Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 тамыз N 1062

      Жалпы пайдаланудағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарымен көлік құралдарының іркіліссіз және қауіпсіз жүрісін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Павлодар облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында, соның ішінде "Қалқаман -

Майқайың - Баянауыл - облыс шекарасы" автомобиль жолында жөндеу жүргізуге 
109 (бір жүз тоғыз) миллион теңге бөлінсін.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды 
қамтамасыз етсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі
     
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.
     Қасымбеков Б.А.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады