Қазақстан-Британ техникалық университетін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 3 тамыз N 1027

      Қазақстан-Британ университетін құру туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Британ Кеңесі арасындағы Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 388 P010388_ қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі
                                ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 
      1. Жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Қазақстан-Британ техникалық университеті" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі мәні техникалық мамандықтар бойынша жоғары кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып анықталсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) оны орналастыру үшін Алматы қаласында Төле би көшесі, N 59 ғимаратын бөлу есебінен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастырсын;
      2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі - Министрлік) бірлесіп, белгіленген тәртіппен Қоғамның жарғысын бекітсін және мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) Министрлікке Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және оны пайдалану құқығын беруді жүзеге асырсын;
      4) Министрлік пен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі әріптестері арасында, олардың Қоғамға қатысу шарттары туралы уағдаластыққа қол жеткеннен кейін акциялардың келесі эмиссиясын шығару жолымен жарғылық капиталын ұлғайту және көрсетілген әріптестерге олар Қоғамның жарғылық капиталына енгізген мүлігінің мөлшерінде акциялар беру шараларын қабылдасын.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.03. N 1396 P011396_
               қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі N 405 P990405_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      "Алматы қаласы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-50-жолмен толықтырылсын:
      "123-50. "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ";
      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 P990659_ қаулысына:
      Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де

 

мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы

акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік

үлестерінің тізбесінде:

     "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" бөлімі

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-15-жолмен толықтырылсын:

     "Қазақстан-Британ техникалық университеті" АҚ".

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады