1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегі салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесi бекiтiлсiн.
2. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң қазынашылық органдарының шоттарынан уақытша бос ақшаны Қазақстан Республикасының банктерiндегi салымдарға орналастыруының тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451 P980451_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1998 ж, N 15, 131-құжат);
2) "Қазынашылық органдарының шоттарындағы уақытша бос ақша қалдықтарын салымға орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 20 қазандағы N 1061 P981061_ қаулысының 4-тармағының;
3) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 18 мамырдағы N 451
қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы 25 ақпандағы N 172 P990172_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 6, 44-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 11 шілдедегі N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінің уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) орналастыруының ережесi
Осы Ереже "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 сәуiрдегi Z990357_ Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң уақытша бос бюджеттiк ақшаны қазынашылық органдарының шоттарынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiндегi салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрi - банктiк салым) орналастыруының тәртiбiн айқындайды.
1. Жалпы ережелер
1. Қазынашылық органдарының шоттарынан тартылған уақытша бос бюджет ақшасын орналастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлік) мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Банк) арасында жасалатын банктiк салым шарты (бұдан әрi - Шарт) негiзiнде оларды тиiмдi пайдалану және республикалық бюджетке кiрiстер алу мақсатында Министрлiк жүзеге асырады.
2. Уақытша бос бюджет ақшасын банктiк салымдарға
орналастыру мерзімі және сомалары
2. Банктiк салымдарға орналастырылатын бос бюджет ақшаларының ұлттық валютадағы да, шетел валютасындағы да нақты сомасын Министрлiк айқындайды.
3. Мерзiмдi банктік салымдарды орналастырудың бастапқы мерзiмi үш күнтiзбелiк айдан аспауы тиiс және келесi мерзiмiн ұзартулар үш айдан аспайтын мерзiмге жол берiледi.
4. Қазынашылық органдарының шоттарында дебет сальдосын болдырмау мақсатында Шартты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Министрлiк бiр жақты тәртiппен бұзуы және банктiк салым қазынашылықтың шоттарына қайтарылуы мүмкiн.
5. Шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда банктiк салымды есептелген
сыйақымен қайтару мерзiмi тараптардың келiсiмi бойынша, талаптар түскен күндi қоса алғанда, 5 банктiк күннен кешiктiрiлмей Шартта белгiленедi. 3. Сыйақыны есептеу 6. Министрлiк уақытша бос бюджеттiк ақшаны банктiк салымдарға орналастыру кезiнде сыйақының ставкасы Шарт жасасқан күнге айқындалады. 7. Шарт жасасқан кезде сыйақы ставкасы рынок конъюнктурасын және Банк ұсынысын ескере отырып белгiленедi. 4. Сыйақыны төлеу шарттары 8. Шарттың мерзiмi өткеннен кейiн Банк банктiк салымның сомасын Шартта айтылған деректемелер бойынша Министрлiкке қайтарады, ал сыйақыны Шартқа сәйкес Шартта айтылған деректемелер бойынша республикалық Бюджеттiң кiрiсiне аударады. 9. Сыйақы сомасы Шартта көзделген ставкаға сәйкес есептеледi. 10. Есептелген сыйақымен банктiк салымды қайтару мерзiмiн бұзған кезде Шарттың ережелерiне сәйкес Банк Министрлiкке тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсiмақы) төлейдi. 5. Қорытынды ережелер 11. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi. Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.