"Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 20 шілде N 984

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                        Жоба


                    Қазақстан Республикасының Заңы


       Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк

                             оңалту туралы


     Осы Заң оны көрсету кезiндегi азаматтар құқықтарының кепiлдiктерiн

қоса алғанда, нашақорлықпен ауыратын науқастарды әлеуметтiк оңалту

саласындағы мемлекеттiк саясаттың медициналық, әлеуметтiк, құқықтық және

ұйымдастырушылық негiздерiн реттейдi.


                              1-тарау


                           Жалпы ережелер


                        1-бап. Негізгі ұғымдар


     Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:


 
       1) нашақорлықпен ауыратын науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалту - науқасты жұмысқа бейiмдеу, отбасылық және қоғамдық өмiрге қосу үшiн медициналық, әлеуметтiк және еңбек iс-шараларын кешендi түрде пайдалана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтiруге бағытталатын наркологиялық көмектiң негiзгі кезеңдерiнiң бiрi;
      2) наркологиялық ұйымдар - заңмен белгiленген тәртiп бойынша нашақорлықпен ауыратын адамдарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететiн диспансерлер, ауруханалар, орталықтар, бөлiмдер немесе кабинеттер;
      3) наркологиялық көмек - психикалық белсендi заттарды пайдалану салдарынан психикалық және мiнез-құлықтық бұзылуларымен (маскүнемдiк, нашақорлық, уытқұмарлық) ауыратын науқастарды диагностикалау, емдеу, медициналық және әлеуметтік оңалту, наркологиялық бұзылулардың алдын алу;
      4) психикалық белсендi заттар - бiр рет қабылдаған кезде көңiл-күйдi, өзiн-өзi сезiнудi, айналасын ұғынуды, тәндiк күйдi, мiнез-құлықты өзгертуге, ал жүйелi түрде қабылдаған кезде психикалық немесе тәндiк тәуелдiлiктi туғызуға қабiлеттi қайсыбiр химиялық зат.
 
                  2-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселе
 
      1. Осы Заң нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк

 

оңалтуды ұйымдастыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және оны

көрсету кезiндегi азаматтар құқықтарының кепiлдiктерiн белгiлейдi.

     2. Осы Заң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары емес болып

табылатын нашақорлықпен ауыратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы

шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға таратылады.


      3-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк      

                  оңалту саласындағы мемлекеттiк саясат


     Қазақстан Республикасының нашақорлықпен ауыратын науқастарды

медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк саясаты:

     заңдылық, iзгiлiк, адамның және азаматтың құқықтарын сақтау;

     нашақорлықтан зардап шегетiн адамдарды қолайлы медициналық-әлеуметтiк

оңалту көрсетумен қамтамасыз ету;

     наркологиялық көмек беру кезiнде азаматтардың әлеуметтiк қорғалуы

қағидаттарының негiзiнде жүргiзіледi.


      4-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік

       оңалту орталықтарына (бөлiмшелерiне) жiберу негiзi, тәртiбi


     Медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарына (бөлiмшелерiне) жiберу

үшiн негiз:


 
       1) нашақорлықтан зардап шегетін науқастардың наркологиялық ұйымдарында (стационарлық және амбулаториялық буын) қол жеткiзiлген табыстарды бекіту қажеттілігі;
      2) науқасты жұмысқа бейiмдеу, отбасылық және қоғамдық өмiрге қосу үшiн кешендi медициналық-әлеуметтiк және еңбек iс-шараларын жүргiзу қажеттілiгi болып табылады.
      Нашақорлықпен ауыратын адамдарды жiберу тәртiбiн, нашақорлықтан зардап шегетiн науқастарды медициналық-әлеуметтiк оңалту орталықтарында (бөлімшелерiнде) ұстау шарттары мен оларға көрсетiлетiн көмектiң көлемiн Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органы белгiлейдi және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен реттеледi.
 
         5-бап. Нашақорлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтiк
              оңалтуды қажет ететiн адамдардың наркологиялық
                       ұйымдарға өз еркiмен жүгiнуi
 
      1. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды емдеу медициналық-әлеуметтiк оңалту, олар медициналық көмек үшiн наркологиялық ұйымдарға жүгiнген жағдайда, ерiкті (қажет болған жағдайда жасырын) түрде жүргiзiледi.
      2. Нашақорлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамды медициналық-әлеуметтiк оңалту олардың заңды өкiлдерiнiң келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
 
         6-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары
 
      1. Нашақорлықпен ауыратын адамдардың оларды медициналық-әлеуметтiк оңалту кезiнде:
      1) білікті медициналық көмек алуға;
      2) наркологиялық ұйымды таңдауға;
      3) өзiнiң құқықтары туралы және өздеріндегі наркологиялық бұзылулар мен қолданылатын емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
      4) медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда - тұратын жері бойынша жүргізуге құқығы бар.
      2. Нашақорлықтан зардап шегетiн адамның немесе оның заңды өкiлiнiң ұсынылған медициналық-әлеуметтiк оңалтудан оның кез келген сатысында бас тартуға құқығы бар.
      3. Медициналық-әлеуметтiк оңалтудан бас тартқан адамға, не оның заңды өкiлiне оңалту iс-шараларын тоқтатудың мүмкiн болатын зардаптары түсiндiрiлуi тиiс. Мүмкiн болатын зардаптар туралы мәлiметтердi көрсете отырып, медициналық-әлеуметтiк оңалтудан бас тарту нашақорлықпен ауыратын адамның немесе оның заңды өкiлiнiң және психиатр-нарколог дәрiгердiң қол қоюымен медициналық құжаттамадағы жазбамен ресiмделедi.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда нашақорлықпен ауыратын адамдардың құқықтары мен еркiндiктерiн тек нашақорлық диагнозының болуы, наркологиялық ұйымда диспансерлiк қадағалауда болу фактiсi негiзiнде шектеуге жол берiлмейдi.
 
                7-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды
          медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк
                         органдардың құзыреттерi
 
      1. Қазақстан Республикасының Yкiметi:
      1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты әзiрлейдi;
      2) нашақорлықпен ауыратын науқастарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы бағдарламаларды бекiтедi.
      2. Қазақстан Республикасының азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орталық атқарушы органы:
      1) нашақорлықпен ауыратын науқастарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
      2) нашақорлықпен ауыратын науқастарды медициналық-әлеуметтiк оңалту стратегиясын әзірлейді және оның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
      3) қоғамдық бiрлестiктермен, жеке медициналық практикамен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi үйлестiру мен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      4) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту орталықтарына (бөлiмшелерiне) жіберудің тәртібі мен негізін белгілейді;
      5) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту

 

саласындағы мамандарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды қамтамасыз

етедi.

     3. Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар:

     1) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту

саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

     2) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалту

жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды әзiрлейді, бекiтедi және iске асырады;

     3) нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалтуды

жүргiзу және оларды еңбекке орналастыру үшiн жағдай жасайды.


                              2-тарау


      Медициналық-әлеуметтік оңалтуды мемлекеттік қамтамасыз ету

     және оны көрсету кезінде адам құқықтарын сақтау нашақорлықпен

    ауыратын адамдарды әлеуметтік оңалту жөніндегі қызметті бақылау


          8-бап. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық

         әлеуметтік оңалтудың толықтығы мен сапасын қамтамасыз

          етуді бақылау және оны жүргiзген кезде заңдылықтың

                       сақталынуын қадағалау



 
       1. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтiк оңалтудың толықтығы мен сапасын және оны қамтамасыз ететін мамандардың кәсіптік қызметіне бақылауды азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті орталық атқару органы

 

жүзеге асырады.

     2. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту

кезінде заңдылықтар мен адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды

Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүзеге асырады.


             9-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк


     Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының

заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленедi.


                     10-бап. Халықаралық шарттар


     Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы

Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi

қолданылады.


        11-бап. Наркологиялық көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды

                           қаржыландыру


     Наркологиялық көмек көрсету жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру:

     1) тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiндегi мемлекеттiк

тапсырыс шеңберiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттер қаражатының

есебiнен немесе мамандандырылған мемлекеттiк мекемелер ұстау арқылы;

     2) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де

көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.



     Қазақстан Республикасының

             Президентi



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады