Қазақстан Республикасы фосфор кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1555

      Фосфор кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру, өндiрiстi қалпына келтiру, фосфор саласын одан әрi дамытуды қамтамасыз ету және әлеуметтiк саладағы проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi үш күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiне "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамы президентi мен басқарма мүшелерiнiң кандидатуралары жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi белгiленген тәртiппен "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына оларды сайлау үшiн президент пен басқарма мүшелерiнiң ұсынылған кандидатураларын енгiзсiн.
      2. "Халықтық банк", "ТұранӘлембанк" және "Қазкоммерцбанк" акционерлiк қоғамдарының:
      "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамын қаржыландыру және несиелiк қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру үшiн консорциум құру туралы;
      "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамын қаржыландыруға 60 (алпыс) миллион АҚШ доллары мөлшерiнде несиелiк желi ашу туралы;
      үш айлық мерзiм iшiнде аудит өткiзу және "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамын дамытудың техникалық-экономикалық негiзiн дайындау туралы ұсыныстарына келiсiм берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының бөлiнген несиелер жөнiндегi мiндеттемелерiн атқаруын қамтамасыз ету ретiнде бара-бар негiзде көрсетiлген банктердiң консорциумына "Қазақтелеком", "Маңғыстаумұнайгаз", "Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамдарының акциялары мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгiн кепiлге берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамы акцияларының эмиссиясын тiркеудi жүзеге асыру ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының акциялардың эмиссиясы үшiн бағалы қағаздармен операцияларға салық төлеудi бiр жылға ұзарту туралы өтiнiшiн қарасын.
      6. "Қазақстан темiр жолы" мемлекеттiк республикалық кәсiпорны ағымдағы төлемдердi атқаруы шартымен "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының кәсiпорындары мен құрылымдық бөлiмшелерiнiң ("Таразфосфор", "Минералдық тыңайтқыштар заводы", "Фосфор", "Химкөлiк"), "Фосфорит", "Шымкентфосфор" еншiлес акционерлiк қоғамдарының жүктерiн уақтылы ресiмдеудi және тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Нодфос", "Қаратау", "Суперфосфат заводы", "Фосфор" акционерлiк қоғамдарының лицензиялары мен басқа да құқығын белгiлейтiн құжаттарын "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамына, "Фосфорит", "Шымкентфосфор" еншiлес акционерлiк қоғамдарына қайта ресiмдесiн.
      8. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен бiр айлық мерзiм iшiнде "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының "Фосфор" акционерлiк қоғамының фосұсақтар үйiндiлерiн қоса алғандағы техногендiк кен орындары мен фосфор жыныстарын пайдалану құқығына арналған лицензияларын ресiмдеудi аяқтасын, сондай-ақ бұрын берiлген лицензияларды керi қайтарып алсын.
      9. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының шикiзат базасы мен өнеркәсiптiк кәсiпорындарының аумақтарын күшейтiлген күзетудi ұйымдастырсын.
      10. Осы қаулыны атқару жөнiнде үйлестiру және бақылау үшiн қосымшаға сәйкес құрамда үкiмет комиссиясы бекiтiлсiн.
      11. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi

"Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамының тұрақты жұмысын қамтамасыз
етуге жәрдем көрсету жөнiнде шаралар қабылдасын.
     12. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi бiр айлық мерзiм
iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне бұрын қабылданған Үкiмет
актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.
     13. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi
А.Ә.Жабагинге жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 12 қарашадағы
                                          N 1555 қаулысына
                                               қосымша

                     Үкiмет комиссиясының құрамы

     А.Ә.Жабагин                - Қазақстан Республикасының
                                  Энергетика, индустрия және
                                  сауда министрi, төраға

     А.Г.Савченко               - Жамбыл облысы әкiмiнiң
                                  бiрiншi орынбасары

     В.М.Иванов                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                  министрлiгiнiң Салық комитетi
                                  төрағасының орынбасары

     С.Т.Орымбаев               - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                  қауiпсiздiк комитетiнiң
                                  департаментi бастығының
                                  орынбасары (келiсiм бойынша)

     Б.М.Мәдиев                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                  министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк
                                  пен активтердi басқару департаментi
                                  Жеке жобалар басқармасының бастығы

     С.Д.Әжiханов               - Қазақстан Республикасы Бас
                                  Прокуратурасының бөлiм бастығы
                                  /келiсiм бойынша/

     А.Қ.Дауылбаев              - Әдiлет вице-министрi

     А.Мырзахметов              - "Қазақстан темiр жолы" РМК бас
                                  директорының бiрiншi орынбасары

     К.Мәсiмов                  - "Халықтық банк" ашық акционерлiк
                                  қоғамы басқармасының төрағасы

     Ө.Е.Шүкеев                 - "ТұранӘлембанк" акционерлiк
                                  қоғамы басқармасының төрағасы

     Е.Д.Фельд                  - "Қазкоммерцбанк" ашық акционерлiк
                                  қоғамының басқармасы төрағасының
                                  орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады