Abt Associates фирмасының (Америка Құрама Штаттары) қызметіне ақы төлеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 26 қыркүйек N 1238

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Abt Associates фирмасының (Америка Құрама Штаттары) арасындағы 1998 жылғы 17 қазанда жасалған Консультациялық қызметтер көрсету келісім-шартына сәйкес көрсетілген қызметтерге ақы төлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Халықаралық қайта Жаңарту және Даму Банкі мақұлдағаннан кейін, Құқықтық реформа жобасын іске асыру жөніндегі N 4467 KZ займы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Abt Associates фирмасының (Америка Құрама Штаттары) арасындағы 1998 жылғы 17 қазанда жасалған Консультациялық қызметтер көрсету келісім-шартына сәйкес көрсетілген қызметтер үшін, Abt Associates фирмасына (Америка Құрама Штаттары) 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 39 "Құқықтық реформа" бағдарламасының 80

 

"Сыртқы займдар есебінен жобаны іске асыру" кіші бағдарламасынан 29 892,30

(жиырма тоғыз мың сегіз жүз тоқсан екі) АҚШ доллары (отыз центке) балама

сомада теңгемен ақы төлеуге рұқсат берілсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

       бірінші орынбасары



Мамандар:

     Багарова Ж.А.

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады