұнай-химия өнеркәсібін жаңғырту мен дамыту үшін капитал жинақтау мақсатында жоспарланғанға дейін өндіріс көлемін өсіру;
ішкі рынокта және отандық тауарлардың экспорттық мүмкіндіктерімен дайын өнімдерді сату жөнінде маркетингтік зерттеулер жүргізу;
ішкі және сыртқы рыноктардың сыйымдылықтарына сай сол немесе өзге мұнай-химия өнімдерін шығару жөнінде жаңа мұнай-химия өндірістерін құруды негіздеу үшін егжей-тегжейлі маркетингтік зерттеулер жүргізу;
барлық мұнай мен газ өңдеуші зауыттардың толық жүктемелігі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
жоғары технологиялық өндірістер құру үшін, соның ішінде қазақстан ғалымдарының химия өнімдерін (жеке көмірсутектер, полимер материалдар, каустикалық сода, хлор, кальцийлендірілген сода) шығара отырып, мұнай мен газды терең өңдеу жөніндегі инновациялық әзірлемелерінің негізінде реформалау.
5. Бағдарламаны дамытудың негізгі бағыттары және іске асыру
тетіктері
5.1. Химиялық өнеркәсіпті дамыту стратегиясы
Химия және мұнай-химия өнеркәсібінің жұмыс істеуі қарастырылып отырған перспективада дамудың екі бағытын көздейтін болады:
Бірінші бағыт - республикадағы қазіргі бар өнеркәсіптің химия және мұнай-химия саласының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік қызметін іске қосу және қалпына келтіру, сондай-ақ отандық өндірушілердің өнім шығара отырып, химиялық өнім импортының көлемін азайтатын әзірленімдерінің базасында инновациялық қызметті құру және дамыту.
Екінші бағыт - жаңа қазіргі заманғы өндірістерді құруды, сыртқы және ішкі рыноктардың қажеттіліктеріне сай экспортқа бағдарланған химия өнімін шығару жөніндегі отандық және шетелдік ғылымның ең жаңа жетістіктерін озық техника мен технологияларын пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістерді түпкілікті қайта құру мен техникалық қайта жарақтандыруды көздейтін өнеркәсіптің химия және мұнай-химия салаларын жаңғырту.
2001-2002 жылдар кезеңіндегі дамудың негізгі тенденциясы өндірістік қызметті қалпына келтіру және тұрақтандыру, химия және мұнай-химия өнімін өндіру көлемінің болжанған өсуін қамтамасыз ету. Тұрақтандыру - бұл нарық жағдайына бейімделудің алғашқы қадамы, сондықтан келесі қадам өндірісті одан әрі жаңғырту, өнімнің сапасын арттыру, өткізу рыноктарын кеңейту және экспорттық жеткізілімдерді арттыру болмақ.
5.2. Мемлекеттік қолдау шаралары
Кәсіпорындарды іске қосу жөніндегі шараларды іске асыру кезінде химия және мұнай-химия өнеркәсібі кәсіпорындарын сақтау және одан әрі дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес мына жолдармен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қажет:
пестицидтерге, дизельдік және карбюраторлық двигательдерге арналған мотор майына, шағын оралған хлорға және фосфорлы тыңайтқыштарға қазақстандық тұтынушылар (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Азық-түлік корпорациясы" ЖАҚ және басқалар) арасында мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
мемлекетаралық сауда-экономикалық келісімдер шеңберінде шектес жатқан мемлекеттердің аумақтарымен қазақстандық жүктердің транзиті кезіндегі проблемаларды шешу;
отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін және елеулі залал келтіру немесе импорттық тауарлардың жеткізілімі көлемінің ұлғаюы салдарынан оған қауіп төну жағдайларында қазақстандық өндірушілерді қорғауды қамтамасыз ету;
жүргізіліп отырған импорт алмастыру саясатының шеңберінде қазақстан кен орындарында мемлекеттік ұйымдар әзірлейтін өңделген газ конденсатының өнімдерімен отандық тауар өндірушілерді қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
химия өнімін, оның ішінде мемлекеттік кепілдік бере отырып шығару жөнінде өндіріс құруға бағытталған жобаларды іске асыруда көмек көрсету;
шығарылатын өнімді стандарттауды және сертификаттауды жүргізу;
республикада шығарылатын ұқсас импортталатын химиялық өнімнің сана стандарттарының сәйкестілігіне талдау жүргізу.
5.3. Инвестициялық жобалар
Инвестициялар өнеркәсіптік саясаттың өндірістік базаны құру мен кеңейтудің, жаңа технологиялар енгізудің, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мүмкіндіктерін айқындайтын басты құралы болып табылады.
2001-2002 жылдар кезеңінде елдің ұлттық және экономикалық мүдделері жолында неміс және жапон компанияларының консорциумы ірі инвестициялық жобаны - республиканың каустикалық содаға, сұйық хлорға және тұз қышқылына қажеттілігін, оларды кейіннен экспортқа шығаратындай болып қамтамасыз ету үшін қазіргі заманғы экологиялық таза мембраналық технология бойынша хлор-сілті өндірісінің құрылысын іске асыруға кірісуі көзделіп отыр.
Басқа ірі жоба "Шевронмұнайгаз" қаржыландыратын жоғары қысымда полиэтиленнен құбырлар шығару жөніндегі зауыттың құрылысы болып табылады.
5.4. Шағын бизнесті және инновациялық қызметті дамыту
Қазіргі уақытта өнеркәсіптің химия және мұнай-химия салаларында 822 шағын кәсіпкерлік субъектілері ұйымдастырылған. Шағын бизнестің жаңа жұмыс орындарын құруды, өнім шығаруды және жалпы ішкі өнімге салымды арттыруды көздейтіндігіне қарамастан, қазақстандық шағын кәсіпкерлік нарықтық экономиканың қазіргі сатысында импортталатын химия өнімін сатуға және әкелінетін шикізатты қайта өңдеуге бағдарланған, саланың ірі өндірушілерден және өнеркәсіптің басқа да секторларынан қол үзіп қалған.
2002 жылға дейінгі кезеңге химия және мұнай-химия өнеркәсібіндегі шағын бизнес тұрмыстық химия тауарларын, полимерлер мен басқа да материалдардан дайындалған бұйымдар шығаруды және әртүрлілігін кеңейтуді, шығарылатын өнімнің технологиясын жетілдіру мен сапасын және сыртқы түрін жақсартуды көздейді.
Химия және мұнай-химиясы өнеркәсібінде күнделікті сұраныс тауарларын шығаруға бағдарланған шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарын құруға жәрдемдесу қажет.
Республиканың экономикасын дамыту инновациялық қызметсіз, отандық ғылыми-техникалық әлеуетті пайдаланбай және оның негізінде бәсекеге қабілетті өндіріс құрмайынша мүмкін емес. Бұл кәсіпкерліктің ерекшелігін анықтаушы ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылының коммерциялық нысандарын құру және дамыту болуы тиіс.
Инновациялық қызмет химия және мұнай-химиясы өнеркәсібінде салыстырмалы түрде аз ғана және тез өтімді жобаларды іске асыруға негізделетін болады, бұл неғұрлым перспективалы өндірісті дамытуға, оған жеке инвестициялардың ағылуына мүмкіндік береді.
Рыноктың және ресурстық қамтамасыз етудің сыйымдылығын ескере отырып, импорт алмастыру және инновациялық және шағын кәсіпкерлікті дамыту саясатының шеңберінде республиканың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін:
"Технопарк-Юг" аймақтық инновациялық орталығы" ашық акционерлік қоғамының жанынан қызыл фосфор, мырыш фосфидін (инсектицид), техникалық жуу құралдарын заттарды шығару жөніндегі өндірісті;
"Қазақстан Республикасының Минералдық шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - ҚР МШКӨҰО РМК) жанынан республиканың түсті металлургиясының кәсіпорындары үшін әртүрлі дәрежеде таза фтор қосындыларын, бор және магний қосындыларын (бор қышқылы, бура, кальций бораты, магний сульфаты, магний бораты, құрамында боры бар гипс), натрий цианидін мен күкіртті натрийді алу жөніндегі өндірістерді, республиканың және Орталық Азия аймағының медициналық мекемелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сульфат барий фармакологиялық препаратын шығару бойынша, мазутталған аумақтарды жоғары экологиялық көрсеткіштерге дейін тазарту үшін мұнай қышқылы бактерияларының биомассаларын дайындау бойынша өндірісті;
"Земляне" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жанындағы бор қышқылын және Ақтөбе облысының Алға химия зауытында техникалық бураларды шығаруды қайта қалпына келтіру жөніндегі өндірісті құруға жәрдемдесу.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 1999 жылдан бастап, негізінен өзіне қазақстандық ғалымдардың көмірсутекті шикізатты өңдеу саласындағы барлық әзірленімдерін қамтитын "Отандық шикізат базасында технологиялық байланысты химия және мұнай-химия өндірістерін дамыту" кешенді ғылыми-техникалық жоспары әзірленді және жоспарға сәйкес әрекет етуде. Олардың кейбірсулерінің дүниежүзілік практикада ұқсастары жоқ (мұнай және мұнай өнімдерінің каталитикалық күкіртті тотығуы және металсыздануы, ауыр вакуумды дистилляттың тотығу крекингі, сұйытылған мұнай газын бензолға каталитикалық өңдеу, қош иісті қоспалар, олефиндер, буралы және тас көмірлерді каталитикалық өргеу), не дүниежүзілік стандарттар деңгейінде. 1999-2000 жылдары техникалық-экономикалық негіздемелер, технологиялық регламенттер және Қазақстанның мұнайын, көмірін және газын бағалы өнімдерге өңдеу бойынша 36 модульді шағын қондырғыларға жобалау-конструкторлық құжаттамалар әзірленді. Өнімділігі жылына 55 мың тонна шағын мұнай зауытының негізгі жабдықтарының монтажы жүргізілді. Бағдарламаны бұл жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландырды. 2001-2002 жылдары осы қондырғыларды құру мен іске қосуға, оның ішінде "Модульді технология" ғылыми-өндіруші корпорациясы жанында Қазақстан көмірінен ацетилен мен синтез-газын алу бойынша және олардан негізгі мұнай өнімдерін және синтетикалық сұйық отын, метанол, формальдегид, 1,4 бутандиол, сірке қышқылы, метилтретбитилді эфир (бұдан әрі - МТБЭ) секілді жартылай өнімдерін, сондай-ақ мазутталған грунттардан, амбарлы мұнайдан жоғары сапалы битумдарды алуға жәрдемдесу қажет.
5.5. Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың негізгі міндеттері
мен басымдықтары
5.5.1. Мұнай өндірудің жай-күйі
Қазақстан Республикасындағы көмірсутекті шикізаттың болжанып отырған қорлары айрықша жоғары. Сонымен бірге, көмірсутекті шикізаттың ірі қорларының болуы - міндетті, бірақ ел экономикасына түбегейлі өзгерістер енгізуге жеткілікті жағдай емес.
Мұнай және газ өңдеу зауыттарының негізгі проблемасы мұнай және газ экспорты көлемінің ұлғаюына қарамастан, олардың толық жүктемеге ие болмауы. Көптеген жағдайларда шетелдік компаниялармен қол қойылған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарда мұнай мен газ өңдеуге отандық МӨЗ және ГӨЗ жеткізілу қарастырылмаған. Өнеркәсіптің мұнай өңдеу секторындағы жағдайды түбегейлі өзгермейінше мұнай-химия саласының даму проблемасын шешу мүмкін емес.
Қазақстанда мұнай-газ өңдеу және мұнай-химия өндірістерін дамытудың тежелуі ондаған жылдарға созылып кетті, нәтижесінде республика отын шығаруға бағдарланған өңдеу объектілеріне ие болып отыр.
Мұнай мен газ өңдеу үш қайта бөлуді қамтиды: біріншісі - жанар-жағар май материалдарын ала отырып, мұнай мен газды мұнай және газ өңдеу зауыттарында өңдеу, екіншісі - тереңдетіп өңдеу процестерін пайдалана отырып, химиялық жартылай өнімдер алу үшін мұнай мен газды пайдалану, үшіншісі - қосымша құны жоғары бұйымдарды дайындау үшін жоғары молекулярлы өнімдердің синтезі.
Қазақстанда бірінші және үшінші қайта бөлу зауыттары бар, бірақ мұнай-химия кәсіпорындары үшін шикізат өндіру жөніндегі қуаттар жоқ. Қазақстандағы қуаты жылына 18 млн. тоннаға дейінгі көлемде үш мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу жөнінде қуаттары бар республиканың мұнай-химия кәсіпорындарының мұқтаждары үшін бір тонна мұнай да өңделмейді. Барлық мұнай және газ өңдеу зауыттары отын нұсқасы бойынша жұмыс істейді.
5.5.2. Мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың негізгі бағыттары
Көмірсутектердің едәуір ресурстары бар Қазақстанда оған дүниежүзілік қоғамдастықта өзінің жоғары тауарлы дайындықта мұнай-химия өнімін өндірушінің бәсекеге қабілетті әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретін қазіргі заманға сай технологиялық үйлестірілген мұнай-химия өндірістері жоқ, бұл қазіргі заманғы технологиялардан елеулі түрде қалып отырған химия және мұнай-химия кәсіпорындарының МӨЗ және ГӨЗ технологияларының деңгейімен де тежелуде. Осыған байланысты мұнай мен газды тереңдетіп өңдеу жөніндегі қазіргі ғылым мен техниканың ең соңғы жетістіктеріне жауап беретін технологияларды енгізу жолымен көмірсутекті шикізатты пайдаланудың кешенділігін арттыру қажеттілігі туындады.
Мұнай өңдеу және мұнай-химияның отандық базасын құру алдағы жылдардағы саланың басты бағыты болуы тиіс. 2001-2005 жылдары Қазақстанның мұнай-газ өңдеу салаларын түпкілікті құрылымды қайта құру үшін республиканың мұнай-химия кешендерін құру жағына негіз қалануы тиіс. Бұл үшін Қазақстанда бірегей мүмкіншіліктер жеткілікті. Осы мүмкіндіктерді дер кезінде және сауатты пайдаланудың маңызы зор, бұл республиканың бірқатар ірі мұнай-химия өнімін өндірушілердің қатарына шығуға мүмкіндік береді.
Теңіз, Қарашығанақ, Қаражанбас және басқа да кен орындарын игеруді ғылымды қажетсінетін технологияларды енгізусіз, оны дүниежүзілік рынокта тауар ретінде қызығушылық тудыратын бағалы дайын өнімге өңдеусіз елестету мүмкін емес.
Бүгінгі таңда маңызды стратегиялық көп құрамды мұнай-химия шикізаты болып отырған мұнай кен орындарының ілеспе газы мақсатсыз жағылуда. Мұнай-химия өнімдерін өндіру үшін көмірсутекті шикізатты (мұнайды, газконденсатын, табиғи газды) бөлудің әртүрлі тәсілдерін және оларды өңдеудің қазіргі процестерін түрлендіру қажет. Нәтижесінде мұнай-химия өнімінің синтезі үшін шикізат болып табылатын маңызды құрамалар алуға мүмкін болады:
синтез-газын (СО және Н2 қоспасы), алифаттық көмірсутектерімен молықтырылған (метаннан пентанға дейін), монолефиндер (этилен, пропилен, бутилен), ацетилен, сондай-ақ хош иісті көмірсутектерін (бензол, толуол, ксилолы) және басқалары.
Барлық мұнай-химия және көптеген химиялық процестердің катализаторларды пайдалануға негізделетінін атап өту қажет. Сондықтан, жоғары технологиялық мұнай-химия өндірістерін ұйымдастырумен қатар, Қазақстанда ғылыми катализ мектебі дүниежүзіндегі алдыңғы қатардағылардың бірі болып табылатындықтан, катализаторларды шығару жөніндегі өндірістерді құру қажет.
Қазақстанда "Филипс Петролеум Қазақстан" фирмасы жүргізген зерттеулер бойынша бағдарлы құны 1,5-2 млрд. АҚШ долларына бағаланатын полистирол және полиэтилен шығару жөнінде зауыттардың құрылысы орынды болып табылады.
Полистирол.
"АКПО" АҚ-нда полистирол шығарудың сызбасы 1993 жылға дейін бірыңғай технологиялық циклды білдірді: этан-этилен-этилбензол-стирол-полистирол. Зауыттың меншік иесінің анықтауымен оның жұмысы импорттық моностиролды полистиролға өңдеу сызбасы бойынша жүзеге асырылатын болады. Нарықтық экономиканың көзқарасы бойынша полистиролды өндірудің барлық бастапқы технологиялық тізбегін келтіру орынды және қажет, себебі полистирол Қытай мен Ресей рыногында елеулі әлеуетке ие. Бүгінгі таңда Қытай жыл сайын 1 млн. тоннаға дейін полистиролды импорттайды, ал Ресей оны өндірудің шектеулі қуатына ие.
Полистиролды шығару және оның ассортиментін (АВС-пластиктер, жанбайтын полистиролдың түрлі таңбалары) кеңейту тек оны өндіру республиканың көмірсутекті ресурстары базасында (ШФЛУ "ТГӨЗ" ААҚ) мүмкін қазақстандық шикізат бензол және этан өндірісін қамтамасыз ету жағдайында ғана пайдалы болмақ. Бұл үшін:
өткізгіштік қабілетін ұлғайту мақсатында қолда бар этан құбырлар қайта құру, сондай-ақ жаңасының құрылысын аяқтау;
сұйық фазалы алкирилинген бензол этиленімен қондыру монтажын сатып алу және жүзеге асыру қажет.
Білім және ғылым министрлігінің Химиялық ғылымдар институты (бұдан әрі - ҚР ҒМҒА ХҒИ) ғылыми әзірленімдері базасында күрделі жабдықтарды талап етпейтін полиэтиленге дивинилбензинмен стирол етілген полимерлестер негізінде ион алмастырғыш сорбенттердің және гомогенді иониттік жарғақтың жаңа өндірістерін ұйымдастыру. Республика қазіргі уақытта жылу энергетикасында су дайындау үшін, асыл және сирек кездесетін металдарды өндіру кезінде гидрометаллургияда, ағынды өндірістік суларды тазартуда, гемодиализ, микросүзгілеу, диффуздық диализ процестерінде және басқа салаларда қолданылатын сорбенттар мен жарғақтарда аса қажеттілікке тән болып отыр.
Полиэтилен.
"АКПО" ААҚ-ның Техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру және кеңейту бағдарламасының шеңберінде жоғары және төмен қысымды полиэтилен өндіруге бағытталған іс-шаралар көзделді.
"Филипс Петролеум Қазақстан" фирмасының Қазақстанда жүргізген арнайы зерттеулеріне сай этилен және оның негізінде болжамды қаржыландыру көлемі 1690 млн. АҚШ доллары 500 мың тонна көлемінде жоғары қысымды полиэтилен шығару зауытының құрылысын салу перспективалы. Перспективалық Қытайға, Ресейге, Батыс Еуропа елдеріне, сондай-ақ ішкі пайдалануға едәуір экспорттың мүмкіндігімен негізделген.
Полиэтилен құбырлар.
"Шеврон Кемикал Қазақстан Инк." бағалауы бойынша Қазақстандағы полиэтилен құбырларының жалпы әлеуеттік рыногы өте жоғары. Ұзақ мерзімді келешекте барлық жер асты құбырлары, сондай-ақ республиканың елді мекендеріндегі газбен жабдықтау жүйелері полиэтилендіге ауыстырылатын болады. Осы компания жоғары қысымды полиэтиленнен құбыр шығару жөніндегі зауыт құрылысының бизнес-жоспарын әзірледі. Қазіргі уақытта көрсетілген жобаны Қазақстанда жүзеге асыру жөніндегі келіссөздер жүргізілуде.
Полипропилен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Павлодар МӨЗ-нда пропилен өндірісін құру жөнінде "Полипропилен" АҚ-ның даму бағдарламасын (ҚР Үкіметінің 1992 жылғы 26 тамыздағы N 706 P920706_ қаулысы) қарады. Полипропилен бойынша өндірістік қуатты қайта қалпына келтіру үшін жылына 40 мың тонна пропилен қажет. Өндірісін тиімділігі, мысалы қазақстандық МӨЗ пропан-пропилен фракцияларынан қазақстандық көмірсутекті шикізат базасында алынуы мүмкін тек қазақстандық пропиленнің жеткізілімімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Бұрын жаңғырту жобасы Павлодар МӨЗ-інің пропиленін шоғырландыру қондырғысының құрылысын және полипропиленді өндіруді жылына 30 мың тоннадан 100 мың тоннаға дейін ұлғайту, бағдарсыз полипропиленді жылына қуаты 2500 тоннамен өндіруді, құрылыс материалдары черепица, жабынды үшін шикізат болып табылатын - буып-түю, парниктік жабынды, пакеттерді, аттактикалық полипропиленді дайындау проблемаларын шешетін тиімділігі жоғары өнімдерді өндіруді ұйымдастыруды болжады.
Полистирол және полипропилен өндіру үшін жоғарыда баяндалған жолдармен қатар көмірсутекті шикізаттың пиролизі құрылғысын құру есебінен, соңғының орнына тікелей қуылатын бензинді пайдалана отырып реттеу қарастырылатын бастапқы шикізат - этилен және пропилен қажет. Пиролиз қондырғысының негізгі өнімдері этилен және пропилен болып табылады. "ПМӨЗ" ААҚ жылына 1 млн. 300 мың тоннаға жуық тікелей қуылатын бензиннің ресурстарына ие. Жылына 300 мың тонна көлемінде бензин фракциясын өңдеу жылына 60 мың тоннаға жуық поливинилхлоридті, жылына 150 мың тонна полиэтилен мен 50 мың тонна полипропилен алуға мүмкіндік береді.
Хлор, этилен және пропилен шығару жөніндегі өндірістерді құру мұнай-химиялық экспортталатын, сонымен бірге ішкі тұтыну үшін (перхлорэтилен, этиленгликоль, поливинилидензхлорид, полипропиленхлогидрон және басқалары) тауарлардың түр-түрін кеңейтуге ықпал ететін болады. Солардың бірі поливинилхлорид болып табылады.
Поливинилхлорид.
Осы өнімді "ПХЗ" ААҚ-ның базасында хлор мен этилен негізінде өндіруді ұйымдастыру Қазақстанның мұқтажы үшін аяқ-киім және кабельді пластиктер өндірісін өзінің шикізатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ПВХ-ның сұранысының мол екендігін ескере отырып, ол Қытайға, Ресейге және алыс шет елдерге жеткізілуі мүмкін. Осы өндірістің құрылысына жұмсалатын шығынның едәуір екендігін ескере отырып, осы өнімнің маркетингін жүргізу және осы жобаны іске асырудың орындылығын зерделеу қажет.
"ПХЗ" ААҚ базасында пропан-пропилен және бутан-бутилен фракцияларын өңдеу негізінде импорт алмастыратын сутек асқын оксидтері, малеинді ангидрид, метилтретбутилді эфир сияқты өнімдерді өндіруді құру мүмкін.
Метилтретбутилді эфир (бұдан әрі - МТБЭ) және метилкетон
Қазіргі уақытта жоғары октанды сандағы бензин алу үшін тетраэтилқорғасын түріндегі экологиялық зиянды қосындылар енгізеді. Мотор отындарына жоғары тиімділікті қосындылар - МТБЭ енгізу октанды санды арттыруға және этилсіз бензин алуға мүмкіндік береді. МТБЭ бутан-бутилен фракциясын өңдеу процесінде алынуы мүмкін. ББФ-ның 220 мың тоннасын қайта өңдеу 35 мың тоннаға жуық 50,0% сутек асқын оксидтерін алуға мүмкіндік береді, бұл ретте жанама өнім ретінде 40 мың тонна метилэтилкетон (бұдан әрі - МЭК) алынады, ол түрлі үстіңгі жабындылар, лактар, бояулар, фотопленкалар өндіру үшін, парфюмерияда, фармацевтикада, сондай-ақ мұнай өңдеу өнеркәсібінде аз уытты еріткіш болып табылады.
Малеинді ангидрид
МӨЗ лактар мен бояуларды, жағар майларға сукциминидті қондырғылар, витаминдер мен дәрілік препараттар, қанды алмастыруды плазмалар алу үшін полимерлік материалдар - полиэфирмалеинаттың, дибутилмалеинат синтезі үшін жартылай өнім болып табылатын малеинді ангидрид алуға пайдаланылуы мүмкін. Малеинді ангидридтің негізгі қолданылуы қазіргі уақытта тетрагидрофуран - минералдық жағар майларды тазарту процестерінде селективті еріткіш өндіруде болып отыр.
Малеинді ангидридті пайдаланудың мейлінше перспективалы және экономикалық тиімді бағыты оның негізінде шет елдерде уытты фенолдың және тапшылықты тетрагидфуранның орнына минералдық жағар майларды селективті тазарту процесінде кеңінен пайдаланылатын N-метилпирролидонының жаңа тиімділігі жоғары апротон еріткішінің синтезі болып табылады. N-метилпирролидонын қолдану бірқатар экономикалық проблемаларды шешуге, атап айтқанда энергия ресурстарының шығысын 20-25%-ға төмендетуге мүмкіндік туғызады.
N-метилпирролидонының синтезі аралық өнім - бутиролактан медицина өнеркәсібінде витаминдер мен түрлі дәрілік препараттардың, оның ішінде аминалонның, пироцетаманың, неотропиланың винилі және поливинилпирролидоны - қанның плазмасын алмастырушының синтезі үшін және басқа мақсаттар үшін шикізат ретінде қолданылады.
Қазіргі уақытта N-метилпирролидон жарылу қаупі жоғары, химиялық ластанған ағын судың көп мөлшерімен және салыстырмалы түрде экономикалық тиімділігінің төмендігімен сипатталатын күрделі бес кезеңді технология бойынша өндіріледі. N-метилпирролидонын малеинді ангидрид арқылы алудың технологиялық процесі бұл кемшіліктерді жояды.
Малеинді ангидрид бензолмен қатар алициклды тетракарбон қышқылдарының диангидридтерін алудың негізгі шикізаты болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда (ҚР ҒМҒА ХҒИ) түрлі қуаттағы фотохимиялық гелиореакторларды пайдалана отырып, алициклды тетракарбон қышқылдарының диангидридтерін алудың жаңа бірегей техникасы әзірленді. Осы қосындылар экономиканың маңызды (электротехникалық бағыттағы, кабель өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттар, машина жасау, пленкалар, шыны- және бұрышты пластиктерді байланыстырушы талшықтар, жұмсақ басу платалар, жарықшақтар, қорғанышты жабындылар) салаларына арналған ыстыққа төзімді (180-200 оС) полимер материалдардың тобын өндіру үшін бастапқы шикізат болып табылады.
Дүниежүзілік практикада полимерлі материалдардың даму үрдісінің талдауы ыстыққа төзімді (180-200 оС) полимер материалдардың тобына басымдылық берілетінін куәландырады. Қазіргі уақытта полимерлердің осы тобына "Имидаль" лактары мен олардың негізінде Францияда "Альстом" фирмасы өндіретін материалдар жатады. Бұл лак қазіргі уақытта Қазақстанға жеткізілмейді. Отандық шикізат базасында өндіру жоспарланып отырған ПИ АБ полимидті лак Қазақстанның электротехникалық бағыттағы бұйымдарын өндірудегі қажеттілігін жабуға мүмкіндік тудырады.
Алициклды тетракарбон қышқылдарының диангидридтерін қолданудың екінші перспективалы бағыты оларды бірқатар ісік ауруларын емдеу тиімділігі жоғары дәрілік препараттар алу үшін бастапқы өнім ретінде пайдалану болып табылады.
Мұнайлы ксилол базасында полиамидтер өндірісін құру экономикалық мақсаттылықты көрсетеді. Жоғары қысымды және электрлік өлшемдерге, құю ерекшеліктеріне байланысты жаңа полиамидтер түрлі конструкторлық бұйымдарды - станоктарға арналған өздігінен майлайтын тістегершіктерді, втулкаларды, катушкалардың корпустарын, реле және басқалары электротехникалық бұйымдарды дайындауда, талшықтарды өндіруде кеңінен қолданылатын болады.
Мұнай-химия өнімдерін өндіру кезіндегі үлгілі шағын-қондырғылар
Қазақстан экономикасының нарықтық дамуының көшпелі кезеңінде едәуір күрделі салымдарды, оларды пайдалануға берудің ұзақ мерзімін талап ететін қазақстан мұнайын өңдеу үшін бар МӨЗ жаңғыртумен қатар, тауарлы мұнай өнімдерін алу үшін жергілікті шикізатты өңдеудің ерекшеліктерін ескеретін мұнайды, амбарлы мұнайды, мұнай шламын жинақтау, дайындау және өңдеу жөнінде шағын зауыттар желісін дамыту орынды.
Осылайша, соңғы жылдары "Модульді технология" корпорациясы" ЖШС және "Монтажинжиниринг" АҚ Алматы қаласында пилоттық қондырғыны, Ақтау қаласында модульді шағын зауытты, Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында, Қаламқас кен орнында, Қарағанды облысының Шахтинск қаласында өнеркәсіптік қондырғылар жөндеді және іске қосты. Мұндай модульді шағын зауыттар мамандардың экономикалық бағалауы бойынша тез өтелімділігімен (1,5 жылда), дайындау, монтаждау және іске қосу мерзімдерінің қысқалығымен; пайдалануға аз дебитті және шалғай скважиналарды тарту мүмкіндігімен ерекшеленеді, сондай-ақ ауыр мұнайлы (құрамында парафині, күкірті, металдары жоғары, төменгі құрамды бензин фракциясы және т.б.) бар кен орындары мазутты ірі тұтынушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, олардың балансында тұрған шағын МӨЗ мұнай өңдеу жолымен мазутты ірі тұтынушыларды мысалы жылу электр орталығын, жылу электр станциясын, бу қазандығын, сондай-ақ жақын аудандарды жанар-жағар май материалдарымен (ЖЖМ), гудронмен, битуммен, мастикпен және т.б. қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл отынның өзіндік құнын шұғыл төмендетуге мүмкіндік береді. Дайын өнімді қолдану және пайдалану өте кең көлемде. Бензинмен, дизель отынымен, мазутпен, жол жабындыларымен қатар технологиялық циклді қоса және өзгерте отырып, басқа атаулардағы тауарлық өнімдерді алуға болады. Алынатын өнімдердің физикалық-химиялық қасиеттері және олардың негізінде басқа композициялық материалдарды дайындау мүмкіндіктері олардың экономиканың түрлі салаларында кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді.
Дүние жүзінде зауыттар мен стенділік сынаулардың жұмыс істеу деңгейінде мұнайды модульді шағын қондырғыларда өңдеудің 20-дан астам технологиялары әзірленген, бірақ олардың бірде-біреуі құрамында сынап пен металл жоғары мұнайды өңдеуге қабілетсіз, бензин фракцияларының октанды саны мен ашық фракциялардың жалпы құрамын арттыруға мүмкіндік беретін крекинг пен риформинг көзделінбеген.
Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті жанындағы Жаңа химиялық технологиялар мен материалдарды ғылыми-зерттеу институты дүниежүзілік тәжірибеде теңдесі жоқ мұнай дистиляттарын күкірт қоспаларынан тек қана толығымен айырып қана қоймай, сонымен қатар үстіңгі - белсенді қасиеттерге ие болатын сульфо қышқылы түріндегі күкіртті қоспаларды кәдеге жаратуға мүмкіндік тудыратын төменгі температуралы мұнай дистиляттарын еріткіш күкірттен айыру технологиясын ұсынды.
Көмір негізіндегі химия өнімдері
Қазіргі уақытта мұнай-химия өнімдерін алу үшін басты шикізат ретінде мұнай пайдаланылады. Мұнайдан этилен, пропилен, бутилендер, бензол, толуол, ксилол секілді маңызды жартылай өнімдер алды. Нәтижесінде мотор майлары мен ірі тонналы органикалық жартылай өнімдерді өндіру бір көзге - мұнайға тәуелді болды.
Мұндай тәуелділік полиэтилен, полипропилен, полистирол өндірісі жөніндегі ірі мұнай-химия кешендерінің және Батыс Қазақстанның басқа кәсіпорындарының жабылуына әкеп соқтырды. Алайда, мұнай негізіне қарағанда әлдеқайда қысқа, негізгі органикалық өнімдерді алу жолы да болуы мүмкін. Әлдеқайда келешекті екі кезеңді жол - Шұбаркөл кенішінің аз күлді көмірлерін және Майкөбен көмір бассейінін келесі СО және Н2 синтезінен органикалық синтез үшін базалық химия өнімдерін газдандыру.
Қазақстанның көмірлерін пайдалану және метанол, сірке қышқылы, формальдегид, метилретбутилді және басқаларды өндіру бойынша аз тонналы зауыттарды газдандыру өнімдері базасында құру көмір кеніштерін ашық өндіру белгіленген аймақтар бойынша аз қуатты көмір-химия зауыттарын көбейтуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта "Модульді технология" корпорациясы" ЖШС Қазақстанның салалық институттарының мамандарымен "Акцепт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ацетилен және базалық химия өнімдерін (метанол, сірке қышқылы, этилен, бензол және т.б.) одан әрі синтезбен ацетилен мен синтез-газ ала отырып плазмалы газдандыру технологиясы енгізеді. Осылайша, көмір тек энергетикалық емес, сонымен бірге органикалық синтез үшін бағалы көмірсутекті шикізат болып табылады.
Көмірді газдандыру технологиясын енгізу химия саласының бір шикізат кезіне - мұнайға тәуелділігін жоғалтады.
Катализаторлар
Қазіргі уақытта Қазақстанда катализаторлар өндірісі жоқ. Мұнайды өңдеудің тереңдігі негізінен крекинг және изомеризация процестерінде оны өңдеу кезінде пайдаланылатын катализаторлардың тиімділігіне байланысты құрамында неолит бар катализаторларды Қазақстанның табиғи топырақ базасында қолдану бензин түсімін арттырудың, катализатордың коксталуының төмендеуі арқасында мұнайды қайта өңдеуді тереңдетуге мүмкіндік тудырады. Құрамында цеолит бар н-алқандар изомеризациялау катализаторлары жайлы жағдайларда түсімі жоғары октанды (50-55%) санмен селективті (98-100%) изомерлерді алуға мүмкіндік береді.
Крекинг және изомеризациялаудың құрамында цеолит бар катализаторларын шығаруда табиғи топырақты пайдалану жоспарлануда. Қазіргі уақытта цеолитті катализаторлар негізінен Ресейден немесе алыс шет елдерден жеткізіледі. Қазақстанда өзінің цеолитті катализаторлар өндіру базасы жоқ. Сонымен бірге, республикада цеолитті катализаторлар өндіру кезінде матрица мен байланыстырушы материалдар ретінде пайдаланылуы мүмкін табиғи сазбалшықтардың ірі қорлары бар. Табиғи сазбалшықтардың бұл қорлары ондаған жылдарға дейін мұнай өнеркәсібіндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетеді.
Мүмкін болатын цеолитті катализаторларды өткізу рыногының өндірістік талдауы олардың тұтынушылары әрқайсысында парафиндік көмірсутектердің каталитикалық крекингі мен изомеризациялау қондырғысы бар немесе болатын республиканың: Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары болып табылатынын көрсетті. Қазіргі уақытта бұл зауыттар үшін катализаторлар шет елдерден валютаға сатып алынады.
Жобаларды Қазақстанда жүзеге асыру үшін шикізат базасы бар: Павлодар алюминий зауытының табиғи балшықтары мен цеолиттерінің орасан зор тыңайғандары, жартылай өнімдері (натрий алюминиатының сілтілік ерітіндісі), сондай-ақ "Тұрмыстық химия бұйымдарының зауыты" ЖШС (Алматы) өндірісінің сұйық әйнегі.
Жоба крекинг және риформинг (изомеризация) процестерінің құрамында цеолит бар катализаторларды шығару үшін бірыңғай технологиялық тізбекті құруды және модульді шағын қондырғыларда, сондай-ақ Қазақстанның жұмыс істеп тұрған МӨЗ-дерінде (Атырау, Шымкент, Павлодар) пайдалануды болжайды.
Катализаторларды өндіру төменгі энергия сыйымдылығымен ерекшеленеді, ал катализаторларды өндіру үшін пайдаланылатын материалдар табиғи ресурстар мен Қазақстанның жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарындағы арзан жартылай өнімдері болып отыр.
Дәрілік препараттар
Изоникотинонитрил - туберкулезге қарсы препараттар: тубазид (изониазид) және фтивазид синтезіндегі негізгі жартылай өнім.
ҚР ҒМҒА ХҒИ әзірлеген оларды алу әдісінің 4-кезеңдіден айырмашылығы белгілі тек екі кезеңдіден тұрады: 4-метилпиридиннің 4-цианпиридинге аммонолизді тотығуы, ол соңынан гидразингидратпен өзара әрекетте болады және изоникотин қышқылының гидразитіне (тубазид) айналады. Бұл әдістің отандық не шетелдік ендесі жоқ.
Никотин қышқылы - медицина, мал шаруашылығы және әсіресе құс шаруашылығы қажет ететін өмірлік маңызды РР витамины.
ҚР ҒМҒА ХҒИ әзірлеген никотин қышқылының және алкилпиридиндердің аммонолизді тотығы катализаторының технологиясы дүние жүзіндегі никотин қышқылын алудың барлық белгілі әдістерін басын озды. Катализатор химия өнеркәсібі дамыған барлық елдерде патенттелген.
Динитрилтерефтал қышқылы п-ксилилендиамин алу сатысы арқылы қысымға төзімді полиамидтер синтезі үшін жартылай өнім болып табылады. Динитрил терефтал қышқылы мен п-ксилол аммонолизді тотығы катализаторының технологиясын ҚР ҒМҒА ХҒИ әзірледі, ол әлемдік экологиялық талаптарға сәйкес келеді және бәсекеге қабілетті өнімнің шығарылуын толығымен қамтамасыз етеді.
5.5.3. Мұнай-химия өнеркәсібінің даму стратегиясы
Мұнай-химия өнеркәсібінің стратегиялық дамуы қуатты мұнай-химия кешенін құруға бағытталған мемлекеттік саясатты әзірлеуді болжайды.
Бұл үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарын мұнай мен газ өңдеуге қайта бағдарлау;
ішкі және сыртқы рыноктардың сыйымдылығы бара-бар сол немесе өзге де мұнай-химия өнімін, оның ішінде этилен, полиэтилен, полистирол, поливинилхлорид шығару жөніндегі жаңа мұнай-химия өндірістерін құру негіздемесі үшін егжей-тегжейлі маркетингтік зерттеулерді өткізу қажет;
барлық мұнай және газ өңдеу зауыттарының толық жүктелуі мен үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
мұнай-химияда шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелері ресейлік фирмалар екендігін ескере отырып, "АКПО" АҚ-ның, "Полипропилен" зауыты" ЖШС-нің, "ИнтерКомШина" ААҚ-ның өндірістік қызметі қалпына келтірілгеннен кейін, Қазақстанда Ресейден жеткізілетіндерді алмастыратын шикізаттарды шығару жөніндегі өндірістерді құру жөнінде келіссөз процестерін жүргізуге кірісу;
мұнай-химия өнеркәсібі саласына арналған шикізат алу үшін каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы жөніндегі мәселелерді кейін шеше отырып, Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жаңғырту жобасын іске асыруға кірісу;
химия және мұнай-химия өнеркәсібі салаларында ғылымды қажетсінетін жаңа технологияларды құруға бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемін арттыру қажет.
6. Бағдарламаны қаржыландырудың қажетті ресурстары мен
көздері
Осы Бағдарламаны іске асыру үшін қаржыландырудың негізгі көздері кәсіпорын иелегінің меншікті қаражаты мен тартылған несиелері болып табылады. Жалпы алғанда химия және мұнай-химия өндірістерін іске қосу үшін 43,3-тен 46,8-ге дейін млн. АҚШ долларын сату жоспарланып отыр. Импортты алмастырушы химия өнімдерін шығару жөніндегі шағын және орта бизнес субъектілерін құруда инвестицияларды салуды ескере отырып, инвестициялардың жалпы көлемі 100 млн. астам АҚШ долларын құрайды.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
Өндіріс көлемінің өсуі полипропилен 30 мың тоннаға дейін; транспортер таспасы 200-220 мың2 шаршы метрге дейін; автомашиналар 700 мың данаға дейін; фосфор минерал тыңайтқыштары 420 мың тоннаға дейін; аммиак селитрасы 100 мың тоннаға дейін; натрийдің үш құрамды фосфаты 50 мың тоннаға дейін; сары фосфор 45 мың тоннаға дейін.
Бұдан басқа, жүк тасымалының жылдық көлемі 5-6 млн. тоннаға дейін жетеді, тауарлы өнімнің көлемі 430-450 млн. АҚШ долларын құрайтын болады. Жұмыспен нақты қамтылу 18000-19000 адамды құрайды.
Қазақстанның химия және мұнай-химия кәсіпорындарының өндірістерін жаңарту кезінде сабақтас салаларда және әріптестерде өндірістің жандануы байқалатын болады. Бірінші кезекте, бұл электр энергиясының, будың, газбен және сумен жабдықтау өндірісінің көлемі ұлғаятын энергетикалық өндірістерде оң көрініс көрсетеді, тиісінше жұмыс істейтіндердің де саны өседі. Темір жол көлігіндегі жұмыстар көлемі де осыған ұқсас ұлғаяды. Химия өндірістерінің жұмысы үшін қажетті материалдардың жеткізілімдері кокспен қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптің көмір мен коксхимиясы салаларындағы, сондай-ақ күкірт қышқылын, көмекші материалдарды, қосалқы бөлшектерді, отқа төзімді, коррозияға қарсы материалдарды жеткізушілердің жұмыс көлемін ұлғайтады. Түрлі салалардың - телефон және почта байланысы, қоғамдық тамақтандыру, қалалық көлік және тағы басқалардың қызметтер көрсетуі ұлғаяды. Қызметкерлерге ақы төлеуді қайта жаңарту, тиісінше төлем қабілетінің өсуі коммуналдық шаруашылықта және халыққа қызмет көрсететін басқа салаларда тиімділік тудырады.
1-қосымша
8. Қазақстан Республикасының химия және мұнай-химия
өнеркәсібін қайта қалпына келтіру мен дамытудың 2001-2002
жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
Жоспары
---------------------------------------------------------------------------
NN ! Іс-шара ! Аяқталу ! Жауапты ! Орындалу
р/р! ! нысаны ! орындаушы ! мерзімі
---------------------------------------------------------------------------
1. Негізгі қорларды жаңғырту Үкіметке Энергетика және 2001 жыл
мен қайта құруды аяқтау: есеп беру минералдық ресурстар (жарты
1) "ИнтерКомШина" ААҚ; министрлігі жылдық)
2) "Ақтал Лтд" ЖШС химиялық
кешені (Ақтау қаласы)
2. Отандық өндірушілерді
мемлекеттік қолдауға жәрдем
көрсету:
1) химия және мұнай-химия Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
өнеркәсібі өндірістерінің есеп беру минералдық ресурстар желтоқсан
экономикалық жай-күйіне министрлігі,
талдау жүргізу; Экономика және сауда
2) кәсіпорындар жұмысының Үкіметке министрлігі, Сыртқы 2002 жыл
тұрақтылығын қамтамасыз есеп беру істер министрлігі, тоқсан
ететін қолданыстағы Көлік және сайын
заңнамаға сәйкес мемлекеттік коммуникациялар
қолдау шараларын айқындау. министрлігі, Қаржы
министрлігінің
Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру
комитеті, Қазақстан
Республикасының
Табиғи монополияларды
реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын
бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігі
3. Химия және мұнай-химия Үкіметке Энергетика және 2002 жыл
өнеркәсібінің өнімдерін есеп беру минералдық ресурстар
өндірудің стандарттары мен министрлігі,
сапасын бақылауды Экономика және сауда
халықаралық талаптарға министрлігі
сәйкестігін келтіруді
қамтамасыз ету
4. Химия өнеркәсібінде Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
бәсекелестік ортаның ұсыныс минералдық ресурстар қараша
дамуына жәрдемдесу министрлігі
5. Өндірістерді құруға және Салалық Энергетика және
кеңейтуге бағытталған қорытынды минералдық ресурстар
жобаларды қаржыландыруға министрлігі
қолдау көрсету.
5.1. 1-кезеңде: 2001 жыл
1) пластмасса құбырларды;
2) бор қышқылын және
техникалық бурды;
3) кальцийлендірілген
соданы;
4) аммиак селитрасын
шығару бойынша.
5.2. 2-кезеңде: 2002 жыл
1) тұз қышқылын;
2) мырыш фосфидын;
3) қызыл фосфорды;
4) метанолды шығару бойынша.
6. "Алға химия зауыты" АҚ Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
(Алға қаласы), есеп беру минералдық ресурстар қараша
"Шымкентфосфор" ЖАҚ министрлігі, Білім 2002 жылғы
(Шымкент қаласы), және ғылым сәуір
"Сарытас" АҚ (Қаратау министрлігі, Қаржы
қаласы) тоқтап тұрған министрлігінің
қуаттарын түгендеу жүргізу Мемлекеттік мүлік
және қайта бейіндеу және жекешелендіру
жөнінде ұсыныс жасау: комитеті, Мемлекеттік
1) негізгі қорларды түгендеу; кіріс министрлігінің
2) өндірістерді қайта "Кәсіпорындарды қайта
бейіндеу жөнінде ұсыныстар құру және тарату
әзірлеу жөніндегі агенттігі"
ААҚ
7. Химия өндірістерінің Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
мемлекетаралық кооперациясы есеп беру минералдық ресурстар тамыз
мен интеграциясының дамуына министрлігі, 2002 жылғы
ықпал ету: "Қазақойл" ҰМК қаңтар
1) мұнай-химия (келісім бойынша)
өндірістерінің шикізат
ресурстарына қажетін
айқындау;
2) мұнай-химия өндірістерін
шикізатпен қамтамасыз ету
тетігін әзірлеу.
8. Химиялық өнімдердің импорты Үкіметке Энергетика және 2001 жыл
мен экспорты мониторингін есеп беру минералдық ресурстар тоқсан
жүргізу министрлігі, сайын
Мемлекеттік кіріс
министрлігі,
Экономика және сауда
министрлігі
9. "ҚазХимЭкспо" халықаралық Үкіметке Энергетика және 2001 жылғы
көрмесін дайындауға есеп беру минералдық ресурстар маусым
жәрдемдесу министрлігі
10. Ішкі және сыртқы рыноктардың Үкіметке Энергетика және 2002 жыл
сыйымдықтарына бара-бар жаңа есеп беру минералдық ресурстар қаңтар
мұнай-химия өндірістерін министрлігі, Сыртқы
құруға негіздеме үшін істер министрлігі,
маркетингтік зерттеулер Білім және ғылым
жүргізу министрлігі
11. "Өндіруші күштердің 2015 Бағдарлама Энергетика және 2002 жыл
жылғы кезеңге дейін минералдық ресурстар
арналған дамыту және министрлігі,
орналасу сызбасына" Білім және ғылым
(Қазақстан Республикасы министрлігі,
Үкіметінің 07.03.00 жылғы Экономика және сауда
N 367 қаулысы) сәйкес мұнай министрлігі
газ кешенін және
мұнай-химия өнеркәсібін
2010 жылға дейінгі кезеңге
дамыту бағдарламасын
әзірлеу
---------------------------------------------------------------------------