Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасында табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 11 қыркүйек N 1176

      Мемлекеттер арасындағы екi жақты байланыстарды тереңдету және Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы экономикалық қатынастардың одан әрi дамуы үшiн құқықтық негiз жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасында табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрi Мәжит Төлеубекұлы

 

Есенбаевқа Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасында

табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау

және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк

берiлсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                          Жоба


     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының

    Yкiметi арасындағы табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған

       салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу

                            туралы келiсiм


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының

Үкіметі

     Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды

болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келiсiм жасасуды

ниет ете отырып,

     мына төмендегілер туралы келісті:


                              1-бап

                  КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҰЛҒАЛАР


     Осы Келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де

резидентi болып табылатын тұлғаларға қолданылады.


                              2-бап

                  КЕЛIСIМ ҚОЛДАНЫЛАТЫН САЛЫҚТАР



 
       1. Осы Келiсiм салық алу әдiстерiне қарамастан, Уағдаласушы

 

Мемлекеттiң немесе оның жергiлiктi өкiмет органдарының атынан алатын

табысқа салынатын салықтарға қолданылады.

     2. Табысқа салынатын салықтар деп жылжитын және жылжымайтын мүлiктi

шеттетуден алынған табыстарға салынатын салықтарды, сондай-ақ капитал

құнының өсiмiнен алынатын салықтарды қоса, табыстың жалпы сомасынан немесе

табыстың жеке элементтерiнен алынатын барлық салықтың түрлерi есептеледi.

     3. Осы Келiсiм қолданылатын қазiргi салықтар, атап айтқанда, мыналар

болып табылады:

     а) Қазақстанда:

     (i) заңды тұлғалардың табысынан алынатын салық;

     (ii) жеке тұлғалардың табысынан алынатын салық;

     (бұдан әрi - "Қазақстан салығы" деп аталады);

     b) Қытайда:

     (i) жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;

     (ii) шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорындардан және шетелдiк

кәсiпорындардан алынатын табыс салығы;

     (бұдан әрi - "Қытай салығы" деп аталады).


 
       4. Осы Келiсiм, сондай-ақ Келiсiмге қол қойылған күннен кейiн қолданылып жүрген салықтарға қосымша немесе солардың орнына алынатын кез келген ұқсас немесе iс жүзіндегi осындай салықтарға қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары өздерiнiң тиiстi салық заңдарына енгiзiлетiн кез келген елеулi өзгерiстер туралы осындай өзгерiстерден кейiн оларға сәйкес келетiн уақыт кезеңi iшiнде бiр-бiрiн хабардар етiп отырады.
 
                               3-бап
                        ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛАР
 
      1. Егер түпнұсқа мәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн:
      а) "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасын білдiредi. Географиялық мағынасында пайдаланғанда "Қазақстан" терминi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк аумағын және Қазақстан өзінiң заңдарына және халықаралық уағдаластықтарға сәйкес өзiнiң егемендi құқықтары мен заңдық хұкiмiн жүзеге асыратын және оның салық заңдары қолданылатын аймақты қамтиды;
      b) "Қытай" терминi Қытай Халық Республикасын бiлдiредi; географиялық мағынасында пайдаланғанда Қытайдың салық салуға байланысты заңдары қолданылатын оның аумақтық суларын және Қытай Халық Республикасының халықаралық құқыққа сәйкес теңiз түбiнiң және оның қойнауының ресурстарын және шектесетiн сулардағы ресурстарды зерттеу және игеру жөнiндегi егемендi құқықтары бар оның аумақтық суларынан тыс кез келген алаңды қоса, Қытай Халық Республикасының бүкiл аумағын бiлдiредi;
      с) "Уағдаласушы Мемлекет" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi түпнұсқа мәтiнiне қарай Қытайды немесе Қазақстанды бiлдiредi;
      d) "салық" терминi түпнұсқа мәтiнiне қарай Қытай салығын немесе Қазақстан салығын бiлдiредi;
      е) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және тұлғалардың кез келген басқа да бiрлестiгiн бiлдiредi;
      f) "компания" терминi салық салу мақсаттары үшiн корпоративтiк бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез келген корпоративтiк бiрлестiктi немесе кез келген экономикалық бiрлiктi білдiредi;
      g) "Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" және "екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және екіншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсіпорынды бiлдiредi;
      h) "ұлттық тұлға" терминi:
      (i) бір Уағдаласушы Мемлекеттің азаматтығы бар кез келген жеке тұлғаны;
      (іі) Уағдаласушы Мемлекеттiң қолданылып жүрген заңдары негiзiнде өз мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, әрiптестiктi немесе қауымдастықты бiлдiредi;
      (i) "халықаралық тасымал" терминi теңiз, әуе кемелерi немесе жер көлiгi тек қана екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бекеттерi арасында пайдаланылатын жағдайлардан басқа, Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны пайдаланатын теңiз немесе әуе көлiгiмен немесе жер көлiгiмен жүзеге асырылатын кез келген тасымалды білдiредi;
      j) "құзыреттi орган" терминi Қытай жағдайында Салық Әкiмшiлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлiн және Қазақстан жағдайында Қаржы министрлiгiн немесе оның уәкiлеттi өкiлін бiлдiредi.
      2. Уағдаласушы Мемлекет осы Келiсiмдi қолданғанда, онда айқындалмаған кез келген термин, егер мәтiннен өзгеше туындамаса, осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты осы Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша ол осы кезде қандай мағынада болса, сондай мағынаға ие болады.
 
                               4-бап
                              РЕЗИДЕНТ
 
      1. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдары бойынша өзiнiң тұрғылықты жерi, резиденттiгi, бас офисiнiң орналасқан жерi, басқару орны немесе кез келген осындай өлшемi негiзінде онда салық салынуға жататын кез келген тұлғаны бiлдiредi.
      2. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болып табылса, оның мәртебесi былай анықталады:
      а) ол өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      b) егер оның өмiрлiк мүдделер орталығы бар Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердің бiреуiнде де өзiнiң иелiгiндегi тұрақты баспанасы болмаса, ол өзi әдетте тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
      с) егер ол әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұратын болса немесе олардың бiреуiнде де тұрмаса, ол азаматы болып табылатын Мемлекеттің резидентi болып есептеледi;
      d) егер әрбiр Мемлекет оны өзінің азаматы деп санаса немесе егер ол олардың бiреуiнiң де азаматы болып табылмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.
      3. Егер 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жеке адамнан өзге тұлға

 

Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, Уағдаласушы

Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мәселенi өзара келiсiм бойынша шешедi.


                              5-бап

                         ТҰРАҚТЫ МЕКЕМЕ


     1. Осы Келiсiмнің мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi

кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметi толық немесе ішiнара жүзеге асырылатын

тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.

     2. "Тұрақты мекеме" терминi, атап айтқанда, мыналарды:

     а) басқару орнын;

     b) бөлiмшенi;

     с) кеңсенi;

     d) фабриканы;

     е) шеберхананы; және


 
       f) шахтаны, мұнай немесе газ ұңғымаларын, кенiш немесе табиғи ресурстар өндiрiлетiн кез келген басқа орынды қамтиды.
      3. Сондай-ақ "тұрақты мекеме" терминiне кiретiндер:
      а) егер мұндай алаң, объект немесе қызмет 12 айдан астам уақыт бойы жалғасатын болса ғана, құрылыс алаңы, ғимарат, монтаждау немесе құрастыру объектiсi не оларға байланысты қадағалау қызметi; және
      b) егер мұндай пайдалану 12 айдан астам жалғасса, табиғи ресурстарды барлау, пайдалану немесе тасымалдау үшiн пайдаланылатын қондырғы, бұрғылау қондырғысы немесе кеме; және
      с) резидент осындай мақсаттар үшін жалдаған қызметшілер немесе басқа тұлғалар арқылы кәсіпорынның кеңес беру қызметтерiн қоса, бiрақ егер мұндай сипаттағы әрекет елдiң шегiнде жалпы алғанда 12 айдан астам жалғасса, (осындай немесе соған байланысты жоба үшiн) қызмет көрсетудi.
      4. Осы баптың алдындағы ережелерге қарамастан, "тұрақты мекеме" терминi:
      а) құрылыстарды, кәсiпорынға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды тек көрсету немесе беру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
      b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе беру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа кәсiпорынның ұқсату мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
      d) тұрақты қызмет орнын тек тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшiн немесе кәсіпорынға арналған ақпарат жинау үшiн ғана ұстауды;
      е) тұрақты қызмет орнын тек кәсiпорын үшiн дайындық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа қызметтi жүзеге асыру үшін ғана ұстауды;
      f) тұрақты қызмет орнын осындай амал нәтижесiнде туындаған жиынтық қызметi дайындық немесе көмекшi сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын а)-тармақшасынан е)-тармақшасы қоса көрсетiлген қызмет түрлерiнiң кез келген амалын жүзеге асыру үшiн ғана ұстауды қамтиды деп қаралмайды.
      5. 1 және 2-тармақтардың ережелерiне қарамастан, егер 6-тармақ қолданылатын тәуелсiз мәртебесi бар агенттен өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекетте екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны атынан әрекет етсе және кәсiпорын атынан келiсiм-шарттар жасауға өкiлеттiктi болса және оны әдетте пайдаланып жүрсе, онда бұл кәсiпорын осы тұлға кәсiпорын үшiн жүзеге асыратын кез келген қызметке қатысты алғашқы айтылған Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылады, бiрақ осындай тұлғаның 4-тармақта көрсетiлген тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылған күннiң өзiнде осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес тұрақты мекемеге айналдырмайтын қызметпен шектелетiн жағдай бұған қосылмайды.
      6. Делдал, бас комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген басқа агент арқылы осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, мұндай адамдар өздерiнiң әдеттегi қызмет шеңберлерiнде әрекет еткен жағдайда, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар кәсiпорын ретiнде қарастырылмайды.
      7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы екiншi Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (не тұрақты мекеме арқылы не басқа жолмен) компанияның бақылауы немесе бақылау фактiсi өзiмен өзi осы компаниялардың бiрiн басқасының тұрақты мекемесiне айналдыра алмайды.
 
                               6-бап
                ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МYЛIКТЕН АЛЫНАТЫН ТАБЫС
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен алған табысқа (ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алынған табысты қоса) осы екiншi мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қаралып отырған мүлiк орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттiң заңы бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қатысты қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiгiне қатысты жалпы құқық ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiк узуфруктың және минералдық ресурстарды, кен көздерiн және басқа табиғи ресурстарды игеру үшiн берiлетiн өтемақы ретiндегi өзгермелi немесе кесiмдi төлемдерге арналған құқықтарды және жоғарыда аталғандарды игеру құқығын қамтиды. Теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiк ретiнде қарастырылмайды.
      3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табысқа қолданылады.
      4. Осы баптың 1 және 3-тармақтарының ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлкiнен алынатын табысқа және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен алынатын табысқа қолданылады.
 
                               7-бап
                 КӘСIПКЕРЛIК ҚЫЗМЕТТЕН АЛЫНАТЫН ПАЙДА
 
      1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлiк қызметпен айналыспаса, осындай кәсiпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын, жоғарыда айтылғанындай, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, онда кәсіпорынның пайдасына екiншi Мемлекетте, бiрақ осы тұрақты мекемеге қатысты бөлiгiнде ғана салық салынуы мүмкiн.
      2. 3-тармақтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын болса, онда әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге, егер нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе оған ұқсас қызметпен айналысқан, оқшау және жеке кәсiпорын болғанда, өзi тұрақты мекемесi болып табылатын кәсiпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкiн пайда жатқызылады.
      3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде төмендегi шығындар тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе кез келген басқа жерде жұмсалған-жұмсалмағанына қарамастан, басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қоса алғанда, тұрақты мекеменің кәсiпкерлiк қызметiнiң мақсаттары үшiн жұмсалған шығындарды шегерiп тастауға болады. Сонда да тұрақты мекеме кәсiпорынның бас офисiне немесе басқа офистерiнiң кез келгенiне патенттер және басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, қаламақылар немесе басқа да ұқсас төлемдер арқылы немесе көрсетiлген ерекше қызметтер немесе менеджмент үшiн комиссиялық ақы төлеу жолымен немесе банктiк ұйымның жағдайларынан басқа, тұрақты мекемеге ұсынылған несие үшiн пайыздар төлеу жолымен төлеген кез келген (iс жүзiндегi шығындарды өтеуге берiлгеннен өзге) сомаға қатысты осындай шегеруге рұқсат етiлмейдi. Осылайша, тұрақты мекеменiң пайдасын анықтау кезінде тұрақты мекеме кәсiпорынның бас офисiне немесе оның басқа офистерiнiң кез келгенiне патенттер және басқа құқықтарды пайдаланғаны үшiн роялти, қаламақылар немесе басқа да ұқсас төлемдер арқылы немесе көрсетiлген ерекше қызметтер немесе менеджмент үшiн комиссиялық ақы төлеу жолымен немесе банктiк ұйымның жағдайларынан басқа, кәсiпорынның бас офисiне ұсынылған несие үшiн пайыздар төлеу жолымен ұсынатын (iс жүзiндегi шығындарды өтеуге берiлгеннен өзге) сома есепке алынбайды.
      4. Уағдаласушы Мемлекетте қарапайым тәжiрибеде қабылданған шамада кәсiпорынның пайдасының жалпы сомасын оның әр түрлi бөлiмшелерi арасында үйлесiмдi бөлу негiзiнде тұрақты мекемеге жатқызылуы тиiс пайданы анықтауға 2-тармақта ешнәрсе осы Уағдаласушы Мемлекетке осындай бөлу арқылы салық салынатын пайданы анықтауға, әншейiнде қабылданғанындай, тыйым салмайды. Алайда, таңдап алынған үйлесiмдi бөлу әдiсi осы бапта қамтылған принциптерге сәйкес келетiн нәтижелердi беруi тиiс.
      5. Тұрақты мекеменiң кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алуы негiзiнде ғана осы тұрақты мекемеге әлдеқандай пайда есептелмейдi.
      6. Алдағы тармақтардың мақсаты үшiн тұрақты мекемеге қатысты пайда жыл сайын бiрдей тәсiлмен анықталады, егер осындай тәртiптi өзгерту үшiн жеткiлiктi және нақты себептер болмаса.
      7. Егер пайда осы Келiсiмнiң басқа баптарында бөлек айтылатын табыс

 

түрлерін қамтитын болса, онда ол баптардың ережелерi осы баптың

ережелерiне қатысты болмайды.


                              8-бап

                       ТЕҢIЗ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛIГI


     1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi халықаралық тасымалдарда теңiз,

әуе кемелерiн немесе жер көлiгiн пайдаланудан алған табыстарына тек осы

Мемлекетте салық салынады.

     2. 1-тармақтың ережелерi пулға, бiрлескен кәсiпкерлiк қызметке немесе

көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi халықаралық ұйымға қатысудағы пайдаға

қолданылады.


                              9-бап

                     ҚАУЫМДАСҚАН КӘСIПОРЫНДАР


     1. Егер


 
       а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса; немесе
      b) белгiлi бiр тұлғалар бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорнын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса;
      және кез келген жағдайда екi кәсiпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржылық өзара қарым-қатынастарында тәуелсiз екi кәсiпорынның арасында орын алуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда кәсiпорындардың бiрiне есептелуi мүмкiн, бiрақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез келген пайда осы кәсiпорынның пайдасына қосылуы және тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекет екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорны осы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын пайданы осы Мемлекет кәсiпорнының пайдасына қосып, тиiсiнше салық салса және осылай қосылған пайда алғашқы аталған Мемлекеттiң кәсiпорнына есептелуi мүмкiн пайда болса, егер екi кәсiпорынның арасындағы өзара қарым-қатынастар тәуелсiз кәсiпорындардың арасындағыдай болса, онда осы екiншi Мемлекет осы пайдадан алынатын салық сомасына тиiстi түзетулер жасауға тиiс. Осындай түзетулердi айқындау кезiнде осы Келiсiмнiң басқа ережелерi ескерiлуi тиiс және Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары қажет болған жағдайда бiр-бiрiне консультация бередi.
 
                               10-бап
                             ДИВИДЕНДТЕР
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, осындай дивидендтерге, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын осы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы дивидендтердiң нақты иесi болып табылса, онда осылайша алынатын салық дивидендтердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы шектеудi қолдану тәсiлiн өзара келiсiм бойынша белгiлейдi.
      Бұл тармақ дивидендтер төленетiн пайдаға қатысты компанияға салық салуды қозғамайды.
      3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, пайдаға қатысу құқын қоса алғанда, сондай-ақ пайданы бөлетiн компанияның резидентi болып табылатын Мемлекеттiң заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілдi дәл сондай салық реттеуiне жататын компанияға қатысудың басқа да корпоративтiк құқықтарынан алынатын табысты бiлдiредi.
      4. Егер Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын дивидендтердiң нақты иесi дивидендтердi төлейтiн компания резидентi болып отырған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, онда 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания екiншi Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған болса, осы екiншi Мемлекет, мұндай дивидендтер осы екiншi Мемлекеттiң резидентiне төленетiн немесе өзiне қатысты дивидендтер төленетiн холдинг шын мәнiнде осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайлардан басқа, осы компания төлейтiн дивидендтерге кез келген салықтарды сала алмайды, егер төленетiн дивидендтер немесе бөлiнбеген пайда осы екiншi Мемлекетте туындайтын пайдадан немесе табыстан толық не болмаса ішiнара тұрған күннiң өзiнде де бөлiнбеген пайдаға салық сала алмайды.
      6. Осы Келiсiмдегi ешнәрсе Уағдаласушы Мемлекетке пайдаға салынатын салыққа қосымша ретiнде осы Мемлекеттегi тұрақты мекемеге жататын компанияның пайдасына, егер осындай қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салуға ұшырамаған осындай пайда сомасының 5 процентiнен аспаса, қосымша салық салуға бөгет ретiнде түсiнiлмейдi. Осы тармақтың мақсаттары үшiн пайда одан тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте өндiрiп алынатын осы тармақта айтылған қосымша салықтан өзгеше, барлық салықтарды шегергеннен кейін айқындалады.
 
                               11-бап
                             ПРОЦЕНТТЕР
 
      1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай проценттерге, сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер алушы проценттердiң нақты иесi болып табылса, онда осылай алынатын салық проценттердiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы шектеудi қолдану тәсiлiн өзара келiсiм бойынша белгiлейдi.
      3. 2-тармақтың ережелерiне қарамастан, бiр Уағдаласушы Мемлекетте туындайтын және екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi, жергiлiктi өкiмет органы және оның Орталық банкi немесе осы екiншi Мемлекеттiң Yкiметiне толық тиесілі кез келген қаржы мекемесi немесе осы екiншi Мемлекеттiң кез келген басқа резидентi осы екiншi Мемлекеттiң Үкiметi, жергiлiктi өкiмет органы және оның Орталық банкi немесе осы екiншi Мемлекеттiң Yкiметiне толық тиесілі кез келген қаржы мекемесi жанама қаржыландыратын борыштық талаптарға қатысты алатын проценттер алғашқы айтылған Мемлекетте салық салудан босатылады.
      4. "Проценттер" терминi осы бапта пайдаланылған кезде кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, борышкерлердiң пайдасына қатысу құқығын беретiн немесе бермейтiн қандай да болсын борыш талаптарынан алынатын табысты, үкiметтiң бағалы қағаздарынан алынатын табысты және облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынатын табысты, соның iшiнде осы бағалы қағаздар, облигациялар яки борыштық міндеттемелер бойынша төленетiн сыйақылар мен ұтыстарды білдiредi. Төлемдердiң уақытында жасалмағаны үшiн салынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшiн проценттер ретiнде қарастырылмайды.
      5. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын проценттердiң нақты иесi проценттер туындайтын екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы осында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өзiне қатысты проценттер төленетiн борыштық талап осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен шын мәнiнде байланысты болса, 1, 2 және 3-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      6. Егер төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi, оның жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, проценттер осы Уағдаласушы Мемлекетте пайда болады деп есептеледi. Алайда, егер проценттердi төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте проценттер төленетiн берешек пайда болған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай проценттердi осындай тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай проценттер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      7. Егер проценттер төлеушi мен оның нақты иесi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болмасын басқа бiр тұлғаның арасында арнайы қатынастар болуы себептi төленетiн проценттер төлеушi мен олардың нақты иесi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнің басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы тиiс.
 
                               12-бап
                               РОЯЛТИ
 
      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және екінші Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Алайда, мұндай роялтиге, сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте және осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ роялти алушы оның нақты иесi болып табылса, онда алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауға тиiс. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары осы шектеудi қолдану тәсiлiн өзара келiсiм бойынша белгiлейдi.
      3. "Роялти" терминi осы бапта пайдаланылған кезде әдебиет, өнер және ғылым шығармаларына, кинематографиялық фильмдерге немесе радио немесе теледидар үшiн фильмдерге немесе пленкаларға, кез келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға болмаса процеске кез келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшiн немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны немесе пайдалану құқығын бергенi үшiн немесе өнеркәсіптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибеге қатысты ақпарат үшiн өтеу ретiнде алынатын кез келген түрдегi төлемдердi бiлдiредi.
      4. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын роялтидің нақты иесi роялти пайда болған екiншi Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екіншi Мемлекетте онда орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өздерiне қатысты роялти төленетін құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
      5. Егер төлеушi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкiметi, жергілiктi өкiмет органы немесе осы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылса, роялти осы Мемлекетте пайда болды деп есептеледi. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па - осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте роялти төлеу жөнiндегi міндеттемесiнiң пайда болуына қатысты тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса және осындай роялтидi осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болды деп есептеледi.
      6. Егер төлеушi мен нақты иеленушi арасында немесе сол екеуi мен қандай да болмасын басқа бiр тұлғаның арасында ерекше қатынастар болуы салдарынан пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты төленетiн роялтидiң сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда төлеушi мен нақты иеленушi арасында келiсiле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда төлемнiң басы артық бөлiгiне осы Келiсiмнiң басқа ережелерiн ескере отырып, әрбiр Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуға тиiс.
 
                               13-бап
               МҮЛIК ҚҰНЫНЫҢ ӨСIМIНЕН ТҮСЕТIН ТАБЫСТАР
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi 6-бапта айтылған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алған табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлік мүлкінің бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты базасына қатысты жылжымалы мүлiктен алынған табыстарға, соның iшiнде осындай тұрақты мекеменi (жеке өзiн немесе тұтастай кәсiпорнымен қоса) болмаса, осындай тұрақты базаны шеттетуден алынатын осындай табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      3. Халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз, әуе кемелерiн немесе жер көлiгiн немесе осындай теңiз, әуе кемелерiн немесе жер көлiгiн пайдалануға байланысты жылжитын мүлiктi шеттетуден алынатын табыстарға теңiз, әуе кемелерiн немесе жер көлiгiн пайдаланатын кәсiпорын резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
      4. Мүлкi негiзiнен тiкелей немесе жанама түрде Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен тұратын компанияның капиталындағы акцияларды шеттетуден алынатын табыстарға осы Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      5. 1-4-тармақтарда айтылғандардан өзге кез келген мүлiктi шеттетуден алынатын табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
 
                               14-бап
                     ТӘУЕЛСIЗ ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
 
      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiби немесе тәуелсiз сипаттағы басқа да қызметтер көрсетуге қатысты алған табысқа, осындай табыс екiншi Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн мынадай шарттардың бiрiн қоспағанда, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады:
      а) егер оның осындай қызметтердi жүзеге асыру үшiн екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүйелi түрде ие болып отырған тұрақты базасы болса; бұл жағдайда осы тұрақты базаға жататын табысының бөлiгiне ғана осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      b) егер ол тиiстi күнтiзбелiк жылы жалпы алғанда 183 күн болып есептелетiн немесе одан асатын кезең немесе кезеңдер iшiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте болса; бұл жағдайда оның осы басқа Мемлекеттегі қызметiнен алынған табысының бөлiгіне ғана осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. "Кәсiби қызметтер" терминi, атап айтқанда, тәуелсiз ғылыми, әдеби, артистiк, бiлiм беру немесе оқытушылық қызметтi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз жеке қызметiн қамтиды.
 
                               15-бап
                     ТӘУЕЛДI ЖЕКЕ ҚЫЗМЕТТЕР
 
      1. 16, 18, 19, 20 және 21-баптардың ережелерiн ескере отырып, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалданып iстеген жұмысына байланысты алған жалақыға, еңбекақыға және осы сияқты басқа да сыйақыға, егер тек жалданып жұмыс iстеу екіншi Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер жалданып iстейтiн жұмыс осылайша орындалса, осыған байланысты алынған осындай сыйақыға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жалданып жұмыс істеуiне байланысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға, егер:
      а) алушы тиiстi күнтiзбелiк жылы жиынтығында 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы екiншi Мемлекетте жүрсе; және
      b) сыйақыны екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы төлесе немесе жалдаушының атынан төленсе; және
      с) сыйақыны жалдаушының екiншi Мемлекеттегi тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы төлемесе салық тек алғашқы айтылған Мемлекетте салынады.
      3. Осы баптың мұның алдындағы ережелерiне қарамастан халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңiз, әуе кемесiнiң немесе жер көлiгiнiң бортында орындалатын жалдау жөнiндегi қызметке байланысты алынған сыйақыға резидентi теңiз, әуе кемесiн немесе жер көлiгiн пайдаланатын кәсiпорын болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынуы мүмкiн.
 
                               16-бап
                    ДИРЕКТОРЛАРДЫҢ ҚАЛАМАҚЫЛАРЫ
 
      Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның директорлар кеңесiнiң мүшесі ретiнде алған директорлардың қаламақыларына және басқа да осындай төлемдерге осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
 
                               17-бап
                       АРТИСТЕР МЕН СПОРТШЫЛАР
 
      1. 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi театр, кино, радио немесе теледидар артисi немесе сазгер ретiнде немесе спортшы ретiнде екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асыратын өзiнiң жеке қызметiнен алған табысына осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
      2. Егер артист немесе спортшы өзiнiң осы сипатында жүзеге асыратын жеке қызметiнен алынатын табысы артистiң немесе спортшының өзiне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа 7, 14 және 15-баптардың ережелерiне қарамастан, артистiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
      3. Осы баптың алдыңғы баптарына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң Yкiметтерi арасында мәдени алмасу жоспары шеңберінде Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын артистiң немесе спортшының екiншi Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын қызметiнен алған табысы осы екiншi Мемлекетте салық салудан босатылады.
 
                               18-бап
                            ЗЕЙНЕТАҚЫЛАР
 
      1. 19-баптың 2-тармағының ережелерiне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне жалдау жөніндегi бұрыңғы жұмысын жүзеге асырғаны үшiн төленетiн зейнетақыларға және басқа да осындай төлемдерге тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. 1-тармақтың ережелерiне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттiң Yкiметi немесе жергiлiктi өкiмет органдары осы Мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнің қоғамдық әл-ауқаты жобасы шеңберiнде төлейтiн зейнетақыларға және басқа да осындай төлемдерге тек осы Мемлекетте салық салынады.
 
                               19-бап
                         МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ
 
      1. а) Жеке тұлғаға Уағдаласушы Мемлекеттiң Yкiметi немесе оның жергiлiктi өкiмет органы мемлекеттiк сипаттағы функцияларды орындау кезiнде осы Мемлекеттiң Yкiметi немесе оның жергiлiктi өкiмет органы үшiн жүзеге асырылатын қызметке қатысты төлейтiн зейнетақыдан басқа, сыйақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, осындай сыйақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, егер қызмет осы екiншi Мемлекетте жүзеге асырылса және осы екiншi Мемлекеттiң резидентi болып табылатын жеке тұлға:
      (i) осы Мемлекеттiң азаматы болып табылса; немесе
      (ii) қызметтi жүзеге асыру мақсаты үшiн ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған жағдайда салық салынады.
      2. а) Уағдаласушы Мемлекеттiң Yкiметi немесе жергiлiктi өкiмет органы төлейтiн немесе салымдарды олар жеке тұлғаға осы Мемлекеттiң Yкiметi немесе жергiлiктi өкiмет органы үшiн жүзеге асыратын қызметке қатысты жүзеге асыратын қорлардан төленетiн кез келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
      b) Алайда, осындай зейнетақыға тек екiншi Уағдаласушы Мемлекетте, егер жеке тұлға осы екiншi Мемлекеттің резидентi және азаматы болып табылса салық салынады.
      3. 15, 16, 17 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттiң Үкіметi немесе оның жергiлiктi өкiмет органы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметке байланысты жүзеге асырылатын қызметке қатысты төленетiн сыйақыға және зейнетақыларға қолданылады.
 
                               20-бап
                   ОҚЫТУШЫЛАР МЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕР
 
      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетке барардың алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе болған және бiрiншi аталған Мемлекетте университетте, колледжде, мектепте немесе бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекеттің Үкiметi ресми түрде таныған оқу орнында немесе ғылыми-зерттеу институтында оқыту, лекция оқу немесе ғылыми зерттеу жүргiзу негiзгi мақсатымен жүрген жеке тұлға осындай оқыту, лекция оқу немесе зерттеулер жүргiзу мақсатымен алатын сыйақы бiрiншi аталған Мемлекетке өзi алғаш рет келген күннен бастап 3 жыл бойы бiрiншi аталған Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады.
      2. Егер зерттеулер қоғам мүддесi үшiн емес, негiзiнен нақты тұлғаның немесе тұлғалардың жеке пайдасы мақсатында жүргiзілсе, осы баптың 1-тармағының ережелерi зерттеу нәтижесiнде алынған табысқа қолданылмайды.
 
                               21-бап
              СТУДЕНТТЕР ЖӘНЕ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУШIЛЕР
 
      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болған және тiкелей болып табылған және алғаш аталған Мемлекетте бiлiм алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында жүрген студент немесе тағылымдамадан өтушi өзiнiң өмiр сүру, білiм алу және тағылымдамадан өту мақсаты үшiн алатын төлемдерiне, мұндай соманың төлем көздерi осы Мемлекеттен тыс жерде орналасқан жағдайда, осы Мемлекетте салық салынбайды.
      2. 1-тармақта көзделмеген гранттарға, стипендияларға және жалдау бойынша жұмыстарға байланысты сыйақыларға қатысты 1-тармақта айтылған студент, тағлымдамадан өтушi немесе машықтанушы бiлiм алу немесе тағлымдамадан өту кезiнде ол тұрып жатқан Мемлекеттiң резиденттерiне берiлетiн салықтарға қатысты осындай босатуға, шегерiмге немесе төмендетуге құқылы.
 
                               22-бап
                          БАСҚА ДА ТАБЫСТАР
 
      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң осы Келiсiмнің алдыңғы баптарында айтылмаған табыс түрлерiне олардың қайда пайда болғанына қарамастан, тек осы Мемлекетте салық салынады.
      2. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттің резидентi болып табылатын төмендегi табыстарды алушы екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса немесе осы екiншi Мемлекетте орналасқан тұрақты базадан онда тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және өзiне байланысты табыс алынған құқық немесе мүлiк осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 6-баптың 2-тармағында айқындалғандай, жылжымайтын мүлiктен алынған табыстан өзге табысқа 1-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай кезде жағдайға байланысты 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
 
                               23-бап
             ҚОСАРЛАНҒАН САЛЫҚ САЛУДЫ БОЛДЫРМАУ ӘДIСТЕРI
 
      1. Қазақстанда қосарланған салық салу былайша жойылады:
      а) Егер Қазақстан резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Қытайда салық салынуы мүмкiн табыс алса, Қазақстан осы резиденттiң табысынан алынатын салықтан Қытайда төленген табыс салығына тең соманы шегеруге рұқсат етедi. Жоғарыда келтiрiлген ережеге сәйкес шегерiлетiн салық сомасы Қазақстанда онда қолданылып жүрген ставкалар бойынша дәл осындай табысқа есептелуi мүмкiн салықтан аспауы тиiс.
      b) Егер Қазақстан резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Қытайда ғана салық салынуы мүмкiн табыс алса, Қазақстанда салық салуға ұшыраған осындай басқа табысқа салық ставкасын белгiлеу мақсаттары үшiн ғана Қазақстан осы табысты салық салу базасына енгiзуi мүмкiн.
      2. Қытайда қосарланған салық салу былайша жойылады:
      Егер Қытай резидентi осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Қазақстанда төленуге жататын табысқа салынатын салық сомасына Қазақстанда табыс алса, осы резиденттен алынатын қытай салығының есебiне шегерiм жасалуы мүмкiн. Алайда, шегерiм сомасы Қытайдың салық заңдарына және шарттарына сәйкес есептелген осындай табысқа салынатын қытай салығының сомасынан аспауы тиiс.
 
                               24-бап
                              КЕМСIТПЕУ
 
      1. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғалары дәл осындай жағдайларда ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салу және онымен байланысты міндеттемелерге қарағанда, өзгеше немесе неғұрлым ауыртпалықты кез келген салық салуға немесе кез келген онымен байланысты мiндеттемеге басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұшырамауы тиiс. Осы ереже, 1-баптың ережелерiне қарамастан, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнің де резидентi емес тұлғаларға қолданылады.
      2. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiнші Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметпен айналысатын осы екiншi Мемлекеттiң кәсіпорнына салық салуға қарағанда осы екiншi Мемлекетте қолайсыздау болмайды. Осы ереже бiр Уағдаласушы Мемлекеттi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентiне олардың азаматтық мәртебесi немесе өзiнiң резиденттерiне беретiн отбасы мiндеттемелерi негiзiнде салық салу бойынша қандай да бiр жеке жеңілдiктер, ұстап қалулар мен шегерiмдер беруге мiндеттейтiн ретінде пайымдалмауы тиiс.
      3. 9-баптың 1-тармағының, 11-баптың 7-тармағының, 12-баптың 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайды қоспағанда, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорны екiншi Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсiпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегерiлiп тасталуы тиiс.
      4. Капиталы екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резидентiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе тiкелей не жанама түрде бақыланатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсiпорындары бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай кәсiпорындары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкiн салық салудан және осымен байланысты мiндеттемелерден өзгеше болмаса анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын кез келген салық салуға немесе соған байланысты мiндеттемелерге бiрiншi аталған Мемлекетте ұшырамауы тиiс.
 
                               25-бап
                         ӨЗАРА КЕЛIСУ РӘСIМI
 
      1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнің немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi өзiн осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар етедi немесе душар ететiн болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердің iшкі заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан, өзiнің iсiн өзi резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе егер оның жағдайы 24-баптың 1-тармағына қатысты болса, өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң құзыреттi органының қарауына бере алады. Өтініш Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуға душар еткен iс-әрекеттер туралы алғашқы хабар берiлген сәттен бастап үш жыл ішiнде берiлуi тиiс.
      2. Құзыреттi орган, егер ол өтiнiштi орынды деп есептесе және егер ол өзi қанағаттандырарлық шешiмге келе алмаса, Келiсiмге сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында мәселенi екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органымен өзара келiсе отырып шешуге ұмтылатын болады. Кез келген қол жеткiзiлген келiсiм Уағдаласушы Мемлекеттердiң ішкi заңдарында көзделген кез келген уақыт шектеулерiне қарамастан орындалатын болады.
      3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары Келiсiмдi түсiндiру немесе қолдану кезiнде туындайтын кез келген қиындықтарды немесе күмән-күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар, сондай-ақ Келiсiмде көзделмеген жағдайларда қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
      4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары мұның алдындағы 2 және 3-тармақтарды түсiнуде келiсiмге қол жеткiзу мақсатында бiр-бiрiмен тiкелей байланыс жасай алады. Егер бұл келiсiмге қол жеткiзу үшiн орынды болса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдарының өкiлдерi ауызша пiкiр алмасу үшiн кездесе алады.
 
                               26-бап
                           АҚПАРАТ АЛМАСУ
 
      1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыреттi органдары осы Келiсiмнiң ережелерiн немесе салық салу осы Келiсiмге қайшы келмейтіндей дәрежеде осы Келiсiм қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарын орындау үшiн, атап айтқанда, осындай салықтардан жалтаруды болдырмау үшiн қажеттi ақпарат алмасады. Ақпарат алмасу 1-баппен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез келген ақпарат құпия болып есептеледi және Келiсiмде көзделетiн салықтарға қатысты шағымдарды бағалаумен немесе жинаумен, мәжбүрлi өндiрiп алумен немесе сот қудалауымен немесе қараумен айналысып жатқан тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкiмшiлiк органдарын қоса алғанда) хабарланады. Мұндай тұлғалар немесе органдар бұл ақпаратты осы мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжiлiсi барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде жария ете алады.
      2. Ешқандай жағдайда 1-тармақтың ережелерi Уағдаласушы Мемлекеттерге:
      а) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк практикасына қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын қолдану;
      b) осы немесе екiншi Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары бойынша немесе әдеттегi әкiмшiлiк практикасы барысында алуға болмайтын ақпаратты беру;
      с) қандай да бiр сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiптік құпияны немесе сауда процесiн жария етуi мүмкiн ақпарат немесе жария етiлуi мемлекеттiк саясатқа (қоғамдық тәртiпке) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беру мiндеттемесін жүктейтiндей мағынада пайдаланылмауы тиiс.
 
                               27-бап
                ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ӨКIЛДIКТЕР МЕН КОНСУЛДЫҚ
                      МЕКЕМЕЛЕРДIҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI
 
      Осы Келiсiмнiң ешқандай ережесi дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдық мекемелер қызметкерлерiнiң халықаралық құқықтың жалпы нормалары берген немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салық артықшылықтарын қозғамайды.
 
                               28-бап
                            КYШIНЕ ЕНУI
 
      Осы Келiсiм осы Келiсiмдi күшiне енгізу үшiн әрбiр елге қажеттi iшкi заңдарда көзделген рәсiмдердiң аяқталғаны туралы көрсететiн дипломатиялық ноталар алмасқан күннен кейiн отызыншы күнi күшiне енедi. Осы Келiсiм күшiне енетiн жылдан кейiнгi бiрiншi қаңтардан бастап немесе кейiн басталатын салық салынатын жыл iшiнде алынатын табысқа қатысты осы Келiсiм қолданылатын болады.
 
                               29-бап
                            КYШIН ТОҚТАТУ
 
      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге күшiнде қалады, бiрақ Уағдаласушы Мемлекеттердiң кез келгенi осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл кезең өткеннен кейiн басталатын кез келген күнтiзбелiк жылдың отызыншы маусымына дейiн қоса алғанда дипломатиялық арналар арқылы басқа Уағдаласушы Мемлекетке әрекетiнiң тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлама жiбере алады. Мұндай жағдайда осы Келiсiм әрекетiнiң тоқтатылғандығы туралы хабарлама жiберiлген жылдан кейiнгi күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан бастап немесе кейiн басталатын салық жылы iшiнде алынған табысқа қатысты

 

өзiнiң әрекетiн тоқтатады.

     Қол қоюға тиiстi түрде уәкiлеттiк алғандар осыны куәландыру ретiнде

осы Келiсiмге қол қойды.


     ________ жылғы "___"____________ қазақ, қытай және ағылшын тілдерінде

екі дана етіп жасалды, барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндерде алшақтық

пайда болған жағдайда, ағылшынша мәтін айқындаушы болады.


     Қазақстан Республикасының           Қытай Халық Республикасының

           Үкіметі үшін                          Үкіметі үшін



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады