"Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депозиттеуді халықаралық тану туралы Будапешт шартына Қазақстан Республикасының қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 4 қыркүйек N 1137

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. "Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депозиттеуді

халықаралық тану туралы Будапешт шартына Қазақстан Республикасының қосылуы

туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының

Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрі


                                                           Жоба


                 Қазақстан Республикасының Заңы


         Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін

                депозиттеуді халықаралық тану туралы

             Будапешт шартына Қазақстан Республикасының

                          қосылуы туралы


     1977 жылғы 28 сәуірде Будапешт қаласында қол қойылған

Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депозиттеуді

халықаралық тану туралы Будапешт шартына Қазақстан Республикасы қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

           Президенті


            Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін

                  депозиттеуді халықаралық тану туралы

                             Будапешт шарты


     1977 жылғы 28 сәуiрде Будапеште қол қойылған


                          КIРIСПЕ ЕРЕЖЕЛЕР


                              1-бап

                         Одақтың құрылуы


     Осы Шартқа қатысушы мемлекеттер (бұдан әрi - "Уағдаласушы

мемлекеттер" деп аталады) Микроорганизмдердi патенттiк рәсiм мақсаттары

үшiн депозиттеудi халықаралық тану туралы одақ құрады.


                              2-бап

                           Анықтамалар


     Осы Шарт пен Нұсқаулықтың мақсаттары үшiн:


 
       (i) "патент" сiлтемесi өнертабысқа, өнертабысқа арналған авторлық куәлiкке, пайдалылық туралы куәлiкке, пайдалы үлгiлерге арналған патенттерге, қосымша патенттерге немесе қосымша куәлiктерге, қосымша авторлық куәлiктер мен пайдалылық туралы қосымша куәлiктерге сiлтемелер деп ұғынылуға тиiс;
      (іі) "микроорганизмдi депозиттеу" - бұл сөздер кездесетiн мәтiннiң толық мәндi мағынасына байланысты осы Шарт пен Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылатын мынадай iс-әрекеттердi бiлдiредi: микроорганизмдi алатын және қабылдайтын депозиттеу жөнiндегi халықаралық органға оны беру немесе осындай микроорганизмдi депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның оны сақтауы, немесе аталып өткенiндей, оны беру сияқты, аталып өткенiндей, оны сақтау;
      (iii) "патенттiк рәсiм" патентке арналған немесе патентке қатысты кез келген әкiмшiлiк немесе құқықтық рәсiмдi бiлдiредi;
      (iv) "патенттiк рәсiм мақсаттары үшін жарияланым" ресми жариялауды немесе патент алуға арналған өтiнiмнiң ресми есептелуiн немесе жалпы көпшiлiк қол жеткiзетiн танысулар үшiн патент алуды бiлдiредi;
      (v) "өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы" 9(1) бапқа сәйкес декларация берген кез келген ұйымды бiлдiредi;
      (vi) "өнеркәсiптiк меншiктiң ведомствосы" патент беруге уәкiлеттi Уағдаласушы мемлекеттердiң органын немесе өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымын бiлдiредi;
      (vii) "депозиттеу жөнiндегi мекеме" микроорганизмдердiң алынуын, қабылдануын және сақталуын, сондай-ақ олардың үлгiлерiнiң берiлуiн қамтамасыз ететiн мекеменi бiлдiредi;
      (viii) "депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган" 7-бапқа сәйкес депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн алған депозиттеу жөнiндегi мекеменi бiлдiредi;
      (iх) "депозитор" микроорганизмдердi алатын және қабылдайтын

 

депозиттеу жөнiндегi халықаралық органға оны беретін жеке немесе заңды

тұлғаны, сондай-ақ аталған жеке немесе заңды тұлғаның кез келген құқықтық

мирасқорын бiлдiредi;

     (х) "Одақ" 1-бапта айтылып өткен Одақты бiлдiредi;

     (хi) "Ассамблея" 10-бапта айтылып өткен Ассамблеяны бiлдiредi;

     (хіі) "Ұйым" Дүниежүзілік интеллектуалдық меншіктің ұйымын білдіреді;

     (хiii) "Халықаралық бюро" БИРПИ әзiрге жұмыс iстеп тұрған кездегі

Ұйымның Халықаралық бюросы мен Интеллектуалдық меншікті қорғау жөніндегі

халықаралық біріккен бюроны білдіреді;

     (хіv) "Бас директор" Ұйымның Бас директорын білдiредi;

     (хv) "Нұсқаулық" 12-бапта аталып өткен Нұсқаулықты білдіреді.


                              I ТАРАУ

                 МАТЕРИАЛДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕЖЕЛЕР


                              3-бап

      Микроорганизмдердi депозиттеудi тану және оның салдары



 
       (1)(а) Микроорганизмдердi патенттiк рәсiм мақсаттары үшiн депозиттеудi шешетiн немесе талап ететiн Уағдаласушы мемлекеттер мұндай мақсаттар үшiн депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық органда микроорганизмдi депозиттеудi таниды. Мұндай тану депозиттеу жөнiндегi аталған халықаралық органның депозиттеу фактiсi мен күнiн тануды, сондай-ақ үлгi ретiнде берiлетiннiң микроорганизм депозиттеудiң үлгiсi болып табылатындығы фактiсiн тануды білдiредi.
      (b) Кез келген Уағдаласушы мемлекет (а) тармақшасында аталып өткен депозиттеу жөнiндегi Халықаралық орган берген депозиттеу туралы қолхат көшiрмесiн талап ете алады.
      (2) Осы Шартпен және Нұсқаулықпен реттелетін мәселелерге қатысты бiрде бiр Уағдаласушы мемлекет осы Шарт пен Нұсқаулықты көзделгеннен өзге немесе қосымша талаптарды қоя алмайды.
 
                               4-бап
                        Қайталап депозиттеу
 
      (1)(а) Егер депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган қандай да бiр себеппен депозиттелген микроорганизм үлгiсiн бере алмайтын болса, атап айтқанда:
      (і) егер мұндай микроорганизмдер бұдан былай тіршілікке қабілетсіз болса, немесе,
      (іi) егер үлгiлердi беру оларды шетелге жiберудi талап етсе, ал үлгілерді шетелге жөнелту немесе оларды шетелде алу экспорттық немесе импорттық шектеулер күшiмен іске асырыла алмаса, үлгiлердi ұсынуға жағдайы келмейтiндiгi жөнiндегi факт анықталған соң бұл орган дереу осы туралы себебiн көрсете отырып депозиторға хабарлайды және депозитордың (2) тармақтың ережелерiн ескере отырып және осы тармақта көзделгендегiдей бастапқы депозиттелген микроорганизмді қайталап депозиттеуге құқығы бар.
      (b) Қайталап депозиттеу бастапқы депозиттеу жүзеге асырылған депозиттеу жөнiндегi сол халықаралық органда жүзеге асырылады, алайда:
      (i) егер бастапқы депозиттеу жасалған мекеме депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн немесе депозиттелген микроорганизмге қатысты мәртебесiн толық жоғалтса немесе, егер бастапқы депозиттеудi жүзеге асырған депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган депозиттелген микроорганизмдерге қатысты өз функциясын уақытша немесе түпкiлiктi тоқтататын болса, онда ол депозиттеу жөнiндегi басқа халықаралық органда жүзеге асырылады;
      (ii) (а) (ii) тармақшада аталып өткен жағдайда ол басқа депозиттеу жөнiндегi халықаралық органда жүзеге асуы мүмкiн.
      (с) Кез келген қайталап депозиттеуге жаңадан депозиттелген микроорганизм сол бастапқы депозиттелген микроорганизм болып табылатындығы бекiтiле отырып, депозитор қол қойған өтініш қоса тіркеледі. Егер депозитордың бұл бекітуі дау туғызатын болса, дәлелдеу салмағы қолданылып жүрген заңдармен реттеледi.
      (d) (а)-(с) және (е) тармақшаларының ережелерi ескерiле отырып, қайталап депозиттеу егер бастапқы депозиттелген микроорганизмдердiң тiршiлiкке қабiлеттiлiгi жөнiндегi бұдан бұрынғы өтiнiштердiң барлығы микроорганизмдерді тіршілікке қабілетті болды деп көрсетсе және егер (а) тармақшасында аталып өткен қайталап депозиттеу депозитор хабарлама алған күннен бастап үш ай шегінде жүзеге асырылса, бастапқы депозиттеу күніне жасалды деп есептеледі;
      (е) егер (b)(i) тармақшасының ережелерi қолданылып, депозитор (b)(i) тармақшасында аталып өткен аяқтау, шектеу немесе тоқтату жөнiндегi Халықаралық бюроның хабары жарияланған күннен бастап алты ай ішінде (а) тармақшасында аталып өткен хабарламаны алмаған болса, (d) тармақшасында аталып өткен үш ай мерзiм көрсетiлген жарияланым күнiнен бастап есептеледi.
      (2) Егер депозиттелген микроорганизм депозиттеу жөнiндегi басқа халықаралық органға берiлген болса, бұл органның мұндай микроорганизм үлгiлерiн ұсынуға жай-күйі келгенге дейiн (1)(а) тармақта аталып өткен құқықтың күші болмайды.
 
                               5-бап
              Экспорт пен импорт саласындағы шектеулер
 
      Әрбiр Уағдаласқан мемлекет, кейбiр микроорганизм түрлерiнiң экспорты мен импортына шектеу қойылып отырғандықтан және егер осы Шартқа сәйкес депозиттелген немесе депозиттеуге арналған микроорганизмдерге мұндай шектеу қолданылатын болса, мұндай шектеудің ұлттық қауіпсіздік мақсатына немесе денсаулыққа немесе қоршаған ортаға қауіп төнуіне байланысты болғанда ғана өте қажет екендігін мойындайды.
 
                               6-бап
        Депозиттеу жөніндегі халықаралық органның мәртебесі
 
      (1) Депозиттеу жөніндегі халықаралық орган мәртебесін алу үшін депозиттеу жөніндегі кез келген мекеме Уағдаласқан мемлекеттің аумағында орналасуға және бұл мекеме (2) тармақта көрсетiлген шарттарға жауап беретiнi және жауап берудi жалғастыра беретiндiгiне қатысты осы мемлекет берген растамаларда мазмұндалған артықшылықтарды пайдалануға тиіс. Аталып өткен растаманы өнеркәсiптiк меншіктiң үкiметаралық ұйымы да беруi мүмкiн; мұндай жағдайда депозиттеу жөнiндегi мекеме бұл ұйымға мүше мемлекеттiң аумағында орналасуға тиiс.
      (2) Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган ретiнде депозиттеу жөнiндегi мекеме:
      (i) үздiксiз жұмыс iстеп тұруға;
      (іі) Нұсқаулықта көзделгенiндей, осы Шартқа сәйкес ғылыми және әкiмшiлiк мiндеттердi орындау үшiн қажеттi қызметшiлерi мен құрал-жабдықтары болуға;
      (ііі) әдiл және объективтi болуға;
      (iv) депозиттеу мақсатындағы кез келген депозитор үшiн тең жағдайда қолайлы болуға;
      (v) депозиттеу үшiн микроорганизмнiң кез келген немесе белгiлi бiр түрiн қабылдауға, олардың тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн зерттеуге және Нұсқаулықта көзделгенiндей, оларды сақтауға;
      (vi) Нұсқаулықта көзделгенiндей, депозиторға тiршілiкке қабiлеттiлiгi туралы қолхат пен кез келген талап етiлген куәлiктi беруге;
      (vii) Нұсқаулықта көзделгенiндей, депозиттелген микроорганизмдерге қатысты құпиялық талаптарына бағынуға;
      (viii) Нұсқаулықта көзделгенiндей, рәсiмге сәйкес шарттарды сақтай отырып, кез келген депозиттелген микроорганизмнiң үлгiлерiн беруге тиiс.
      (3) Нұсқаулық мынадай шаралардың қабылдануын көздейдi:
      (i) егер депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган депозиттелген микроорганизмдерге қатысты өзiнiң функциясын орындауды уақытша немесе түпкiлiктi тоқтатса немесе оның ұсынылған растамаға сәйкес өзi қабылдауға тиiстi микроорганизмдердiң кез келген түрлерiн қабылдаудан бас тартуы;
      (іi) депозиттеу жөнiндегi қандай да бiр депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның халықаралық орган мәртебесін тоқтатқан немесе шектеген жағдайы.
 
                               7-бап
         Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн алу
 
      (1)(а) Депозиттеу жөнiндегi мекеме депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн аумағында депозиттеу жөнiндегi мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекеттiң Бас директорына жолданатын жазбаша хабарының пәрменiмен және 6(2) бапта тұжырымдалған шарттарға жауап беретiндiгi және жауап берудi жалғастыра беретiндiгi мазмұндалған декларация бойынша алады. Аталып өткен мәртебе, сондай-ақ өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымының Бас директорға жолданған жазбаша хабарының пәрменiмен және аталып өткен декларация мазмұнымен де алынуы мүмкiн.
      (b) Бұл хабар Нұсқаулықта көзделгенiндей, депозиттеу жөнiндегi мекеме туралы ақпаратты қамтиды және онда депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiнiң қай күннен бастап күшiне енетiндiгi көрсетілуi мүмкiн.
      (2)(а) Егер Бас директор хабарда талап етілетін декларация қамтылған

 

деп тапса және барлық талап етілетін ақпарат алынған болса, онда

Халықаралық бюро бұл хабарды дереу жариялайды.

     (b) Депозиттеу жөніндегі Халықаралық орган мәртебесіне хабар

жарияланған күннен бастап ие болады немесе, егер ол күн (1)(b) тармаққа

сәйкес көрсетілсе және хабар жарияланған күнге қарағанда неғұрлым кеш

болса, - осы күннен бастап ие болады.

     Рәсiмнiң (3)(1) және (2) тармақтарға сәйкес жан-жақты баяндалуы

Нұсқаулықта көзделген.


                              8-бап

          Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесін

                       тоқтату және шектеу



 
       (1)(а) Кез келген Уағдаласушы мемлекет немесе өнеркәсiптiк меншiктiң кез келген үкiметаралық ұйымы Ассамблеядан депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган ретiндегi кез келген органның мәртебесi 6-бапта санамалап көрсетiлген шарттар сақталмаса немесе сақталмай отырса, микроорганизмнiң белгiлi бiр түрлерi бойынша тоқтатылуын немесе шектелуiн талап ете алады. Алайда Уағдаласқан мемлекет немесе өнеркәсiптiк меншiктiң үкіметаралық ұйымы тараптарынан болған мұндай талап 7(1)(а) бапта аталып өткен декларация жасауға қатысты депозиттеу жөніндегі халықаралық органға қолданылмайды.
      (b)(а) тармақшасына сәйкес талаптар қойылғанға дейiн Уағдаласқан мемлекет немесе өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы Бас директор арқылы сол мемлекет пен ұйымның аталып өткен ескерту түскен күннен бастап алты ай мерзiмде ұсынылған талапты енгiзу қажеттiгiн жоюға мүмкiндiк беретiн тиiстi шара қолдануға мүмкiндiгi болуы үшiн 7(1) бапқа сәйкес хабарланған Уағдаласушы мемлекет немесе өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы ұсынған талаптардың себептерi туралы хабардар етедi.
      (с) Егер Ассамблея талап жеткiлiктi түрде негiзделген деп тапса, ол (а) тармақта аталып өткен бұл органның микроорганизмнiң белгiлі бiр түрлерiн депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн тоқтату немесе шектеу туралы шешiм шығарады. Ассамблеяның бұл шешімі осы талапты қанағаттандыру пайдасына берілген дауыстың үштен екісінен артық болуын талап етеді.
      (2)(а) Уағдаласқан мемлекет немесе өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымы 7(1)(а) бапта аталып өткен куәландырылған декларацияны ұсына отырып, Бас директор атына хабарлау арқылы өз декларациясын не толық үйінде, не тек белгілі бір микроорганизмдер түріне ғана қатысты қайтарып ала алады, егер куәландыру, оның iшiнде бар нәрселер бұдан әрi жарамсыз болса, кез келген жағдайда өз декларациясын қайтарып алуға тиіс.
      (b) Мұндай хабар, егер ол тұтастай декларацияға қатысты болса, Нұсқаулықта көзделген күннен бастап депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның мәртебесiн тоқтатуға немесе, егер микроорганизмдердiң белгiлi бір түрлерiне ғана қатысты болса, бұл мәртебенi соған сәйкес шектеуге әкеп соғады.
      (3) Рәсiмнiң (1) және (2) тармақтарға сәйкес жан-жақты баяндалуы Нұсқаулықта көзделген.
 
                               9-бап
             Өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдары
 
      (1)(а) Бiрнеше мемлекет аймақтық патенттер берудi тапсырған кез келген үкiметаралық ұйым және өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Халықаралық (Париж) одағының мүшесi болып табылатын барлық мүше мемлекеттер Бас директорға өздерiнiң 3(1)(а) тармағында көзделген, 3(2) бапта аталып өткен талаптарға қатысты мiндеттеменi тану туралы мiндеттеме қабылдайтындығы жөнiнде декларация бере алады және өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымына қолданылатын осы Шарт пен Нұсқаулықтың ережелерiнен шығатын барлық зардап-салдарды мойындайды. Егер алдыңғы сөйлемде аталған декларация 16(1) бапқа сәйкес осы Шарт күшiне енгенге дейiн берiлетiн болса, онда оның қолданылуы аталып өткен күшiне енген күннен басталады. Декларация осы Шарт күшiне енгеннен кейiн берiлген жағдайда, оның қолданылуы, егер онда неғұрлым кейiнгi күн көрсетiлмеген болса, декларация берген күннен бастап үш ай өткен соң басталады. Соңғы жағдайда декларацияның күшіне енуі осындай жолмен көрсетілген күннен басталады.
      (b) Жоғарыда көрсетiлген ұйым 3(1)(b) бапта көзделген құқыққа ие болады.
      (2) Осы Шарт пен Нұсқаулықтың өнеркәсiптiк меншiктiң үкіметаралық ұйымы мүддесін қозғайтын кез келген ережесiн қайта қараған немесе оған түзету енгiзген кезде кез келген өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы (1) тармақта аталып өткен Бас директорға хабарлама жiберу жолымен өз декларациясын кері қайтарып алуына болады. Мұндай керi қайтарып алу:
      (i) қайта қаралған немесе өзгертiлген ережелер күшiне енетiн күнге дейiн хабарлама алған жағдайда - сол күннен бастап;
      (іi) (i) тармақшасында аталып өткен күннен кейiн хабарлама алған жағдайда - хабарламада көрсетiлген күннен немесе ондай нұсқау жоқ болған кезде хабарламаны алған күннен бастап үш айдан кейiн қолданысқа енгiзiледi.
      (3) (2) тармақта аталып өткен жағдайға қосымша ретiнде, өнеркәсiптiк меншiктiң кез келген үкiметаралық ұйымы (1)(а) тармақта аталған өз декларациясын Бас директорға хабарлама жiберулерi жолымен керi қайтарып алуына болады. Бұл керi қайтарып алу Бас директор хабарламаны алған күннен бастап екi жыл өткен соң күшiне енедi. Осы тармаққа сәйкес, бiрде бiр керi қайтарып алу жөнiндегi хабарлама декларация күшiне енген күннен бастап бес жыл бойы қабылданбайды.
      (4) (2) және (3) тармақтарда аталған өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы жасаған керi қайтарып алу, 7(1) бапқа сәйкес, депозиттеу жөнiндегi мекемеге депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн алуға мүмкiндiк беретiн хабар Бас директордың керi қайтарып алу туралы хабарлама алған күнiнен бастап бiр жылдан кейiн мұндай мәртебенi тоқтатуға әкеп соғады.
      (5) (1)(а) тармақта аталып өткен кез келген декларация (2) немесе (3) тармақта аталып өткен кері қайтарып алу жөніндегі хабарлама, 6(1) баптың екiншi сөйлемiне сәйкес тапсырылған және 7(1)(а) бапқа сәйкес жасалған декларацияға қосылған растама, 8(1) бапқа сәйкес жасалған талап және 8(2)

 

бапта аталып өткен кері қайтарып алу туралы хабар өнеркәсіптік меншіктің

(мүшелерi осы ұйымның барлық мүше мемлекеттерi болып табылатын)

үкiметаралық ұйымының жоғары басшы органының алдын ала айрықша мақұлдауын

және осындай мемлекеттер үкiметтерiнiң ресми өкiлдерi қабылдайтын

шешiмдердi талап етедi.


                             II ТАРАУ

                        ӘКIМШIЛIК ЕРЕЖЕЛЕР


                              10-бап

                             Ассамблея


     (1)(а) Ассамблея Уағдаласқан мемлекеттерден тұрады.


 
       (b) Әрбiр Уағдаласушы мемлекеттi бiр делегат бiлдiредi, оның орынбасарлары, кеңесшiлерi мен сарапшылары болады.
      (с) Өнеркәсiптiк меншiктiң әрбiр үкiметаралық ұйымын Ассамблея отырыстарында, сондай-ақ Ассамблея құратын кез келген комитет пен жұмыс тобында арнайы байқаушылар бiлдiредi.
      (d) Одаққа мүше болып табылмайтын, бiрақ өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Ұйымның немесе Халықаралық (Париж) одағының мүшесi болып табылатын кез келген мемлекет және 2(v) бапта айқындалғанындай, патент саласына маманданатын және өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы болып табылмайтын кез келген үкiметаралық ұйым Ассамблея отырыстарына, егер Ассамблея осындай шешiм қабылдаса, Ассамблея құрған кез келген комитеттiң немесе жұмыс тобының отырыстарына байқаушылар болып қатысуы мүмкiн.
      (2)(а) Ассамблея:
      (i) Одақты сақтау мен дамытуға және осы Шартты қолдануға қатысты барлық мәселелердi қарайды;
      (іi) осы Шартқа сәйкес оған арнайы жүктелген немесе оған тапсырылған осындай құқықтарды жүзеге асырады және осындай мiндеттердi орындайды.
      (iii) Бас директорға қайта қарау жөнiндегi конференцияны әзірлеуге қатысты нұсқаулар бередi;
      (iv) Бас директордың Одаққа қатысты есебi мен қызметiн қарап, бекiтедi және оған Одақ құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi нұсқаулықтар бередi;
      (v) Одақ жұмысына жәрдемдесуге қажеттi деп есептелетiн осындай комитеттер мен жұмыс топтарын құрады;
      (vi) (1)(d) тармағының ережелерiн ескере отырып, қандай мемлекеттердiң Уағдаласушы мемлекет болып табылмайтындығын, қандай үкiметаралық ұйымдардың 2(ү) бапта айқындалғандай, өнеркәсiптiк меншiктiк үкiметаралық ұйымы болып табылмайтындығын және қандай халықаралық үкiметтiк емес ұйымдардың байқаушы ретiнде оның отырысына жiберiлетiндiгiн және депозиттеу жөнiндегi халықаралық органдардың байқаушысы ретiнде оның отырысына қандай дәрежеде жiберiлетiндiгiн айқындайды;
      (vii) Одақтың мақсатына жетуге бағытталған кез келген басқа да тиiстi іс-әрекеттердi жүзеге асырады;
      (viii) осы Шарттан шығатын барлық басқа мiндеттерді орындайды.
      (b) Ассамблея ұйым әкiмшiлiк ететiн басқа да Одақтар үшiн мүдделiлiк тудыратын мәселелер бойынша Ұйымның Үйлестiру комитетiнiң пiкiрiн тыңдап, шешiмдер қабылдайды.
      (3) Делегат бiр мемлекеттi ғана бiлдiре алады және соның атынан ғана дауыс береді.
      (4) Әрбiр Уағдаласушы мемлекет бiр дауысқа ие.
      (5)(а) Уағдаласушы мемлекеттердің жартысы кворумды құрайды.
      (b) Кворум болмаған кезде Ассамблея шешімдер қабылдай алады, алайда Ассамблеяның жеке рәсімдік ережелерге қатысты жекелеген шешімдерін қоспағандағы барлық шешімдері Нұсқаулықта көрсетілгеніндей, кворум мен қажетті көпшілік дауысқа хат жазысу арқылы дауыс берумен қол жеткiзгенде ғана күшiне енедi.
      (6)(а) Ассамблея 8(1)(с), 12(4) және 14(2)(b) баптардың ережелерiн

 

ескере отырып, өз шешiмдерiн берiлген көпшiлiк дауыспен қабылдайды.

     (b) Қалыс қалғандардың дауыстары есепке алынбайды.

     (7)(а) Ассамблея кезектi сессияға үш жылда бiр рет Бас директордың

шақыруы бойынша, мүмкiндiгiнше Ұйымның Бас Ассамблеясы орналасқан жерде

және сол уақытта жиналады.

     (b) Ассамблея Бас директор шақыратын төтенше сессияға не оның өз

бастамашылығы бойынша, не Уағдаласушы мемлекеттердiң төрттен бiрiнiң талап

етуi бойынша жиналады.

     (8) Ассамблея рәсiмнiң өзiндiк ережелерiн қабылдайды.


                              11-бап

                          Халықаралық бюро


     (1) Халықаралық бюро:


 
       (i) Одақтың әкiмшiлiк мiндеттерiн, атап айтқанда, осы Шарт пен Нұсқаулыққа сәйкес немесе Ассамблея оған арнайы жүктеген мiндеттердi жүзеге асырады;
      (іі) Ассамблея, Ассамблея құратын комитеттер мен жұмыс топтары және Бас директор шақыратын және Одаққа қатысты мәселелердi қарайтын басқа да кез келген отырыстардың, қайта қарау жөніндегі конференцияның хатшылығы функцияларын орындайды.
      (2) Бас директор Одақтың басты лауазымды адамы болып табылады және ол Одақты бiлдiредi.
      (3) Бас директор Одаққа қатысты мәселелердi қарайтын барлық отырыстарды шақырады.
      (4)(а) Бас директор және ол тағайындаған кез келген қызметшiлер мүшесi Ассамблеяның және Ассамблея құратын комитеттер мен жұмыс тобының, сондай-ақ Одаққа қатысты мәселелердi қарайтын және Бас директор шақыратын басқа да кез келген отырыстарға дауыс беру құқығынсыз қатысады.
      (b) Бас директор немесе ол тағайындаған қызметшілер мүшесі Ассамблеяның, сондай-ақ (а) тармақшасында аталып өткен комитеттердің, жұмыс топтары мен басқа да отырыстардың ex officio хатшысы болып табылады.
      (5)(а) Бас директор Ассамблея нұсқауларына сәйкес қайта қарау

 

жөніндегі конференцияға әзірлікті жүзеге асырады.

     (b) Бас директор қайта қарау жөнiндегi конференцияға әзiрлiк

мәселелерi бойынша үкіметаралық және халықаралық үкiметтiк емес ұйымдармен

кеңесе алады.

     (с) Бас директор және ол тағайындаған адамдар қайта қарау жөнiндегi

конференция жұмысына дауыс беру құқығынсыз қатысады.

     (d) Бас директор немесе ол тағайындаған қызметшілер мүшесi қайта

қарау жөнiндегi кез келген конференцияның ex officio хатшысы болып

табылады.


                              12-бап

                             Нұсқаулық


     (1) Нұсқаулықта:


 
       (і) осы Шарттың Нұсқаулыққа арнайы сілтеме жасауына қатысты, немесе олардың белгiленгенiн немесе белгіленетiнiн арнайы көздейтiн талаптарға;
      (іi) кез келген әкiмшілiк талаптарына, мәселелерге немесе рәсiмдерге;
      (iiі) осы Шарттың қолданылуы үшін пайдалы болатын кез келген жан-жақты баяндалуға қатысты ережелер көзделген;
      (2) Осы Шартпен бiр мезгілде қабылданатын Нұсқаулық осы Шартқа қоса тіркеледі.
      (3) Ассамблеяның Нұсқаулыққа түзетулер енгізу құқығы болады.
      (4)(а) Нұсқаулыққа енгiзілетiн кез келген түзетулерді қабылдау үшiн

 

(b) тармақшасындағы ережелер ескеріле отырып, берілген дауыстардың үштен

екісiнiң көпшiлiк даусы талап етiледi.

     (b) Депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның депозиттелген

микроорганизм үлгілерiн беруге қатысты кез келген түзетуiн қабылдау үшiн

Уағдаласушы мемлекеттің бiрде бiреуiнiң ұсынылған түзетуге қарсы дауыс

бермеу талап етiледi.

     (5) Осы Шарттың ережелерi мен Нұсқаулықтың ережелерi арасында

алшақтық болған жағдайда Шарттың ережелерi қолданылады.


                              ІІІ ТАРАУ

                    ҚАЙТА ҚАРАУ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУЛЕР


                              13-бап

                       Шарттың қайта қаралуы


     (1) Осы Шарт Уағдаласушы мемлекеттердiң конференциясында уақыт өте

келе қайта қаралуы мүмкiн.

     (2) Қайта қарау жөнiндегi кез келген конференцияны шақыру туралы

шешiмдi Ассамблея қабылдайды.

     (3) 10 және немесе 11-баптарға түзетулердi не қайта қарау жөнiндегi

конференцияда немесе 14-бапқа сәйкес қабылдай алады.


                              14-бап

               Шарттың кейбiр ережелерiне түзетулер



 
       (1)(а) Осы бапқа сәйкес 10 және 11-баптарға түзету енгізу жөніндегі ұсыныстарды кез келген Уағдаласушы мемлекет немесе Бас директор жасай алады.
      (b) Мұндай ұсыныстарды Бас директор Уағдаласушы мемлекеттерге бұлар Ассамблеяда қаралғанға дейін кем дегенде алты ай бұрын жібереді.
      (2)(а) (1) тармақта аталып өткен баптарға түзетулерді Ассамблея қабылдайды.
      (b) 10-бапқа кез келген түзетудің қабылдануы үшiн берiлген дауыстардың бестен төртiнiң көпшiлiк дауысы талап етiледi; 11-бапқа кез келген түзетудiң қабылдануы үшiн берiлген дауыстардың төрттен үшiнiң көпшілiк даусы талап етiледi.
      (3)(а)(1) тармақта аталып өткен баптарға кез келген түзету ол осы түзету қабылданған кезде Ассамблея мүшесі болған Уағдаласушы мемлекеттердiң төрттен үшiнен оның қабылданғаны туралы әр мемлекеттiң конституциялық рәсiмiне сәйкес жүзеге асырылған жазбаша хабарламаны Бас директор алғаннан кейiн бiр айдан соң күшiне енедi.
      (b) Осындай жолмен қабылданған аталған баптарға түзетулер Ассамблея түзетулердi қабылдаған кезде Уағдаласушы мемлекеттер болып табылатын барлық Уағдаласушы мемлекеттер үшiн мiндеттi болады; алайда, аталып өткен Уағдаласушы мемлекеттер үшiн қаржылық мiндеттемелер тудыратын немесе мұндай мiндеттемелердi арттыратын кез келген түзету осындай түзетудi

 

қабылдағаны туралы хабарлама жасаған Уағдаласушы мемлекеттер үшiн ғана

мiндеттi болып табылады.

     (с) (а) тармақшасының ережелерiне сәйкес қабылданып, қолданысқа

енгiзiлетiн кез келген түзету Ассамблея осы түзетудi қабылдаған күннен

кейiн Уағдаласушы мемлекеттер болатын барлық мемлекеттер үшiн мiндеттi.


                             IV ТАРАУ

                       ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР


                              15-бап

                          Шартқа қатысу


     (1) Өнеркәсiптiк меншікті қорғау жөніндегі Халықаралық (Париж) одаққа

мүше - кез келген мемлекет:

     (i) бекiтiлген грамотаны бұдан кейiн сақтауға тапсыра отырып Шартқа

қол қою; немесе

     (ii) Шартқа қосылу жөнiндегi актiнi сақтауға тапсыру жолымен Осы

Шартқа қатысушы бола алады.

     (2) Бекiтiлген грамоталар немесе қосылу туралы актiлер Бас

директордың сақтауына тапсырылады.


                              16-бап

                        Шарттың күшіне енуі



 
       (1) Осы Шарт өздерiнiң бекiту грамоталарын немесе қосылу туралы актiлерiн сақтауға тапсырған алғашқы бес мемлекет үшiн бекiтiлген бесiншi грамотаны немесе қосылу туралы актiнi сақтауға тапсырған күннен бастап үш ай өткен соң күшiне енедi.

 

     (2) Осы Шарт, егер бекiту грамотасында немесе қосылу туралы актiде

тым кеш күн көрсетiлмесе, кез келген басқа мемлекеттер үшiн осы

мемлекеттiң бекiту грамотасын немесе қосылу туралы актiнi сақтауға

тапсырған күнiнен кейiн үш ай өткен соң күшiне енедi. Осы Шарт соңғы

жағдайда бұл мемлекетке қатысты күш осындай жолмен көрсетiлген күнi күшiне

енедi.


                              17-бап

                     Шарттың күшiнiң жойылуы


     (1) Кез келген Уағдаласушы мемлекет Бас директорға хабарлама жолдау

арқылы осы Шарттың күшiн жоя алады.

     (2) Күшiн жою Бас директор бұл хабарламаны алған күннен бастап екi

жылдан кейiн күшiне енедi.


 
       (3) (1) тармақта көзделген күшiн жою құқығын бiрде бiр Уағдаласушы мемлекет өзі осы Шартқа қатысушы болған күннен бастап бес жыл мерзiм өтпейiнше пайдалана алмайды.
      (4) 7(1)(а) бапта аталып өткен декларация жасаушы Уағдаласушы мемлекеттердің депозиттеу жөніндегі халықаралық орган мәртебесін алған депозиттеу жөніндегі мекемеге қатысты осы Шарт күшінің жойылуы (1) тармақта аталып өткен хабарламаны Бас директор алған күннен бастап бір жылдан кейін мұндай мәртебенің тоқтатылуына әкеп соғады.
 
                               18-бап
                   Шарттың тiлi және оған қол қою
 
      (1)(а) Осы Шарттың ағылшын және француз тiлдерiндегi түпнұсқасына қол қойылады әрi екi мәтiннiң де заңдық құқығы бiрдей болады.
      (b) Осы Шарттың ресми мәтiндерiн осы Шартқа қол қойылған күннен бастап екi ай iшiнде Бас директор мүдделi үкiметтермен кеңескеннен кейiн Дүниежүзiлiк интеллектуалдық меншiк ұйымын құратын Конвенцияға қол қойған басқа тiлдерде жасайды.
      (с) Осы Шарттың ресми мәтiндерiн Бас директор мүдделi үкiметтермен кеңескеннен кейiн араб, итальян, немiс, португал және жапон тiлдерiнде, сондай-ақ Ассамблея белгiлейтiн басқа да тiлдерде жасайды.
      (2) Осы Шарт Будапештте қол қою үшiн 1977 жылдың 31 желтоқсанына дейiн ашық болады.
 
                               19-бап
           Шартты сақтау; көшiрмелердi жөнелту; Шартты тiркеу
 
      (1) Осы Шарттың түпнұсқа мәтiнi ол қол қою үшiн жабылғаннан кейiн Бас директордың сақтауына тапсырылады.
      (2) Бас директор осы Шарт пен Нұсқаулықтың өзi куәландырылған екi көшiрмесiн 15(1) бапта айтылып өткен барлық мемлекеттердiң үкiметтерiне, 9(1)(а) бапқа сәйкес декларация бере алатын үкiметаралық ұйымдарға және талап етуi бойынша кез келген басқа мемлекеттiң үкiметiне жiбередi.
      (3) Бас директор осы Шартты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығында тiркеуден өткiзедi.
      (4) Бас директор осы Шарт пен Нұсқаулыққа жасалған кез келген түзетудiң өзi куәландырған екі көшiрмесiн барлық Уағдаласушы мемлекеттерге, өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдарына және талап етуi бойынша кез келген басқа мемлекеттiң үкiметi мен 9(1)(а) бапқа сәйкес декларация бере алатын кез келген басқа үкiметаралық ұйымға жiбередi.
 
                               20-бап
                              Хабарлама
 
      Бас директор Уағдаласушы мемлекеттерге, өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдарына және Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi халықаралық (Париж) одақтың мүшесi болып табылатын және Одақтың мүшесi емес мемлекеттерге де:

 

     (i) 18-бапқа сәйкес қол қоюлар туралы;

     (ii) 15(2) бапқа сәйкес бекiтілетiн грамоталарды немесе қосылу туралы

актiлердi сақтауға тапсыру туралы;

     (iii) 9(1)(а) баптың ережелерiне сәйкес берiлген декларациялар мен

9(2) немесе (3) бапқа сәйкес керi қайтарып алу жөнiндегi хабарламалар

туралы;

     (iv) 16(1) бапқа сәйкес осы Шарттың күшiне енген күнi туралы;

     (v) 7 және 8-баптарға сәйкес хабарлар, сондай-ақ 8-бапқа сәйкес

шешiмдер туралы;

     (vi) 14(3) бапқа сәйкес осы Шартқа енгiзiлген түзетулер туралы;

     (vii) Нұсқаулыққа кез келген түзету туралы;

     (viii) Шартқа немесе Нұсқаулыққа түзетудiң күшiне енетiн күнi туралы;

     (iх) 17-бапқа сәйкес жасалған күшiн жою туралы хабарлама жасайды.


    Микроорганизмдерді патенттік рәсім мақсаттары үшін депозиттеуді       

              халықаралық тану туралы Будапешт шартына

                           Нұсқаулық*


                     (1981 жылғы 31 қаңтар)

__________________    

* Күшiне енуi (соңғы өзгерiстерiмен): 1981 жылғы 31 қаңтар.

Ескерту: осы Нұсқаулық 1977 жылғы 28 сәуiрде қабылданған, 1981 жылғы 20

қаңтарда өзгерiстер енгiзiлген.


                           1-ереже    

   Қысқартылған сөйлемдер және қол қою сөзіне түсініктеме беру


     1.1 "Шарт"

     Осы Нұсқаулықтағы "Шарт" сөзi Микроорганизмдердi патенттiк рәсім

мақсаттары үшiн депозиттеудi халықаралық тану туралы Будапешт шартын

бiлдiредi.


     1.2 "Бап"

     Осы Нұсқаулықтағы "Бап" сөзi Шарттың белгiлi бiр бабына қатысты.


     1.3 "Қол қою"

     Осы Нұсқаулықтағы "қол қою" сөзiн, егер аумағында осы орган

орналасқан мемлекеттiң заңдары қол қою орнына "мөр" сөзiнiң қолданылуын

талап етсе, депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның мақсаты үшiн "мөр"

сөзiн бiлдiредi деп түсiнген жөн.


                           2-ереже

           Депозиттеу жөнiндегi халықаралық органдар


     2.1 "Құқықтық мәртебе"


 
       Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган қоғамдық әкімшiлiк органы жанындағы орталық үкiметке жатпайтын қоғамдық ұйымды қоса алғандағы үкiметтiк мекеме немесе жекеменшiк ұйым болуы мүмкін.
 
      2.2 Қызметшілер мен құрал-жабдықтар
 
      6 (2) (ii) бапта аталып өткен шарттар, атап айтқанда, мыналарды қамтиды:
      (i) кез-келген депозиттеу жөніндегі халықаралық орган депозиттелген микроорганизмдерді қорғау кезінде бұл органда микроорганизмдердің тіршілікке қабілеттілігі мен ласталмауын сақтауды қамтамасыз ететін қызметшілер мен құрал-жабдықтар болуға тиіс;
      (ii) кез-келген депозиттеу жөніндегі халықаралық орган микроорганизмдерді сақтау үшін ондағы депозиттелген микроорганизмдердің жоғалу қаупін барынша азайту мақсатымен оның алдын алудың жеткілікті шараларын көздеуге тиіс.
 
      2.3 Yлгiлердi беру
      6 (2) (іі) бапта аталып өткен шарттар, атап айтқанда, кез-келген депозиттеу жөніндегі халықаралық органның депозиттелген микроорганизмдердің үлгілерін тез және лайықты түрде беруге тиісті екендігі туралы талаптарды қамтиды.
 
                               3-ереже
      Депозиттеу жөніндегі халықаралық орган мәртебесіне ие болу
 
      3.1 Хабар
      (а) 7(1) бапта аталып өткен хабар Бас директорға, Уағдаласушы мемлекеттер жағдайында - дипломатиялық арналар бойынша немесе Өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымы жағдайында - осы ұйымның басты лауазымды адамы арқылы жіберіледі.
      (b) Хабарда:
      (i) хабарға қатысы бар депозиттеу жөніндегi мекеменiң атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге;
      (іі) аталған мекеменiң құқықтық мәртебесi, ғылым саласындағы жағдайы, қызметшiлерi мен құрал-жабдықтары жөнiндегі ақпаратты қоса алғанда 6 (2) бапта көзделген шарттарға сай келетiн қабiлетi туралы жан-жақты мәлiметтер болуға;
      (iii) егер аталып өткен депозиттеу жөнiндегi мекеме белгілi бiр микроорганизмдер түрлерiн ғана депозиттеуге қабылдау ниетiнде болса, ондай түрлердi санамалап көрсетуге;
      (iv) аталып өткен мекеме депозиттеу жөніндегі халықаралық орган мәртебесін алғаннан кейін микроорганизмдерді сақтағаны, тіршілікке қабілеттілігі туралы куәліктер мен үлгілерді бергені үшін алатын кез-келген баж көлемін көрсетуге;
      (v) аталып өткен мекеменiң ресми тiлін немесе тiлдерiн көрсетуге;
      (vi) 7(1)(а) бабында аталған күн мұның қолданылатын жағдайында көрсетілуге тиiс.
 
      3.2 Хабарға байланысты іс-әрекеттер
 
      Егер хабар 7(1) баптың ережелерi мен 3.1 ережесiне сәйкес келсе, Бас директор ол туралы барлық Уағдаласушы мемлекеттердi және өнеркәсіптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдарын дереу хабардар етедi және ол хабарды Халықаралық бюро дереу жариялайды.
 
      3.3 Микроорганизмдердің қабылданатын түрлері тізімінің кеңейтілуі
 

 

     7(1) бапта аталып өткен, хабар берген Уағдаласушы мемлекет немесе

өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымы олар тапсырған растамалардың бұл

уақытқа дейін осы растамалар қолданылмаған микроорганизмдердің белгілі бір

түрлеріне қолданылатындығы туралы Бас директорды кез келген уақытта

хабардар ете алады. Мұндай жағдайда және микроорганизмдердің қосымша

түрлеріне қатысты болатын шамада 7(1) баптың шарттары мен 3.1 және 3.2

ережелеріндегі mutatis mutandis қолданылады.


                              4-ереже

          Депозиттеу жөніндегі халықаралық орган мәртебесін

                       тоқтату немесе шектеу


     4.1 Қойылатын талап, талапқа байланысты іс-әрекеттер

     (а) 8(1) бапта айтылып өткен талап, 3.1 (а) ережесінің шарттарына

сәйкес, Бас директорға жолданады.

     (b) Талапта:

     (і) тиісті депозиттеу жөніндегі халықаралық органның атауы мен

мекен-жайы көрсетілуге;


 
       (іі) егер ол белгілі бір микроорганизмдер түрлеріне ғана қатысты болса, микроорганизмдердің мұндай түрлері санамаланып шығуға;
      (ііі) талап негізделген фактілер жан-жақты баяндалуға тиіс.
      (с) Егер талап (а) және (b) тармақтарының ережелеріне жауап бере алса, Бас директор ол туралы барлық Уағдаласушы мемлекеттерді және өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымдарын дереу хабардар етеді.
      (d) (е) тармағының ережелерін ескере отырып, Ассамблея талаптарды талап туралы хабарланған сәттен бастап алты айдан аспайтын және сегіз айдан кешіктірілмейтін мерзімде қарайды.
      (е) Егер Бас директордың пiкiрi бойынша (d) тармағында көзделген мерзiмдi сақтау нақты немесе әлеуетті депозиторлардың мүдделерiне зала келтiрiлетiндей болса, ол (d) тармағында көзделген мерзiмнен ерте Ассамблеяны шақыра алады.
      (f) Егер Ассамблея депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiн белгiлi бiр микроорганизм түрлерi бойынша тоқтату немесе шектеу туралы шешiм қабылдайтын болса, алты айлық мерзім өтетiн күннен бұрын аталып өткен шешiм ол қабылдаған күннен бастап үш ай өткен соң күшiне енедi.
 
      4.2 Хабар; күшіне енетін күні; хабарға байланысты іс-әрекеттер
      (а) 8(2) бапта аталып өткен хабар 3.1 (а) ережесiне сәйкес Бас директорға жiберiледi.
      (b) Хабарда:
      (i) тиiстi депозиттеу жөніндегi халықаралық органның атауы мен мекен-жайы көрсетiлуге;
      (іі) егер ол белгілi бiр микроорганизмнiң түрлерiне ғана қатысты болса, ондай микроорганизмдердiң мұндай түрлерi санамаланып шығарылуға;
      (iіі) егер осы хабарды беріп отырған Уағдаласушы мемлекет немесе Өнеркәсіптік меншiктiң үкіметаралық ұйымы 8(2) (b) бапта көзделген салдар хабарланған күннен үш айлық кезең өтетін күннің кешірек келгенін қалайтын болса, осы кешірек келетін күн көрсетілуге тиіс.
      (с) (b) (iіі) тармағының ережелерiн қолданған кезде 8 (2) (b) бапта көзделген салдар осы тармаққа сәйкес хабарда көрсетілетін күн туады; олай болмаған жағдайда хабарланған күннен бастап үш айлық мерзім өткеннен кейін туады.
      (d) Бас директор Уағдаласушы мемлекеттер мен өнеркәсiптiк меншіктің үкiметаралық ұйымдарын 8(2) (b) бапқа сәйкес алынған кез келген хабарлар туралы және оның (с) тармағына сәйкес күшіне енетін күні жөнінде дереу хабардар етеді. Тиісті хабарды Халықаралық бюро дереу жариялайды.
 
      4.3 Депозиттеу кезінде туатын салдар
      8(1), 8(2), 9(4) немесе 17(4) баптардың ережелеріне сәйкес, депозиттеу жөніндегi халықаралық органның мәртебесi тоқтатылған немесе шектелген жағдайда 5.1 mutatis mutandis ережесі қолданылады.
 
                               5-ереже
        Депозиттеу жөніндегі халықаралық органның дәрменсіздігі
 
      5.1 Депозиттелген микроорганизмдерге қатысты функцияларды орындауды тоқтату
      (а) Егер депозиттеу жөніндегi кез келген халықаралық орган кез келген сонда депозиттелген микроорганизмдерге қатысты Шарт пен осы Нұсқаулыққа сәйкес орындауға тиіс болатын кез келген функциясын орындауды уақытша немесе түпкілікті тоқтатса, 6(1) баптың ережелеріне сәйкес сол органға қатысты растамалар берген Уағдаласушы мемлекет немесе өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы:
      (і) барынша мүмкін болатын дәрежеде бұзылмаған немесе ластанбаған барлық осындай микроорганизмдер үлгілерінің аталған органнан ("дәрменсіз органнан") басқа депозиттеу жөніндегі халықаралық органға ("орнын басушы органға") дереу берілуін қамтамасыз етуге тиіс;
      (іі) барынша мүмкін болатын дәрежеде орнын басушы органның дәрменсіз органға жiберiлген барлық пошталық және өзге де хабарларын, сондай-ақ аталып өткен микроорганизмдерге қатысты және сол органның қарауында болатын барлық құжаттар мен басқа да тиістi ақпараттарды дереу жіберуді қамтамасыз етуге тиіс;
      (iіі) барынша мүмкiн болатын дәрежеде дәрменсiз органға барлық мүдделі депозиторлардың орындалған қызметінің тоқтатылуы туралы және олар жасаған жіберілімдер туралы дереу хабардар етуді қамтамасыз етуге тиіс;
      (iv) Бас директорды (i) - (ііi) тармақшаларына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер мен өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдары қабылдаған көрсетілген тоқтатылудың фактiсi мен дәрежесi туралы және шаралары туралы дереу хабардар етуге тиiс;
      (b) Бас директор (а) (iv) тармағына сәйкес алынған хабарлама туралы уағдаласушы мемлекеттер мен өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдарын, сондай-ақ өндiрістік меншiк ведомстволарын дереу хабардар етедi; Бас директордың хабарламасын және ол алған хабарламаны Халықаралық бюро дереу жариялайды.
      (с) Қабылданатын патенттiк рәсiмге сәйкес, 7.5. ережеде аталып өткен қолхатты алысымен, дереу бастапқы депозиттеуге сiлтеме жасай отырып, патентке өтінiм берiлген кез келген өндiрiстiк меншiк ведомствосына орнын басушы органның осы депозиттеуге берген жаңа тiркеу нөмiрiн депозитордың хабарлауы талап етілуі мүмкiн.
      (d) орнын басушы орган дәрменсiз орган берген тіркеу нөмiрiн жаңа тіркеу нөмірiмен бiрге дұрыстап сақтайды.
      (с) (а) (i) тармағына сәйкес жасалған кез келген берулерге қосымша ретінде, дәрменсіз орган, депозитордың сұрау салуы бойынша, мүмкіндігіне қарай, сонда депозиттелген кез келген микроорганизмнің үлгісін барлық пошталық және өзге де хабарлардың көшірмелерімен, сондай-ақ (а)(іі) тармағында аталып өткен барлық құжаттар мен басқа да тиісті ақпараттардың көшірмелерімен бірге орнын басушы органнан басқа депозитор көрсеткен кез келген депозиттеу жөніндегі халықаралық органға береді, депозитор дәрменсiз органға осы үлгінің берілуіне байланысты кез келген шығындарды төлеуі шарт.
      (f) кез келген мүдделі депозитордың сұрау салуы бойынша, сонда депозиттелген микроорганизмдер үлгілерін дәрменсіз орган бұл ол үшін қаншалықты мүмкін болғанынша сақтайды.
 
      5.2 Микроорганизмдердің кейбір түрлерін қабылдаудан бас тарту
      (а) Егер депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық орган тапсырылған растамалар негізінде қабылдау міндетті болатын микроорганизмдердің кез келген түрін депозиттеуге қабылдаудан бас тартса, 7(1)(а) бапқа сәйкес сол органға қатысты декларация жасаған Уағдаласушы мемлекет пен өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымы Бас директорды тиістi фактiлер мен қабылданған шаралар жөнiнде дереу хабардар етедi.
      (b) Бас директор басқа Уағдаласушы мемлекеттер мен өнеркәсiптiк меншiктiң үкіметаралық ұйымдарын (а) тармағына сәйкес алынған хабарлама туралы дереу хабардар етеді. Бас директордың хабарламасын және ол алған хабарламаны Халықаралық бюро дереу жариялайды.
 
                               6-ереже
          Бастапқы және қайталап депозиттеудің жүзеге асырылуы
 
      6.1 Бастапқы депозиттеу
      (а) Депозитордың депозиттеу жөнiндегi халықаралық органға беретiн микроорганизмiне 6.2. ережесi қолданылуын талап ететiн жағдайды қоспағанда, депозитор қол қойған және мыналар қамтылған жазбаша арыз ұсынылады:
      (i) депозиттеудің Шартқа сәйкес жүзеге асырылғанын бiлдiретiн нұсқау мен 9.1. ережесiнде көрсетiлген кезең iшiнде депозиттелген микроорганизмдi алып қоймау туралы мiндеттеме;
      (іі) депозитордың аты мен мекен-жайы;
      (ііi) микроорганизмнiң тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн культивациялау, сақтау және тексеру үшiн, сондай-ақ егер микроорганизмдiк қоспасы депозиттелсе, сол қоспаның құраластарын және олардың бар екенiн тексеруге мүмкiндiк беретiн әдiстеменiң кем дегенде бiреуiн сипаттау үшiн қажеттi шарттардың жан-жақты баяндалуы;
      (iv) депозитордың бұл микроорганизмге таққан айырып-тану сiлтемесi (нөмiрi, нышандары және т.б.);
      (v) микроорганизм қасиеттерiнiң денсаулыққа немесе қоршаған ортаға қауiптi немесе қауiптi болып табылуы мүмкiн екендiгi туралы немесе депозиторға мұндай қасиеттердiң белгiсiз екендiгi туралы нұсқаулар.
      (b) (а) тармағында аталып өткен жазбаша өтiнiште депозиттелетiн микроорганизмнiң ғылыми сипаттамасы және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындамасының қамтылуы баса талап етiледi.
 
      6.2 Қайталап депозиттеу
      (а) (b) тармағының ережелерi ескерiле отырып, 4-бапқа сәйкес қайталап депозиттеу жүзеге асырылған кезде депозитордың депозиттеу жөнiндегi халықаралық органға беретiн микроорганизмiне бұрынғы депозиттелу туралы қолхаттың көшiрмесi, микроорганизмнің тіршілікке қабiлеттiлігiн көрсететiн, бұрын депозиттеу объектiсi болып табылған микроорганизмнің тіршілікке қабілеттілігі туралы куәліктің соңғы көшірмесі және мыналар қамтылатын, депозитор қол қойған жазбаша өтініші қоса тіркеледі:
      (і) 6.1 (а) (i)-(v) ережесiнде аталып өткен мәліметтер;
      (іі) 4 (1) (а) бабына сәйкес қайталап депозиттеудің себептерi көрсетiлген декларация, қайталап депозиттелген микроорганизм де бұрынғы депозиттелген микроорганизм болып табылатындығын растайтын өтініш және 4(1)(а) бабында аталып өткен депозитор хабарлама алған күннің көрсетілуі немесе мән-жайға қарай, 4(1)(е) бабында аталып өткендей, жарияланған күні;
      (iiі) егер қандай да бiр ғылыми сипаттама (лар) және/немесе ұсынылып отырған таксономиялық айқындама (лар) өткен депозиттеуге байланысты көрсетiлген болса, бұрынғы депозиттеу жасаған депозиттеу жөнiндегi халықаралық органға хабарланған түрдегiдей (түрлердегiдей) соңғы ғылыми сипаттамасы және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындамасы.
      (b) Егер қайталап депозиттеу сол бұрынғы депозиттеу органында жүзеге асырылған болса, (а)(i) тармағының ережелері қолданылмайды.
      (с) (а) және (b) тармақтарының, сондай-ақ 7.4. ережесiнiң мақсаттары үшін "алдағы депозиттеу":
      (i) егер осы қайталап депозиттеудiң алдында бiр немесе бiрнеше қайталап депозиттеу болған болса, басқа қайталап депозиттеудің ішіндегі соңғысын;
      (іі) егер осы қайталап депозиттеудің алдында ешқандай қайталап депозиттеу болмаған болса, бастапқы депозиттеуді білдіреді.
 
      6.3 Депозиттеу жөніндегі халықаралық органдарға қойылатын талаптар
      (а) Депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық орган мыналарды талап ете алады:
      (і) депозиттелетiн организмнiң оған Шарттың және осы Нұсқаулықтың мақсаттары үшiн қажет болатын нысан мен санда берiлуiн;
      (іі) оған осы органның әкiмшiлiк рәсiмiнің мақсаттары үшiн депозитор тиiсті түрде толтырған сол орган белгiлеген бланкiнiң берiлуін;
      (ііі) 6.1 (а) немесе 6.2 (а) ережесiнде аталып өткен жазбаша өтiнiштiң осы орган көрсеткен тiлде немесе кез келген тiлдердiң бiрінде жазылуын; бұл орайда, мұндай көрсетілу кем дегенде ресми тiлдi немесе 3.1 (b)(v) ережесiне сәйкес көрсетiлген тiлдердi қамтуға тиіс деп ұғынылады;
      (iv) 12.1 (а)(i) Ережесiнде аталып өткен сақтағаны үшiн баж төленуiн; және
      (v) депозитор мен осы органның арасында тиiстi заңдар мүмкiндiк беретін дәрежеде депозитор мен аталып өткен органның мiндеттемелерi ескерiлетiн шарт жасасылуын.
      (b) Депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық орган Халықаралық бюроға кез келген осындай талаптар мен оған кез келген түзетулер туралы хабарлайды.
 
      6.4 Қабылдау рәсімі
      (а) Мынандай жағдайларда депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган микроорганизмдi депозиттеуге қабылдаудан бас тартады және ондай бас тарту мен оның себептерi туралы депозиторды жазбаша түрде хабардар етеді:
      (і) егер депозиттелетiн микроорганизм 3.1 (b)(ііі) немесе 3.3 ережесiне сәйкес ұсынылған растамалар қолданылатын бірде бір микроорганизм түрлеріне жатқызылмаса;
      (іі) егер микроорганизм қасиеттері соншалықты ерекшелiкті болып, депозиттеу жөніндегі халықаралық орган осы Шарт пен осы Нұсқаулыққа сәйкес сол организмге қатысты орындауға тиісті функциясын орындауға техникалық жағынан қабілетсіз болып шықса;
      (ііі) егер алынған депозиттiң жай-күйi депозиттелген микроорганизмнің жоқтығын анық көрсетіп тұрса немесе ғылыми пайымдауларға орай, депозиттелген микроорганизмді қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермесе.
      (b) (а) тармағының ережелері ескеріле отырып, депозиттеу жөніндегі халықаралық орган 6.1 (а) немесе 6.2 (а) ережесінде, сондай-ақ 6.3 (а) ережесінде аталып өткен барлық талаптарды сақтаған жағдайда, депозиттелген микроорганизмді қабылдауды жүзеге асырады. Егер аталып өткен талаптардың қандай да біреуі сақталмаса, депозиттеу жөніндегі халықаралық орган бұл туралы депозиторға дереу хабарлайды және оған осындай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді ұсынады.
      (с) Микроорганизм бастапқы немесе қайталап депозиттеу нәтижесінде

 

алынған жағдайда, мұндай бастапқы немесе қайталап депозиттеу күні,

мән-жайға қарай, микроорганизмді депозиттеу жөніндегі халықаралық орган

алған күн болып табылады.

     (d) Депозиттеу жөніндегі халықаралық орган депозитордың өтініші

бойынша және (b) тармағында аталып өткен барлық талаптар сақталған

жағдайда, осы Шарттың мақсаттары үшiн мұндай органның депозиттеу жөніндегі

халықаралық орган мәртебесін алған күніне микроорганизм алынған деп

есептейді.


                              7-ереже

                       Алған кездегі қолхат


     7.1 Қолхаттың берілуі


 
       Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган депозиторға осы органда жасалған немесе соған берiлген микроорганизмнiң әрбiр депозиттелуiне қатысты оның осы микроорганизмдi қабылдап алған фактiсiн растап қолхат бередi.
 
      7.2 Бланк; тілдері; қол қою
      (а) 7.1 ережесiнде аталып өткен кез келген қолхат Ассамблея үлгiсiн айқындаған тілдерде Бас директор белгiлейтiн "халықаралық бланк" деп аталатын бланкiлерде жасалады.
      (b) латындық емес әліпби белгілерімен толтырылатын қолхаттағы кез келген сөздер мен әрiптер де транслитерация жолымен латын әлiпбиiнiң әрiптерiмен көрсетіледi.
      (с) Қолхатқа депозиттеу жөнiндегi халықаралық органды бiлдiретiн өкiлеттiгi бар тұлға немесе тұлғалар немесе аталған тұлға немесе тұлғалардан тиiстi өкiлеттiк алған сол органның кез келген лауазымды адамы қол қояды.
 
      7.3 Бастапқы депозиттеу кезіндегі мазмұн
      Бастапқы депозиттеу кезiнде берiлген, 7.1 ережесiнде аталып өткен және бастапқы депозиттеу кезiнде берiлетiн кез келген қолхат оның Шартқа сәйкес депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган ретiнде депозиттеу жөнiндегi мекемеден берiлгенiн көрсетуге тиiс және кем дегенде мынандай мәлiметтердi қамтуға тиiс:
      (i) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның атауы мен мекен-жайы;
      (ii) депозитордың аты мен мекен-жайы;
      (iii) 6.4 (с) ережесiнде бар айқындамаға сәйкес, бастапқы депозиттелген күнi;
      (iv) депозитордың микроорганизмге таққан айырып-тану сiлтемесi (нөмiр, нышандар және т.б.);
      (v) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның депозиттелген микроорганизмге берген тіркеу нөмiрi;
      (vi) егер 6.1 (а) ережесінде аталып өткен жазбаша өтініште микроорганизмнiң ғылыми сипаттамасы және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындамасы қамтылса, онда факт туралы ескертпе.
 
      7.4 Қайталап депозиттеу кезіндегі мазмұн
      7.1 ережесiнде аталып өткен және 4-бапқа сәйкес депозиттеу жасалған қайталап депозиттеу жағдайында берiлген кез келген қолхатқа бұрынғы депозиттеу туралы қолхаттың көшiрмесi (6.2 (с) ережесінің мағынасы шеңберiнде) және сол микроорганизмнiң тiршілiкке қабiлеттiлiгiн көрсететiн, бұрынғы депозиттеудің объектiсi болып табылса микроорганизмнің тiршілікке қабілеттілігі туралы (6.2 (с) ережесiнiң мағынасы шеңберінде) соңғы куәлiктiң көшiрмесі қоса тiркелуге тиіс; бұл қолхатта кем дегенде мыналар қамтылуы тиіс:
      (і) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның атауы мен мекен-жайы;
      (іі) депозитордың аты мен мекен-жайы;
      (ііі) 6.4 (с) ережесінде мазмұндалған айқындамаға сәйкес, қайталап депозиттелген күн;
      (iv) депозитордың микроорганизмге таққан айырып-тану сілтемесі (нөмір, нышандар және т.б.);
      (v) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның қайталап депозиттеу нәтижесінде депозиттелген микроорганизмге берген тiркеу нөмірi;
      (vi) 6.1 (а)(іі) ережесiне сәйкес депозитор көрсеткен тиiстi себеп пен тиiсті күнін көрсету;
      (vii) егер 6.2 (а) ережесiн қолданған кезде депозитордың ғылыми сипаттамасын және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындамасын көрсету фактісіне сілтеме жасауы;
      (viii) алдағы депозиттеу нәтижесiнде депозиттелген микроорганизмге берілген (6.2 (с) ережесiнiң мағынасы шеңберiнде) тiркеу нөмiрi.
 
      7.5 Беру жағдайындағы қолхат
      5.1 (а)(i) ережесiне сәйкес микроорганизм берiлген депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган Шартқа сәйкес, депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган болып табылатын депозиттеу жөнiндегi мекеме үлгiнiң берілуіне байланысты әрбiр депозиттеуге қатысты бергенiн куәландыратын және кем дегенде мынандай мәлiметтердi қамтитын қолхат бередi:
      (і) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның атауы мен мекен-жайы;
      (іі) депозитордың аты мен мекен-жайы;
      (ііі) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның берiлген үлгінi алған күні (берiлген күнi);
      (iv) депозитордың микроорганизмге таққан айырып-тану сiлтемесi (нөмiр, нышандар және т.б.);
      (v) депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган берген тiркеу нөмiрi;
      (vi) беруді жүргiзген депозиттеу жөніндегі халықаралық органның атауы мен мекен-жайы;
      (vii) берiлудi жүргізген депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның тiркеу нөмірі;
      (viii) егер 6.1 (а) немесе 6.2 (а) ережелерiнде аталып өткен жазбаша өтініште микроорганизмнiң ғылыми сипаттамасы және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындамасы қамтылатын болса, немесе егер мұндай ғылыми сипаттама (лар) және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындама (лар) 8.1 ережесіне сәйкес кейінірек көрсетілсе немесе бұл сипаттамаға және/немесе айқындамаға кейінірек өзгерістер енгізілсе - тиісті фактіге сілтеме жасалады.
 
      7.6 Ғылыми сипаттаманы және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындаманы салып жіберу
      11.1, 11.2 немесе 11.3 ережелерінің шарттарына сәйкес, депозиттелген микроорганизм үлгісін алуға құқылы кез келген тараптың талабы бойынша, депозиттеу жөніндегі халықаралық орган ондай тарапқа 6.1 (b), 6.2 (а)(ііі) немесе 8.1 (b)(ііі) ережелерінде аталып өткен соңғы ғылыми сипаттаманы және/немесе ұсынылатын таксономиялық айқындаманы салып жібереді.
 
                               8-ереже
          Ғылыми сипаттаманың және/немесе ұсынылатын таксономиялық
              айқындаманың келесi көрсетiлуi немесе өзгертiлуі
 
      8.1 Хабар
      (а) Егер, микроорганизмнiң депозиттелуiмен байланысты микроорганизмнiң ғылыми сипаттамасы (лары) және/немесе таксономиялық айқындамасы (лары) көрсетiлмесе, депозитор оларды кейінірек көрсете алады немесе олар көрсетiлген болса, бұл сипаттамаға және/немесе айқындамаға өзгерiстер енгiзе алады.
      (b) Кез келген мұндай келесi көрсетiлiм немесе өзгертiлiм депозиттеу

 

жөнiндегi халықаралық органның атына жазбаша хабар түрiнде депозитордың

қолы қойылып жасалуға тиiс және мыналарды:

     (і) депозитордың аты мен мекен-жайын;

     (іі) аталып өткен орган берген тiркеу нөмiрiн;

     (iii) микроорганизмнiң ғылыми сипаттамасын және/немесе ұсынылған

таксономиялық айқындамасын;

     (iv) өзгертулер енгiзiлген жағдайдағы соңғы келесi ғылыми

сипаттамасын және/немесе ұсынылған таксономиялық айқындамасын қамтуға тиiс.


     8.2 Куәліктің берiлуi

     Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган, 8.1 ережесiнде аталып

өткенiндей, хабар салған депозитордың сұрауы бойынша оған 8.1 (b)(i)-(iv)

ережесiнде аталып өткен деректер мен сол хабардың алынған күнiн көрсететiн

куәлiктi беруге тиiс.


                              9-ереже

                   Микроорганизмдердiң сақталуы


     9.1 Сақтау мерзімі


 
       Депозиттеу жөнiндегi халықаралық органда депозиттелген кез келген микроорганизмді, оның тіршілікке қабілеттілігі мен ластанбай сақталуы үшін қажетті барлық сақтық шараларын ала отырып, осы орган депозиттелген микроорганизм үлгісін беру туралы соңғы сұрауды алған сәттен бастап, кем дегенде бес жыл ішінде және кез-келген жағдайда, депозиттеу күнінен бастап кем дегенде 30 жыл бойы сақтайды.
 
      9.2 Құпиялылығы
      Бірде бiр депозиттеу жөніндегi халықаралық орган Шартқа сәйкес өзiнде жүзеге асырылған микроорганизмдi депозиттеу фактiсіне қатысты ешкiмге ақпарат бермеуге тиiс. Оның үстiне бұл орган Шартқа сәйкес өзiнде депозиттелген микроорганизмге қатысты ешкімге ақпарат бермеуге тиiс, бұған 11-ережесiнiң шарттарына сәйкес аталып өткен микроорганизм үлгiсiн алуға құқығы бар кез келген орган, жеке немесе заңды тұлға осы ережеде көзделген осындай талаптарды сақтаған жағдай қосылмайды.
 
                               10-ереже
                Тiршiлiкке қабiлеттiлiктi тексеру және
                 тiршілікке қабiлеттiлiк туралы куәлік
 
      10.1 Тексеру жүргізудің мiндеттiлiгi
      Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган онда депозиттелген әрбiр микроорганизмнiң тiршiлiкке қабiлеттiлiгiн:
      (і) 6-ережеде аталып өткен кез келген депозиттеуден кейiн немесе 5.1 ережесінде аталып өткен кез келген берiлуден кейiн дереу;
      (іі) микроорганизмнiң түрiне және оның сақталуының мүмкiн болатын шарттарына байланысты тиiстi уақыт өткен соң немесе, егер бұл техникалық ойластырулар бойынша қажет болса, кез келген уақытта;
      (ііі) депозитордың талап етуi бойынша кез келген уақытта тексередi.
 
      10.2 Тiршiлiкке қабiлеттілік туралы куәлiк
      (а) Депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган депозиттелген микроорганизмнiң тiршiлiкке қабiлеттiлiгi туралы куәлiктi:
      (і) депозиторға 6-ережеде аталып өткен кез келген депозиттеуден кейiн немесе 5.1 ережеде аталып өткен кез келген берiлуден кейiн дереу;
      (іі) депозиторға депозиттеуден немесе берiлуден кейiн оның сұрау салуы бойынша кез келген уақытта;
      (ііі) өнеркәсiптiк меншiктiк кез келген ведомствосына, 11-ереженiң шарттарына сәйкес аталып өткен микроорганизм үлгiсiн алуға құқылы депозитордан өзге, кез келген басқа органға, жеке немесе заңды тұлғаға сондай берумен бiр мезгiлде немесе одан кейiн олардың сұрау салуы бойынша кез келген уақытта бередi.
      (b) Тiршiлiкке қабiлеттiлiк туралы куәлiкте микроорганизмнiң тiршiлiкке қабiлетті немесе тiршiлiкке қабiлетсiз екендiгi көрсетiлуге тиiс және онда мыналар қамтылуға тиiс:
      (i) осы куәлiктi беретiн депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның атауы мен мекен-жайы;
      (іі) депозитордың аты мен мекен-жайы;
      (іii) 7.3 (ііі) ережеде аталып өткен күн немесе қайталап депозиттеу жағдайында немесе берiлу жағдайында - 7.4 (ііі) және 7.5 (ііi) ережелерінде аталып өткен тиісті күндердiң соңғысы;
      (iv) аталып өткен органның микроорганизмге берген тiркеу нөмiрi;
      (v) куәлiк сiлтеме жасап отырған тексеру күнi;
      (vi) жүргiзiлген тексеру шарттарына қатысты ақпарат, егер мұндай ақпарат тiршiлiкке қабiлеттiлiк туралы куәлiк берiлетiн тараптан сұратылса және, егер тексеру нәтижелерi дұрыс болмай шықса.
      (с) (а), (іі) және (ііі) тармақтары қолданылатын жағдайда, тiршiлікке қабілеттілік туралы куәлiкте тiршiлiкке қабiлеттiлiкті соңғы тексеруге сiлтеме жасалуға тиіс.
      (d) тiршiлiкке қабiлеттiлiк туралы куәлiктiң нысанына, тiлдеріне және қол қоюларына қатысты mutatis mutandis 7.2 Ережесі қолданылады.
      (е) (а)(i) тармағы қолданылған жағдайда немесе өнеркәсiптiк меншік ведомствосы тарапынан сұрау салынған ретте тiршiлiкке қабiлеттілік туралы куәлiк тегін беріледі. Тiршiлiкке қабiлеттiлiк туралы кез келген басқа куәлiктерге қатысты 12.1 (а) (ііi) ережесiне сәйкес алынатын кез келген бажды осы куәлiкті сұратып отырған тарап сұрау салуға дейін немесе онымен бiр мезгiлде төлейдi.
 
                               11-ереже
                             Үлгiлердi беру
 
      11.1 Өнеркәсіптік меншіктің мүдделі ведомстволарына үлгілерді беру
 
      Депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық орган депозиттелген микроорганизмнiң кез келген үлгісiн кез келген Уағдаласушы мемлекеттiң немесе өнеркәсіптік меншіктің ведомствосына немесе өнеркәсіптік меншіктің кез келген үкіметаралық ұйымына осындай ведомствоның сұрау салуы бойынша бередi, бұл сұрау салуға төмендегілерге куәлік ететін декларация қоса тіркелуі шарт:
      (i) бұл ведомствоға аталған микроорганизмнiң депозиттелуiне сiлтеме жасалатын патентке өтiнiм берiледi және мұндай өтiнiмнiң нысанасы көрсетiлген микроорганизм немесе аталып өткен микроорганизмді пайдалану болып табылады;
      (іі) мұндай өтінім осы ведомствода немесе сол бойынша патент берiлген ведомствода қаралады;
      (іii) бұл үлгi аталып өткен Уағдаласушы мемлекетте, аталып өткен ұйымда немесе бұл ұйымға мүше мемлекеттерде қолданылып жүрген патент рәсiмiнiң мақсаттары үшiн қажет;
      (iv) бұған қоса тiркелетiн немесе сонымен байланысты үлгi және кез келген ақпарат аталып өткен патенттiк рәсiм мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын болады.
 
      11.2 Депозиторға немесе депозитордың рұқсатымен үлгiлер беру
      Депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық орган депозиттелген микроорганизмнiң кез келген үлгiсiн:
      (i) сұрау салуы бойынша - депозиторға;
      (іі) сұрау салынған үлгiнiң берiлуiне рұқсат ететiн депозитордың декларациясы сұрау салуға қоса тiркелген жағдайда осы тараптың сұрау салуы бойынша - кез келген органға, жеке немесе заңды тұлғаға ( бұдан әрi - "уәкiлеттi тарап") бередi.
 
      11.3 Бұған құқығы бар тараптарға үлгілерді беру
      (а) Депозиттеу жөнiндегi кез келген халықаралық орган кез келген органға, жеке немесе заңды тұлғаға (бұдан әрi - "куәландырылған тарап") осы тараптардың сұрау салуы бойынша кез келген депозиттелген микроорганизм үлгiсiн бередi, сұрау салу мазмұны Ассамблея белгiлейтiн бланкiде жасалуға тиiс және аталған бланкiде өнеркәсiптiк меншiк ведомствосы:
      (i) бұл ведомствоға аталған депозиттелген микроорганизмге қатысты патентке өтiнім берілгенін және мұндай өтiнімнiң нысанасы аталып өткен микроорганизм немесе аталып өткен микроорганизмді пайдалану болып табылатындығына;
      (іі) (ііі) тармақшасының екiншi тіркесiнің ережесiн қолдануды қоспағанда, бұл ведомствоның патент рәсiмiнiң мақсаттары үшiн жарияланым жасағанына;
      (ііі) не, куәландырылған тарап бұл ведомстводағы патент рәсiмін реттейтiн заңдарға сәйкес микроорганизм үлгісiн алуға құқылы екеніне және, егер аталып өткен заңдар бұл құқықты белгiлi бiр шарттардың орындалуына байланысты қойса, ал мұндай шарттардың іс жүзінде орындалғанына бұл ведомствоның сенімді екенінен, не куәландырылған тарап бұл ведомствода рәсімді жүзеге асыру кезінде бланкіге өз қолын қойғанына және аталып өткен бланкідегі қол қоюдың салдары бұл ведомстводағы патент рәсімін реттейтін заңдарға сәйкес куәландырылған тарапқа үлгі берудегі шарттар орындалды деп есептелетіндігіне; егер куәландырылған тарап аталған ведомствоның патент рәсiмiнiң мақсаттарына арналған жарияланымына дейiн аталып өткен заңдарға сәйкес аталып өткен құқыққа ие болса және мұндай жарияланым әлі жарық көрмесе, куәландыруда бұл факт туралы ерекше атап өтілiп, аталған заңдардың кез келген сот шешімiн қоса алғанда қолданылатын ережесiне белгiленген жолмен жасалған сiлтемесi бар болуға тиiс екендiгiне куәлiк етуi шарт.
      (b) өнеркәсіптік меншіктің кез келген ведомствосы беретін және жариялайтын патенттерге қатысты келгенде, бұл органның осындай патенттерінде аталып өткен депозиттелген микроорганизмдерге беретін тіркеу нөмірлерінің тізімдерін мұндай ведомство уақыт өте келе кез келген депозиттеу жөніндегі халықаралық органға салып жібере алады. Депозиттеу жөніндегі халықаралық орган кез келген органның жеке/немесе заңды тұлғаның тарапынан болатын сұрау салу бойынша (бұдан әрі - "сұрау салушы тарап") тіркеу нөмірі осындай жолмен салып жіберілген кез келген микроорганизм үлгісін береді. Тіркеу нөмірлері осындай жолмен салып жіберілген депозиттелген микроорганизмдерге қатысты келгенде, жоғарыда аталған ведомство 11.3 (а) ережесінде аталып өткен куәландыруды жүргізуге міндетті емес.
 
      11.4 Жалпы ережелер
      (а) 11.1, 11.2 және 11.3 ережелерiнде аталып өткен кез келген сұрау салу, декларация, куәлік немесе салып жіберу былай жасалуға тиіс:
      (і) ағылшын, испан, орыс немесе француз тiлдерiнде, егер олар ресми тілі немесе ресми тiлдерi тиiсiнше ағылшын, испан, орыс немесе француз тiлдерiн қамтитын депозиттеу жөнiндегi халықаралық органға жіберiлетiн болса, егер мұндай тілдер орыс немесе испан тiлдерi болуға тиiс жағдайда, бұлардың орнына ағылшын немесе француз тiлдерiнде де берiлуi мүмкiн, егер олар осылай берiлсе, Халықаралық бюро көрсетілген ережелерде аталып өткен мүдделi тараптың немесе депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның сұрау салуы бойынша дереу және тегiн испан немесе орыс тiлдерiне расталған аударма жасайды;
      (іі) барлық өзге жағдайларда олар ағылшын немесе француз тiлдерiнде жасалады, бұл ретте олардың орнына депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның ресми тілінде немесе ресми тiлдерiнiң бiрiнде де жасай алады.
      (b) (а) тармағының ережесiне қарамастан, егер 11.1 ережесiнде аталып өткен сұрау салуды ресми тiлi орыс немесе испан тiлдерi болып табылатын өнеркәсiптiк меншiктің ведомствосы жасаса, аталып өткен сұрау салу тиiсінше орыс немесе испан тiлдерінде жасалуы мүмкiн және Халықаралық бюро осы ведомствоның немесе көрсетiлген сұрау салуды алған депозиттеу жөнiндегi халықаралық органның сұрау салуы бойынша дереу және тегін ағылшын немесе француз тiлдеріне расталған аударма жасайды.
      (с) 11.1, 11.2 және 11.3 ережелерінде аталып өткен кез келген сұрау салу, декларация, куәлік немесе салып жіберу жазбаша түрде жасалып, күні көрсетіліп, қол қойылуға тиіс.
      (d) 11.1, 11.2 және 11.3 ережелерінде аталып өткен кез келген сұрау салу, декларация немесе куәлік мына көрсетілгендерді қамтуға тиіс:
      (i) мән-жайға қарай, сұрау салушы өнеркәсіптік меншік ведомствосының, уәкілетті тараптың немесе куәландырушы тараптың атауы мен мекен-жайы;
      (іі) депозиттелген микроорганизмге берілген тіркеу нөмірі;
      (ііі) 11.1 ережесінде көзделген жағдайдағы депонирленген микроорганизмге қатысты тапсырыс немесе патенттің нөмірі мен күні;
      (iv) 11.3 (а) ережесінде көзделген жағдайда, (ііі) тармақшасында аталып өткен мәліметтер, сондай-ақ осы ережеде аталып өткен куәландыруды жасаған өнеркәсіптік меншік ведомствосының атауы мен мекен-жайы.
      (е) 11.3 (b) ережесінде аталып өткен кез келген сұрау салуда мына көрсетілгендер қамтылуға тиіс:
      (і) сұрау салушы тараптың атауы мен мекен-жайы;
      (іі) депозиттелген микроорганизмге берілген тіркеу нөмірі.
      (f) Берілетін үлгі салынатын контейнер депозиттеу жөніндегі халықаралық орган депозиттелген микроорганизмге берген тіркеу нөмірі салына отырып таңбалануға тиіс және оған 7-ережеде аталып өткен қолхаттың көшірмесі, микроорганизмнің денсаулыққа және қоршаған ортаға қауіпті немесе қауіпті болып табылуы мүмкін кез келген қасиетінің көрсетілуі және сұрау салу бойынша депозиттеу жөніндегі халықаралық орган микроорганизмнің өсірілуін және сақталуын жүзеге асырып жатқан шарттардың көрсетілуі қоса тіркеледі.
      (g) Депозитордан басқа кез келген мүдделi тарапқа үлгінi берудi жүзеге асырған депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган депозиторды бұл факт туралы, сондай-ақ аталып өткен берiлудi жүзеге асыратын күн туралы, үлгi берiлген сұрау салушы өнеркәсiптiк меншiк ведомствосының, уәкiлеттi тараптың немесе куәландырушы тараптың атауы мен мекен-жайы туралы дереу жазбаша нысанда хабардар етеді. Аталып өткен хабарламаға тиiстi сұрау салудың көшiрмесі, аталып өткен сұрау салуға байланысты 11.1 немесе 11.2 (іі) ережелеріне сәйкес берілген кез келген декларацияның көшiрмесi және
11.3 ережесіне сәйкес сұрау салушы тараптың қолы қойылған кез келген бланкінің немесе сұрау салудың көшірмесі қоса тіркеледі.
      (h) 11.1 ережесiне сәйкес үлгiнi беру тегін жүзеге асырылады. Егер үлгiнi беру 11.2 немесе 11.3 ережелерiне сәйкес жүзеге асырылса, 12.1 (а) (iv) ережесiне сәйкес төленуге жататын кез келген баж депозитордан, уәкiлетті тараптан, куәландырушы тараптан немесе жағдайға қарай сұрау салушы тараптан алынады және аталған сұрау салуды табыс еткенге дейiн немесе сол сәтiнде төленедi.
 
      11.5 11.1 және 11.3 ережелерінің халықаралық өтінімдерге
                 қолданылуына қатысты өзгерістер
 
      Егер өтiнiм Патенттiк кооперация туралы шартқа сәйкес, халықаралық өтiнім сияқты берiлсе, бұл өтiнімнiң өнеркәсiптiк меншiк ведомствосына берiлуiне байланысты 11.1 (і) және 11.3 (а) (i) ережелерiнде қамтылған сiлтеме аталып өткен Шарт мағынасы шеңберiнде Уағдаласушы мемлекет үшiн өнеркәсiптiк меншiктiң бұл ведомствосы "көрсетiлген ведомство" болып табылатын халықаралық өтiнiмiнде көрсетiлетiн сiлтеме ретiнде қаралады, ал өнеркәсiптiк меншік ведомствосының қарауына қарай, 11.3 (а) (іі) ережесiне сәйкес талап етiлетiн жариялау фактiсiн куәландыру деп не аталып өткен Шартқа сәйкес жасалған халықаралық жарияланымды жүзеге асыру фактісін куәландыру не осы өнеркәсіптік меншік ведомствосының жарияланымды жүзеге асыру фактісін куәландыруы деп түсініледі.
 
                               12-ереже
                                 Баж
 
      12.1 Баж түрлері мен мөлшерлері
      (а) Кез келген депозиттеу жөніндегі халықаралық орган Шартта және осы Нұсқаулықта көзделген рәсімдерге сәйкес мыналар үшін баж ала алады:
      (і) сақтағаны үшін;
      (іі) 8.2 ережесінде аталып өткен куәлікті бергені үшін;
      (ііі) 10.2 (е) ережесінің бірінші сөйлемін ескере отырып, тіршілікке қабілеттілік туралы куәлік бергені үшін;
      (iv) 11.4 (һ) ережесінің бірінші сөйлемін ескере отырып, үлгілерді бергені үшін;
      (v) 7.6 ережесіне сәйкес ақпараттарды салып жібергені үшін.
      (b) 9.1 ережесінде көзделгеніндей, сақтағаны үшін алынатын баж микроорганизм сақталған барлық мерзім үшін алынады;
      (с) Кез келген баж мөлшері депозитордың азаматтығына немесе тұрғылықты жеріне байланысты немесе тіршілікке қабілеттілік туралы куәлікті немесе үлгілерді беруге сұрау салған органның, жеке немесе заңды тұлғаның тиесілі азаматтығына немесе тұрғылықты жеріне байланысты өзгертілмейді.
 
      12.2 Баж мөлшерінің өзгертілуі
 
      (а) Кез келген депозиттеу жөніндегі халықаралық органда алынатын кез келген баж мөлшерінің өзгертілуі осы органға қатысты 7(1) бапқа сәйкес декларация жасаған Уағдаласушы мемлекет немесе өнеркәсіптік меншіктің үкіметаралық ұйымы тарапынан Бас директорға жіберілетін хабарламаның нысанасы болуға тиіс. Бұл хабарлама (с) тармағының ережелерін ескере отырып, жаңа баж алына бастайтын күнді көрсетуі мүмкін.
      (b) Бас директор (а) тармағына сәйкес алынған кез келген хабарлама туралы және (с) тармағына сәйкес, оның күшіне ену күні туралы барлық Уағдаласушы мемлекеттер мен өнеркәсiптiк меншiктiң үкiметаралық ұйымдарына дереу хабарлама жасайды; Бас директордың хабарламасын және ол алған

 

хабарламаны Халықаралық бюро дереу жариялайды.

     (с) Кез келген жаңа баж (а) тармағына сәйкес көрсетiлген күннен

бастап қолданылады, егер өзгерту баж мөлшерiн ұлғайтудан тұрса немесе,

егер ешқандай күн көрсетілмесе, Халықаралық бюроның өзгерту туралы

жарияланымынан кейiн отызыншы күннен бастап жаңа баж алынады.


                         12-bis Ережесi

                  Мерзiмдердi есептеп шығару


     12 bis. 1 Жылдармен көрсетілетін мерзімдер



 
       Егер мерзiм бiр жылмен немесе белгiлі бір жылдар сонымен көрсетiлсе, ол тиісті оқиға орын алған күннен кейiнгi күннен бастап есептеп шығарылып, осы оқиға орын алған ай мен күннiң келесi тиiстi жылдың осылай аталатын айында және сондай күнінде мерзімі өтедi; алайда егер тиiстi келесi айда ондай күн болмаса, мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.
 
      12 bis. 2 Айлармен көрсетілетін мерзімдер
      Егер мерзiм бiр аймен немесе белгілі бір ай санымен көрсетілсе, ол

 

тиісті оқиға орын алған күннен кейінгі күннен бастап есептеп шығарылып,

осы оқиға орын алған ай мен күннің келесі тиісті айында және сондай

күнінде мерзімі өтеді, алайда, бұл тиісті келесі айда ондай күн болмаса,

мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.


     12 bis. 3 Күндермен көрсетілетін мерзімдер

     Егер мерзім белгілі бір күндер санымен көрсетілсе, ол тиісті оқиға

орын алған күннен кейінгі күннен бастап есептеледі, ал соңғы санау күні

болып табылатын күні мерзімі өтеді.


                         13-ереже

              Халықаралық бюроның жарияланымы


     13.1 Жарияланымдар нысаны



 
       Халықаралық бюро жүзеге асыратын және Шартта немесе осы Нұсқаулықта аталып өткен кез келген жарияланым Өнеркәсiптiк меншiктi қорғау жөнiндегi Париж конвенциясында аталып өткен Халықаралық бюроның ай сайынғы мерзімдік басылымында жарық көреді.
 
      13.2 Мазмұны
      (а) Аталып өткен мерзiмдік басылымның кем дегенде жыл сайынғы бiрiншi нөмірінде осы нөмір шыққан күнге дейінгі депозиттеу жөнiндегі халықаралық органдардың жаңартылған тізімі әрбір осындай органға, оларда депозиттелетін микроорганизмдер түрлеріне, сондай-ақ осы органдарда алынатын баж мөлшеріне қатысты деректер көрсетіле отырып жариялануға тиіс.
      (b) аталған мерзімдік басылымның бірінші нөмірінде болған фактіден кейін келетін кез келген мына фактілер туралы толық ақпарат жарияланады:
      (i) депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган мәртебесiнiң кез келген

 

алынуы, тоқтатылуы немесе шектелуi және осы тоқтатылуға немесе шектелуге

байланысты қолданылған шаралар;

     (ii) 3.3 ережеде аталып өткен қабылданатын микроорганизмдер тiзiмiнiң

кез келген кеңейтілуi;

     (ііi) депозиттеу жөнiндегi халықаралық орган қызметiнiң кез келген

тоқтатылуы, кейбiр микроорганизм түрлерiн қабылдаудан кез келген бас тарту

және осындай тоқтатылуға немесе бас тартуға байланысты қолданылған

шаралар;

     (iv) депозиттеу жөнiндегi халықаралық органдарда алынатын бажға

байланысты кез келген өзгерiстер;

     (v) 6.3 (b) ережесiне сәйкес хабарланған оларға қойылатын кез келген

талаптар және кез келген түзетулер.


                              14-ереже

                      Делегациялар шығыстары


     14.1 Шығыстарды жабу

     Ассамблеяның кез келген сессиясына қатысушы әрбiр делегацияның,

сондай-ақ кез келген комитеттiң, жұмыс тобының немесе Одаққа қатысы бар 

мәселелер жөнiндегi басқа да отырыстардың шығыстарын делегацияны

тағайындаған мемлекет немесе ұйым көтередi.


                              15-ереже

                    Ассамблеяда кворумның болмауы


     15.1 Хат жазысу арқылы дауыс беру


 
       (а) 10(5) (b) бабында көзделген жағдайда Бас директор Ассамблеяның кез келген шешімін (Ассамблеяның өз рәсіміне қатысты шешімдерінен басқасын) бұл шешімді шығару кезінде өкілі болмаған Уағдаласушы мемлекеттерге жолдайды және оларға осы хабардың күнінен бастап үш айлық мерзімде жазбаша нысанда дауыс беруді немесе қалыс қалуды ұсынады.

 

     (b) Егер аталған мерзім өткен соң осындай жолмен дауыс берген немесе

қалыс қалған Уағдаласушы мемлекеттердің саны бұл шешімді шығару кезінде

кворум үшін жетпеген Уағдаласушы мемлекеттердiң санына жететiн болса,

талап етiлетiн көпшілік дауыстың бiр мезгiлде сақталатыны жағдайында

мұндай шешімнің күші болады.


     Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады