Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдерi университетiнде әскери кафедра құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 27 тамыз N 1109

      Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшін запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" жабық акционерлік қоғамында оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады