Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 мамыр N 653. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.20. N 837 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының жекелеген мемлекеттік органдарын қайта ұйымдастыру, тарату және құру туралы" 2000 жылғы 13 желтоқсандағы N 507 Жарлығына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 165 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 54-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі туралы ережеде:
      11-тармақта:
      39) тармақша "экспортын" деген сөзден кейін "және соның ішінде тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импортын" деген сөздермен толықтырылсын;
     мына мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:
     "39-1) заңнамаға сәйкес экспорттық бақылауға жататын жүктер транзитіне рұқсаттар беру жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің жобаларын дайындайды;
     39-2) өз құзыреті шегінде қызмет түрлерін лицензиялауды және лицензиаттардың лицензиялық шарттарды орындауын бақылауды жүзеге асырады;".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады