Дизельдік отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 шілде N 908

      Ел экономикасының мұқтаждары үшін дизельдік отынның қажетті қорын жасау мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы кеден қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 20 шілдедегі Z952368_ Заңының 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2001 жылғы 1 желтоқсанға дейін тұрмыстық пеш отынынан басқа дизельдік отынды (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 610 - 2710 00 690) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын. <*>
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.29. N 1268
               қаулысымен. P011268_
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Облыстардың әкімдері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен бірлесіп 2001 жылғы 20 тамыздан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметіне республика ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизельдік отынмен қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы ақпарат беріп отырсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Энергетика және 
минералдық ресурстар министрі В.С.Школьникке жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және 
жариялануға тиіс.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
 

Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.
         
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады