"АКПО" акционерлік қоғамы (Ақтау қаласы) туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 7 желтоқсан N 1248

      "АКПО" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына оңалту рәсімін қолданудың қанағаттанғысыз нәтижелеріне, ауыр қаржы-экономикалық жағдайына және оның дәрменсіздігіне байланысты, Қазақстан Республикасының "Банкроттық туралы" Z970067_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы арқылы заңдарда белгіленген тәртіппен:
      бір апта мерзім ішінде "АКПО" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына (бұдан әрі - "АКПО" ААҚ) қатысты банкроттық туралы іс қозғау туралы талап-арызбен Қазақстан Республикасының сот органдарына өтініш жасауды;
      сотқа конкурстық басқарушының кандидатурасын ұсынуды;
      кредиторлар комитетіне өкілдің кандидатурасын белгілеуді қамтамасыз етсін.
      2. Сот органы "АКПО" ААҚ-ын банкрот деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда және банкроттық рәсімдерін жүргізу барысында азаматтардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға әсер етуге қабілетті қолайсыз жағдайлардың пайда болуын болдырмау мақсатында конкурстық массаны сатудың:
      "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қорытындысын ескере отырып "АКПО" ААҚ конкурстық массасын сатудың жоспарын бекітуін;
      "АКПО" ААҚ конкурстық массасын бірыңғай лотпен сатуды көздейтін айрықша шарттары мен тәртібін белгілесін;
      әкiмшiлiк шығындар мен бiрiншi кезектегi кредиторлардың алдындағы мiндеттемелердiң төленбеген бөлiгiнің сомасына тең лот үшiн ең төменгi бағаны;
      заңнаманың талаптарын ескере отырып бiр ғана қатысушы жағдайында өткен лот бойынша сауда-саттықты тану мүмкiндiгiн.
      Ескерту. 2-тармақ абзацтармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
               2000.08.07. N 1215 қаулысымен. P001215_
      2-1. Конкурстық массаны сатып алушыларға:
      2000 жылғы 1 желтоқсанға полистирол өндiрiсiн жаңарту үшiн жағдай жасауды қамтамасыз ету жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
      сауда-саттықтың нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап объектi мен қызметшiлердi ұстау жөнiндегi барлық шығындарды төлеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
      сатып алу-сату шартының ажырамас бөлiгi болып табылатын Қазақстан Республикасының Энергетика иидустрия және сауда министрлiгiмен келiсілген кесте бойынша үшінші кезектегi кредиторлардың талаптарын өтеу жөнiнде мiндеттемелер қабылдауға;
      сатып алушыда кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiн жаңғырту туралы Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген инвестициялық бағдарламаның болуына қосымша талаптар көзделсін.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.07.
               N 1215 қаулысымен. P001215_
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "АКПО" акционерлік қоғамын қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі шаралар туралы" 1997 жылғы 24 ақпандағы N 257 P970257_ қаулысы 2,3,4,5,6-тармақтарының күші жойылған деп танылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен

сатып алушының сатып алу-сату шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауын

бақылауды қамтамсыз етсін.



     Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.08.07. N 1215 

              қаулысымен.


P001215_



     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады