"Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 тамыз N 1031

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



                                                               Жоба



 
                   Қазақстан Республикасының Заңы
 
        Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының
       Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының
         Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы
    Азаматтардың өзара визасыз сапарлары туралы келісімді бекіту туралы
 
      Минск қаласында 2000 жылғы 30 қарашада жасалған Беларусь

 

Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз

Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан

Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз сапарлары

туралы келісім бекітілсін.


     Қазақстан Республикасының

            Президенті


    Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі,  

     Қырғыз Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және    

      Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара     

                         визасыз сапарлары туралы

                                 Келісім



 
       Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Yкiметi, Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкіметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi,
      Тараптар мемлекеттерi арасындағы достық, iзгi көршiлiк қатынастарды дамытуды экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, мәдени және өзге де байланыстарды нығайтуды мақсат тұта отырып,
      Тараптар мемлекеттерi арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрi нығайту үшiн қажеттi шаралар қабылдауға қатысты өзара мүдделiлiктi негiзге ала отырып,
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтары бойынша азаматтардың өзара сапарларының шарттарын барынша жеңiлдету ниетiн басшылыққа ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Тұрғылықты жерiне қарамастан Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары осы Келiсiмнiң NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында көрсетілген қолданыстағы құжаттардың бiрi бойынша Тараптар мемлекеттерiнiң аумақтарына визасыз келуге, кетуге, транзитпен өтуге, жүрiп-тұруға және онда болуға құқылы.
      Тараптар осы Келiсiмге қол қойғаннан кейін осы Келісімнің NN 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларында санамаланған құжаттардың үлгiлерiн дипломатиялық арналар бойынша кiдiрiссiз алмасады.
 
                                2-бап
 
      Тараптар мемлекеттерiнің азаматтары халықаралық қатынас үшін ашылған өткiзу пункттері арқылы Тараптар мемлекеттерiнiң әрқайсысының аумағына келе алады және осы аумақтан кете алады.
      Тараптар осы Келісімге қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүріп-тұруы үшін ашылған өткізу пункттерінің тізімдерін дипломатиялық арналар бойынша алмасады.
 
                                3-бап
 
      Тараптар шекараны кесiп өту құқығына арналған қолданыстағы және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес ресімделген құжаттары бар Тараптар мемлекеттерi азаматтарын халықаралық қатынас үшiн ашылған өткiзу пункттерiнде үшіншi мемлекеттерге өткiзуге мiндеттенедi және Тараптар мемлекеттерiнiң құзыреттi органдары келуiне тыйым салған адамдардың үшiншi мемлекетке өтуiне жол бермеу үшiн шаралар қабылдайтын болады.
 
                                4-бап
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың төтенше жағдайларда, атап айтқанда, олардың қауіпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне немесе халықтың денсаулығын сақтауға қауіп төндiретiн жағдайларда өздерiнiң шекаралары мен аумақтарын қорғау жөнiнде ерекше шаралар қолданатын құқықтарына ықпал етпейдi. Мұндай жағдайда мүдделi Тарап Тараптар мемлекеттерi азаматтарының келуiне, кетуiне, болуына, жүріп-тұруына және транзиттiк жол жүруiне қатысты уақытша шектеу енгiзуі мүмкiн, аталған шектеулер қолданысқа енгiзiлерден 78 сағат бұрын бұл туралы қалған Тараптар дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
 
                                5-бап
 
      Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану саласына қатысты мәселелер бойынша, оның iшiнде құжаттарды иеленушiлердiң жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын қолданыстағы құжаттар туралы, оларды беру мен пайдаланудың тәртiбiндегi өзгерiстер туралы. Тараптар мемлекеттерi аумақтарында шетел азаматтарының болуының ережелерi туралы, сондай-ақ тиiстi заңдық және өзге де нормативтiк-құқықтық актiлер туралы бiр-бiрiне тұрақты түрде хабарлайды.

 

     Жаңа құжаттар енгiзiлген немесе осы Келiсiмнiң NN 1, 2, 3, 4 және

5-қосымшаларында аталған құжаттарға өзгерiстер енгiзілген жағдайда

Тараптар оларды қолданысқа енгiзерден 30 күн бұрын дипломатиялық арналар

бойынша олардың үлгiлерiмен алмасатын болады.


                               6-бап


     Осы Келiсімнiң ережелерiн немесе Тараптар мемлекеттерiнiң

аумақтарында болу ережелерiн бұзған Тараптар мемлекеттерiнiң азаматтары

аумағында заңсыздық жасалған Тарап мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес жауапты

болады.


                               7-бап



 
       Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын хаттамалармен ресiмделедi.
 
                                8-бап
 
      Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады.
      Әрбiр Тарап депозитарийі болып табылатын Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетiне шығатын күнiнен 90 күн бұрын өзiнiң Келiсiмнен шығу ниетi туралы жазбаша хабарлама жiберу арқылы Келiсiмнен шыға алады.
      Осы Келiсiм, егер Тараптардың бiрi Келiсiмге қатысушылардың бiрiне

 

немесе бiрнешеуiне қатысты келiсiмде мазмұндалғаннан ерекшеленетiн

азаматтардың сапарлары режимiне көшудi қажет деп тапса, оның осындай

құқығын шектемейдi. Мұндай жағдайда қалған Тараптар қабылданған шешiм

туралы хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған кезден бастап 30

күн iшiнде Келісiм бойынша олардың мiндеттемелерi қандай деңгейде

орындалатындығын шешу үшін консультациялар өткiзедi.


                               9-бап


     Осы Келісім барлық Тараптардың келісімімен кез келген мемлекеттің

қосылуы үшін ашық.


                              10-бап



 
       Осы Келiсім қол қойылған кезден бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама депозитарийге түскен күннен бастап күшiне енедi.
 
      Минск қаласында 2000 жылғы 30 қарашада беларусь, қазақ, қырғыз, орыс және тәжiк тiлдерiнде бiр түпнұсқа дана болып жасалды және де барлық мәтiндердің күшi бiрдей.
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.
 
      Осы Келiсiмнiң түпнұсқа данасы оған қол қойған мемлекеттерге оның

 

куәландырылған көшiрмелерiн жiберетiн Беларусь Республикасының, Қазақстан

Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және

Тәжiкстан Республикасының Интеграциялық Комитетiнде сақталады.


Беларусь Республикасының Yкiметi үшiн


Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн


Қырғыз Республикасының Yкiметi үшiн


Ресей Федерациясының Yкiметi үшiн    


Тәжікстан Республикасының Yкiметi үшiн    




                                Беларусь Республикасының Үкiметi,



                                Қазақстан Республикасының Үкiметi,

                                Қырғыз Республикасының Үкiметi,

                                Ресей Федерациясының Үкiметi және

                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi

                                арасындағы азаматтардың өзара

                                визасыз сапарлары туралы келiсім

                                жобасының N 1 қосымшасы



 
 
                        БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫ

 

                       ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI


     1. Беларусь Республикасы азаматының 1993 жылғы үлгідегi паспорты.

     2. Беларусь Республикасы азаматының 1996 жылғы үлгiдегi паспорты.

     3. Беларусь Республикасының азаматтығына қатыстылығы туралы белгiсi

бар, 1974 жылғы үлгiдегi КСРО азаматының қолданыстағы паспорты.

     4. Шетелге жол жүру үшiн белгiленген тәртiппен ресiмделген КСРО-ның

шетелдiк паспорты.

     5. Дипломаттық паспорт.

     6. Қызметтiк паспорт.

     7. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).

     8. Iссапар куәлiгі, нұсқама немесе демалыс куәлiгі болған жағдайда,

жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери

билетi.

     9. Теңiзшiнiң жеке басының ұлттық куәлiгi (кеме журналында жазбасы

немесе одан көшiрмесi болған жағдайда).

     10. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруi кезiнде).

     11. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     12. Беларусь Республикасына оралуға арналған куәлік (Беларусь

Республикасына оралу үшiн ғана).



                                Беларусь Республикасының Үкiметi,



                                Қазақстан Республикасының Үкiметi,

                                Қырғыз Республикасының Үкiметi,

                                Ресей Федерациясының Үкiметi және

                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi

                                арасындағы азаматтардың өзара

                                визасыз сапарлары туралы келiсім

                                жобасының N 2 қосымшасы



 
 
                        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                        ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI
 
      1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты.
      2. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.
      3. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты.
      4. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі.
      5. Қазақстан Республикасы азаматының уақытша жеке куәлігі (УК).
      6. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).
      7. Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәлік.
      8. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан көшiрмесi болған жағдайда).
      9. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба болған жағдайда).
      10. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы құрамындағы жол жүруi кезiнде).
      11. Iссапар куәлiгі, нұсқама немесе демалыс куәлiгі болған жағдайда, жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери билетi.
 

                                Беларусь Республикасының Үкiметi,



                                Қазақстан Республикасының Үкiметi,

                                Қырғыз Республикасының Үкiметi,

                                Ресей Федерациясының Үкiметi және

                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi

                                арасындағы азаматтардың өзара

                                визасыз сапарлары туралы келiсім

                                жобасының N 3 қосымшасы



 
 
                         ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ

 

                       ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI


     1. Қырғыз Республикасы азаматының паспорты.

     2. 2003 жылғы 1 қаңтарға дейiн Қырғыз Республикасының азаматтығы

туралы белгiсi бар 1974 жылғы үлгiдегі КСРО паспорты.

     3. Қырғыз Республикасының дипломаттық паспорты.

     4. Қырғыз Республикасының қызметтiк паспорты.

     5. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).

     6. Қырғыз Республикасына оралуға арналған куәлiк.

     7. Іссапар куәлiгi, нұсқама немесе демалыс куәлiгi болған жағдайда,

жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери

билетi.

     8. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     9. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруi кезiнде).

     10. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан

көшiрмесi болған жағдайда).



                                Беларусь Республикасының Үкiметi,



                                Қазақстан Республикасының Үкiметi,

                                Қырғыз Республикасының Үкiметi,

                                Ресей Федерациясының Үкiметi және

                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi

                                арасындағы азаматтардың өзара

                                визасыз сапарлары туралы келiсім

                                жобасының N 4 қосымшасы



 
 
                          РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ

 

                       ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI


     1. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы жапсырмасы, анықтамасы

(белгісі) немесе Ресей азаматтығына қатыстылығы туралы мәтіні немесе 1992

жылғы 6 ақпандағы жай-күйі бойынша Ресей Федерациясының аумағында

тіркелгендігі (тұрақты тіркелгендігі) туралы мөртабаны бар КСРО азаматының

паспорты.

     2. Ресей Федерациясы азаматының паспорты.

     3. Ресей Федерациясы азаматының уақытша жеке куәлігі.

     4. Тууы туралы куәлiк (14 жасқа толмаған балалар үшiн).

     5. Iссапар куәлiгі, нұсқама немесе демалыс куәлiгі болған жағдайда,

жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери

билетi.

     6. Дипломаттық паспорт.

     7. Қызметтік паспорт.

     8. Шетелдік паспорт (Ресей Федерациясының символикасы бар).

     9. Ресей Федерациясының азаматтығы туралы жазбасы немесе белгісі бар

КСРО символикасы бейнеленген жалпы азаматтық шетелдік паспорт.

     10. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан

көшiрмесi болған жағдайда).

     11. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     12. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруi кезiнде).

     13. Ресей Федерациясына оралуға арналған куәлік.



                                Беларусь Республикасының Үкiметi,



                                Қазақстан Республикасының Үкiметi,

                                Қырғыз Республикасының Үкiметi,

                                Ресей Федерациясының Үкiметi және

                                Тәжiкстан Республикасының Yкiметi

                                арасындағы азаматтардың өзара

                                визасыз сапарлары туралы келiсім

                                жобасының N 5 қосымшасы



 
 
                        ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
                        ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ТIЗБЕСI
 
      1. Тәжікстан Республикасының дипломаттық паспорты.
      2. Тәжікстан Республикасының қызметтік паспорты.
      3. Тәжікстан Республикасының шетелдік паспорты.
      4. Тәжікстан Республикасы азаматының паспорты.
      5. Тәжікстан Республикасының аумағында тіркелгендігі туралы белгісі бар (2004 жылғы 31 желтоқсанға дейін) 1974 жылғы үлгідегі КСРО азаматының паспорты.
      6. Тәжікстан Республикасына оралу үшін ғана (2003 жылғы 1 сәуірге

 

дейін) 1998 жылғы 1 сәуірге дейін берілген, Тәжікстан Республикасының

азаматтығы туралы жазбасы немесе белгісі бар  КСРО үлгісіндегі

дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорт.

     7. Тууы туралы куәлiк (16 жасқа толмаған балалар үшiн).

     8. Әуе кемесi экипажы мүшесiнiң ұшу куәлiгi (ұшу тапсырмасында жазба

болған жағдайда).

     9. Темiржол көлiгi қызметкерiнiң жеке куәлiгi (поезд бригадасы

құрамындағы жол жүруi кезiнде).

     10. Тәжікстан Республикасына оралу туралы куәлік.    

     11. Iссапар куәлiгі, нұсқама немесе демалыс куәлiгі болған жағдайда,

жеке куәлiк, әскери қызметтi өткерiп жатқан әскери қызметкердiң әскери

билетi.

     12. Теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазбасы немесе одан

көшiрмесi болған жағдайда).



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Жұманазарова А.Б.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады