Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің ХІV отырысына және "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдарына 10 жыл. Бәсекелестік саясатының қорытындылары мен перспективалары" халықаралық конференциясына дайындық және оны өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 қыркүйек N 1215

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің (бұдан әрі - МСМК) ХIV отырысына және "Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органдарына 10 жыл. Бәсекелестік саясатының қорытындылары мен перспективалары" халықаралық конференциясына (бұдан әрі - Конференция) дайындық жүргізу және оны 2001 жылғы 27-28 қыркүйек кезеңінде Астана қаласында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп МСМК отырысы мен Конференцияға дайындық және оны өткізу жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды орындауды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне келу және кету құжаттарын белгіленген тәртіппен ресімдесін және МСМК отырысы мен Конференцияны өткізу шығыстарын 2001 жылға арналған республикалық бюджетте "Өкілдік шығыстар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі делегация

 

мүшелерінің әуежайдағы, тұратын және болатын жерлердегі қауіпсіздігін,

сондай-ақ баратын бағыттары бойынша бірге жүруді қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының іске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасының

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті

қолдау жөніндегі агенттігіне жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады