Соңғы жетi жыл iшiнде кәсiпорындарды негiзгi өндiрiс қорларын қайта жаңарту мен жетiлдiру жүргiзiлмеген, олардың тозуы қазiргi кезде сала бойынша орта есеппен 60 проценттi құрайды. Тек төрт акционерлiк қоғам ("Суперфорфат зауыты", "Нодфос", "Қаратау", "Фосфор") бойынша несиелiк берешек 196,4 млн. АҚШ долларын құрайды, бұл қаржылық орнықтылықтың шиеленiстi деңгейiне бара-бар.
Қазақстаның фосфорлық iшкi саласын қаржы-экономикалық сауықтыру, одан әрi дамыту мақсатында және аймақтардың әлеуметтiк мәселелерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
"IBE Trade Соrр.", "Donnex Enterprises LTD" фирмаларының сенiмдi басқаруы жөнiндегi 1996 жылғы 19 маусымдағы N 60/96-1 және 1995 жылғы 8 қыркүйектегi N 23/95 келiсiм-шарттарын олардың "Қаратау", "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Промтранс", "Казремэнерго", "Казахстанец", "Казхимжоба ҒЗИ", "Фосфор" акционерлiк қоғамдарының акциялардың мемлекеттiк пакетiн сенiмдi басқару жөнiндегi құқықтық өкiлеттiктерiн тоқтату бөлiгiнде өзгертсiн, сондай-ақ "Химпром" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн мемлекеттiк Медетшi банкiнен қайтарып алсын;
"Қаратау", "Нодфос", "Суперфосфат зауыты", "Химпром", "Фосфор", "Промтранс" акционерлiк қоғамдарымен бiрлесiп "Қазфосфор" ашық акционерлiк қоғамын құру туралы шешiм қабылдасын, бiр апта мерзiм iшiнде құрылтай салымдары ретiнде негiзгi және айналым қаражаты түрiндегi мүлiктiң тiзбесiн айқындасын, сондай-ақ оны құру жөнiнде басқа да қажеттi ұйымдастырушылық шаралар жүргiзсiн;
"Қаратау", "Нодфос", "Химпром", "Суперфосфат зауыты", "Фосфор", "Промтранс" акционерлiк қоғамдары акционерлерiнiң жалпы жиналыстарында олардың мүлiктiк кешендерiн "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына құрылтай салымдары түрiнде жаңадан құрылып жатқан акционерлiк қоғамның акцияларына айырбасқа енгiзуi туралы мәселенi қарасын;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiмен бiрлесiп, "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына мемлекеттiң құрылтай салымы ретiнде жоғарыда аталған акционерлiк қоғамға бекiтiлген жер учаскелерiнiң құнын енгiзсiн;
Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетiмен бiрлесiп, "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының жарғылық қорына мемлекеттiң құрылтай салымы ретiнде Шолақтау, Ақсай, Шилiбұлақ, Көкжон, Жаңатас, Көксу кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығын, сондай-ақ аталған кен орындары жөнiндегi геологиялық ақпаратты енгiзсiн;
"Қазфосфор" акционерлiк қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына акционерлiк қоғамының Тараз қаласындағы орналасатын орнын айқындауды және оны орналасқан жерiнде мемлекеттiк тiркеудi ұсынсын;
басқару жөнiндегi 1996 жылғы 19 маусымдағы N 60/96-1 және 1995 жылғы 8 қйркүйектегi N 23/95 келiсiм-шарттарын акционерлiк қоғамдарының мүлiктерiн сенiмдi басқаруды жалғастыру бөлiгiнде өзгерту туралы мәселенi қарасын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Геология, жер қойнауын қорғау және пайдалану комитетi белгiленген тәртiппен "Қазфосфор" акционерлiк қоғамына Шолақтау, Ақсай, Шилiбұлақ, Көкжон, Жаңатас, Көксу кен орындарында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығына тиiстi лицензиялар берсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi белгiлеген тәртiппен "Қазфосфор" акционерлiк қоғамына тиiстi жер пайдалану құқықтарын ресiмдесiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi "Қазфосфор" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн акционерлiк қоғамды тiркегеннен кейiн 10 күн мерзiм iшiнде жабық тендерге сатуды жүргiзсiн, ал тендер шарттарын әзiрлеу Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
5. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп департаментiнiң директоры (Х.А.Оспанов) дайын өнiмдi сатудан түскен қаржы қаражатының қозғалысына қатаң және толық бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi акционерлердiң жалпы жиналысына Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Өнеркәсiп департаментiнiң директоры Х.А.Оспановты бұрынғы ие болып отырған қызметi мен жалақысын сақтай отырып, iссапар шығыстарын төлеудi акционерлiк қоғамға жүктей отырып, "Қазфосфор" акицонерлiк қоғамы
президентiнiң мiндетiн атқарушы (уақытша) ретiнде ұсынсын. 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрi Ә.Е.Шүкеевке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары