Қазақстан Республикасының Yкіметi мен ВАЕ Systems plc компаниясының арасында Жарияламау туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 2 қыркүйек N 1134

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ВАЕ Systems plc

 

компаниясының арасындағы Жарияламау туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

     2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi

Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен

толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ВАЕ Systems plc

компаниясының арасында Жарияламау туралы келiсiм жасасуға уәкiлеттiк

берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі



           Қазақстан Республикасының Үкiметi мен ВАЕ Systems plc

                        компаниясының арасындағы

                       ЖАРИЯЛАМАУ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ



 
       Осы Келiсiм Қазақстан Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - "YКIМЕТ") мен тiркелген кеңсесi Warwick Ноusе, РО ВОХ 87, Ғаrnbоrоugh Aerospace Сеntrе, Ғаrnbоrоugh, Намрshirе, GU14 6YU, United Kingdom мекен-жайы бойынша орналасқан ВАЕ Systems plc (бұдан әрi - "ВАЕ SYSTEMS") арасында жасалды.
      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын ВАЕ SYSТЕМS және YКIМЕТ, олар Өзара түсiнiстiк туралы меморандумда жазылған мақсаттарда ("бұдан әрi Меморандумның мақсаттары") 2000 жылғы 16 қарашада жасасқан Өзара түсiнiстiк туралы меморандумға сәйкес белгiлi меншiктi немесе құпия ақпараттармен алмасуға ниеттi және әрбiр Тарап өзiнiң меншiктi немесе құпия ақпаратын қорғауға тiлек бiлдiредi.
      ТАРАПТАР төмендегiлер туралы КЕЛIСТI:
      1. Осы Келiсiмде "меншiктi ақпарат" терминi бiр Тарап екiншi Тарапқа жариялаған және "құпия" немесе "меншiктi" деген тиiстi жазумен немесе белгiмен белгiленген кез келген ақпаратты (жазбаша немесе басқа көрiнетiн немесе электронды түрде), сондай-ақ бiр Тарап екiншi Тарапқа ауызша жариялап, жариялау сәтiнде немесе бұдан кейiн меншiктi немесе құпия ақпарат ретiнде сипатталған әрi iзiнше жазбаша немесе кез келген басқа көрiнетiн немесе электронды нысанға аударылған, тиiстi түрде белгiленген және оның көшiрмесi алушы Тарапқа алғашқы ауызша жариялаудан кейiн 15 жұмыс күнi iшiнде жiберiлген, алайда, меншiктi ақпаратта әлдеқалай ақпарат болмаған ретте алушы тарап оны жариялауға тiлек бiлдiрген әрi:
      і. Алушы Тараптың кiнәсi болмай, ол жалпыға мәлiм болып табылатынын немесе болғанын; немесе
      іі. Оны пайдалануға немесе жариялауға шектеусiз үшiншi Тараптан заңды түрде алынғанын; немесе
      ііі. Жариялаушы Тараптан алынғанға дейiн жариялауға қандай да болсын шектеусiз бұрыннан иелiкте болғанын; немесе
      iv. Алушы Тараптың меншiктi ақпаратты пайдаланбай тәуелсiз әзiрлегенiн, немесе
      v. Жариялаушы Тараптың жазбаша растауымен жариялауға немесе пайдалануға (екi жағдайда да шектеусiз) мақұлданғанын дәлелдей алатын меншiктi ақпаратты бiлдiредi.
      2. Алушы Тараптың осындай меншiктi ақпаратты алған күнiнен бастап 10 жыл кезеңде (немесе Тараптармен келiсілген басқа кезең) алушы Тарап:
      і. Бұл мүмкiн болғанда, қандай да бiр құқықтық немесе реттеу талабын бұзбай, осы Тарап екiншi Тарапты талап етілген жариялау туралы алдын ала хабардар еткен және жариялаудан бас тарту талпынысында ынтымақтасқан, жарияланатын ақпарат көлемiн қысқартқан немесе ашылатын меншiктi ақпаратқа құпия қатынасқа қол жеткiзiлген жағдайда алушы Тарап меншiктi ақпаратты заңның талабы бойынша ашуға тиiс жағдайлардан басқа кезде, осы Келiсiмнiң шеңберiнде осындай iс-қимылдарға өкiлеттiк алғанға дейiн осындай меншiктi ақпараттың құпиялығын сақтауға және көшiрме жасамауға немесе оны кез келген үшiншi жеке немесе заңды тұлғаға ашпауға;
      іі. Жариялаушы Тараптың айрықша жазбаша рұқсат етуiнен басқа жағдайларда Меморандумның мақсаттарын көздеуден өзгеге осындай меншiктi ақпаратты пайдаланбауға;
      ііі. Меморандумның мақсаттарында осындай ақпаратқа ие болуы қажеттiлерiнен басқа өзiнiң қызметкерлерiне және осындай жағдайда, егер бұл қызметкерлер осы Келiсімнің шарттарымен таныстырылса және алушы Тараппен бiрлесіп орындауға мiндеттенсе ғана осындай меншiктi ақпаратты ашпауға;
      iv. Меморандумның мақсаттарында осындай ақпаратқа ие болуы қажеттiлерiнен басқа өзiнiң қызметкерлерiне, агенттерi немесе кеңесшiлерiне және осындай жағдайда, егер бұл қызметкерлер, агенттер немесе кеңесшiлер осы Келiсiмнiң шарттарымен таныстырылса және алушы Тараппен бiрлесiп орындауға мiндеттенсе ғана осындай меншiктi ақпаратты ашпауға;
      v. Меморандумның мақсаттарында және жариялаушы Тараптың алдын ала жазбаша келiсiмiмен қажет болғаннан басқа жағдайларда меншiктi ақпаратты үшiншi Тарапқа ашпауға және үшiншi Тараптың алушы Тараппен бiрге, осы Келiсiмнiң шарттарын қабылдаған және орындаған мiндеттемесiнен кейiн ғана;
      vi. Жариялаушы Тараппен айтылғаннан басқа жағдайларда жариялаушы Тарапқа алғашқы талабы бойынша немесе Меморандумның мақсаттарына байланысты Тараптың орындалмаған мiндеттемелерiн жүзеге асыру үшiн мiндеттi жағдай кезiнде жазбаша (немесе басқа тұрақты нысанда) ресiмделген ақпараттың барлық көшiрмелерiн жариялаушы Тарапқа қайтаруға және барлық мақаланы және басқа жазбаша есептердi немесе жариялаушы Тараппен дайындалуы мүмкiн, меншiктi ақпараттың кез келген бөлiгiн атап өтетiн немесе тұратын немесе сiлтейтiн құжаттарды жоюға мiндеттенедi, бұдан кейiн ақпарат қайтарылады және осындай ақпаратқа байланысты алушы Тарап, дайындаған барлық мақала жоғарыда аталғандай жойылады.
      3. Осы Келiсiм меншiктi ақпаратқа қатысты жариялаушы Тарапқа тиесiлi, оларды иелену кез келген уақытта жариялаушы Тараптың меншiгiнде қалатын патенттiк құқықтарды, авторлық құқықтарды немесе санаткерлiк меншiктiң басқа нысандарын берушi немесе ұсынылатынын бiлдiрушi ретiнде түсiндiрiлмеуi тиiс.
      4. Тараптар егер ВАЕ SYSТЕМS бiрiгуге, таратуға немесе қайта ұйымдастырудың басқа нысанына жататын болса, онда оның құқықтық мирасқоры бастапқы Тарап ретiнде осы Келiсiмнiң мiндеттемелерiн мойнына алатындығымен келiстi. Жоғарыда айтылғандарға байланысты Тараптардың бiр де бiрi екiншi Тараптың жазбаша келiсiмiнсiз өзiнiң осы Келiсiм бойынша құқықтарын үшiншi Тарапқа бермейдi.
      5. Осы Келiсiмнiң ешқандай да бөлiгi меншiктi ақпараттың кез келген бөлiгiне қатысты Қазақстан Республикасының немесе Ұлыбританияның мемлекеттiк құпияларының жiктеуiн ауыстырушы немесе қате түсiндiрушi ретiнде қаралмауы тиiс және жариялаушы Тарап кез келген осындай жiктеудi мойындауға және орындауға және жариялаушы Тарап 3-бапта баяндалған мiндеттемелерге қосымша талаптар туралы алушы Тарапты жазбаша ескерткен жағдайда осындай ақпаратқа тиістi абайлық және құпиялық деңгейiмен қарауға мiндеттенеді. Осы мiндеттеменiң осы Келiсiм қызмет ету кезеңiнде және одан

 

кейін Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлыбританияның Үкiметi

(тиiсiнше) белгiлеген сәтке дейiн күшi бар.

     6. Тараптардың әрқайсысы меншiктi ақпаратты беру, сондай-ақ

жариялауды және алуды тiркеу үшiн жауапты етіп мына тұлғаларды

тағайындайды.


     ВАЕ SҮSТЕМS рlс атынан:


     Аты:            Майкл Николсон

     Лауазымы:       Бағдарлама директоры

     Мекен-жайы:     Ұлыбритания

                     РR4 IАХ Ланкашир, Престон

                     Милл Лэйн, Вортон әуеайлағы                 

     Факс:           +44 90(0) 1772 856838


     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКIМЕТIНIҢ атынан:


     Аты:            Кәрiм Мәсiмов

     Лауазымы:       Қазақстан Республикасының

                     Көлiк және коммуникациялар министрi

     Мекен-жайы:     473000

                     Қазақстан Республикасы

                     Астана қаласы

                     Абай даңғылы, 49

     Факс:           +7 3172 321 058



 
       Бiр Тарап жағынан жоғарыда аталған тұлғаның атының немесе мекен-жайының кез келген өзгеруi екiншi Тарапқа жазбаша түрде хабарлануы тиiс.
      7. Жоғарыда айтылғандар Тараптардың арасындағы осы Келiсiмнiң мәнiне қатысты толық келiсiмдi құрайды; Тараптардың арасындағы осы Келiсiм жататын тақырыптарға қатысты немесе байланысты кез келген басқа келiсiмдердi, ұсынымдарды және мiндеттемелердi (ауызша немесе жазбаша) ауыстырады және күшiн жояды.
      8. Осы Келiсiмге қатысты барлық ескертпе жазбаша түрде жазылуы тиiс және курьермен, факсимильдi байланыспен (растайтын факсимильдi есеп беру бар болғанда) немесе почтамен (почталық тiзiлiмдегi жазумен расталған, тiркелген жеткiзу кезiнде) осы Келiсiмнiң 7-бабында көрсетiлген тұлғаға жеткiзiлгенде Тараптармен тиiстi түрде қаралуы тиiс және жiберiлген күнiнде жолданған болып есептеледi.
      9. Осы Келiсiм Тараптар мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес реттеледi және түсiндiрiледi. Даулы мәселелер туындаған жағдайда Тараптар оларды Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы келiссөздер арқылы шешуге ұмтылатын болады. Тараптар келiссөздер арқылы келiсiмге келмеген жағдайда, дау Стокгольм Сауда Палатасы Төрелiк Институтының Жедел Төрелiк Ережелерi бойынша төрелiкке жіберiлуi мүмкiн.
      10. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары бар ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлетiн болады.
      11. Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап 3 жыл ішінде күшiнде болады. Осы Келiсiмнiң мерзiмi Тараптардың жазбаша келiсiмi бойынша ұзартылуы мүмкiн. Осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi бiткеннен кейiн де оған сәйкес ашылған ақпаратты сақтауға және таратпауға қатысты Тараптардың

 

құқықтары мен мiндеттерiн iске асыру үшiн қажет бөлiгiнде осы Келiсiм

ережелерiнiң күшi болады.

     12. Осы Келiсiм ______________ қаласында 2001 жылғы ____________ екi

данада әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалды. Осы

Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда

Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының              ВАЕ SYSTEMS plc

         Үкіметі үшін                       компаниясы үшін



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады