1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің "Қазақстан Халықтық банкі" ашық акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі - Банк) салымға Банктің "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасымен 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомада несие ресурстарын беруі шартымен қазынашылық органдарының шотынан 5 000 000 (бес миллион) АҚШ долларына баламды сомадағы уақытша бос ақшаны заңдарда белгіленген тәртіппен орналастыратыны назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментіне осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ақшаны сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша және Банк салым бойынша міндеттемелерді (кепілді) қамтамасыз етпестен орналастыруға рұқсат берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
департаменті орналастырылған ақшаның қайтарылуын қамтамасыз етсін. 4. <*> Ескерту. 4-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.07.11. N 943 қаулысымен. P010943_ 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі