Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген резервінен "Қарағанды көмір шахтасы" жабық үлгідегі акционерлік қоғамына оның бірінші кезектегі несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындау үшін қаржылық
көмек көрсетуге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 83 000 000
(сексен үш миллион) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Икебаева А.Ж.