Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығын қараңыз.
Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 86-бабына және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу мөлшері бекітілсін.
2. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеуден алынған қаражат белгіленген тәртіппен бюджеттің кіріс жіктемесінің тиісті кодына аударуға жатады.
3. <*>
Ескерту. 3-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2004.12.30. N 1441 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және міндетті түрде жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2001 жылғы 4 қыркүйектегі
N 1140 қаулысымен
бекітілген
Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
туралы заңнаманы бұзумен келтірілген зиянды өтеу
ставкаларының мөлшері
__________________________________________________________________
N Жабайы хайуанның атауы Әрбір дарағы, әрбір
р/с килограммы үшін зиянды
өтеу ставкасының мол
мөлшері (айлық есептік
көрсеткішпен)
___________________________________________________________________
1 2 3 ___________________________________________________________________
Жердегі сүт қоректілер
1 Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы) 1500
2 Ілбіс* 2000
3 Борсық 10
4 Тиін 5
5 Құндыз 15
6 Қызыл қасқыр* 600
7 Орта азия кәмшаты* 400
8 Терістік кәмшаты 10
9 Сусары* 10
10 Қабылан* 2000
11 Ақкіс 10
12 Қарақұйрық* 400
13 Үнді жайрасы* 200
14 Қара кірпі 200
15 Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян) 5
16 Доңыз 200
17 Құдыр 200
18 Қарақал* 600
19 Құндыз жарғанаты* 100
20 Сібір тау текесі 150
21 Сасық күзен 10
22 Қарсақ 5
23 Елік 100
24 Шағыл мысығы* 200
25 Ала аяқ мәлін 5
26 Түрікмен құланы* 2000
27 Ақтөс және орман сусарысы* 200
28 Ақ құлақ 10
29 Түлкі 5
30 Бұлан 200
31 Сабаншы* 300
32 Қоңыр аю 200
33 Тян-шань қоңыр аюы* 700
34 Балжегіш аю* 600
35 Американ күзені 10
36 Еуропа күзені* 600
37 Теңбіл бұғы* 700
38 Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы) 200
39 Су тышқан 5
40 Шұбар күзен* 200
41 Ала жертесер* 100
42 Құну 100
43 Түркістан сілеусіні* 200
44 Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа) 20
45 Жолман 200
46 Серке киік 200
47 Ұрғашы киік, төлі 150
48 Бүрме ерінді жарқанат* 200
49 Үлкен көртышқан* 200
50 Жанат текті ит 10
51 Бұлғын 40
52 Саршұнақ 5
53 Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр) 10
54 Мензбир суыры* 400
55 Балпақ-зорман 5
56 Сасық күзен 5
57 Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына 100
енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері
58 Сүтқоректілердің басқа да түрлері 5
Құстар
59 Қара ләйлек* 200
60 Үлкен, кіші суқұзғын 1
61 Ителгі* 700
62 Бүркіт* 400
63 Сақалтай* 400
64 Тарбақ шырғалақ* 200
65 Тарбақ (үлкен және кіші) 5
66 Үлкен және кіші әупілдек 5
67 Қызыл және қара мамыққаз 10
68 Саңырау құр 10
69 Құр 5
70 Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген) 10
71 Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі) 5
72 Қутұмсық қаз* 600
73 Тұрымтай 5
74 Жек дуадақ* 700
75 Дуадақ* 700
76 Ақбас тырна* 100
77 Сұр тырна* 200
78 Жыланжегіш қыран* 400
79 Қызыл жемсаулы қараша қаз* 200
80 Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ, қысқы 10
жамансары)
81 Қарабай* 100
82 Бақылдауық 5
83 Кекілік 5
84 Қалбағай* 200
85 Сұнқар* 200
86 Тарғақ* 400
87 Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)* 200
88 Шалшықшы (ірі және орта) 5
89 Құмай* 100
90 Шіл 5
91 Сұңқылдақ аққу, кішісі* 400
92 Сыбырлақ аққу 50
93 Құладын (батпақ құладынынан басқасы) 5
94 Қасқалдақ 1
95 Шыбыншы торғай* 100
96 Бақалтақ қыран* 100
97 Дала қыраны* 20
98 Жыртқыш қыран 20
99 Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт* 400
100 Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан* 400
101 Бөдене 1
102 Ақ құйрық қызғыш* 200
103 Сұқсыр 1
104 Шаңқылдақ қыран 10
105 Көкқұс* 100
106 Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық 200
107 Қарабауыр шіл 1
108 Убақ* 100
109 Лашын* 600
110 Балықшы тұйғын 600
111 Жапалақ, байғыз (үкіден өзгесі) 2
112 Ақ тырна* 700
113 Алтай ұлары* 200
114 Гималай ұлары 10
115 Үйректер (Қазақстан Республикасының Қызыл 1
кітабына енгізілгенінен басқасы)
116 Қырғауыл 2
117 Үкі* 200
118 Қоқиқаз* 400
119 Дара шағала* 200
120 Бидайық* 700
121 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 100
енгізілген құстардың басқа да түрлері
122 Басқа да құс түрлері 5
Бауырымен жорғалаушылар
123 Сұр кесіртке* 20
124 Сары қыран кесіртке* 1
125 Шұбар батбат* 1
126 Сары қыран әбжылан* 1
127 Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және 1
төртжолақтылар)
128 Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар 1
129 Улы сұр жыландар 1
130 Қалқантұмсық жылан 2
131 Тасбақалар 2
132 Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және 1
ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері
Құс мекенділер
133 Жетісу бақатісі* 100
134 Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да 1
түрлері
Жәндіктер
135 Қазақстан Республикасы: қызыл кітабына 3
енгізілген қоңыздар мен көбелектер
136 Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа 0,5
қоңыздар мен көбелектер
137 Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына 3
енгізілген жарғаққанаттылар
138 Жабайы аралар (ұясы үшін) 0,5
139 Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы 0,5
бар басқа да түрлері
Өрмекші тектілер
140 Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, 0,2
аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және
коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері
Балық, теңіз сүтқоректілері және су
омыртқасыздарының түрлері
141 Сырдариялық жауырындық*, шортан тектес ақмарқа*, 100
каспий және арал албырты*, ақбалы сылан*,
аққайран*, арал және түркістан қаязы*, шармайы*,
каспий жыланбалық*, таймень**, балқаш алабұғасы -
балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле
таралымы
142 Қортпа, уылдырықты пілмай (әрбір кг үшін) 14
143 Қортпа, пілмай қысыры (әрбір килограмм үшін) 6
144 Бекіре, шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары 10
(әрбір килограмм үшін)
145 Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары 4,5
(әрбір килограмм үшін)
146 Сүйрік (әрбір килограмм үшін) 6
147 Майқан (үскіш), хариус, табан, бахтаң, форель, 3
қаражамбас майшабақ (әрбір килограмм үшін)
148 Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, 0,5
тікенбалық, жалғызкөз-глосса, ақмарқа, долгин
майшабағы (әрбір килограмм үшін)
149 Сазан, тұқы, көксерке, өсімдікпен қоректенетін 0,3
балықтар (әрбір килограмм үшін)
150 Шортан, жайын, лақа, жыланбас, қаракөз, 0,2
қылышбалық, қызылқанат, беріш, көкбас, қызылкөз,
шемей, шерміш (әрбір килограмм үшін)
151 Табан, мөңке, торта, тарғақбалық, айнакөз, 0,1
алабұға, оңғақ, ақтұқты (әрбір килограмм үшін)
152 Каспий итбалығы (әрбір дарағы үшін) 50
153 Шаян (әрбір дарағы үшін) 0,1
154 Салин артемиясы, гаммарус және басқа су 3
омыртқасыздары мен цисталары (шикі өнімнің
әрбір килограмы үшін) ___________________________________________________________________
Ескертулер:
* Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерге жататын жануарлар
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының эмбрионы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген нұқсанды өтеу мөлшерінің 50 проценті (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады. <*>
Ескерту. Ескертулер толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2004.01.08. N 18 қаулысымен.
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.05. N 282 қаулысымен.