Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы N 824 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1120 қаулысымен.

      "Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі N 545  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
      12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өз құзыреті шегінде әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

     

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады