"2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысы мен "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен "С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1) Қоғам жарғысын бекiту кезiнде оның қызметiнiң негiзгi мәнi:
аграрлық сектор мен экономиканың басқа салалары үшiн жоғары біліктi мамандар даярлау және қайта даярлау;
аграрлық сектор мен экономиканың басқа салаларында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу деп айқындасын;
2) Қоғамды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн белгіленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнің 25 пайызынан аспайтын сомаға акциялардың келесi эмиссиясын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың келесi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншіктегі жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлік қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiне сәйкес жүргізсін;
3) <*>
4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн;
5) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Ескерту. 3) тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.08.03. N 829 қаулысымен .
3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбiр шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2001 жылғы 15 маусымдағы
N 821 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Yкiметінің кейбiр шешімдерiне
енгiзілетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншікке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi:
"Астана қаласы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-13-жолмен толықтырылсын:
"21-13. "С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi" ЖАҚ".
3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесіндегі:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-13-жолмен толықтырылсын:
"222-13. С.Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университетi" ЖАҚ".
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28 N 1111 қаулысымен.