Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 маусым N 802. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.03.25. N 264 қаулысымен

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік білім тапсырысының негізінде жоғары оқу орындарының студенттік контингентін  қалыптастырудың жаңа моделі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
     1) 2, 3, 4, 5, 6-тармақтар алынып тасталсын;
     2) көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
     Жоғары оқу орындарына студенттер қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмағұлов               - Қазақстан Республикасының
Бақытжан Тұрсынұлы        Білім және ғылым бірінші вице-министрі;

Рябченко                - Қазақстан Республикасының
Олег Григорьевич          Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
                          келісім бірінші вице-министрі;

Қанаев                  - Қазақстан Республикасының
Серікжан Зиянданұлы       Білім және ғылым министрлігі
                          Әкімшілік департаментінің директоры;   

     ал:

"Бектұрғанов            - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы          Мәдениет, ақпарат және
                          қоғамдық келісім вице-министрі     

     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Бектұрғанов            - Қазақстан Республикасының
Нұралы Сұлтанұлы          Білім және ғылым министрі,
                          төраға";
     көрсетілген құрамнан Қырымбек Елеуұлы Көшербаев, Досым Қасымұлы Сүлеев және Ерлан Мұхтарұлы Арын шығарылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады