Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 692

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Адамның үйлесімді дамуы институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) құрылсын. 
      2. Мыналар Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні болып айқындалсын: 
      1) имандылық тәрбиесі арқылы азаматтардың рухани және тән саулығын нығайту мен сақтау әдістерін жасау және енгізу; 
      2) азаматтардың рухани және тән саулығына дәстүрлі емес әдістер ықпалының тәжірибесін зерделеу; 
      3) халықтың рухани және тән саулығын сауықтырудың жаңа әдістерін ғылыми сынақтан өткізу және енгізу. 
      3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырушы орган болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі айқындалсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2001 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде: 
      1) Кәсіпорынның жарғысын бекітсін және әділет органдарында оның тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады