Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жария етудің 2001 жылға арналған бағдарламасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 24 мамыр N 712

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының беделін одан әрі нығайту және олардың қызметін қамтамасыз етуде бірыңғай ақпараттық-насихаттық жүйені қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жария етудің 2001 жылға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының басшылары Бағдарламада айқындалған іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және олардың орындалуы жөніндегі ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3-ші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім

 

министрлігі Бағдарламадағы тапсырмалардың орындалуы туралы жиынтық

ақпаратты есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-ші күнінен кешіктірмей

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                           Қазақстан Республикасы

                                                 Үкіметінің

                                          2001 жылғы 24 мамырдағы

                                              N 712 қаулысымен

                                                 бекітілген


          Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін

              жария етудің 2001-ші жылға арналған бағдарламасы


                              Астана, 2001 жыл


                       1. Бағдарламаның паспорты


Бағдарламаның атауы     Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының   

                        2001-ші жылға арналған қызметін баспасөзде        

                        жариялау бағдарламасы    


Әзірлеуге негіздеме     Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның және   

                        "Қазақстан Республикасы мемлекетінің тәуелсіздігі 

                        туралы" Конституциялық заңы қабылдануының 10      

                        жылдығына арналған іс-шаралар туралы" Қазақстан   

                        Республикасы Президентінің Әкімшілігі Жетекшісінің

                        2000 жылғы 14 маусымдағы N 16-9/43 ДСП тапсырмасы 


Негізгі әзірлеуші       Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және  

                        қоғамдық келісім министрлігі


Негізгі орындаушылар    Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті 

                        атқарушы органдары    


Бағдарламаны іске       2001 жыл

асыру мерзімі    


Бағдарламаны            Республикалық және жергілікті бюджеттердің

қаржыландыру көздері    қаражаттары


                        2. Кіріспе



 
       Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының жағымды имиджiн нығайту, олардың қызметiн ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етудiң бiрыңғай жүйесiн құру мақсатында, сондай-ақ "2000-2002 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар Жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысында белгіленген шараларды дамыту үшiн әзiрленген.
      Бұған дейiн Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Yкімет және министрлiктер, әкiмдер аппараттары мен БАҚ-тардың арасындағы ақпарат алмасуды үйлестiрудiң Схемасын жасағанымен мұндай бағдарламаның алғаш әзiрленiп отырғанын атап өткен жөн.
      Осы бағдарлама Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi мемлекеттік органдарының 2001 жылға арналған негiзгі ақпараттық-насихаттық iс-шараларының кешенiн айқындайды, оларды iске асырудың тәсілдерi мен талаптарын белгiлейдi.
 
            3. ПРОБЛЕМАНЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ
 
      Қоғамның одан әрi демократияландырылуы, қазақстандық ақпараттық кеңiстiктiң күрделенуi және кеңейуi жағдайында әлеуметтiк-экономикалық және саяси салалардағы Қазақстан жетiстiктерiн насихаттауға бағытталған бiрыңғай мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргiзу проблемасы мейлiнше өзектi сипат алуда. Мемлекеттiк органдардың, олардың қызметтерiнiң ақпараттық-насихаттық жұмысының рөлi артуда.
      Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Yкiметi аталған жұмыстың тиiмділігін қамтамасыз ету жөнiнде бiрқатар шаралар әзiрледi. Оларға Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 7 наурыздағы N 367 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000-2002 жылдарға арналған Iс-қимыл бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын жатқызуға болады, оған Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 10 қарашада жаңадан тағайындалған Үкімет мүшелерінің ант қабылдау рәсімі барысында сөйлеген сөзінен туындайтын тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары бекіткен (2000 жылғы 28 наурыздағы N 4067) орталық атқарушы органдар басшыларының баспасөз-мәслихаттарын өткізу кестесі және елдің аймақтарына жұмыс сапарлары кезіндегі барлық деңгейдегі БАҚ өкілдерімен міндетті түрде кездесулер өткізу туралы оның министрліктер мен ведомстволардың басшыларына берген тапсырмасы (2000 жылғы 24 сәуірдегі N 4630) енгізілді.
      Нәтижелі жұмысты жалғастыру және мемлекеттік ақпараттық саясаттағы

 

барлық субъектілердің іс-қимылдарының бірыңғайлығы мен үйлесімділігін

қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының

баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтерінің жұмысын бір жүйеге

салуға және үйлестіруге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуы тиіс.


                4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері


     Бағдарламаның мақсаты:


     - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының беделін нығайту.


     Бағдарламаның міндеттері:



 
       - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтері жұмысының нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;
      - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының беделін

 

қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырушылық және практикалық іс-шаралар

кешенін жүзеге асыру;

     - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін

ақпараттық-насихаттық қамтамасыз етудің бірыңғай жүйесін құру;

     - Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы

органдарының ақпараттық-насихаттық қызметтерін үйлестіру және өзара тиімді

іс-қимыл жасауының тетіктерін әзірлеу.


                5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI

                        ТЕТІКТЕРI МЕН БАҒЫТТАРЫ


     5.1. Қажеттi нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдау


     Қазақстан Республикасының орталық және жергілiктi мемлекеттiк

органдары осы бағдарламаны iске асыру мақсатында:

     - мемлекеттiк органдардың қызметтерiн қамтамасыз етудiң

ақпараттық-насихаттық кешендi жүйесiн құруға;

     - жұртшылықпен байланыстың, мемлекеттiк органдардың қызметiне

түсiнiктеме беру жөнiндегi тұрақты жүйенi құруға;


 
       - мемлекеттiк органдардың ақпараттық-насихаттық қызметiн материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге;
      - мемлекеттiк органдардың баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтерiн кадрлармен нығайтуға бағытталған тиiстi нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ өзге де шешiмдердi қабылдауы қажет.
      Ең алдымен, төменнен жоғарыға дейiнгi мемлекеттiк органдардың баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтерiн құру процесiн аяқтау қажет. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда, функцияларына жұртшылықты және бұқаралық ақпарат құралдарын тиiстi органдардың жұмыстары туралы хабардар ету, осы органдар және БАҚ-тардың арасында өзара iс-қимыл жасау мен ынтымақтастық процестерiн үйлестiру ақпараттық-насихаттық қызметтi тiкелей жүзеге асыру мәселелерi кiретiн құрылымдар немесе штат бiрлiктерi құрылуы тиiс.
      Бұл ретте, орталық және жергiліктi атқарушы органдардың баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтерiнiң санын нормативтiк құқықтық деңгейде анықтау қажет:
      министрлiктер және облыс әкiмшілiктерi үшiн - 4 адамнан кем емес бөлiм;
      кадрлық саны 100 қызметкерден аспайтын республикалық ведомстволар мен басқа да мемлекеттiк органдар үшiн - 2 адамнан кем емес сектор;
      жергiлiктi органдар үшiн - штат кестесiндегi баспасөз хатшысының бiрлiгi.
      Орталық және жергілiктi атқарушы органдардың баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтерi олардан төменгі ұйымдардан осындай құрылымдарының жұмысын үйлестіру функцияларына ие болу керек.
      Мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының сөздерінің (брифингтерінің, баспасөз-мәслихаттарының) кестесі, олардың қызметтерін жария етудің күнтізбелік және оқиғалық медиа-жоспарларын жүйелi қабылдауды қамтамасыз ету, оларды бақылау мен есеп берудiң нақты тетiктерiн айқындау қажет.
      Қоғам өмiрiн кезең кезеңiмен демократияландыру және ырықтандыру бағдарламасы мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қарым-қатынастардың тетiктерiнiң өзгеруi керектiгiн меңзейдi. Оның шешушi элементтерiнiң бiрi, мемлекеттiк ақпараттық саясатты жүргiзуде өзiнiң тиiмдiлiгiн дәлелдеген, басылымдар және электронды БАҚ-тар арқылы мемлекеттiк тапсырысты орналастыру жүйесi болып табылады.
      Осыған байланысты аймақтық мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарын акционерлік қоғамдар етіп қайта құра отырып, оларды кезең-кезеңiмен қайта ұйымдастыру бағдарламасын қабылдау қажет. Облыстық және аудандық (қалалық) мемлекеттiк БАҚ-тар үшiн мемлекеттiк тапсырысқа көшу жөнiндегi аймақтық жобалар жасау бұл бағыттағы алғашқы қадам болып табылар едi. Түрлi деңгейдегi әкiмдер аппараттары, ақпараттық-насихаттық жұмысқа жалпымемлекеттiк көзқараспен келудi, әрбiр нақты аймақтың ерекшелiктерiн ескере отырып, мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру жөнiндегi мемлекеттiк тапсырыстың аймақтық жобаларын әзiрлеуi тиiс. Мемлекеттiк тапсырысты алуға құқық беру тендер арқылы ашық және жариялылық жағдайында жүргiзiлуi тиiс. Мемлекеттiк органдар БАҚ-тардағы салалық ақпараттық науқандарды республикалық және жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаржыландыруды жоспарлай және жүзеге асыра алады.
      Мемлекеттiк органдардың ақпараттық-насихаттық қызмет бағдарламасы ақпараттық-насихаттық топтарды құруды, қалың жұртшылықпен (ұжымдардағы және кәсiпорындардағы кездесулер, елдi мекендерге бару, азаматтарды қабылдау) тұрақты кездесулер өткiзудi, мақсатты топтармен (консультациялық кеңестерi, "дөңгелек столдар", ақсақалдар кеңесi, сарапшылар кеңесі, БАҚ редакторларының клубы және т.б.) қоса алғанда, жұртшылықпен тұрақты байланыс орнатып, жұмыс iстеудi көздеуi тиiс.
      Орталық және жергілiктi атқарушы органдар өздерi қабылдайтын түйіндi шешiмдер туралы (баспасөз конференцияларын өткiзу, баспасөз релиздерi және баспасөз пакеттерiн тарату, баспасөз турларын ұйымдастыру, мақсатты аудиторияларға мекен жайлары бойынша жiберу, Интернет желiсiнде тұрақты веб-сайттар құру және т.б.) жұртшылыққа тұрақты ақпараттар беру тәртiбiн анықтайтын қажетті нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдаулары тиiс. Осы шешiммен, сондай-ақ таратылуға мiндеттi ақпараттың тiзбесi мен форматы анықталуы (баспасөз-релиздерi, баспасөз-топтамалары, iс-шаралар жоспарлары, басқа да ақпараттық-анықтамалық материалдар), жалпы жұрт қол жеткiзе алатын бiрыңғай дерекқор құрылуы тиiс.
      Мемлекеттiк органдар басшылары баспасөз қызметтерiн, жұртшылықпен байланыс қызметтерiн, ақпараттық-насихаттық топтарды, ақпарат орталықтарын материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шараларды қабылдауы тиiс.
      Республикалық және аймақтық деңгейлерде баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтерi қызметкерлерiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн тұрақты арттыру, оң тәжiрибемен алмасу, олардың қызметiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету тетiгi жасалуы тиiс. Жұртшылықпен байланыс жөнiнде мамандар даярлайтын жоғары оқу орындары үшiн ақпараттық және РR-технологиялары отандық бағдарламалар мен оқулықтар әзiрлеу жөнiнде шаралар қабылдау қажет. Мемлекеттiк органдардың ақпараттық-насихаттық қызметiн үйлестiру үшiн Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi жанында ұйымдастырылып жүрген баспасөз хатшылары және жұртшылықпен байланыс үшiн жауапты адамдарға арналған семинарлар өткізу практикасын жалғастыру қажет.
 
                   5.2. Бағдарламаны iске асыру тетiктерi
 
      Бағдарлама Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының ақпараттық-насихаттық қызметiнiң бiрыңғай жүйесiн құруға, мемлекеттiк өкiмет пен тұтас алғанда, мемлекеттiң беделiн нығайтуға бағытталған.
      Бағдарламаны іске асыру үшiн Iс-шаралар жоспары әзірленіп, олардың уақытылы және сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілік Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдары басшыларына жүктелген, онда жұмыстардың белгіленген бағыттарын орындау жөнінде нақты шаралар белгіленген.
 
                 6. БАҒДАРЛАМАНЫ РЕСУРСТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
 
      Бағдарлама республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаттары есебінен іске асырылады. Бағдарламаны іске асыруға халықаралық қаржы ұйымдарының немесе донор елдердің гранттары тартылуы мүмкін.
 
                          7. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
 
      Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде:
      - республикалық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттік органдардың ақпараттық-насихаттық қызметінің бірыңғай жүйесін құру үшін негіз қаланатын болады;
      - мемлекеттік органдардың ақпараттық-насихаттық қызметінің қажетті нормативтік құқықтық базасы, баспасөз және жұртшылықпен байланыс қызметтердің жұмысы жақсарады;
      - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының баспасөз және

 

жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметтері жұмысының тиімділігі артады;

     - Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметі мен

олардың қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі

қызметінің ашықтығы және "мөлдірлігі" қамтамасыз етіледі;

     - Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көкейкесті

әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді шешу жөніндегі қызметі

туралы халықтың ақпараттану деңгейі көтеріледі.


        8. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН

         ЖАРИЯ ЕТУДІҢ 2001 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ

                     ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

---------------------------------------------------------------------------

N !      Іс шара        !Іске асыру нысаны! Орындау   !   Жауаптылар

п/п!                     !                 ! мерзімі   !

---------------------------------------------------------------------------

1  Орталық және           Қазақстан         жарты жылда МАҚКМ, орталық

   жергілікті атқарушы    Республикасының   бір рет     атқарушы органдар,

   органдар басшыларының  Үкіметіне ақпарат             облыстардың, Астана

   БАҚ-да сөйлейтін                                     және Алматы

   сөздерінің                                           қалаларының

   (брифингтерінің)                                     әкімдері

   кестесін бекіту 


2  Қазақстан Республикасы Қазақстан         жарты жылда Премьер-Министр

   Премьер-Министрінің    Республикасының   бір рет     Кеңсесінің

   сөйлейтін сөздерінің,  Премьер-Министрі              Үкіметтік ақпарат

   баспасөз-мәслихаттар.  өкімінің жобасы               бөлімі

   ының кестесін бекіту    


3  Орталық және           Қазақстан         мамыр       МАҚКМ, орталық

   жергілікті атқарушы    Республикасының               атқарушы органдар,

   органдардың қызметін   Үкіметіне ақпарат             облыстардың, Астана

   жария етудің                                         және Алматы

   бағдарламаларын                                      қалаларының

   бекіту                                               әкімдері


4  Қазақстан Республика.  Қазақстан         Желтоқсан   МАҚКМ, орталық

   сының орталық және     Республикасының               атқарушы органдар,

   жергілікті атқарушы    Үкіметіне ақпарат             облыстардың, Астана

   органдарда баспасөз                                  және Алматы

   қызметін құру немесе                                 қалаларының

   баспасөз хатшысы                                     әкімдері

   лауазымын енгізу

   процесін аяқтау,

   оларды кадрлық және

   материалдық-техникалық

   нығайту жөнінде

   шаралар қабылдау


5  Орталық атқарушы        Қазақстан        Мамыр       СІМ, МАҚКМ

   органдарда отандық      Республикасының

   және шетелдік БАҚ-ды    Үкіметіне

   тіркеуді қамтамасыз     ақпарат

   ету, оларды түйінді

   және жұмыс

   мәжілістеріне шақыру 


6  Орталық атқарушы        Қазақстан        Тоқсан      МАҚКМ, ҚР

   органдар қабылдаған     Республикасының  сайын       Үкіметінің

   түйінді шешімдер туралы Үкіметіне                    Экономикалық

   бұқаралық ақпарат       ақпарат                      ақпарат орталығы,

   құралдарын, ақпарат                                  орталық атқарушы

   агенттіктерін кеңінен                                органдар,

   хабарландыруды                                       облыстардың, Астана

   қамтамасыз ету                                       және Алматы

                                                        қалаларының

                                                        әкімдері


7  "Интернет" дүниежүзілік Қазақстан        Қыркүйек    МАҚКМ, ҚМ, ККМ

   жүйесінде орталық және  Республикасының              орталық атқарушы

   жергілікті атқарушы     Үкіметіне                    органдар,

   органдардың веб-сайт.   ақпарат                      облыстардың, Астана

   тарын ашу туралы                                     және Алматы

   мәселені қарау                                       қалаларының

                                                        әкімдері    


8  Электронды почта арқылы Қазақстан        Шілде,      МАҚКМ, ҚР

   бұқаралық ақпарат       Республикасының  желтоқсан   Үкіметінің

   құралдарына, халық.     Үкіметіне                    Экономикалық

   аралық ұйымдарға,       ақпарат                      ақпарат орталығы,

   орталық және жергілікті                              орталық атқарушы

   атқарушы органдардың                                 органдар,

   қызметтері туралы                                    облыстардың, Астана

   ақпараттық материалдарды                             және Алматы

   тұрақты жіберіп отыруды                              қалаларының

   қамтамасыз ету                                       әкімдері


9  Орталық және жергілікті Қазақстан        Шілде,      МАҚКМ,   

   атқарушы органдардың    Республикасының  желтоқсан   орталық атқарушы

   баспасөз және жұртшы.   Үкіметіне                    органдар,

   лықпен байланыс қызмет. ақпарат                      облыстардың, Астана

   терінің басшыларын                                   және Алматы

   тұрақты оқытуды                                      қалаларының

   жүргізу                                              әкімдері


10 Орталық және жергілікті Қазақстан        Шілде,      МАҚКМ

   атқарушы органдардың    Республикасының  қараша

   электрондық мекен-      Үкіметіне

   жайлары, баспасөз       ақпарат

   қызметтерінің телефон.

   дары және факстері

   туралы мәліметтермен

   біртұтас деректер

   банкін тұрақты

   толықтырып отыру    


11 Атқарушы органдар       Қазақстан        Шілде       МАҚКМ, Статистика

   сайттарын Қазақстан     Республикасының              жөніндегі агенттік,

   туралы, статистикалық   Үкіметіне                    орталық атқарушы

   және басқа да ақпарат.  ақпарат                      органдар

   тық деректерді қамтып,

   ақиқатты мәліметтермен

   қамтамасыз етудің

   схемасы бойынша нақты

   ұсыныстар дайындау    


12 Облыстардың және эконо. Қазақстан        Желтоқсан   МАҚКМ,   

   мика салаларының жағ.   Республикасының              орталық атқарушы

   дайлары туралы арнайы   Үкіметіне                    органдар,

   ақпараттық және бедел   ақпарат                      облыстардың, Астана

   жасайтын басылымдар                                  және Алматы

   шығару, БАҚ-ға, ақпарат                              қалаларының

   агенттіктеріне,                                      әкімдері

   халықаралық ұйымдарға,

   Қазақстанның шетел

   елдердегі елшілеріне

   берілуін көздеу


13 Жоғары оқу орындарында  Нормативтік      Қыркүйек    БҒМ

   мамандарды даярлауға    құқықтық

   және оқытуға берілетін  кесімнің

   мемлекеттік тапсырысқа  жобасы

   арнайы оқу бағдарлама.

   ларын, ақпараттық және

   РR-технологиялар

   жөнінде арнайы  

   курстарды енгізуді

   көздеу    


14 Жоғары оқу орындары     Қазақстан        Қыркүйек    БҒМ

   үшін арнайы зерттеулер, Республикасының

   оқу бағдарламаларын,    Үкіметіне

   ақпараттық және         ақпарат

   РR-технологиялар

   жөнінде оқулықтар мен

   оқу бағдарламаларын

   дайындауға конкурстар

   өткізу    


15 Қазақстан Республикасы  Қазақстан        Шілде,      МАҚКМ,   

   атқарушы органдарының   Республикасының  желтоқсан   орталық атқарушы

   баспасөз және жұртшы.   Үкіметіне                    органдар,

   лықпен байланыс қызмет. ақпарат                      облыстардың, Астана

   тері жұмысының тиімді.                               және Алматы

   лігіне тұрақты талдау                                қалаларының

   жасау                                                әкімдері


16 Елдің аймақтарына       Қазақстан        Қараша      МАҚКМ,   

   ведомствоаралық ақпа.   Республикасының              орталық атқарушы

   раттық-насихаттық       Үкіметіне                    органдар,

   топтардың сапарға шығу  ақпарат                      облыстардың, Астана

   практикасын жалғастыру                               және Алматы

                                                        қалаларының

                                                        әкімдері


17 Негізгі аймақтық мемле. Бекітілген       Желтоқсан   МАҚКМ,   

   кеттік БАҚ-тарды жеке.  бағдарлама                   орталық атқарушы

   шелендірудің және ак.   туралы                       органдар,

   ционерлендірудің кезең. Қазақстан                    облыстардың, Астана

   дік аймақтық бағдарла.  Республикасының              және Алматы

   маларын әзірлеу         Үкіметіне                    қалаларының

                           ақпарат                      әкімдері


18 Аймақтық БАҚ-тар арқылы Әкімдердің       Желтоқсан   МАҚКМ,   

   мемлекеттік ақпараттық  шешімі                       облыстардың, Астана

   саясат жүргізуге мем.   туралы                       және Алматы

   лекеттік тапсырысты     Қазақстан                    қалаларының

   орналастыруға көшу      Республикасының              әкімдері

   жөніндегі шаралар       Үкіметіне                   

   қабылдау                ақпарат                     


19 Қоғамдық пікірді зерт.  Қазақстан        Қыркүйек    МАҚКМ,   

   тейтін тәуелсіз және    Республикасының              облыстардың, Астана

   беделді қызмет орын.    Үкіметіне                    және Алматы

   дарына арнайы зерттеу.  ақпарат                      қалаларының

   лер жүргізуге мемлекет.                              әкімдері

   тік тапсырысты орналас.                             

   тыруға қажетті шара.                                

   ларды қабылдау


20 Жергілікті атқарушы     Әкімдердің       Мамыр       МАҚКМ,   

   органдардың баспасөз    шешімі                       облыстардың, Астана

   және жұртшылықпен       туралы                       және Алматы

   байланыс қызметтерін    Қазақстан                    қалаларының

   үйлестіру мақсатында    Республикасының              әкімдері

   арнайы ақпарат          Үкіметіне                   

   орталығын құру туралы   ақпарат                     

   мәселені қарастыру

---------------------------------------------------------------------------



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Икебаева А.Ж.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады