"Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 790

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш

туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан

Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


                                                      Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


    "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы"

       Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар

                           енгізу туралы



 
       "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Z990464_ Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 784-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-бапта:
      21) тармақшадағы "жергілікті атқарушы органның тиісті жылға арналған жергілікті бюджетте белгіленген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылданған шарттарда және шектеулермен жаңа заемдар тартуының шекті көлемі" деген сөздер "жергілікті атқарушы органның тиісті жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылданған шарттарда және шектеулермен жаңа заемдар тартуының шекті көлемі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "32-1) заемды қайта құрылымдау - тараптардың келісімі бойынша олардың заем туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін, қаржылық және өзге де шарттарын өзгертуі";
      4-бапта:
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "олардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару" деген сөздер "олардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір түрі бойынша жеке мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару, орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "қызмет көрсетеді," деген сөздерден кейін "бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды және сатуды," деген сөздермен толықтырылсын;
      4-тармақтың 4) тармақшасы ", бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды және сатуды және үкіметтік борышты басқаруды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-тармақтың 4) тармақшасы ", бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды және сатуды жүзеге асырады" деген сөздермен толықтырылсын;
      6-баптың төртінші абзацындағы "аймақтық" деген сөз алынып тасталсын;
      8-баптың 3-тармағының бірінші абзацында:
      "нақты" деген сөз алынып тасталсын;
      "жергілікті атқарушы органның" деген сөздерден кейін "заем туралы шарт (келісім) жасасу нысанында" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-баптың 3-тармағының екінші абзацындағы ", мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын дайындауды және жүргізуді" деген сөздер алынып тасталсын;
      "шарттардың (келісімдердің)" деген сөздердің алдынан "заем туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік бағалы қағаздардың әрбір эмиссиясының қаржылық және өзге де шарттардың мерзімін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен міндетті түрде келісілген кезде жергілікті атқарушы органның мемлекеттік бағалы қағаздар нысанында заемды тартуы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізіледі.";
      10-бапта:
      1-тармақтағы "жабуға" деген сөз "қаржыландыруға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "аймақтық" деген сөз алынып тасталсын;
      11-бапта:
      атауы ", бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "қызмет көрсетуді" деген сөздерден кейін ", бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақтағы "қызмет көрсетуді" деген сөздерден кейін ", бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік борышын өтеуді және қызмет көрсетуді, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды олар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісімі бойынша жергілікті атқарушы орган екінші деңгейдегі банк арқылы тартылған тиісті жылға арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады." деген сөздермен толықтырылсын;
      13-баптың 4-тармағының бірінші абзацы "негізгі сомасы" деген сөздерден кейін "несие берушілерге" деген сөздермен толықтырылсын;
      14-баптың 5) тармақшасы "мемлекеттік борыштың" деген сөздердің алдынан "бағалы қағаздар, бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында эмитенттің мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату жөніндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
      15-баптың 1-тармағының екінші абзацы "Мемлекеттік мекемелердің" деген сөздерден кейін "және қазыналық кәсіпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
      20-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жобаның жалпы құнын жаппайтын заемды тартқан жағдайда, ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосымша қаржыландыру жөніндегі міндеттемені қамтамасыз етуі.";
      мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:
      "25-1-бап. Мемлекет кепілдік берген заемдарды қайта құрылымдау
      Мемлекет кепілдік берген заемды қайта құрылымдау Қазақстан Республикасы Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда несие берушінің және заемшының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
      Мемлекет кепілдік берген заемды қайта құрылымдау кезінде несие

 

берушілердің талап етуі бойынша бұрын берілген мемлекеттік кепілдікті

Қазақстан Республикасының Үкіметі растауы немесе ауыстыруы мүмкін. Бұл

ретте, заемның кепілдік берілетін сомасы бұрын берілген мемлекеттік

кепілдік бойынша заемның сомасынан аспайды. Қайта берілген мемлекеттік

кепілдікке осы Заңның 18-бабының бірінші абзацында белгіленген шектеулер

қолданылмайды.".

     26-бап мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

     "4) ол мемлекет кепілдік берген заемды қайта құрылымдау кезінде

жаңасына ауыстырылса".


     Қазақстан Республикасының

     Президенті








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады