Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 15 қаңтар N 18. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы N 1660 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 47, 559-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін алым төлеу ставкаларында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы "бірлестіктерінен," деген сөзден кейін "сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінен," деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады