Қатонқарағай мемлекеттiк ұлағаттық табиғат паркiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнің қаулысы 2001 жылғы 17 шілде N 970

      Ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және рекреациялық бағалы Оңтүстiк Алтайдың бiрегей табиғат кешендерiн сақтап қалу және қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Берiл және Қатонқарағай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерi оларды "Қатонқарағай мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi" мемлекеттiк мекемесiне (бұдан әрi - Мекеме) қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Мекемеге әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен Берiл және Қатонқарағай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк мекемелерiне тиесiлi жалпы алаңы 515538 гектар жер учаскелерiне арналған тұрақты жер пайдалану құқығы берiлсiн. Мекемеге Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының жер қорынан жалпы алаңы 127939 гектар жер учаскелерi тұрақты пайдалануға қосымша берiлсiн.
      3. Мекеменiң жерлерi - ерекше қорғалатын табиғат аумақтары жерлерi санатына, ал осы аумақтағы ормандар - қорғалатын "мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң ормандары" санатына жатқызылсын.
      4. Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Мекеменiң жерлерiн ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшiн осы аймақтың шегiнде мемлекеттiк табиғи-қорықтық қордың объектiлерiн сақтауға және ұдайы өндiруге терiс әсер ететiн кез келген қызметке тыйым сала отырып, оның сыртқы шекарасы бойымен қорғау аймағын белгiлесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөнiндегi агенттiгi белгiленген тәртiппен жергiлiктi жердегi Мекеме жерлерiнiң шекараларын анықтасын.
      6. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      1) екi ай мерзiмде Мекеме туралы ереженi бекiтсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
      7. Мекеменi қаржыландыру республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын ұстауға көзделген қаражат есебiнен және сома шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн.
      8. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетi мен оның қарауындағы жекеленген ұйымдардың мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198 P000198_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи

ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi Орман, балық және 
аңшылық шаруашылығы комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
     "Іле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi" мемлекеттiк мекемесi" 
деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
     "Қатонқарағай мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi" мемлекеттiк мекемесi";
     2) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
     1-бағандағы:
     "50. "Берiл орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
     61. "Қатонқарағай орман шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк 
кәсiпорны" деген жолдар алынып тасталсын;
     2-бағандағы:
     "44. Берiл орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мемлекеттiк 
мекемесi
     54. Қатонқарағай орман және жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi 
мемлекеттiк мекемесi" деген жолдар алынып тасталсын.
     9. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Жұманазарова А.Б. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады