"Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 30 мамыр N 737

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



                                                         Жоба


                Қазақстан Республикасының Заңы


                  Әділет органдары туралы


     1-тарау. Жалпы ережелер

     1-бап. Қазақстан Республикасы әділет органдарының мәртебесі



 
       Қазақстан Республикасының әділет органдары (бұдан әрі - әділет органдары) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында жауапты және Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін, өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимін қолдайтын, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы өкімет органдары болып табылады.
 
      2-бап. Әділет органдары қызметінің құқықтық негізі
 
      Әділет органдары қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңның, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
 
      3-бап. Әділет органдарының міндеттері
 
      Әділет органдарының міндеттері:
      1) жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобалау жұмысын жүргізу, заңдарды талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жасау жолымен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу;
      2) Республиканың әлемдік қауымдастықтағы беделін қолдау және ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау мен жасасу жолымен, Қазақстанның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
      3) жеке және заңды тұлғаларды, мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;
      4) нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді және оларды бақылауды, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мемлекеттік есеп жүргізуді жүзеге асыру;
      5) құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету және құқықтық насихаттауды қамтамасыз ету;
      6) сот-сараптама қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      7) қылмыстық жазалауды, жазалауды орындайтын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуді орындау;
      8) санаткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
      9) есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты, олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет жасауды жүзеге асыру;
      10) заңдармен жүктелген өзге де міндеттері жүзеге асыру болып табылады.
 
      4-бап. Әділет органдары қызметінің қағидаттары
 
      1. Әділет органдарының қызметі:
      1) заңдылық;
      2) қорғалу құқығын қамтамасыз ету, барлығының заң алдындағы теңдігі, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу және сақтау;
      3) жариялылық, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдармен,

 

ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара іс-әрекет жасасу;

     4) саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне

тәуелді болмау;

     5) гуманизм, демократия, жазалаудың орындалуын саралау мен даралау,

жазалауды түзеу ықпалымен біріктіру;

     6) әділет органдары жүйесінің біртұтастығы қағидаттарында құрылады.


     2-тарау. Әділет органдарының жүйесі және қызметінің

              ұйымдастырылуы


     5-бап. Әділет органдарының жүйесі


     1. Әділет органдары:

     1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

     2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Комитеттері;

     3) аумақтық әділет органдары;

     4) қылмыстық атқару жүйесінің органдары мен мекемелері (ұйымдары);

     5) өзге де ведомстволық бағынысты органдар (ұйымдар) кіретін бірегей

жүйені құрайды.


 
       Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі аппаратының құрылымдық бөлімшелерін, ведомстволық бағынысты органдарды (ұйымдарды) құруды, қайта құру мен таратуды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, ал заңдармен көзделген жағдайларда - Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.
      2. Әділет органдарының штат санын, материалдық-техникалық қамтамасыз етілу шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген штат саны лимиттері мен қаржы бөлу шегінде Қазақстан Республикасының Әділет министрі белгілейді.
 
      6-бап. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
 
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін орталық атқарушы орган болып табылады, оны Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, таратады және қайта құрады.
      2. Әділет министрлігін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
      3. Министрдің Әділет министрінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші орынбасары және орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
 
      7-бап. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өкілеттіктері
 
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрі (бұдан әрі - Министр) әділет органдарының жұмысын ұйымдастырады әрі басқарады және әділет органдарына жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауап береді.
      2. Министр:
      1) Әділет министрлігі аппаратының қызметкерлерін, облыстық және соларға теңестірілген әділет бөлімшелерінің, қылмыстық атқару жүйесінің және министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын, сондай-ақ олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ одан өтпеген нормативтік құқықтық актілердің күші жоқ деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінеді;
      3) әділет органдарының орындауына міндетті актілер, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде - өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауына міндетті актілер шығарады;
      4) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік етеді;
      5) заңдарға сәйкес арнаулы атақтар, сыныптық шендер береді;
      6) өзіне осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
 
      8-бап. Әділет органдарындағы алқалар
 
      1. Министрлік, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты органдары (ұйымдары) қызметінің негізгі мәселелерін қарау, олардың басшыларының есептерін тыңдау үшін Министрліктің жанында консультативтік-кеңесші орган - алқалар құрылады.
      2. Алқаның сандық және дербестік құрамын Министр оның

 

орынбасарларының, министрліктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және

өзге де лауазымды адамдарының ішінен бекітеді.

     3. Алқаның шешімдері қаулылармен ресімделеді.

     4. Алқаның отырыстарын дайындау мен жүргізу тәртібін Әділет министрі

белгілейді.


     9-бап. Аумақтық әділет органдары


     1. Облыстық және оларға теңестірілген әділет бөлімшелері, облыстық

(қалалық) қылмыстық-атқару жүйесінің бөлімшелері аумақтық әділет органдары

болып табылады.

     2. Аумақтық әділет органдарында әділет органдарына жүктелген

функциялардың орындалуын қамтамасыз ететін тиісті құрылымдық бөлімшелер

құрылады.


     10-бап. Әділет жүйесінің органдары (ұйымдары)



 
       Әділет министрлігіне жүктелген міндеттерді шешу және функцияларды

 

қамтамасыз ету үшін Әділет министрлігінің жанында органдар (ұйымдар), оқу

орындары мен басқа да ұйымдар қызмет етеді.


     11-бап. Әділет органдарының қылмыстық атқару жүйесі


     Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару жүйесі - уәкілетті орган

құрамындағы мекемелер мен органдар жүйесі, соттар тағайындаған қылмыстық

жазалаудың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі атқарушылық және өкімдік

функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ қылмыстық атқару жүйесінің

мекемелері мен органдарының тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар жүйесі.


     12-бап. Қылмыстық атқару жүйесінің құрылымы


     1. Қылмыстық-атқару жүйесінің құрылымын:

     1) уәкілетті орталық мемлекеттік орган (орталық атқарушы органның

ведомствосы);

     2) Қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органдары;

     3) жазаны орындайтын органдар мен мекемелер;


 
       4) қылмыстық-атқару жүйесі объектілерінің, мекемелер мен органдарының жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдар;
      5) ғылыми-зерттеу, емдеу-профилактикалық және білім беру ұйымдары;
      6) қылмыстық атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыруға және сотталғандарды еңбекке тартуға арналған ұйымдар мен олардың құрылымдық бөлімшелері құрады.
      2. Қылмыстық атқару жүйесінің органдары мен мекемелері әкімшіліктерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.
 
      13-бап. Әділет органдарының мемлекеттік органдармен,
              ұйымдармен және лауазымды адамдармен өзара әрекет жасасуы
 
      1. Әділет органдары орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, оның ішінде құқық қорғаушы және бақылаушы органдармен, сондай-ақ лауазымды адамдармен өзара іс-әрекет жасасады.
      2. Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар әділет органдарына функционалдық міндеттерін орындауда және адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтарын, еркіндіктерін және мемлекеттің мүдделерін қорғауда жәрдемдесуге міндетті.
      3. Әділет органдарының шет мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен ұйымдарымен, соның ішінде әділет органдарымен ынтымақтастығы халықаралық шарттардың негізінде жүзеге асырылады.
 
      14-бап. Әділет органдарының актілері
 
      1. Осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерімен көзделген жағдайларда, Әділет министрі өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын әділет органдары қызметінің мәселелері жөніндегі бұйрықтар, сондай-ақ ұсынымдар шығарады.
      2. Әділет министрлігінің ведомстволары мен аумақтық әділет органдарының басшылары өз құзыреті шегінде бұйрықтар мен ұсынымдар шығарады.
      3. Әділет органдарының өз құзыреті шегінде қабылдаған және заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден өткен актілері Қазақстан Республикасының ұйымдары, лауазымды адамдары мен азаматтары үшін орындауға міндетті болады.
 
      15-бап. Әділет органдарының ұсынымы
 
      1. Әділет органдары:
      1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, бірақ тіркеуден өтпеген, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты;
      2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар қолданатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес жариялануға тиіс, бірақ белгіленген тәртіппен жарияланбаған, аталған органдардың нормативтік құқықтық актілеріне қатысты;
      3) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын, қолданылып

 

жүрген заңдарға қайшы келетін мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық

актілеріне қатысты;

     4) заңдармен белгіленген өзге де жағдайларда заң бұзушылықтарды жою

туралы ұсынымдар енгізуге құқылы.

     2. Ұсыным тиісті мемлекеттік органға (лауазымды адамға) не жоғары

тұрған органға (лауазымды адамға) енгізіледі.

     3. Ұсыным бір айлық мерзімде мемлекеттік органның не лауазымды

адамның жоғары тұрған органының қарауына жатады.

     Әділет органдары ұсынымды қарауға қатысуға құқылы.

     4. Мемлекеттік орган не лауазымды адам жолсыздықты жоюға және

қолданған шаралар туралы әділет органдарына хабарлауға міндетті.


     3-тарау. Әділет органдарының негізгі функциялары мен құқықтары


     16-бап. Әділет органдарының заң жобалау жұмыстарын жүргізу,

             заңдарды жетілдіру саласындағы функциялары


     Заң жобалау жұмыстарын жүргізу, заңдарды жетілдіру саласында әділет

органдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:


 
       1) заң жобалау жұмысы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу;
      2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық сараптама жасау;
      3) заң жобалау, сараптама, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшін, осы мақсаттарда бюджеттік және бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалана отырып, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, соның ішінде шетелдік органдар мен ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тарту;
      4) Республика Үкіметі мен Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша және өз бастамасымен Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерін ресми түрде түсіндіру;
      5) заңдарды құқықтық ақпараттандыру, жүйелеу, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің эталондық банкісін жүргізу, Қазақстанда біртұтас құқықтық ақпараттың компьютерлік жүйесін жүргізу;
      6) заң саласындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру.
 
      17-бап. Әділет органдарының халықаралық шарттарды
              құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті
              үйлестіру саласындағы функциялары
 
      Әділет органдары халықаралық шарттарды, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) шет мемлекеттермен құқықтық көмек және құқықтық ынтымақтастық

 

туралы халықаралық шарттардың заңдарға сәйкес жасалуы мен орындалуын

ұйымдастыру, даярлау;

     2) Қазақстан Республикасының кепілдігімен жасалатын заем шарттарына

құқықтық сараптама жасау (Legal Lорiniоn);

     3) халықаралық шарттарға сәйкес шет мемлекеттердің сот тапсырмаларын,

өтініштері мен өтініш жасауларын орындау;

     4) Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттердің заңдарын үйлестіру,

сәйкестендіру, сондай-ақ Қазақстан таныған халықаралық нормаларды

Қазақстан Республикасының заңдарына имплементациялау мәселелері бойынша

талдау жасау;

     5) белгіленген тәртіппен санаткерлік меншік құқықтарын өзара қорғау

туралы халықаралық шарттарды дайындау мен жасасуға, мұндай шарттарға қол

қоюға қатысу;

     6) халықаралық шарттардың жобаларын құқықтық сараптама жасау.


     18-бап. Әділет органдарының сот-сараптама қызметі, анықтау

             және әкімшілік іс өндірісі саласындағы функциялары



 
       Әділет органдары сот-сараптама қызметі, анықтау және әкімшілік іс өндірісі саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) сот сарапшыларының кадрларын іріктеу және орналастыру;
      2) сот сараптама қызметін ұйымдастыру және заңдармен белгіленген тәртіппен сот сарапшыларына лицензиялар беру;
      3) сот-сараптама ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
      4) сот сараптамасы саласында ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
      5) әділет органдарының құзырына жатқызылған қылмыстар туралы іс бойынша анықтауды жүзеге асыру;
      6) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқық бұзушылықтардың және қылмыстардың алдын-алу саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру;
      7) заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыру;
 
      19-бап. Әділет органдарының мемлекеттік тіркеуді жүзеге
              асыру саласындағы функциялары
 
      Әділет органдары мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу, мәслихаттардың, әкімияттардың және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу;
      2) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді мемлекеттік тіркеу,

 

сондай-ақ заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік тіркелімін және филиалдар

мен өкілдіктердің тізілімін жүргізу;

     3) жеке тұлғаларды, соның ішінде олардың азаматтық хал актілерін

мемлекеттік тіркеу;

     4) тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізбесін жалпы мәлімет

үшін жариялау;

     5) жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді

мемлекеттік тіркеу, жылжымайтын мүлікке Құқықтық кадастр жүргізу,

жылжымалы мүліктің кепілін тіркеу және жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін

жүргізу;

     6) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің

мемлекеттік тізілімін жүргізу.


     20-бап. Әділет органдарының құқықтық көмекті ұйымдастыру

             және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат

             салаларындағы функциялары



 
       1. Әділет органдары құқықтық көмекті ұйымдастыру және заң қызметтерін көрсету, құқықтық насихат салаларында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) мемлекеттік нотариаттың кадрларын іріктеу, аттестациялау және орналастыру, заңдармен белгіленген тәртіппен адвокаттар мен нотариустардың лицензияларын беру, кері қайтарып алу, тоқтата тұру және тоқтату;
      2) мемлекеттік нотариаттық кеңселердің қызметін басқару, жеке нотариаттың дамуына жәрдемдесу, нотариаттық іс жүргізу және жеке нотариустардың нотариаттық іс-әрекеттер жасау тәртібі жөніндегі қағидаттарын сақтауын бақылау;
      3) нотариаттық және адвокаттық қызметті, ақылы заңгерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау, адвокаттық қызметке байланысты емес ақылы заңгерлік қызмет көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау, бағалау қызметін лицензиялау;
      4) азаматтық хал актілері жазу органдарының қызметін қамтамасыз ету;
      5) орталық атқарушы органдардың заңгерлік қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылық жасау, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;
      6) нотариаттық кеңселердің, АХАЖ органдарының, адвокатураның заңды және жеке тұлғаларға көрсететін заңгерлік қызметтерінің сапасын бақылау;
      7) АХАЖ органдарының кадрларын аттестациялау, іріктеу және орналастыру, АХАЖ органдарын ұйымдық, әдістемелік басқару, олардың қызметіндегі бірыңғай құқық қолдану тәжірибесін қамтамасыз ету.
      2. Әділет органдары құқықтық насихат саласында мынадай функцияларды

 

жүзеге асырады:

     1) құқықтық насихатты ұйымдастыруды ведомствоаралық үйлестіру,

заңдарды түсіндіруге қатысу;

     2) шарттық негізде эталондық заң актілерін және өзге де нормативтік

құқықтық актілерді, ақпараттық және анықтамалық-әдістемелік материалдарды,

соның ішінде автоматтандырылған құқықтық ақпарат жүйесін пайдалана отырып

беру;

     3) баспа қызметі, заңгерлік әдебиет, құқықтық насихат проблемалары

жөніндегі әдебиет тапсырушысының функциялары;

     4) заңгерлік газеттер мен журналдар шығару.


     21-бап. Әдiлет органдарының қылмыстық жазалауды орындау

             саласындағы функциялары


     Әдiлет органдары қылмыстық жазалауды орындау саласында мынадай 

функцияларды жүзеге асырады:


 
       1) соттардың үкiмдерiне, қаулылары мен ұйғарымдарына сәйкес сотталғандарды жазалауды орындайтын органдар мен мекемелер орналастыруды ұйымдастыру;
      2) сотталғандарға қатысты соттар үкімдерін, қаулылары мен ұйғарымдарын бақылау және орындау, жазалауды орындайтын органдар мен мекемелерде режимдiк талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
      3) жазалауды орындайтын органдар мен мекемелердi қорғау, сотталғандар мен қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, Жазалауды орындайтын органдар мен мекемелерде оперативтiк жағдайды бақылау;
      4) сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды, рақымшылық және кешiрiм жасау актiлерiн атқаруды, жазалауды орындайтын мекемелер мен органдардың басқа да құқық қорғау органдарымен, мемлекеттiк басқару органдарымен және қоғамдық ұйымдармен сотталғандарды түзеу нәтижелерiн бекiту, оларды еңбек және тұрмыстық жағынан орналастыру жөнінде іс әрекет жасасуын қамтамасыз ету;
      5) жазалауды орындау мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметi;
      6) қылмыстық-атқарушылық жүйенi дамыту, нығайту және жетiлдiру бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;
      7) қылмыстық жазалауды орындау саласындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ғылыми зерттеулерiн үйлестiру.
 
      22-бап. Әдiлет органдарының санаткерлiк меншiк
              құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы функциялары
 
      Әдiлет органдары санаткерлiк меншiк құқықтарын қамтамасыз ету саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) санаткерлiк меншiктi қорғау саласындағы заңдардың қолданылу тәжірибесін қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңдарды жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      2) санаткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету;
      3) санаткерлік меншік объектілерін қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастық;
      4) шығармаларды пайдаланушылардың авторлық құқық пен сабақтас құқықтар нормаларын сақтауға және авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық шарттарды орындауға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу;
      5) мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметіне бақылау;
      6) авторлық құқықты ресми тізілімдерде тіркеуді қамтамасыз ету;
      7) мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың және шығармаларды пайдаланудың тиісті тәсілдерін пайдаланушылардың және сабақтас құқық объектілерінің араларында жасалған лицензиялық шарттарды тіркеу және тиісті үлгідегі мемлекеттік тіркеу куәліктерін беру;
      8) шығармаларды пайдалануға құқықтарды импорттау мен экспорттауды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      9) өнеркәсіп меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхем топологияларына қорғау құжаттарын беруге тапсырыстарды тіркеуді қамтамасыз ету;
      10) қорғау құжаттарын беруге тапсырыстарға мемлекеттік сараптама өткізуді ұйымдастыру, өнеркәсіп меншік объектілерінің, селекциялық жетістіктердің, интегралдық микросхем топологияларының мемлекеттік тізілімін жүргізу, қорғау құжаттарын беру және оларды күшінде сақтау жөніндегі шараларды жүзеге асыру;
      11) патенттік сараптаманы жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін бақылау;
      12) өнеркәсіп меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхем топологияларын, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарының жеңілдік шарттарын пайдалануға лицензиялық шарттарды тіркеуді қамтамасыз ету;
      13) әділет органдарына санаткерлік меншік құқықтарын қамтамасыз ету саласында заңдармен жүктелген өзге де функцияларды орындау.
 
      23-бап. Әділет органдарының есірткі құралдары, психотроптық
              заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз
              айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет
              саласындағы функциялары
 
      Әділет органдары есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы қызметтің барлық түрлерін бақылау және заңдарға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру, сондай-ақ экспорттық және импорттық операциялар туралы шешімдерді келісу;
      2) өз құзыреті шегінде есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы әрекет саласына келiп түсетiн техникалық көмек пен инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына бақылау;
      3) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы әрекет саласындағы мемлекеттiк саясат пен стратегияны құзыреттi және өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп әзiрлеуге қатысу және iске асыру;
      4) Қазақстан Республикасында нашақорлық жағдайды және даму үрдiстерiн талдау нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес стратегиясы мен мемлекеттiк бағдарламаларының iске асырылуының барысы туралы талдау материалдарын дайындау;
      5) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес стратегиясы мен мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруды, оның ішiнде тиiстi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру арқылы қамтамасыз ету;
      6) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялар қызметiн үйлестiрудi, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындау;
      7) нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға арнайы-дәрiгерлiк көмек көрсетуде және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуде денсаулық сақтау органдарына жәрдемдесу;
      8) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы әрекет саласында халықаралық ынтымақтасу;
      9) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы әрекет саласындағы заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорыту оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу;
      10) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы әрекет саласында жұмыс iстеу үшiн кадрларды, сондай-ақ есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды тұтынатын және тұтынуға бейiм адамдарды, профилактика жасауды, емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру саласындағы мамандарды оқытуды және білiктiлігін арттыруды құзыретті және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асыру және үйлестiру;
      11) есiрткi құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы әрекет саласында құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесіп ғылыми зерттеулердi үйлестiру.
 
      24-бап. Әділет органдарының өз функцияларын жүзеге
              асырудың ерекшеліктері мен тәртібі
 
      Әділет органдарының өз функцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері мен тәртібінің өзге де заң актілерімен, сондай-ақ заңи нормативтік құқықтық актілермен анықталады.
 
      25-бап. Әділет органдарының міндеттері
 
      1. Әділет органдары:
      1) адамның және азаматтың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауға және қорғауға;
      2) өздеріне басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің, сондай-ақ олар құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етуге;
      3) әділет органдары құзыретіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштеріне тексерулер жүргізуге;
      4) өз қызметі салаларында қолданылып жүрген заңдарды қолдану практикасын талдауға және қорытуға және заңдарды жетілдіру, заңдар талаптарының бұзылуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті ұсыныстар енгізуге;
      5) стратегия мен мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын

 

қамтамасыз етуге;

     6) жазалауды орындайтын органдар мен мекемелерде құқықтық тәртіп пен

заңдылықты қамтамасыз етілуге;

     7) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға ғылыми-әдістемелік және

құқықтық көмек көрсетуге міндетті.


     26-бап. Әділет органдары мен лауазымды

             адамдарының құқықтары


     Әділет органдары мен олардың лауазымды адамдарының өз құзыретінің

шегінде:


 
       1) орталық және жергілікті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың міндетті түрде орындауына жататын нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
      2) олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомствоаралық үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыруға;
      3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан заңдармен белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;
      4) орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жергілікті мәслихаттар мен әкімияттарда мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді тексеруді жүзеге асыруға;
      5) азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын

 

мүдделерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргiзу

кодексiнiң 56-бабымен белгiленген тәртiппен қоғамдық немесе мемлекеттiк

мүдделерiн қорғау үшiн талап арызбен сотқа жүгiнуге;

     6) өзiне берiлген мүлiктi басқаруды жүзеге асыруға;

     7) лицензиялауды жүзеге асыруға;

     8) ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру қайта құру және тарату

мәселелерi бойынша ұсыныстар енгізуге;

     9) баспа қызметiн жүзеге асыруға;

     10) жазалауды орындайтын мекемелер мен органдарда төтенше оқиғалар

жағдайларына қызметтiк тексерулер жүргiзуге және олардың себептерiн

талдауға, мұндай жағдайлардың алдын алу жөнiнде шаралар қабылдауға;

     11) жазалауды орындайтын мекемелер мен органдарда айрықша жағдайлар

режимiн енгiзуге;

     12) заңмен белгіленген жағдайлар мен тәртiпте әкiмшiлiк құқық

бұзушылықтар туралы хаттамалар құрастыруға және істердi қарауға, өз

құзыретiнiң шегiнде әкiмшiлiк жазалауды қолдануға;

     13) заңдармен берiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.


     4-тарау. Әдiлет органдарының кадрлары және

              олардың құқықтық жағдайы


     27-бап. Әдiлет органдарының кадрлары



 
       1. Заң актiсiне сәйкес өзгеше мәртебе иеленетiн Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдарының, мекемелерi мен ұйымдарының қызметкерлерiн қоспағанда, Әдiлет министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгi аумақтық бөлiмшелерiнiң, ведомстволық бағынысты органдарының қызметкерлерi мемлекеттiк қызметшiлер болып табылады және оларға "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңның күшi қолданылады.
      2. Әдiлет органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген тәртiппен аттестациялауға жатады.
 

     28-бап. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң

             құқықтық жағдайы


 
 
       1. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлерi мемлекеттiк өкіметтің өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесі қызметінде немесе кадрларында тұратын адамдар қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері болып табылады.
      3. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiне олардың жеке басы мен өкілеттіктерін куәландыру үшін белгіленген үлгідегі куәліктер мен жетондар берiледi.
      4. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғау мен материалдық қамтамасыз ету заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
 
      29-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң арнайы
              атақтары мен нысанды киiмдерi
 
      1. Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi мен анықтау органдарының қызметкерлерiне атқаратын қызметiне бiлiктiлiгiне және еңбек сiңірген жылдарына сәйкес, белгiленген тәртiппен арнайы атақтар берiледi. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң арнайы атақтарының тiзбесi мен оларды берудiң тәртiбi заңдарға сәйкес анықталады.
      2. Арнайы атақтар берiлген адамдар үлгiлерi мен тиесiлiлiк нормаларын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн нысандық киiммен тегiн қамтамасыз етiледi.
      3. Арнайы атақтары бар адамдарға заңдарға сәйкес лауазымдық жалақыларына қосымша төлем белгiленедi.
 
      30-бап. Еңбектi құқықтық реттеу
 
      Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң еңбек қатынастары осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен, ал осы Заңмен және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттелмеген бөлiгiнде еңбек туралы заң актiлерiмен реттеледi.
 
      31-бап. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгi
 
      Жасаған тәртiптiк терiс қылықтары мен құқық бұзушылықтары, өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн әдiлет органдарының қызметкерлерi заң актiлерiмен белгiленген шарттар мен тәртiптi жауапкершiлiк көтередi.
 
      32-бап. Әділет органдары қызметкерлерiн материалдық және
              әлеуметтік қамтамасыз ету
 
      1. Әдiлет органдарының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін еңбекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Әдiлет органдары қызметкерлерiне ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күн жыл сайынғы демалыстар берiледi.
      3. Әдiлет органдары қызметкерлерiнiң өзгеше мәртебесi бар әдiлет органдары қызметкерлерiн материалдық және әлеуметтiк қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заң және өзге де құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
 
      33-бап. Әдiлет органдары үшiн кадрлар даярлау
 
      Әділет органдары үшiн кадрлар даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
 
      34-бап. Мәжбүрлеу шараларын қолдану
 
      1. Заңдармен көзделген жағдайларда және тәртiпте, жүктелген мiндеттердi орындау үшiн әдiлет органдарының лауазымды адамдарының жекелеген санаттарының мәжбүрлеу шараларын, оның ішiнде арнайы құралдар мен атыс қаруын қолдануға құқығы бар.
      2. Қылмыстық-атқару жүйесi қызметтері мен әдiлет анықтау органдары

 

қызметкерлерiнiң атыс қаруы мен оқ-дәрiлер ұстау мен сақтауға құқығы бар.

     3. Арнайы құралдарды, атыс қаруын қолданудың тәртiбi мен шарттары

Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен реттеледi.

     4. Қару қолданған жағдайларда әдiлет органының қызметкерi айналадағы

азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, жәбiрленушiлерге шұғыл

медициналық көмек көрсетуге және жоғары тұрған әдiлет органдарын хабардар

етуге қажеттi шаралар қолдануға міндеттi.


     5-тарау. Әдiлет органдарының ұйымдастырылуы мен

              қызмет етуiнiң өзге де мәселелерi


     35-бап. Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық

             қамтамасыз ету


     Әдiлет органдарын қаржыландыру, материалдық-техникалық қамтамасыз ету

республикалық бюджет қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.


     Қазақстан Республикасының

          Президенті




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Жұманазарова А.Б.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады