2001 жылғы 28-30 мамырда Астана қаласында Мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-герман аралас комиссиясының үшінші мәжілісін өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 мамыр N 723

      Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы мәдени-ізгілік саладағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 28-30 мамырда Астана қаласында Мәдени ынтымақтастық мәселелері жөніндегі қазақстан-герман аралас комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) үшінші мәжілісі өткізілсін.
      2. Қоса беріліп отырған Комиссияның үшінші мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
      3. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) және мүдделі ұйымдар Жоспардың іске асырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісім бойынша) ресми делегация мүшелерін, сондай-ақ өз есебінен келетін сарапшылар мен бірге жүретін адамдарды орналастыру мен оларға көліктік қызмет көрсету жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2001 жылға

 

арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша

көзделген қаражаттың есебінен Комиссияның үшінші мәжілісін өткізуге

арналған шығыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                   Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                      2001 жылғы 26 мамырдағы

                                         N 723 қаулысымен

                                             бекітілген


     2001 жылғы 28-30 мамырда Астана қаласында Мәдени ынтымақтастық

       мәселелері жөніндегі қазақстан-герман аралас комиссиясының

   үшінші мәжілісін дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

________________________________________________________________________

р/с!        Іс-шараның атауы        ! Орындалу мерзімі !  Орындалуына   

  N !                                !                  !   жауаптылар

________________________________________________________________________

  1              2                        3                 4

________________________________________________________________________

1   Делегацияның болуы бағдарлама.     28-30 мамыр         МАКМ, СІМ

     сына сәйкес ұйымдық-протоколдық

     шараларды қамтамасыз ету

________________________________________________________________________

2   Астана және Алматы қалаларының     28-30 мамыр      МАКМ, СІМ, Астана

     әуежайларында делегацияны күтіп                     және Алматы қала.

     алу мен шығарып салуды ұйымдас.                     ларының әкімдері

     тыру

________________________________________________________________________

3   Делегация мүшелерінің жүру         28-30 мамыр           ІІМ    

     бағыттары бойынша бірге жүруді,

     сондай-ақ әуежайда, тұратын

     және баратын жерлерінде қауіп.

     сіздігін қамтамасыз ету

________________________________________________________________________

4   Делегация басшысының Қазақстан     28-30 мамыр         МАКМ, СІМ

     Республикасының ресми адамдары.

     мен екі жақты кездесулерін

     ұйымдастыру

________________________________________________________________________

5   Қазақстан Республикасы Үкіметі.    29 мамыр            МАКМ, СІМ,

     нің атынан ресми кешкі қонақасы                        ҚР Президенті.

     беруді өткізу                                          нің ІБ

                                                            (келісім

                                                            бойынша)

________________________________________________________________________

6   Комиссияның жұмысы туралы есеп      15 маусымға         МАКМ, СІМ

     дайындау                             дейін

________________________________________________________________________


Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады