Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен:
1) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің бірінші кезектегі төлемдер бойынша несиелік қарыздарын өтеу үшін 293 600 000 (екі жүз тоқсан үш миллион алты жүз мың) теңге;
2) Астана қаласының әкіміне Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі ішкі әскерлерінің 3660 - әскери бөлімі әскери қалашығының
аумағында орналасқан жатақханада тұратын жай азаматтарға тұрғын үй сатып
алу үшін 17 690 200 (он жеті миллион алты жүз тоқсан мың екі жүз) теңге
бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.