Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық
жіктемесін жасау туралы Локарно келісіміне қосылуы туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті
Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
жоба
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін
жасау туралы Локарно келісіміне қосылуы туралы
Локарно қаласында 1968 жылғы 8 қазанда қол қойылған Өнеркәсіптік
үлгілердің халықаралық жіктемесін жасау туралы Локарно келісіміне
Қазақстан Республикасы қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық
жіктемесін жасау туралы
Локарно келісімі
1968 жылы 8 қазанда Локарнода қол қойылған
1-бап
Арнайы одақты құру; Халықаралық жiктеменi қабылдау
(1) Осы Келiсiмдi қолданатын елдер Арнайы одақ құрады.
(2) Олар бiрыңғай өнеркәсiп үлгiлерiн жiктеменi қабылдайды (бұдан әрi
"Халықаралық жiктеме").
(3) Халықаралық жiктемеге енетiндер:
(i) топтар мен қосалқы топтардың тiзiмi;
(іі) өнеркәсiп үлгiлерi жинақталған тауарлардың алфавиттiк тiзiмi, онда олардың жатқызылатын топтары мен қосалқы топтары қоса көрсетiледi;
(ііі) түсіндiрме.
(4) Топтар мен қосалқы топтардың рет санының Келiсiмге тiркелетiн тiзімі болады, ол 3-баптың негiзiнде құралған Сарапшылар комитетiне өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып енгiзiледi (бұдан әрi
1 "Сарапшылар комитетi") .
(5) Тауарлардың алфавиттiк тiзiмі мен түсiндiрменi 3-бапта белгiленген рәсiм бойынша Сарапшылар комитетi қабылдайды.
(6) Халықаралық жiктеме 3-бапта тағайындалған рәсiмге сәйкес Сарапшылар комитетiнде өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.
(7)(а) Халықаралық жiктеме ағылшын және француз тiлдерiнде жасалады.
(b) Халықаралық жiктеменiң ресми мәтiнi ынта бiлдiрген үкiметтермен кеңескен соң Дүниежүзiлiк санаткерлiк меншiк ұйымын құрған (бұдан әрi "Ұйым" делiнедi), Конвенцияда айтылған, санаткерлiк меншiктiң Халықаралық бюросымен (бұдан әрi "Халықаралық бюро" делiнедi) 5-бапта айтылғандай, Ассамблеяның айқындауымен басқа тiлдерде жасалады.
__________________
1 Локарно дипломатиялық конференциясымен қабылданған топтар мен қосалқы топтардың тізімі кейінірек Сарапшылар комитетімен өзгертілді, сондықтан да осы мәтінге қосымша ретінде берілген жоқ.
2-бап
Халықаралық жiктеменi қолдану мен оның заңдық маңызы
(1) Осы келiсiм жүктеген жағдайлар ескерiле отырып, Халықаралық жiктеме айрықша әкiмшiлiк сипатқа ие болады. Оның үстiне әрбiр ел өзiне қажетті деген тиісті заңдық маңыз береді. Мәселен, Халықаралық жіктеме Арнайы одақтың елдерiн бұл елдердегi өнеркәсіптік үлгілерді қорғау мен оның түрлеріне қатысты байланыстырмайды.
(2) Арнайы одақтың әрбiр елi Халықаралық жiктеменi негiзгi немесе қосымша жүйе ретiнде пайдалану құқығын өзiнде қалдырады.
(3) Арнайы одақтың елдерi ведомстволары Халықаралық жiктеменiң топтар мен қосалқы топтарының нөмiрлерiн негiзге алады, оған өнеркәсіптiк үлгiлер жинақталған тауарлар, өнеркәсіп үлгiлерін депонирлеу немесе тiркеу туралы ресми құжаттар, ал ол ресми жарияланған болса - осы жарияланымдар жатқызылады.
(4) Тауарлардың алфавиттiк тiзiмiне қосу үшiн атауларды ірiктегенде Сарапшылар комитетi айрықша құқықтың пәнi болып табылатын атауларды пайдаланудан бойын аулақ салуға ерекше назар аударады. Соған қарамастан кез келген терминдi алфавит тiзiмiне енгiзу сол термин айрықша құқықтың пәнi болып табыла ма, жоқ па, ол Сарапшылар комитетiнiң пiкiрi ретiнде кедергi бола алмайды.
3-бап
Сарапшылар комитетi
(1) Халықаралық бюро жанынан Сарапшылар комитетi құрылады, оған 1(4), 1(5) және 1(6) баптарда көрсетiлген мiндеттер жүктеледi. Арнайы одақтың әрбiр елi Сарапшылар комитетiне ұсынылады, оның қызметі рәсiм ережесiмен айқындалып, ұсынылған елдердiң жай басым дауысымен қабылданады.
(2) Сарапшылар комитетi алфавиттiк тiзiм мен түсiндiрменi Арнайы одақ елдерiнiң жай басым даусымен қабылдайды.
(3) Халықаралық жiктемеге өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы ұсыныстарды Арнайы одақтың кез келген елiнiң ведомствосы немесе Халықаралық бюро енгiзе алады. Қандай да бiр ведомстводан туындаған кез келген ұсыныс осы ведомствомен Халықаралық бюроға жолданады. Ведомство мен Халықаралық бюро ұсыныстары Комитеттiң осы ұсыныстары қарайтын сессиясы басталмастан кемiнде екi ай бұрын Сарапшылар комитетiнiң мүшелерiне таратылады.
(4) Халықаралық жiктемеге қатысты өзгертулер мен толықтырулар енгiзуге байланысты Сарапшылар комитетiнiң шешiмi Арнайы одақ елдерінің жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Сонымен бiрге егер шешiм жаңа топты құру немесе тауарды бiр топтан екiншiсiне ауыстыруға қатысты болса, онда бiрауыздылық керек.
(5) Әрбiр сарапшы хат алмасу арқылы дауыс беруге құқылы.
(6) Егерде ел Сарапшылар комитетiнiң мәжiлiсiне өз өкiлiн тағайындамаса немесе егер сарапшы Сарапшылар комитетiнің тағайындалған рәсiм ережесi бойынша белгiленген сессия жүрiп жатқан уақытта дауыс бермесе, онда аталған ел Комитеттiң шешiмiн қабылдады деп есептелінеді.
4-бап
Хабарлама, жiктеменi жариялау, оған өзгерiстер мен толықтырулар
(1) Сарапшылар комитетi қабылдаған тауарлар мен түсiндiрмелердiң алфавиттiк тiзiмi, сондай-ақ Комитет шығарған шешiммен Халықаралық жiктемеге кез келген өзгерiстер мен толықтырулар Халықаралық бюро арқылы Арнайы одақ ведомстволарына таратылады. Сарапшылар комитетiнiң шешiмi хабарлама қолға тиген сәттен бастап күшiне енедi. Бiрақ та, егер бұл шешiмдер жаңа топты енгiзу немесе бiр топтан екiншiсiне ауыстыруға қатысты
болса, ондай шешiмдер хабарлама жөнелтiлген датадан бастап алты ай өткенде
күшiне енедi.
(2) Халықаралық бюро Халықаралық жiктеменiң депозитары ретiнде оған
күшiне енген өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi. Өзгерiстер мен
толықтырулар жөнiндегi хабарлар Ассамблеяның белгiлеуiмен мерзiмдi
баспасөздерде жарияланады.
5-бап
Арнайы одақтың Ассамблеясы
(1)(а) Арнайы одақтың Арнайы одақ елдерiнен тұратын Ассамблеясы
болады.
(b) Арнайы одақтың әр елінің үкiметi бiр делегаттан ұсынады, оның орынбасарлары, кеңесшілерi мен сарапшылары болады.
(с) Әр делегацияға кететiн шығынды оны тағайындаған үкiмет көтередi.
(2)(а) Ассамблея 3-баптың ережелерiн есепке ала отырып:
(i) Арнайы одақты сақтау мен дамытуға және осы Келiсiмдi қолдануға қатысты барлық мәселелердi қарайды;
(іі) Халықаралық бюроға қайта қарау жөнiндегi конференцияға дайындыққа қатысты нұсқаулар береді;
(ііі) Ұйымның Бас директорының Арнайы одаққа қатысты бар есептерi мен қызметiн қарайды және бекiтедi (бұдан әрi қарай "Бас директор" делiнедi) оған Арнайы одақтың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi нұсқаулардың бәрiн бередi;
(iv) бағдарламаны айқындайды, Арнайы одақтың үшжылдық бюджетiн белгiлейдi және қаржы есептерiн бекiтедi;
(v) арнайы одақтың қаржы тәртiбiн бекiтедi;
(vi) Халықаралық жiктеменiң ресми мәтiнiн ағылшын және француз тiлдерiнен басқа тiлдерде дайындау мәселелерiн шешедi;
(vii) 3-бапқа сәйкес құрылған Сарапшылар комитетiнен басқа, Арнайы одақтың мақсатын жүзеге асыруда қажет деп есептелген басқа да сарапшылар комитеті мен жұмыс топтарын құрады;
(viii) Арнайы одақтың мүшесі болып табылмайтын қандай елдер екендігін, қандай үкіметаралық және халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың оның мәжілісіне бақылаушы ретінде қатысуға болатындығын айқындайды;
(іх) 5-8 баптарға түзетулерді қабылдайды;
(х) Арнайы одақтың алға қойған мақсаттарына бағытталған басқа да кез келген әрекеттерді жүзеге асырады;
(хi) осы Келiсiмнен туындайтын басқа да мiндеттердi орындайды;
(b) Ұйым әкiмшiлік ететін басқа да Одақтар үшін мүдделілік туғызатын мәселелер бойынша Ассамблея Ұйымның Үйлестiру комитетiнiң пiкiрiн тыңдаған соң шешiм қабылдайды.
(3)(а) Ассамблеяның әрбiр мүше-елi бiр дауысқа ие болады.
(b) Ассамблеяның мүше-елдерiнiң тең жартысы кворумды құрайды.
(с) Егер қандай да бiр сессияға қатысатын елдердiң жартысынан азы келсе, (b) қосалқы тармағының ережесiне қарамастан, Ассамблеяға мүше-елдердiң үштен бiрiне тең не одан асса, онда ол шешiм қабылдай бередi, алайда Ассамблеяның мұндай шешiмдерi, өзiнiң рәсiм ережесiне қатысты шешiмдердi қоспағанда, төменде келтiрiлген шарттарды сақтағанда ғана күшiне енедi. Халықаралық бюро аталған шешiмдердi Ассамблеяның келмей қалған мүше-елдерiне жiберiп, оны жiберген күннен бастап есептегенде үш ай ішiнде бұл шешiмдер үшiн дауыс бере ме не қарсы, не қалыс қала ма, жауабын жазбаша жiберудi сұрайды. Егер бұл мерзiм бойына дауыс берген немесе қалыс қалғаны жөнiнде хабарлаған елдер сессияда жетпей қалған кворумның орнын толтырады, мұндай шешiмдер қажеттi басымдылық бiр мезгiлде сақталған жағдайда күшiне енедi.
(d) (8)(2) баптың ережелерiн ескере отырып, Ассамблея өз шешiмдерiн
берiлген дауыстың үштен екiсi көпшiлiк дауыспен қабылдайды.
(е) Қалыс қалған дауыстар есепке алынбайды.
(f) Делегат тек бiр елдiң ғана өкiлi бола алады және оның атынан
дауыс бередi.
(4)(а) Ассамблея кезектi сессияға, төтенше жағдайлардан басқа кезде,
Ұйымның Бас Ассамблеясы орналасқан жерге, сол уақытта Бас директордың
шақыруымен үш жылда бiр рет жиналады.
(b) Ассамблея төтенше сессияға Ассамблеяға мүше елдердiң төрттен бiрi
талап еткенде Бас директор арқылы шақырылады.
(с) Бас директор әр сессияның күн тәртiбiн дайындайды.
(5) Ассамблея өзiнiң рәсiм ережесiн қабылдайды.
6-бап
Халықаралық бюро
(1)(а) Арнайы одақтың әкімшілік міндеттері Халықаралық бюромен жүзеге
асырылады.
(b) Халықаралық бюро сонымен қатар мәжілістерді дайындайды және Ассамблея хатшылығының, Сарапшылар комитетінің, сондай-ақ Ассамблея немесе Сарапшылар комитетінің құру мүмкін басқа да комитеттер мен жұмыс топтарының мiндеттерiн орындайды.
(с) Бас директор Арнайы одақтың басты лауазымды тұлғасы болып табылады және Арнайы одақтың атынан сөйлейдi.
(2) Бас директор мен оған мүшелiкке тағайындалған кез келген қызметкер Ассамблеяның, Сарапшылар комитетiнің және Ассамблеямен, немесе Сарапшылар комитетiмен құрылуы мүмкiн басқа да Сарапшылар комитеттерiнiң немесе жұмыс топтарының мәжiлiстерiнiң бәрiне дауыс беру құқығынсыз қатысады. Бас директор немесе оған тағайындалған мүше қызметкер ех officio осы органдардың хатшысы болып табылады.
(3)(а) Халықаралық бюро Келiсiмнiң ережелерiн қайта қарау бойынша 5-8
баптарды қоспағанда, Ассамблеяның нұсқауымен конференцияны дайындайды.
(b) Халықаралық бюро қайта қарау бойынша конференция мәселелерiн
дайындауда үкiметаралық және халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен кеңесуi
мүмкiн.
(с) Бас директор және оған тағайындалған тұлғалар бұл
конференциялардың жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады.
(4) Халықаралық бюро өзiне жүктелген басқа да мiндеттердiң кез
келгенін орындайды.
7-бап
Қаржылар
(1)(а) Арнайы одақтың бюджетi болады.
(b) Арнайы одақтың бюджетi Арнайы одаққа тән кiрiс пен шығысқа ие, оның бюджетке түскен жарнасы Одаққа тиесiлi жалпы шығынға жұмсалады, сондай-ақ керек жағдайда Ұйымның Конференциясы бюджетiне бөлiнедi.
(с) Одақ үшiн жалпы шығындар осы Арнайы одаққа тiптен қатысты емес деп есептеледi, бiрақта бiр мезгілде Ұйым әкiмшiлiк жүргiзетiн Одақтардың бiреуiне немесе бiрнешеуiне жұмсалады. Бұл жалпы шығындағы Арнайы одақтың үлесi оның осы шығындарға мүдделiлiгiне сәйкес келедi.
(2) Арнайы одақтың бюджетi Ұйым әкiмшiлiк жүргiзетiн басқа Одақтардың бюджетiмен үйлестiру талабын мейлiнше ескере отырып қабылданады.
(3) Арнайы одақтың бюджетi мынадай көздер арқылы қаржыландырылады:
(i) Арнайы одақтың елдерінің жарналарынан;
(іі) Арнайы одаққа қатысты Халықаралық қызмет көрсету бюросы ұсынатын алымдар мен төлемдерден;
(ііі) Арнайы одаққа қатысты Халықаралық бюро жарияланымдарын сатудан түскен және мұндай жарияланымдарды өзгеге ауыстыру құқығынан түскен кірістерден;
(iv) сыйға беруден, мұрагерлік қаржыдан және субсидиядан;
(v) рентадан, пайыздар мен басқа да кірістерден;
(4)(а) Жарнаны белгілеу үшін (3)(i) тармақта айтылғандай, Арнайы одақтың әрбір елі қай топқа жататындығы, Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж одағына қатыстылығы ескеріледі, сөйтіп өзінің жылдың жарнасын осы одақта аталған топқа тағайындалған бірлік негізінде төлейді.
(b) Арнайы одақтың әрбiр елiнiң жылдық жарнасы жарна төлеуге тиiстi барлық елдердiң Арнайы одақтың бюджетiндегi жалпы сомаға қатысты сомаға тең келіп, елдердің барлық төлеген жарналарының жалпы мөлшерiнiң бiр бөлiгi болып табылады.
(с) Жарна әр жылдың бiріншi қаңтарынан бастап төленуге жатады.
(d) Жарна төлеуде қарызы бар елдер Арнайы одақтың барлық органдарында дауыс құқығын жоғалтады, яғни мұндай жағдай сол елдiң қарызы соңғы екi жылда оған есептелген жарна көлемiне тең не одан асып түссе орын алады. Бiрақ та Арнайы одақтың кез келген органдары мұндай жағдайды душар болған елге төлем төлеу айрықша және болмай қоймайтын жағдайлар нәтижесiнде созылып кеткенiне көз жеткiзiп тұрса, онда оған бұл органда дауыс құқығын пайдалануды жалғастыра түсуге рұқсат береді.
(е) Егер бюджет жаңа қаржылық кезең басталғанға дейiн қабылданбаған жағдайда, қаржы тәртiбiн реттеу талаптарына сәйкес, бюджет өткен жылдың деңгейiнде әрекет етедi.
(5) Арнайы одақтың атынан Халықаралық бюро ұсынған қызмет көрсеткенi үшiн есептелетiн алымдар мен төлемдердiң көлемiн Бас директор тағайындайды әрi бұл жөнiнде Ассамблеяға баяндайды.
(6)(а) Арнайы одақтың бiр дүркiн төленетiн төлемiнен құралатын айналмалы қаражат қоры болады, оны Арнайы одақтың әрбiр елi енгiзедi. Егер айналманы қаражаттың көлемi жеткiлiксiз деп есептелiнсе, онда Ассамблея оны көбейту жөнiндегi мәселенi шешедi.
(b) Әрбiр елдiң алғашқы төлемдер көлемi, аталған қорға, немесе оның осы қорды ұлғайтудағы үлесі қордың құрылған немесе оны ұлғайту жөнiнде шешiм қабылданған жылдағы бұл елдiң жарнасына мөлшерлес келедi.
(с) Төлемнiң мұндай мөлшерлестiгi мен шартын Бас директордың ұсынысы бойынша Ұйымның Үйлестiру комитетiнiң пiкiрiн тыңдаған соң Ассамблея тағайындайды.
(7)(а) Ұйым өзiнiң штаб-пәтерi орналасқан аумағындағы елмен штаб-пәтер туралы жасасқан келiсiмiнде айналмалы қаражат қоры жеткiлiксiз болып қалған жағдайда, сол ел борышқа қаржы беруiн қарастырады. Мұндай қаржының көлемі мен шарты осы елмен Ұйым арасында жасалатын ерекше келісімнің негізгі арқауы болады.
(b) Ұйым да, (а) қосалқы тармақта айтылған ел де, борыш есебінде қаржы беру жөніндегі міндеттеменің бұзылғандығын жазбаша хабарлау құқығына ие болады. Келісімді бұзу хабар тигеннен кейін, сол жылдың аяғынан бастап үш жыл өткен соң күшіне енеді.
(8) Қаржылық тексеру Арнайы одақтың бiрнеше елiмен немесе қаржы тәртiбi ережелерiне сәйкес немесе олардың келiсiмiмен Ассамблея белгiлеген сырттан тексерушi тарту жолымен жүзеге асырылады.
8-бап
5-8 баптарға түзетулер
(1) Осы бапқа және 5-7-баптарға түзетулер енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды Ассамблеяның кез келген мүше-елдерi немесе Бас директор жасай алады. Мұндай ұсыныстар Ассамблеяда оны қарауға дейiн кем дегенде алты ай бұрын Ассамблеяның мүше-елдерiне Бас директоры арқылы жiберiледi.
(2) 1 тармақта аталған баптарға кез келген түзетудi Ассамблея қабылдайды, ол үшін берiлген дауыстың үш ширегi көпшiлiк дауыс талап етiледi, алайда 5-бапқа және осы тармаққа жасалатын кез келген түзету берiлген дауыстың бестен төртi көпшiлiк дауысымен қабылданады.
(3) Баптарға жасалатын кез келген түзету, 1 тармақта айтылғандай, оны қабылдағаны жөнiндегi жазбаша хабар жөнелтiлгеннен кейiн бiр айдан соң, яғни оны қабылдау кезiнде Ассамблея мүшесi болып табылатын елдердiң үштен ширегi әрi елдің конституциялық рәсiмiне сәйкестендiрiлгенi жүзеге асқанын Бас директор алғаннан кейiн күшiне енедi. Аталған баптарға кез келген түзету осы түзету күшiне енген кезде Ассамблея мүшесi болып табылатын немесе осы датадан кейiн оған мүше болатын барлық елдер үшiн мiндеттi болатын жағдаймен қабылданған; Арнайы одақ елдерiнiң қаржылық мiндеттемелiгiн арттыратын кез келген түзету өздерiмен осындай түзету қабылданғаны жөнiнде хабарланған елдер үшiн мiндеттi болып табылады.
9-бап
Ратификация және қосылу; күшіне ену
(1) Осы Келiсiмге қол қойған Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясына қатысушы-елдердiң қай-қайсысы да оны ратификациялай алады немесе, егер оған қол қоймаған болса, қосыла алады.
(2) Ратификациялық грамоталар мен қосылу жөнiндегi актiлер Бас директордың сақтауына тапсырылады.
(3)(а) Осы Келiсiм ратификациялық грамоталар мен қосылу жөніндегі актілерді сақтауға тапсырған бірінші бес елге қатысты ратификациялық грамоталар мен қосылу жөніндегі актілерді сақтауға тапсырғаннан кейін үш айдан соң күшіне енеді.
(b) Осы Келісім кез келген елге қатысты жағдайда, егер ратификациялық
грамотада немесе қосылу жөніндегі актіде ғана мейлінше кеш дата
көрсетілмесе. Бас директор оны ратификациялау немесе қосылу жөнінде
хабарлауды іске асырған датадан бастап үш айдан кейін күшіне енеді. Әлгі
айтқан датаға байланысты жағдайда осы Келісім сол елге қатысты қойылған
дата бойынша күшіне енеді.
(4) Ратификация немесе қосылу осы Келiсiм тағайындалған барлық
ережелерді тану мен барлық артықшылықтарды алуға өзінен өзі жол ашып
бередi.
10-бап
Келісiмнің күшi мен әрекет мерзiмi
Осы Келiсiм Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегі Париж конвенциясы
еншілеген мерзiмдi ұстанады.
11-бап
1-4 және 9-15 баптарды қайта қарау
(1) Осы Келiсiмнiң 1-4 және 9-15 баптары жетiлдiре түсу мақсатында
қайта қарауға ұшырауы мүмкiн.
(2) Әрбiр қайта қарау Арнайы одақтың елдерi өкiлдерiмен конференцияда
жүзеге асырылады.
12-бап
Бекерлеу
(1) Кез келген ел осы Келiсiмдi Бас директорға жолданған хабарлама
арқылы бекерге шығара алады. Ондай бекерге шығару оны жасаған елге ғана
қатысты болады, ал сонымен бiр мезгiлде Арнайы одақтың басқа елдерi үшiн
Келiсiм күшiнде қала бередi және ол орындауға жатады.
(2) Бекерлеу Бас директор хабарламаны алған күннен бастап бiр жылдан
кейiн күшiне енедi.
(3) Осы баппен қаралған бекерлеу құқығын Арнайы одақтың елi болған
күннен бастап бес жыл өткенше ондай ел қолдана алмайды.
13-бап
Аумақ
Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясының
24-бабының ережесі осы Келісімге қолданылады.
14-бап
Қол қою; тiлдерi; хабарлама
(1)(а) Осы Келісімге ағылшын және француз тілдерінде дара данада қол қойылады, әрі екі мәтін де тең түпнұсқада болады және Келісім Швейцария Үкiметiнiң сақтауына тапсырылады.
(b) Осы Келiсiм қол қою үшiн Бернде 1969 жылдың 30 маусымына дейiн ашық.
(2) Осы Келiсiмнiң ресми мәтiнiн Бас директор мүдделi үкiметтермен пiкiрлескеннен кейiн Ассамблея белгiлеген басқа тiлдерде жасайды.
(3) Бас директор осы Келiсiмнiң қол қойылған мәтiнiнiң екi көшiрмесiн Швейцарияның Yкiметiмен куәландырып, оған қол қойған елдердiң және де кез келген елдiң үкiметiнiң сұрауы бойынша жолдайды.
(4) Бас директор осы Келiсiмдi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркеуден өткiзедi.
(5) Бас директор Арнайы одақтың барлық елдерi үкiметтерiн осы Келiсiмнiң күшiне енуi туралы, қол қойылғаны жөнiнде, ратификацияланған грамоталар мен қосылу жөнiндегi актiлердiң сақтауға тапсырылғаны туралы, осы Келiсiмге енгiзiлген түзетулер туралы, мұндай түзетудiң күшіне енетiн
мерзiмі туралы, және бекерлеуді хабарлау жөнiнде хабарлама жасайды.
15-бап
Өтпелi жағдай
Бiрiншi Бас директор қызметiне кiрiскенге дейiн осы Келiсiмдегi
Ұйымның Халықаралық бюросына немесе Бас директорға сiлтеме Санаткерлiк
меншiк қорғау жөнiндегi Бiрiккен халық бюросына (БИРПИ) немесе олардың
Директорына жасалатын сiлтемеге сай келедi деп есептелiнедi.
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.