"Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 28 маусым N 887

      "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу болып белгіленсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын берсін; 
      3) <*> 
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
       Ескерту. 3)-тармақша алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.12.13. N  1633 қаулысымен.  
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: 
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N  405
қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 
      "Атырау облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-1-жолмен толықтырылсын: "145-1. "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ" ААҚ"; 
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N  659 қаулысына: 
      көрсетілген қаулыға қосымшада: 
      "Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын: 
      "44. "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ" ААҚ"; 
      3) <*>
       Ескерту. 3)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1105 қаулысымен.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады