"Қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 22 мамыр N 681

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы"

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті

Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                                        Жоба


               Қазақстан Республикасының Заңы


        Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi өнеркәсiптiк

                      қауiпсiздiк туралы



 
       Осы Заң қауiптi өнеркәсiптiк объектілердi қауiпсiз пайдалануды қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттейдi, қауiпті өнеркәсiптiк объектiлерде авариялардың алдын алуға, олардың зардаптарын оқшаулау мен жоюға ұйымдардың дайындығын, авариялардың жеке адамдар мен заңды тұлғаларға, қоршаған орта мен мемлекетке келтiрген залалдарын кепiлдендiрiлген өтеудi қамтамасыз етуге бағытталған.
      Еңбек қатынастары мен еңбектi қорғау, экологиялық және өрт қауiпсiздiгi, атом энергиясын пайдалану, химиялық және ядролық қаруды жою, оқ-дәрiлердi пайдалану мен кәдеге жарату салаларындағы құқықтық реттеу арнаулы заңдармен жүзеге асырылады.
 
                     1-тарау. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Негiзгi ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiдегi авария - адамдардың қаза табуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан, олардың денсаулығына, қоршаған орта мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне зиян тигiзген, едәуiр материалдық нұқсан келтiрген және халықтың тiршiлiк жағдайларын бұзған технологиялық процестiң бұзылуы, тетiктердiң, жабдықтар мен құрылыстардың зақымдануы;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк (бұдан әрi - өнеркәсiптiк қауiпсiздiк) - жеке және заңды тұлғалардың, қоршаған ортаның қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi авариялар мен аталған авариялардың зардаптарынан қорғалуының жай-күйi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету - авариялардың алдын алу, қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде олар туындаған кезде оларға дайын болу мен жоюға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және құқықтық сипаттағы бара-бар шаралардың жүйесiн әзiрлеу мен жүзеге асыру;
      өнеркәсiптiк қауіпсiздiктiң ережелерi - қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi қызметтi ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлер;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары - орындалуы өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормаларға сәйкестiк мiндеттемелерi.
 
      2-бап. Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлер
      1. Мынадай қауiптi заттар, тетiктер, жабдықтар мен өндiрiстiк технологиялық процестер:
      жарылыс қаупi бар орта құрауға қабiлеттi заттар;
      адам ағзасына әсерi бойынша қауiптiлiктiң I, II, ІІІ сыныптарына жататын зиянды заттар;
      белгiлi бiр сыртқы әсер ету кезiнде жылу бөлiп және газ құрап өз бетiмен жылдам таралатын химиялық өзгерiстер жасауға қабiлеттi жарылғыш заттар;
      0,07 мегапаскальдан астам қысыммен немесе 115 градус Цельсийден астам температурамен судың қайнауы кезiнде жұмыс iстейтiн жабдықтар;
      жүк көтергiш тетiктер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер;
      қара, түстi және басқа да металдар балқымалары мен осы балқымалар негiзiндегi қорытпалары;
      тау-кен, геологиялық барлау, жарылыс жұмыстары, мұнай мен газды бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндiру, кендердi байыту жөнiндегi жұмыстар, жер астындағы, теңiз қайраңдары мен iшкi су айдындарының жағдайларындағы жұмыстар жүргiзiлетiн, пайдаланылатын, қайта өңделетiн, құралатын, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын, сондай-ақ қолданылатын қауiптiлiгi жоғары объектiлер қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерге жатқызылады.
 
      3-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы құқықтық реттеу
      1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының K951000_ Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
 
      4-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
             жөнiндегi негiзгi талаптар
      Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен:
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлермен байланысты қызметтi лицензиялаумен;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде қолданылатын өнімдер, процестер, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сертификаттаумен;
      қызметi өндiрiстiң жоғары қауiптілігiмен және Өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгi декларациясының сараптамасымен байланысты өнеркәсiптiк объектiнiң қауiпсiздiгiне декларация берумен;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуын

 

мемлекеттiк бақылау мен қадағалаумен, сондай-ақ өндiрiстiк бақылаумен,

қамтамасыз етiледi.


     5-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ақпарат

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, жеке және заңды

тұлғалар қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердiң иелерiнен қауiптi өнеркәсiптiк

объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы толық әрi

шынайы ақпарат алуға құқылы.


        2-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының

                 өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi


     6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өнеркәсiптiк

            қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi


     Қазақстан Республикасының Үкiметi:

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi

бағыттарын әзiрлейдi;

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды

әзiрлейдi;

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау мен

қадағалауды ұйымдастырады;

     Өнеркәсiптiк объектiлердiң қауiпсiздiгi декларациясын ұсыну ережесi

мен нысанын бекiтедi;

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты

жүзеге асырады.


     7-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк

            саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар

            жөнiндегi орталық атқарушы органының өкiлеттiгi



 
       Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы:
      Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы қызметiн үйлестiредi;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi мемлекеттiк инспекцияны басқарады;
      мамандандырылған мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарта отырып, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң ережелерiн әзiрлеудi ұйымдастырады, көрсетiлген ережелердi бекiтедi немесе келiседi;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды тексерудi ұйымдастырады;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды оқшаулау және жою жөнiндегi жұмыстарды басқарады;
      өнеркәсiптiк қауіпсiздiк саласындағы ведомстволық бағыныстағы ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметiне басшылық жасайды, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша мамандандырылған ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық ұйымдарының жұмысын үйлестiредi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты, ұйымдардың лауазымды адамдары мен қызметкерлерiн оқытуды ұйымдастырады;
      өз құзыретi шегiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
      әскерилендiрiлген тау-кен құтқару, газдан құтқару және атқыламаларға қарсы қызметтер мен құрамалардың қызметiне басшылық жасайды;
      белгiленген тәртiппен Өнеркәсiптiк объектiлердің қауiпсiздiгi декларациясының сараптамасын жүргiзуді ұйымдастырады;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектілердi бiрдейлендiру - ұйымның құрамындағы объектiнi қауiптi өнеркәсiптiк объектi санатына жатқызудың негiзгi талаптарын белгiлейдi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады, шетелдiк ұйымдар мен азаматтардың қызметiн қамтамасыз етедi.
 
      8-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының
             өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiктерi
 
      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өздерiнiң құзыретi шегiнде:
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк саясат пен мемлекеттiк бағдарламаларды қалыптастыру мен iске асыруға қатысады;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiн әзiрлеудi ұйымдастыруға қатысады, Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органымен бiрлесiп, көрсетiлген ережелердi бекiтедi немесе келiседi;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi насихаттауды, халықты және мамандарды оқытуды ұйымдастырады;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi туралы ақпарат ұсынудың тәртiбiн айқындайды;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi аварияларды оқшаулау мен жою жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
 
      9-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жергiлiктi
             мемлекеттiк басқару органдарының өкiлеттiктерi
      Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде:
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде авариялар болған жағдайларда оларды оқшаулау, адамдарды құтқару, олардың денсаулығын, құқықтары мен мүдделерiн қорғау, меншiктi қорғау, қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi қажеттi iс-шараларды жүзеге асырады;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi, авариялардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етедi.
 
      3-тарау. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi
               заңды және жеке тұлғалардың міндеттерi
 
      10-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
              жөнiндегi заңды тұлғалардың мiндеттерi
 
      Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерi бар заңды тұлғалар:
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi қажеттi аспаптардың, өндiрiстiк процестердi қорғау мен бақылау жүйелерінің болуы және олардың белгiленген талаптарға сәйкес жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;
      өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуы үшiн өндiрiстiк бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектіде қолданылатын құрылыстарды, техникалық құрылғыларды, жабдықтарды, материалдар мен бұйымдардың диагностикасын, сынауды, куәландыруды өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiнде белгiленген мерзiмдер мен тәртiппен жүргiзуге;
      белгiленген тәртіппен сертификаттаудан өткен және өнеркәсiпте қолдануға рұқсат етiлген қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi техникалық құрылғыларды, жабдықтарды, материалдар мен бұйымдарды пайдалануды жүзеге асыруға;
      тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн лауазымды адамдар мен қызметкерлердiң қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде жұмыс iстеуiне рұқсат беруге;
      қауіптi өнеркәсiптiк объектiге бөгде адамдардың кіруін болдырмауға;
      авариялардың алдын алу, оларды және зардаптарын жоюға бағытталған iс-шараларды жүргiзуге;
      авариялардың туындауы себептерiне талдау жүргiзуге, оларды жою жөнiнде iс-шараларды жүзеге асыруға, олардың себептерiн тексеруге көмек көрсетуге;
      олардың құзыретiне сәйкес орталық атқарушы органдар мен жергiлiктi

 

мемлекеттiк басқару органдарын, халық пен қызметкерлердi авариялар туралы

дереу хабардар етуге;

     авариялардың есебiн жүргiзуге;

     Қазақстан Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы

өкiлеттiгi бар төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы мен

оның аумақтық органдарының лауазымды адамдары анықтаған өнеркәсiптiк

қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуын жою жөнiндегi нұсқамаларын орындауға;

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге арналған құралдарды

көздеуге мiндеттi.


     11-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету

             жөнiндегi жеке тұлғалардың мiндеттерi


     Қауiптi өнеркәсiптiк объектiде жүрген жеке тұлғалар:

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарын орындауға;

     қауiптi өнеркәсiптiк объектiсi бар ұйымның әкiмшiлiгiн авария,

аварияға әкеп соғуы мүмкiн аварияға қарсы жабдықтар мен құралдардың iстен

шығуы, технологиялық процестер режимiнiң ауытқуы туралы дереу хабардар

етуге;

     өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша нұсқама алу және

оқытып-үйретуден, қайта даярлаудан, аттестаттаудан өтуге;

     авариялар себептерiн тексеру кезiнде көмек көрсетуге мiндеттi.


     12-бап. Қауiптi өнеркәсiптiк объектiлердегi

             қызметкерлердiң кәсiби даярлығы


     Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк мәселелерi бойынша қауiптi өнеркәсiптiк

объектiлердегi қызметкерлердiң кәсiби даярлығы, бiлiктiлiгiн арттыру

қауiптi өнеркәсiптiк объектiсi бар ұйымның әкiмшiлiгiне жүктеледi.


     4-тарау. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы бақылау мен

              қадағалау


     13-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк

             бақылау мен қадағалау



 
       Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк бақылау мен қадағалау қауiптi өнеркәсiптiк объектiсi бар ұйымдардың өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерiнiң талаптарын орындауы мақсатында ұйымдастырылады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
 
      14-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өндiрiстiк
              бақылау
 
      1. Өндiрiстiк бақылау қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде авариялар туындауының ықтимал қатерiн мейлiнше азайту, олардың зардаптарының зияны мен материалдық нұқсан мөлшерiн кемiту мақсатында жүзеге асырылады.
      2. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi өндiрiстiк бақылаудың мiндетi - қауiптi өнеркәсiптiк объектiлерде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк ережелерi талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудiң жай-күйiне әсер ететiн мән-жайлар мен себептердi анықтау болып табылады.
 
         5-тарау. Аварияларды жою мен тексеруге даярлық
 
      15-бап. Ықтимал аварияларды жоюға даярлық
      Аварияларды оқшаулау мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi даярлықты қамтамасыз ету мақсатында қауiптi өнеркәсiптiк объектiсi бар ұйымдар:
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiдегi аварияларды оқшаулау мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi iс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектідегi авариялардың алдын алу, оларды оқшаулау мен зардаптарын жою жөнiндегi алдын алу жұмыстарына әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларын тартуға;
      аварияларды оқшаулау мен олардың зардаптарын жою үшiн материалдық және қаржылық ресурстар қоры болуға;
      қауiптi өнеркәсiптiк объектiде авария болған жағдайдағы iс-қимылдарға қызметкерлердi үйретуге;
      қауiптi өнеркәсіптiк объектiде авария болған жағдайдағы байқау,

 

хабарлау, байланыс және iс-қимыл жасау жүйелерiн құруға және олардың

тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.


     16-бап. Авариялардың себептерiн тексеру

     1. Қауiптi өнеркәсiптiк объектіде авария туындауының әрбiр фактiсi

бойынша оның себептерiн тексеру жүргiзiледi.

     2. Авариялардың себептерiн тексерудiң тәртiбiн Қазақстан

Республикасының өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы өкiлеттiгi бар

төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органы олардың құзыретi

шегiнде мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп белгiлейдi.


            6-тарау. Өтпелi және қорытынды ережелер


     17-бап. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк туралы заңдарды бұзғаны

             үшiн жауапкершiлiк


     Өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы заңдарды бұзғаны үшін заңды және жеке

тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес

жауапкершілікте болады.


     18-бап. Осы Заңның Қазақстан Республикасының өзге де

             нормативтік құқықтық актілерімен ара қатынасы

             және оның ережелерін іске асырудың тәртібі


     Осы Заңның қолданысқа енгізілуі сәтінде қолданылып жүрген Қазақстан

Республикасының нормативтік құқықтық актілері оған қайшы келмейтін

бөлігінде қолданылады және бір жылдың ішінде осы Заңға сәйкес келтірілуі

тиіс.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады