"Павлодар мұнай-химия зауыты" жабық акционерлік қоғамының мұнай жүктемесін қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамыр N 698

      Ресей Федерациясының Yкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасындағы 1993 жылғы 25 желтоқсандағы Ынтымақтастық және отын-энергетика кешендерiн дамыту туралы келiсiмге, "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Z010136_ Заңы 8-бабының 1-тармағына сәйкес, мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау жөнiндегі компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының ресей мұнайын Атырау-Самара және Кеңқияқ-Орск мұнай құбырларымен экспортталған қазақстан мұнайымен алмастыру жолымен Ресейде өндiрiлген мұнайдың Омск-Павлодар мұнай құбырымен "Павлодар мұнай-химия зауыты" жабық акционерлiк қоғамына жеткiзiлуiн қамтамасыз ету туралы ақпараты назарға алынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi "ҚазТрансОйл" ұлттық мұнай тасымалдау жөнiндегi компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген алмастыру схемасы бойынша жүзеге асыратын импорт және экспорт операцияларын "Трансферттiк бағаларды қолдану кезiндегi мемлекеттiк бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1-тармағы 4) тармақшасында көзделген төлем ережелерiн пайдалана отырып, жанама салықтар мен мұнай мөлшерiн ескере отырып, құбыр көлiгiмен тасымалдау кезiндегi табиғи кему нормаларын ескере отырып, бағалары баламалы болуы шартымен жасалған мәмiлелер ретiнде қарасын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi мен Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен осы қаулының 1-тармағына сәйкес алмастыру бойынша жеткiзiлетiн мұнай көлемiнiң саны мен сапасын бақылауды, мақсатты пайдаланылуын

 

қамтамасыз етсiн.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және

минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.

     5. Осы қаулы 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады