Мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану және Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын шетелдегі жылжымайтын объектілерінің тізбесін кеңейту жөніндегі белгіленген жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Вильнюс қаласы, Акмену көшесі 7, мекен-жай бойынша орналасқан Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қызметтік ғимаратын сату туралы ұсынысына келісім берілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Литва Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратын 3500000 (үш миллион бес жүз мың) АҚШ долларынан кем емес сомаға сатуды жүзеге асырсын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, 2001 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде Вильнюс (Литва Республикасы) қаласындағы жер учаскесін сатып алу және Қазақстан Республикасының Литва Республикасы мен Түрік Республикасындағы елшіліктерінің ғимараттары құрылысын салу жөніндегі ұсынысын енгізсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын
шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.