Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1159

      "Фосфор" акционерлік қоғамының (Шымкент қаласы) маңызды стратегиялық мәнін, сондай-ақ таратылатын кәсіпорындағы қалыптасқан ауыр қаржы жағдайын ескере отырып, "Фосфор" акционерлік қоғамының мүліктік кешенін сату жөніндегі шараларды жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Фосфор өнеркәсібінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі N 1298 P991298_ қаулысына:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. "Фосфор" (Шымкент қаласы) акционерлік қоғамының сатып алушыларына:
      1) алдымен, мүліктік кешенді бірыңғай лотпен сатуды; сатып алушылар болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен келісім бойынша сату үшін бірнеше лотты қалыптастыруды;
      2) конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда - сатып алушылардың Оңтүстік Қазақстан облысының әкімімен келісілген шарттарда және мерзімде бірінші және үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарын кейін қанағаттандыруын;
      3) үшінші және келесі сауда-саттықтарда голландтық тәсілмен өткізу және жалғыз қатысушы болған жағдайда оларды өтті деп тануды көздейтін айрықша шарттары, конкурстық массаны сатудың тәртібі және қосымша талаптар белгіленсін."
      2) "Фосфор" АҚ-ның кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы

 

Үкіметінің 1999 жылғы 2 шілдедегі N 920 


P990920_


  қаулысына:

     1-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтары алынып тасталсын.



     Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.10. N 932          

              қаулысымен.


P010932_



     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі осы қаулының орындалуын, сондай-ақ сатып алушылардың "Фосфор"

акционерлік қоғамының мүліктік кешенін сатып алу-сату шарттары жасалғаннан

кейін олар бойынша талаптары мен міндеттемелерін орындауын бақылауды

қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады