Каспий жағалауы мемлекеттерінің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтау мәселесі жөніндегі келіссөздерін жалғастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 2001 жылғы 18-20 қыркүйекте Астана қаласында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі арнайы жұмыс тобының Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі бесінші мәжілісі (бұдан әрі - АЖТ) өткізілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
АЖТ-ның бесінші мәжілісін дайындау мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын;
Әзірбайжан Республикасы, Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы
және Түркіменстан делегациялары мүшелерінің тұруын (1+2 нысаны) 604360
(алты жүз төрт мың үш жүз алпыс) теңге сомасында және АЖТ-ның бесінші
мәжілісін өткізуге байланысты көліктік шығыстарын 2001 жылға арналған
республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген
қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Багарова Ж.А.
Қасымбеков Б.А.