Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 25 қыркүйек N 1234

      Шығыс Қазақстан облысының аумағында көктемгі қызылсу деңгейінің көтерілуінен туындаған төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Шығыс Қазақстан облысының әкіміне, 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қызылсу бүлдірген көпірлерді, автомобиль жолдарын, қорғаныш бөгеттерді, бюджеттік сала объектілерін жөндеу және қалпына келтіру үшін 200 000 000 (екі жүз миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Шығыс Қазақстан облысының әкімі 2001 жылдың қорытындылары бойынша

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп тапсырсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасы

     Премьер-Министрінің

     бірінші орынбасары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады