Протез-ортопедия саласын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қыркүйек N 1146

      Мүгедектердің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін медициналық мақсаттағы емдеу, емдеу-алдын алу және арнаулы протез-ортопедия құралдарына қажеттілігін неғұрлым толығымен қамтамасыз ету, протез-ортопедия бұйымдарын жасайтын және протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсететін республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды басқару құрылымын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Мыналар: 
      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы тәжірибелік-эксперименттік протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Алматы протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); 
      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл тәжірибелік-эксперименттік протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Петропавл протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында); 
      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Семей протез-ортопедия бұйымдары жөніндегі тәжірибелік-эксперименттік кәсіпорны" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында), Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Семей медициналық стационары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосу жолымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Семей протез-ортопедия орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) болып қайта ұйымдастырылсын. 
      2. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Орталық протездеу эксперименттік зертханасы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта аталсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарды мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы, сондай-ақ оларға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін. 
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 
      құрылған Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың жарғыларын бекітсін, олардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын; 
      жыл сайын бюджеттік тапсырыстарды қалыптастырған кезде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша қамтамасыз етілетін республика мүгедектерінің қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қол және аяқ протездеріне қажеттілігін ескерсін; 
      республиканың кәсіпорындарында қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін қол және аяқ протездеріне жинақтаушы түйіндер мен бөлшектерді шығару бойынша импорт алмастырушы технологияларды енгізуді ұйымдастырсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Республикалық эксперименттік протездеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әзірленімдері негізінде қол және аяқ протездеріне жинақтаушы түйіндер мен бөлшектерді жасау бойынша ықтимал жеткізушілерді анықтауға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне септік етсін. 
      6. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      7. "Протез-ортопедия кәсіпорындары ассоциациясы және мемлекеттік қазыналық тәжірибе-эксперименттік протез-ортопедия кәсіпорындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 21 қыркүйектегі N 1367 қаулысының 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады